Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне біржолғы көмек (2005.02.08. берілген өзгерістер)
"2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1173 қаулысымен бекітілген 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңiсiнiң 60 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі iс-шаралар жоспарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына бiржолғы көмек (бұдан әрі бiржолғы көмек) төлеуге 1109618,0 (бiр миллиард бiр жүз тоғыз миллион алты жүз он сегiз) мың теңге сомасында көзделген қаражат облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне қосымшаға сәйкес бөлiнсiн. 2. Қоса берiлiп отырған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне бiржолғы көмек төлеуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi жергiлiктi атқарушы органдардың пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекітілсiн. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi 2005 жылғы 20 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде бiржолғы көмек төлеудi қамтамасыз етсiн. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі нысаналы трансферттердiң пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн. 5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
ҚР Үкіметінің 2005.02.08. № 807 қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара) (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1468 қаулысына қосымша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне біржолғы көмек төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|