Қазақстан Республикасының (2014.07.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 13 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 3-бап. Мүлікті жария ету ерекшеліктері 4-бап. Мүлiктi жария ету мерзiмi 5-бап. Жария етуге ұсынылған және жария етiлген мүлiк туралы ақпарат 6-бап. Мүлiктi жария еткенi үшiн алым 7-бап. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етудi ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi жөнiндегi жалпы ережелер 8-бап. Ақшаны жария етудi ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi жөнiндегi жалпы ережелер 9-бап. Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiктi жария ету 10-бап. Басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария ету 13-бап. Мүлкін жария еткен жария ету субъектілерін жауаптылықтан босату 15-бап. Осы Заңда белгіленген талаптарды бұзғаны үшiн жауаптылық 16-бап. Комиссия қабылдаған шешімдерге қатысты құқық мирасқорлығы және өкілдік 18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбі Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң мемлекеттің мүлікті, оның ішінде бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны жария ету жөніндегі біржолғы акция өткізуіне байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың табыстары мен мүлкін декларациялауға көшуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) мүлікті жария еткені үшін алым - осы Заңда белгіленген, мүлікті жария етуді өткізгені үшін бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлем; 2) мүлікті жария ету - табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген не тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі; 3) мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінен тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлікті (ақшаны қоспағанда) жария ету туралы не жария етуден бас тарту туралы шешім шығаруға уәкілетті комиссия; 4) мүлікті жария ету субъектілері (бұдан әрі - жария ету субъектілері) - мүлкін осы Заңда белгіленген тәртіппен жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар; 5) тиісті емес тұлға (бұдан әрі - басқа тұлға) - алған табыстарын жасыру мақсатында жария ету субъектісінің табыстарына сатып алынған мүліктің меншік иесі ретінде әрекет еткен тұлға.
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 1. Осы Заңның күші 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейiн өздеріне тиесілі болған және өздері алған мүлiктi жария ететiн және жария еткен жария ету субъектілеріне қолданылады. 2. Осы Заңның күшi осы Заңды қолданысқа енгізу күніне өздеріне қатысты: 1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 190, 191, 193 (осы тармақшада көрсетілген, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң баптарында көзделген қылмыстарды жасау арқылы сатып алынған мүлікті жария еткен жағдайда), 208, 213, 215, 216, 216-1, 217, 218, 221, 222-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшiн оларды кінәлі деп таныған соттың үкімі; 2) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 118, 143, 143-2, 155, 155-1, 155-3, 155-4, 155-5, 156, 157, 166, 168-1, 178, 185, 187, 205-1, 205-2, 206, 206-1, 206-2, 207, 208, 208-1, 209, 214, 237, 239, 357-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкiмшiлiк жаза қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды адамның) қаулысы заңды күшіне енген жария ету субъектілеріне қолданылмайды.
3-бап. Мүлікті жария ету ерекшеліктері 1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, мынадай мүлік: 3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан әрі - қатысу үлесі); 4) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа); 5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар); 6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген: 1) жеке адамға, отбасына және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне, мемлекеттің конституциялық құрылысының негiздерi мен қауiпсiздiгiне, меншiкке, ақпараттық технологиялар қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, қоғамдық қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына және имандылыққа, басқару тәртібіне, сот төрелігіне және жазаларды орындау тәртібіне қарсы қылмыстарды жасау; 2) экологиялық, көліктік, әскери қылмыстарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы өзге де қылмыстарды, экономикалық қызмет (осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда), оның ішінде экономикалық контрабанда саласындағы қылмыстарды жасау; 3) жалған ақша мен бағалы қағаздар жасау және өткiзу, жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу; 4) инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану және бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау нәтижесiнде алынған мүлік жария етуге жатпайды. 1) сот тәртiбiмен оған құқықтар дауланып жатқан; 2) Қазақстан Республикасының заңдарында оған құқықтар беруге жол берiлмейтiн мүлік; 3) кредиттер ретiнде алынған ақша; 4) мемлекет пайдасына берілуге жататын мүлік; 5) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру шеңберінде құрылысы бюджет қаражаты есебінен аяқталған жылжымайтын мүлік объектілеріндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар жария етуге жатпайды. 4. Осы Заңның мақсаты үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік болып айқындалатын мүлікке ұқсас мүлік Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік болып танылады.
