Қазақстан Республикасының Заңы
Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы (2022.14.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 12 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар 6-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың мақсаты мен негiзгi принциптерi 6-1-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері 6-2-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау 8-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi 9-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi 10-бап. Пайда алушының құқықтары 11-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты 12-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы 13-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының тоқтатылуы 14-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату 15-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының жарамсыздығы 16-1-бап. Сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайлары 17-1-бап. Сақтандыру сыйлықақысына түзету коэффициенті 18-бап. Сақтандыру жағдайын және келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау 20-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың жалпы талаптары 22-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздемесi 23-бап. Аннуитет шартын жасасу 24-бап. Қызметкердi еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн анықтауға куәландырудың тәртiбi 28-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен бүкiл мәтiн бойынша «қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн», «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының», «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн», «жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн» және «Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн» деген сөздер тиiсiнше «қызметкердi жазатайым оқиғалардан», «Қазақстан Республикасының қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы», «Қызметкердi жазатайым оқиғалардан», «қызметкердi жазатайым оқиғалардан» және «Қызметкердi жазатайым оқиғалардан» деген сөздермен ауыстырылды (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
Осы Заң қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны өткiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) аннуитеттiк сақтандыру шарты (бұдан әрi - аннуитет шарты) - сақтандырушыны шартта белгiленген мерзiм iшiнде сақтандыру төлемiн пайда алушының пайдасына мерзiмдi төлемдер түрiнде жүзеге асыруға мiндеттi ететiн сақтандыру шарты; 2) еңбек жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласында мемлекеттік саясатты iске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы; 3) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiк - қызметкердiң белгiлi бір біліктiлiктегi, көлемдегi және сападағы жұмысты атқару қабiлетi; 4) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiктен айрылу дәрежесi - қызметкердiң еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқару қабiлетiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын төмендеу деңгейi; 5) кәсiптiк тәуекел сыныбы - өндiрiстiк жарақаттанудың және кәсiптiк аурулардың экономикалық қызмет түрлерi бойынша қалыптасқан деңгейi; 6) қызметкердi жазатайым оқиғалардан сақтандыру - еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген қызметкердiң мүлiктiк мүдделерiн қорғау жөніндегі қарым-қатынас кешенi; 7) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға; 8) сақтандыру жағдайы - осы Заңның 16-1-бабында көзделген мән-жайлар кезiнде қызметкер (қызметкерлер) еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк фактордың әсер етуi нәтижесiнде ол (олар) ұшырайтын, соның салдарынан қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге, кәсiптiк ауруға не өлiмге әкеп соғатын өндiрiстiк жарақаттану, денсаулығының күрт нашарлауы немесе улану болатын еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кездегi жазатайым оқиға (жазатайым оқиға); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды 8-1) сақтандыру омбудсманы - «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға; 9) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы; 10) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушының сақтандырушыға, соңғысы пайда алушыға қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы; 11) сақтандыру төлемi - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушының пайда алушыға сақтандыру сомасының шегiнде төлейтiн ақша сомасы; 12) тармақша 2012 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi 12) сақтандырушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында «өмiрдi сақтандыру» саласында аннуитеттiк сақтандыру сыныбы бойынша және мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алған заңды тұлға; 13) тармақша ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi 13) сақтанушы - қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жұмыс берушi.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар 1. Осы Заң мемлекеттік мекемелердiң қызметкерi еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруды реттемейдi. 2. Жұмыс берушiнiң қызметкердi жазатайым оқиғалардан ерiктi түрде сақтандыру шартын жасауы оны қызметкердi мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мiндетiнен босатпайды.
3-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) 3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
4-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттік бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. 2. Сақтанушының осы Заңның талаптарын орындауын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 5-бап. Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру объектiсi мен субъектiлерi 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың (бұдан әрi - қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру) объектiсi оған кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге не оның өлiмiне әкеп соғатын жазатайым оқиға нәтижесiнде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген қызметкердiң мүлiктiк мүддесi болып табылады. 2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру субъектiлерi: сақтанушы, сақтандырушы және пайда алушы болып табылады.
