|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сатып алу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 108-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рəсімдік-процестік кодексіне: 1) 90-2-баптың сегізінші бөлігіндегі «бұқаралық ақпарат құралдары» деген сөздер «масс-медиа» деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақтың 2) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 2) 143-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Уәкілетті органның мемлекеттік сатып алуды өткізуді тексеру қорытындылары бойынша шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына, тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алу қорытындыларына шағымдарды қарау шеңберінде қабылданған шешіміне дау айту туралы әкімшілік істер бойынша алдын ала тыңдау сотқа талап қою берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік істер бойынша алдын ала тыңдау сотқа талап қою берілген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.»; 1-тармақтың 3) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 3) 146-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Уәкілетті органның мемлекеттік сатып алуды өткізуді тексеру қорытындылары бойынша шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына, тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алу қорытындыларына шағымдарды қарау шеңберінде қабылданған шешіміне және сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік істер оған сот отырысында талқылау тағайындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады және шешіледі.»; 1-тармақтың 4) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 4) 168-бапта: төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Уәкілетті органның мемлекеттік сатып алуды өткізуді тексеру қорытындылары бойынша шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына, тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алу қорытындыларына шағымдарды қарау шеңберінде қабылданған шешіміне және сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік істер бойынша апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты шешім жария етілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей дайындалатын түпкілікті нысандағы шешім шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде берілуі мүмкін.»; сегізінші бөліктің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Уәкілетті органның мемлекеттік сатып алуды өткізуді тексеру қорытындылары бойынша шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына, тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алу қорытындыларына шағымдарды қарау шеңберінде қабылданған шешіміне және сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік іс сотқа келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.»; оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «10. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы жария етілген күннен бастап заңды күшіне енеді. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдарына жекеше шағымдар бойынша апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдары жария етілген күннен бастап күшіне енеді және кассациялық тәртіппен қайта қарауға жатпайды. Әкімшілік істің одан әрі жылжу мүмкіндігіне кедергі келтіретін апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдарына кассациялық тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.»; 1-тармақтың 5) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 5) 169-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын: «3-1. Әкімшілік процеске қатысушылар кассациялық тәртіппен апелляциялық сатының түпкілікті нысандағы сот актісі табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде уәкілетті органның мемлекеттік сатып алуды өткізуді тексеру қорытындылары бойынша шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына, тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алу қорытындыларына шағымдарды қарау шеңберінде қабылданған шешіміне дау айту туралы әкімшілік істер бойынша заңды күшіне енген сот шешімдері мен ұйғарымдарына кассациялық шағым беру арқылы шағым жасай алады.». 2. «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 3-бап 18) тармақшадағы «бекітуге құқылы.» деген сөздер «бекітуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19), 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын: «19) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қала аумағында құрылыс салу қағидаларын бекітуге; 20) тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын бекітуге; 21) құрылыс-монтаждау жұмыстарының ғимараттар мен құрылысжайлардың тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызуға және реконструкциялауға қойылатын талаптарға сәйкестігін инспекциялау үшін құрылыс объектілеріне бару тәртібін белгілеуге құқылы.»; 2) 4-бапта: 6-2) тармақша «бағытталған,» деген сөзден кейін «көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде сәндік-жарықпен безендіруді қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын; 6-5) тармақша «бағытталған,» деген сөзден кейін «көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде сәндік-жарықпен безендіруді қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 6-9) және 6-10) тармақшалармен толықтырылсын: «6-9) ғимараттар мен құрылысжайлардың сейсмикалық орнықтылығы саласындағы ғылыми-зерттеу институттарын күрделі объектілерді техникалық жағынан сүйемелдеуге тарту туралы шешім қабылдайды; 6-10) Алматы қаласының сәулет-құрылыс бақылау органының жергілікті өкілді орган айқындаған тәртіппен құрылыс-монтаждау жұмыстарының ғимараттар мен құрылысжайлардың тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызуға және реконструкциялауға қойылатын талаптарға сәйкестігін инспекциялау үшін құрылыс объектілеріне баруға құқығы бар;»; 9-28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «9-28) автомобиль көлік құралдарынан шығарындыларды мониторингтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 9-39), 9-40), 9-41), 9-42) және 9-43) тармақшалармен толықтырылсын: «9-39) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын Алматы қаласы тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің қалалық операторын айқындайды; 9-40) тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын әзірлейді; 9-41) тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымның авариялық-қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекітеді; 9-42) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша, Алматы қаласының ерекшеліктері ескерілетін қосымша талаптарды ескере отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қалалар мен елді мекендерді абаттандырудың үлгі қағидалары негізінде әзірленген Алматы қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын әзірлейді және Алматы қаласының өкілді органына бекітуге ұсынады; 9-43) Алматы қаласында және Алматы агломерациясында әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; 3) мынадай мазмұндағы 4-3-баппен толықтырылсын: «4-3-бап. Тұрғынжайды реновациялау 1. Тұрғынжайды реновациялау бағдарламасында оны іске асыру тетігі мен өлшемшарттары, оның ішінде реновациялауға жататын объектілердегі тұрғынжайдың меншік иелеріне өтеу тәртібі мен шарттары, сондай-ақ қаржыландыру, оның ішінде тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын іске асыру жөніндегі уәкілетті ұйымды тарта отырып қаржыландыру тетіктері белгіленеді. 