4-бап. Мүлiктi жария ету мерзiмi Мүлiктi жария ету мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 30 қарашада аяқталады.
5-бап. Жария етуге ұсынылған және жария етiлген мүлiк туралы ақпарат 1. Мемлекеттiк органдар, ұйымдар және олардың лауазымды адамдары мен қызметкерлері мүлiктi жария етудi өткiзу процесiнде алынған ақпараттың құпиялылығын Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен қамтамасыз етуге, оның ішінде жария ету субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз ақпаратты таратуға жол бермеуге міндетті. 2. Осы Заңның 2-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның жария етілген мүлiк бөлігіндегі мақсаттары үшін осы Заңға сәйкес мүлiктi жария етудi өткiзу процесiнде алынған ақпарат негiзiнде, жария ету субъектісіне қатысты процестік әрекеттердi, оның iшiнде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе әкiмшiлiк және тәртіптік жазалау шараларын қолдану жөнiндегi процестік әрекеттердi жүргiзуге тыйым салынады.
6-бап. Мүлiктi жария еткенi үшiн алым 1. Мүлiктi жария еткенi үшiн алым (бұдан әрi - алым): 1) осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда - ақшаны; 2) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiктi немесе эмитенттері шет мемлекетте тіркелген бағалы қағаздарды немесе шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғалардағы қатысу үлестерін (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiк) жария еткен кезде өндіріліп алынады. 1) осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жинақ шотынан алынған немесе басқа шотқа аударылған ақша сомасының; 2) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүліктің сатып алу құнының немесе бағалау құнының он пайызы мөлшерінде төленеді. Осы тармақшада көрсетілген мүлiк бойынша алым мүлiктi жария етуге құжаттарды тапсырғанға дейін төленеді. 3. Осы Заңның 7-бабының 5 және 9-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, төленген алымды қайтару жүргізілмейді. Бұл ретте қайтару Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіппен жария ету субъектісінің өтініші негізінде жүзеге асырылады.
7-бап. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етудi ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi жөнiндегi жалпы ережелер 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету комиссияға, мемлекеттік кіріс органына жария ету субъектілерінің мынадай құжаттарды: 1) осы Заңға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi данада мүлiктi жария етудi өткiзуге арналған өтiнiштi (бұдан әрi - өтiнiш); 2) өтінішті берген кезде түпнұсқасын көрсету арқылы жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн; 3) осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де құжаттарды тапсыруы арқылы өткiзіледi. 2. Жария ету субъектілері осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды: 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) - жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына; 2) Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) - мұндай мүліктің тұрған жері бойынша комиссияға өтініш тапсырылатын жылжымайтын мүлікті жария ету жағдайларын қоспағанда, жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша комиссияға ұсынады. 3. Шетел тілінде ресімделген құжаттар нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса ұсынылуға тиіс. 4. Жария ету субъектілері, осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мүлікті жария ету мерзiмi iшiнде сол бір мүлікті жария етуге қайтадан өтiнiш беруге құқылы емес. 5. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсынылған құжаттар себептерi көрсетіле отырып, мынадай: 1) осы Заңда белгiленген құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған; 2) ұсынылған құжаттарда өшiрiп тазалау мен түзетулер болған; 3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының осындай құжаттарға қойылатын талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда қайтарылуға жатады. Мүлiктi жария етуге ұсынылған құжаттарды қайтаруға негiз болған себептердi жойған кезде адам осы Заңда белгiленген мүлiктi жария ету мерзiмі iшiнде қайтадан өтiнiш беруге құқылы. 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. Өтінішті комиссия, мемлекеттік кіріс органы өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды. 7. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуді өткізуді ұйымдастыру қағидаларын, жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу тәртібі мен нысанын, комиссия туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8. Осы Заңда белгіленген талаптар сақталған жағдайда, комиссия, мемлекеттік кіріс органы осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзімде: 1) мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету туралы шешiм шығарады; 2) жария ету субъектісіне мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету туралы шешiмдi бередi; 3) жария етілген мүлiктiң тiзілiмiне мәлiметтердi енгiзедi. 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Комиссия, мемлекеттік кіріс органы мүлiктi жария етуден бас тартуды осы Заңның 2 немесе 3-баптарында көзделген талаптар сақталмаған кезде шешім қабылдау арқылы жүзеге асырады. 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10. Мүлiк (ақшадан басқа) комиссия, мемлекеттік кіріс органы жария ету туралы шешім шығарған күннен бастап жария етілдi деп есептеледі. 11. Мемлекеттiк тiркелуге жататын мүлiк жария етiлген жағдайда, мемлекеттік органдар мен ұйымдар жария ету субъектісінің өтiнiші негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды ресiмдейдi. 12. Жария етiлетiн мүлiк жөнiнде ұсынылатын мәлiметтердiң толықтығы мен анықтығы үшiн жария ету субъектілері жауапты болады. Жария етілген мүлікті ресімдеуге байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығысты жария ету субъектілері дербес төлейді.
8-бап. Ақшаны жария етудi ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi жөнiндегi жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктері, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде тұрған осындай банктердiң филиалдарын қоспағанда, Ұлттық пошта операторы ақшаны жария ету мақсатында жария ету субъектісінің өтініші негізінде жеке жинақ шотын (бұдан әрі - жинақ шоты) ашады. 2. Ақша мынадай шарттардың жиынтығы сақталған: 1) ұлттық және (немесе) шетел валютасында жария етілетін ақша жария ету мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкінде, Ұлттық пошта операторында ашылған жинақ шотына салынуға (аударылуға) тиіс; 2) егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, жария етілетін ақша жария ету мақсатында осындай шотқа ақшаны салған (аударған) күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс ай жинақ шотында жатуға тиіс болатын кезде жария етуге жатады. Бұл ретте шетел валютасының тізбесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайды. 3. Жария ету субъектісі осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мерзім аяқталғанға дейін: 1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына («Халықтық IPO») шығару бағдарламасы шеңберіндегі, сондай-ақ: Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын; Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтерінің, ұлттық компанияларының, ұлттық даму институттарының, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң облигацияларын; қазақстандық қор биржасында орналастырылатын өзге де бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру шеңберіндегі акцияларды қоса алғанда, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тобы ұйымдарының жекешелендіру объектілерін, активтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен сатып алу арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияланған; 2) Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктері, Ұлттық пошта операторы осындай сомадан алымды акцептісіз алып қою жағдайы кезінде жинақ шотынан алынған немесе басқа шотқа аударылған ақша сомасының шегінде жария етілетін ақшаға билік етуге құқылы. Бұл ретте Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкі, Ұлттық пошта операторы алымды акцептісіз алып қойған күннен бастап оны келесі операциялық күннен кешіктірмей бюджетке аударуға міндетті. 4. Жинақ шотына салынған (аударылған), жария етілген ақшаның сақталуы Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасымен реттеледі. 5. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінің, Ұлттық пошта операторының жинақ шоттарын ашу және жүргізу ерекшеліктерін, жинақ шотына ақшаның салынғанын (аударылғанын) растайтын құжатты жария ету субъектілеріне беру, сондай-ақ жинақ шоттарындағы ақшаның есепке алынуын жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайды. 6. Ақша жинақ шотына салынған (аударылған) күнінен бастап жария етілді деп есептеледі. Жинақ шотына жария етілетін ақша салынған (аударылған) кезде Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкі, Ұлттық пошта операторы жария ету субъектісіне осы Заңға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салынған (аударылған) ақша сомасының мөлшерін растайтын анықтама береді. 7. Осы Заңға сәйкес жария етілген ақша сомасы жария ету субъектісінің табысы ретінде танылмайды.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 9-бап. Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiктi жария ету Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiктi жария ететін жария ету субъектілері мемлекеттік кіріс органына осы Заңның 7-бабының 1-тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша мынадай құжаттарды: 1) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiк және шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғалардағы қатысу үлесі бойынша - осындай мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн; 2) эмитенттерi шет мемлекетте тіркелген бағалы қағаздар бойынша - бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi жеке шоттан үзiндi көшірменi не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгіленген, осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжатты; 3) мүліктің сатып алу құнын немесе бағалау құнын растайтын құжатты ұсынады. Бұл ретте, егер мүліктің құны шетел валютасында көрсетілсе, онда мұндай құн Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен, өтініш берілген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша қайта есептеледі; 4) алымды төлегенін растайтын құжатты ұсынады.