6-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың мақсаты мен негiзгi принциптерi 1. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың мақсаты еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген қызметкерлердiң мүліктік мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады. 2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi: қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша тараптардың өз мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету; жұмыс берушiлердiң еңбек қауiпсiздiгiн арттыруға экономикалық мүдделiлiгi болып табылады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6-1-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушылардың басқаларының алдында негізсіз артықшылықтар беруіне немесе алуына, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге бағытталған қызметке жол берілмейді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-2-баппен толықтырылды 6-2-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау Сақтандыру жағдайының басталу фактісін растау және қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау үшін қажетті ақпаратқа ие уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері, прокуратура органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.
7-бап. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
8-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi 1) қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн сақтандырушыны таңдауға; 2) сақтандыру жағдайы басталған кезде уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қызметкердi куәландыруы кезiнде қатысуға; 3) өз құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сот арқылы қорғауға; 4) сақтандырушыдан мiндеттi сақтандыру талаптарын, қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге; 5) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы тартуға; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды 5-1) қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 24-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге құқығы бар. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) сақтандырушымен: 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-1) сақтанушы қызметін жүзеге асыруды бастаған айдан кейінгі айдың бірінші онкүндігі ішінде сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуға; 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 1-2) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын сақтанушыны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеген жағдайда сақтандырушымен жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасуға арналған өтінішті электронды түрде беруге; 2) сақтандыру сыйлықақысын қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен мен мерзiмде төлеуге және өзіндегі сақтандыру жөніндегі барлық құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақталуын қамтамасыз етуге; 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-1) қызметкердің (қызметкерлердің) кәсіптік тәуекел сыныбы өзгерген кезден бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы сақтандырушыны хабардар етуге; 3) сақтандыру жағдайларының алдын алуға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға; 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) жазатайым оқиғаның басталғаны туралы өзiне белгiлi болғанда, бұл туралы дереу, бірақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей сақтандырушыға хабарлауға; 5) уәкiлеттi орган мен сақтандырушы өкiлдерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен сақтандыру жағдайларының басталу мән-жайларын тексерудi қамтамасыз етуге; 6) сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ оның келтiрген залалын дәлелдеуге; 7) сақтандыру төлемiн есептеу үшiн қажеттi құжаттарды шартта белгiленген мерзiмде сақтандырушыға ұсынуға; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлердi мiндеттi медициналық тексеруден уақтылы өткiзудi қамтамасыз етуге; 9) қызметкерлердiң сақтандыру жағдайы алдындағы еңбек жағдайлары туралы құжаттарды уәкiлеттi органға және денсаулық сақтау ұйымдарына ұсынуға; 10) қызметкерлердi еңбектiң қауiпсiз әдiстерi мен тәсiлдерiне өндiрiстен қол үздiрмей оқытуға; 11) уәкiлеттi органның жазатайым оқиғалардың профилактикасы, олардың алдын алу мен тексеру мәселелерi жөніндегі шешiмiн орындауға; 12) өзiнiң қайта ұйымдастырылуы және таратылуы туралы сақтандырушыға уақтылы хабарлауға; 13) сақтандыру жағдайынан келетiн залалдарды азайтуға бағытталған шаралар қолдануға; 14) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға талап қою құқығының сақтандырушығa ауысуын қамтамасыз етуге; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 15) осы Заңда көзделген жағдайларда, қызметкердiң немесе қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның пайдасына қызметкердi жазатайым оқиғадан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасы шегiнде аннуитет шартын жасасуға мiндеттi. 3. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
9-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi 1) сақтандыру жағдайларын тексеруге қатысуға; 2) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қызметкердi куәландыруы кезiнде қатысуға; 2020.19.12. № 386-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) ақпаратты экономикалық қызмет түрлерін штаттық кестеге немесе сақтанушы беретін және (немесе) сақтандырушы сұрататын өзге де ақпаратқа сәйкес кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызудың сәйкестігі тұрғысынан тексеруге; 3) сақтандыру жағдайлары жөніндегі ақпаратты тексеруге және қажет болған кезде тиiстi уәкiлеттi органдарға сұратулар жiберуге; 4) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн сақтанушының объектiлерiне тексеру жүргiзуге; 5) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген жағдайларда сақтандыру төлемiн төлеуден бас тартуға; 6) сақтандыру жағдайларының алдын алу жөнiнде ұсынымдар беруге; 7) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы тартуға; 8) зиян келтiрген тұлғаға керi талап қоюға құқығы бар. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2. Сақтандырушы: 1) 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) сақтанушыны қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының талаптарымен таныстыруға және оның қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге; 3) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңға және қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемдерiн және жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеудi жүргiзуге; 4) өз қызметiнiң нәтижесiнде сақтанушы және пайда алушы туралы алынған мәлiметтердiң құпиялылығын қамтамасыз етуге; 5) сақтандыру төлемiн төлеуден бас тарту туралы шешiм қабылданған жағдайда, өтiнiштi және осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды алған күннен бастап, жетi жұмыс күнi iшiнде пайда алушыға бас тартудың дәлелдi негiзделген себептерiн жазбаша нысанда жiберуге; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды 5-1) сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (пайда алушының) талаптарын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды 5-2) сақтанушыдан (пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта жіберуге; 6) сақтанушының сақтандыру жағдайы кезiнде залалды азайту үшiн шығарған шығыстарын өтеуге; 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 7) 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 8) 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) 9) осы Заңның 19-бабының 1-тармағында көзделген сақтандыру төлемдерiн уақтылы жүзеге асырмаған кезде пайда алушыға аннуитет төлемi бойынша әрбір мерзiмi өткен күн үшiн төленбеген соманың 1,5 процентi мөлшерiнде өсiмпұл төлеуге мiндеттi. Аннуитет сыныбы бойынша «өмiрдi сақтандыру» саласында сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушы қызметкердiң немесе осы Заңда көзделген жағдайларда қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның пайдасына қызметкердi жазатайым оқиғадан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасы шегiнде аннуитет шартын жасасуға мiндеттi. 3. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
10-бап. Пайда алушының құқықтары Пайда алушының: 1) осы Заңда және қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген тәртiппен және талаптармен сақтандыру төлемдерiн алуға; 2) сақтанушы мен сақтандырушыдан қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру талаптары туралы ақпаратты тегiн алуға; 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) сақтандыру жағдайын тергеп-тексеру мәселелерi бойынша шешiмдерге уәкілетті органға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға; 4) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне медициналық-әлеуметтiк сараптама мәселелерi бойынша жүгiнуге; 5) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлауға; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) сақтандыру жағдайын тексеруге қатысуға, оның iшiнде қызметкерлер өкiлдерiнiң не өзi сенім бiлдiрген адамның қатысуымен қатысуға; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды 7) қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 24-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды 8) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге құқығы бар.
11-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты 1. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуi мүмкiн қызметкердiң пайдасына сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарттың негiзiнде жүзеге асырылады. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты аннуитеттiк сақтандыру сыныбы және мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.19.12. № 386-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты жазбаша нысанда жасалады. Сақтанушының өтiнiшi қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады. Сақтандырушы өтінішке қосымша сақтанушы мәлімдеген экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызудың дұрыстығын тексеру үшін штаттық кестені немесе өзге де ақпаратты беруді талап етуге құқылы. |
Содержание 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар3-бап. Қазақстан Республикасының қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасы4-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау5-бап. Қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру объектісі мен субъектілері6-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың мақсаты мен негiзгi принциптерi6-1-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері6-2-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау7-бап. Алынып тасталды8-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi9-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi10-бап. Пайда алушының құқықтары11-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты12-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы13-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының тоқтатылуы14-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату15-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының жарамсыздығы16-бап. Сақтандыру сомасы16-1-бап. Сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайлары17-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн айқындау және оны қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша төлеудiң тәртiбi17-1-бап. Сақтандыру сыйлықақысына түзету коэффициенті18-бап. Сақтандыру жағдайын және келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау19-бап. Зиянның мөлшерiн айқындау тәртібі. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерi19-1-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың ерекшеліктері20-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың жалпы талаптары21-бап. Алынып тасталды22-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздемесi23-бап. Аннуитет шартын жасасу24-бап. Қызметкердi еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн анықтауға куәландырудың тәртiбi24-1-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері25-бап. Дауларды шешу26-бап. Алынып тасталды27-бап. Қазақстан Республикасының қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық28-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi |