Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялау
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 454 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі, «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шiлдедегi және «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялау ережесi бекітілсiн. 2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 17-жол мынадай редакцияда жазылсын: «17. Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметi, Әдiлет министрлігі адвокаттық қызмет нотариустардың қызметi». 3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі бұрын қабылдаған нормативтiк құқықтық кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2002 жылғы 27 ақпандағы № 254 қаулысымен Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялау ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялауға қойылатын біліктiлiк талаптарын, сондай-ақ адвокаттық және нотариаттық қызметтермен айналысу құқығына лицензиялар берудiң тәртібі мен шарттарын белгiлейдi. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|