10-бап. Басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария ету 1. Басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария ететiн жария ету субъектілері осы Заңның 7-бабының 1-тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша комиссияға мынадай құжаттарды: 1) мүлікке меншiк құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін; 2) басқа тұлғаның жария ету субъектісіне мүлікті өтеусiз бергенi туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесін; 3) бағалы қағаздар бойынша - бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi жеке шоттан үзiндi көшірменi не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгіленген, осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжатты; 4) қатысу үлесі бойынша - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін, заңды тұлғаның мөрімен бекемделген мемлекеттік қайта тіркеу туралы заңды тұлға органының шешімін не шешімінен үзінді көшірмені ұсынады. 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлікті жария ететін жария ету субъектілері мемлекеттік кіріс органына осы Заңның 7-бабының 1-тармағында және осы баптың 1-тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша мынадай құжаттарды: 1) мүліктің бағалау құнын растайтын құжатты; 2) алымды төлегенін растайтын құжатты ұсынады.
11-бап. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған жылжымайтын мүліктi жария ету 1. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған жылжымайтын мүлiктi жария ететiн жария ету субъектілері комиссияға осы Заңның 7-бабының 1-тармағында айқындалған құжаттар тізбесіне қосымша мынадай құжаттарды: 1) ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігіне техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын; 2) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын ұсынады. 2. Комиссия жария етiлген жылжымайтын мүлiк, жария ету субъектісі туралы ақпаратты жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдарға береді.
12-бап. Осы Заңға сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдаудың ерекшелiктерi Осы Заңға сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ерекше тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
13-бап. Мүлкін жария еткен жария ету субъектілерін жауаптылықтан босату 1. Қылмыстық және әкімшілік жауаптылықтан босату бөлігінде рақымшылық жасаудың күші осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін жасалған мынадай: 1) сыбайлас жемқорлық қылмыстарды не ұйымдасқан топ және (немесе) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым), трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған қылмыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 (тыйым салынған қызмет түрлерінен басқа), 191, 193 (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарында көзделген, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қылмыстарды жасау арқылы алынған ақша қаражатын немесе мүлікті жария еткен жағдайда), 208, 213, 215, 216, 216-1, 217, 218, 221 және 222-баптарында көзделген қылмыстардың; 2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 143, 143-2, 155, 155-1, 155-3, 155-4, 155-5, 156, 157, 166, 168-1, 178, 185, 187, 205-1, 205-2, 206, 206-1, 206-2, 207, 208, 208-1, 209, 214, 357-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтардың белгілері бойынша іс-әрекеттерді жасау нәтижесінде алынған мүлікті жария еткен жария ету субъектілеріне қолданылады. 2. Рақымшылық жасаудың күші мемлекеттiк лауазым атқаратын, мүлкiн жария еткен жария ету субъектілеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында көзделген декларациялар мен мәлiметтердi ұсынбауы немесе толық, анық ұсынбағаны үшін тәртiптiк жауаптылықтан босату бөлігінде, осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейінгі кезеңдерге қолданылады. 3. Осы баптың қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауаптылықтан босату бөлігіндегі ережелері жария етілген мүліктің шегінде жасалған іс-әрекеттерге қолданылады.
14-бап. Қылмыстық істерді қозғаудан бас тарту, қылмыстық істерді және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы істерді тоқтату 1. Мүлкін жария еткен жария ету субъектілеріне қатысты осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қылмыстар бойынша қылмыстық істер қозғалмайды, ал қозғалған қылмыстық істер Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтатылуға жатады. 2. Мүлкін жария еткен жария ету субъектілеріне қатысты осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер қозғалмайды. Осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша соттар не уәкілетті орган қарамаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтатылуға жатады. |