2. Тұрғынжайды реновациялау бағдарламасына енгізілген көппәтерлі тұрғын үйлердегі тұрғынжайдың меншік иелеріне қазіргі пәтерлерінің орнына онда тұрып жатқан адамдар санына қарамастан, техникалық паспорттарға сәйкес «бір бөлмеге бір бөлме» қағидаты бойынша жаңа пәтерлер меншікке берілетін болады. Бұл ретте жаңа тұрғынжайдағы тұрғын бөлмелердің саны қазіргі тұрғын бөлмелер санынан кем болмауға тиіс. 3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шарттар бойынша берілген және бұзылатын тұрғынжай көлемінен асатын, тұрғынжайды реновациялау бағдарламаларын іске асыру жөніндегі уәкілетті ұйымның тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжай алаңы артық деп есептелмейді. 4. Тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне олардың құны өтеледі не тараптардың келісімі бойынша салынып жатқан объектілерден тең дәрежелі тұрғын емес үй-жайлар беріледі. 5. Тұрғынжайды реновациялауға жататын объектілердің тізбесін ғимараттар мен құрылысжайлардың сейсмикалық орнықтылығы саласындағы ғылыми-зерттеу институттарының қорытындысы негізінде Алматы қаласының атқарушы органы айқындайды. 6. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабында көзделген жағдайлардан басқа, тұрғынжайды реновациялауға жататын көппәтерлі тұрғын үйлер орналасқан жер учаскелерінде жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жол берілмейді. 7. Тұрғынжайды реновациялау бағдарламасы шеңберінде барлық меншік иелерінің келісімі болған жағдайда ғана тұрғынжайларды бұзуға жол беріледі. 8. Алматы қаласының атқарушы органы тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын іске асыру үшін уәкілетті ұйымды айқындайды және қаржыландырады. Тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын қаржыландыру жергілікті бюджет және өзге де көздер есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. 9. Алматы қаласының атқарушы органы тұрғынжайды реновациялау бағдарламасы бойынша бұзылған тұрғынжайдың орнына тұрғынжай салуды жүзеге асырады. Бұл ретте бұзу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.». 3. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын: «3-1-бап. Аудиторлық қызмет саласындағы реттеудің мақсаттары мен міндеттері 1. Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті дамыту және аудиторлық көрсетілетін қызметтердің сапалы болуы үшін жағдайлар жасау аудиторлық қызмет саласындағы реттеудің мақсаттары болып табылады. 2. Аудиторлық қызмет саласындағы реттеудің міндеттері: 1) аудиторлық қызметтің құқықтық негіздерін белгілеу; 2) аудиторлық қызметті жүзеге асырудың негізгі бағыттарын айқындау; 3) аудиторлық қызмет саласында жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; 4) аудиторлардың кәсіби құзыреттерін арттыру үшін жағдайлар жасау.»; 2) 7-бапта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;»; мынадай мазмұндағы 1-4) тармақшамен толықтырылсын: «1-4) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;»; 7), 9-2) және 9-3) тармақшалар алып тасталсын. 4. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын: «2-бап. Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу және бақылау этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы реттеудің мақсаттары болып табылады. 3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңның алдында басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»; 2) 3-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 7-тармақтармен толықтырылсын: «1-1. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы реттеу: 1) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезіндегі заңдылық; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына, техникалық регламенттер мен стандарттарға сәйкес этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезіндегі негізділік; 3) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезіндегі объективтілік пен ашықтық қағидаттарына негізделеді.»; «7. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»; 3) 4-баптың 2-тармағында: мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын: «1-3) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;»; 8-1) және 8-2) тармақшалар алып тасталсын. 5. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-бап мынадай мазмұндағы 44-4) тармақшамен толықтырылсын: «44-4) реновациялау - адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылыс объектілерінің пайдаланылу жағдайларын жақсартуға, сондай-ақ осындай объектілерді реконструкциялау (күрделі жөндеу), реставрациялау немесе ескірген және (немесе) авариялық құрылыс объектілерін бұза отырып, жаңа құрылыс объектілерін салу, тұрғызу арқылы елді мекеннің сәулеттік келбетіне сәйкес келтіруге бағытталған құрылыс объектілерін, оның ішінде ескірген және (немесе) авариялық құрылыс объектілерін жаңарту жөніндегі шаралардың кешені;»; 2) 3-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «қалпына келтіру» деген сөздер «реставрациялау, реновациялау» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Алматы қаласының аумағын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында жергілікті жерлердегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін реттейтін құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары қолданылады.». 6. «Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 2-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымы субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу және бақылау темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы реттеудің мақсаттары болып табылады.»; 2) 3-бап мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2 және 3-тармақтармен толықтырылсын: «1-1. Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы реттеу: 1) темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезіндегі заңдылық; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына, техникалық регламенттерге, санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезіндегі негізділік; 3) темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезіндегі объективтілік пен ашықтық қағидаттарына негізделеді. 1-2. Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы реттеудің міндеттері: 1) экономикалық мүдделерді және халықтың денсаулығын қорғау; 2) Қазақстан Республикасында өндірілетін және оған әкелінетін темекі өнімдерінің сапасын арттыру үшін жағдайлар жасау; 3) Қазақстан Республикасының темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.»; «3. Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»; 3) 5-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;». 7. «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» 2003 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына: 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының меншіктің мемлекеттік мониторингі саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;»; 7) тармақша алып тасталсын. 8. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын: «4-1-бап. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы реттеудің міндеті Мүдделі тұлғаларды анық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін құқықтық негізді белгілеу бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы реттеудің міндеті болып табылады.»; 2) 19-баптың 3-1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «3-1. Қаржы ұйымдары (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда) жылдық қаржылық есептерін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде ұсынады. 4. Осы Заңның 18-бабында көрсетілген мерзім шегінде құрылтайшылар (қатысушылар) аралық қаржылық есептілікті ұсыну мерзімін айқындауға және жылына бір реттен сирек болмайтын өзге кезеңділікті белгілеуге құқылы.»; 3) 20-бапта: 1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген функцияларды орындайды.»; 4-тармақтағы «нормативтік құқықтық актілер және оларға әдістемелік ұсынымдарды қабылдау арқылы» деген сөздер алып тасталсын; 5-тармақта: 1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады; 2) осы Заңның мақсаты мен міндетіне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;»; 3), 4), 6), 15), 17) және 18-1) тармақшалар алып тасталсын; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: 1) қаржы ұйымдары үшін халықаралық стандарттарда реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептілік стандарттарын, сондай-ақ оларға әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді; 2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары және Қазақстан Даму Банкі үшін Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары үшін бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді; 3) қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының және халықаралық стандарттардың талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.». 9. «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) кіріспе алып тасталсын; 2) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын: «1-1-бап. Трансферттік баға белгілеу саласындағы реттеудің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары 1. Халықаралық іскерлік операцияларда және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелерде мемлекеттік кіріс ысырабын болғызбау трансферттік баға белгілеу саласындағы реттеудің мақсаты болып табылады. 2. Трансферттік баға белгілеу саласындағы реттеудің міндеттері: 1) халықаралық іскерлік операцияларда және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелерде бақылауды жүзеге асыру; 2) халықаралық іскерлік операцияларда және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелерде мәмілелерге қатысушылардың трансферттік бағаларды қолдануын болғызбауға бағытталған қағидалардың ашық жүйесін құру. 3. Трансферттік баға белгілеу саласындағы реттеу: 1) трансферттік баға белгілеуді жүзеге асыру кезіндегі заңдылық; 2) трансферттік баға белгілеуді жүзеге асыру кезіндегі әділдік пен жариялылық қағидаттарына негізделеді.». 10-тармақ 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 10. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 10-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «20) мемлекеттік сатып алуды және квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын қоспағанда, тауар биржасы арқылы сатып алуды өткізу тәртібі;»; 2) 13-1-бап алып тасталсын; 3) 17-баптың 7-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «7-1. Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы бойынша сауда-саттық өткізу кезінде клирингтік ұйымға сатып алу сомасының кемінде бір пайызы мөлшерінде биржалық сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету енгізіледі.». 11. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын: «2-1-бап. Оңалту және банкроттық саласындағы реттеудің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары 1. Берешекті қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін жүргізу тәртібін айқындау және борышкерді банкрот деп тану, банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату арқылы борышкер мен кредитор мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету оңалту және банкроттық саласындағы реттеудің мақсаты болып табылады. 2. Оңалту және банкроттық саласындағы реттеу: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оңалту рәсімін және банкроттық рәсімін жүзеге асыру кезіндегі заңдылық; 2) оңалту рәсімін және банкроттық рәсімін жүзеге асыру кезіндегі әділдік; 3) оңалту рәсімін және банкроттық рәсімін жүргізу кезіндегі ашықтық пен адалдық қағидаттарына негізделеді. 3. Оңалту және банкроттық саласындағы реттеудің міндеттері: 1) борышкердің және кредиторлардың құқықтарын қорғау; 2) кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыруды қамтамасыз ету; 3) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету; 4) оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеу болып табылады.»; 2) 15-бапта: мынадай мазмұндағы 1-4) тармақшамен толықтырылсын: «1-4) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;»; 6), 13), 22) және 23-2) тармақшалар алып тасталсын. 12. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |