|
|
|
Қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi N 160-1 Заңы (ҚР 24.12.98 ж. N 334-1; 11.05.99 ж. N 381-1; 29.11.99 ж. N 488-1; 04.06.01 ж. N 205-II; 24.12.01 ж. N 276-II; 09.08.02 ж. N 346-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2004 жылғы 25 мамырдағы N 553-II Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды I тарау. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар) II тарау. Азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң (5 - 6 баптар) қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi III тарау. Мемлекеттiк өкiмет пен жергiлiктi өзiн-өзi (7 - 10 баптар) басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретi IV тарау. Табиғи ресурстар мен табиғат пайдалану (11 - 20 баптар) V тарау. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған (21 - 23 баптар) ортаны қорғау жөнiндегi қызметтi лицензиялау VI тарау. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың (24 - 25 баптар) мониторингi VII тарау. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық (26 - 34 баптар) тетiгi VIII тарау. Экологиялық нормалау (35 - 42 баптар) IХ тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы (43 - 45 баптар) стандарттау мен сертификаттау Х тарау. Шаруашылық және өзге қызметке қойылатын (46 - 62 баптар) экологиялық талаптар ХI тарау. Экологиялық сараптама (63 - 65 баптар) ХII тарау. Қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық, (66 - 67 баптар) ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды объектiлерi ХIII тарау. Төтенше экологиялық ахуал және (68 - 70 баптар) экологиялық апат аймақтары ХIV тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы (71 - 72 баптар) ақпарат пен мемлекеттiк статистика ХV тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы (73 - 75 баптар) экологиялық тәрбие мен бiлiм беру, ғылыми зерттеулер ХVI тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылау (76 - 80 баптар) ХVII тарау. Экологиялық аудит (81 - 83 баптар) ХVIII тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы дауларды (84 - 86 баптар) шешу және қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк ХIХ тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы (87 - 89 баптар) халықаралық ынтымақтастық Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмiрi мен қызметiнiң, олардың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негiзi болып табылады. Осы Заң қазiргi және болашақ ұрпақтардың мүдделерi үшiн қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық, және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтiң табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерiн болғызбауға, биологиялық алуан түрлiлiктi сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. I тарау. Жалпы ережелер ҚР 04.06.01 ж. N 205-II Заңымен 1-бап өзгертілді және толықтырылды 1-бап. Негiзгi терминдер мен анықтамалар Осы Заңда мынадай негiзгi терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: қоршаған орта - табиғи объектiлердiң, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, Жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиынтығы; қоршаған ортаны қорғау - табиғат пен адамның өзара үйлесiмдi iс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi; қоршаған ортаны қорғау объектiлерi - қоршаған ортаның заңдармен қорғалатын құрамдас бөлiктерi; табиғи ресурстар - қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерiн қанағаттандыру үшiн қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процесiнде пайдаланылатын құрамдас бөлiктерi; табиғат пайдалану - адамның шаруашылық және өзге де қызметiнде табиғи ресурстарды пайдалануы; қоршаған ортаның сапасы - қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерiнiң сипаттамасы; қоршаған ортаның мониторингi - адамды қоршаған табиғи ортаның жай-күйiн бақылау және адамдардың денсаулығы мен өзге де тiрi организмдерге зиянды немесе қауiп туғызатын қатерлi ахуалдар туралы ескерту; экологиялық нормалау - адамның өмір сүруі мен биологиялық алуан түрлілікті сақтау үшін қолайлы ортаны айқындайтын және қамтамасыз ететін ережелердің (нормалардың) және олардағы қоршаған ортаның жай-күйі мен оған ықпал ету дәрежесін бағалаудың сан және сапа көрсеткіштерінің (нормативтерінің) жүйесі; қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ықтимал қауiптi химиялық және биологиялық заттардың, радиоактивтi материалдардың, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының түсуi, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелiстiң, магниттi өрiстердiң және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсерi; экологиялық талаптар - Қазақстан Республикасының заңдық, өзге де заңға қосымша нормативтiк құқықтық және нормативтiк-техникалық актiлерiнде қамтылған қоршаған ортаға терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызметте орындауға мiндеттi шектеулер және ондай қызметке тыйым салу; экологиялық қауiпсiздiк - жеке адамның, қоғамның өмiрлiк маңызды мүдделерi мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи ықпал ету нәтижесiнде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйi; экологиялық жүйе - организмдердiң және олар мекендейтiн жансыз ортаның өзара байланысты бiртұтас функционалдық жиынтығы. қолайлы қоршаған орта - объектілерінің жай-күйі экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын сақтауды, ластануға жол бермеуді, экологиялық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін, табиғи ресурстарды молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін орта; қоршаған ортаға және адам денсаулығына келтірілетін нұқсан (зиян) - қоршаған ортаны ластау немесе тірі организмдер мен адамның ауыруын, жұтауын немесе қырылуын, табиғи ресурстардың сарқылуын туғызған немесе туғызатындай етіп табиғи ресурстарды белгіленген нормативтерден тыс алып қою; қоршаған ортаны ластауға лимиттер - ластағыш заттардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының жалпы түсу көлемінің, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістер мен өзге де зиянды физикалық ықпалдар әсері деңгейлерінің қолайлы қоршаған орта сақталатын шектері; табиғи ресурстарды алып қою лимиттері - биологиялық ресурстардың табиғи молығуы бұзылмайтын және пайдалы қазбаларды ұтымды пайдалануға кепілдік беретіндей етіп табиғи ресурстарды саны жағынан ықтимал пайдалану шектері; ластауға квота - нақты табиғат пайдаланушыға белгілі бір мерзімге бөлінетін ластау лимитінің бөлігі; табиғи ресурстарды алып қою квотасы - нақты табиғат пайдаланушыға белгілі бір мерзімге бөлінетін алып қою лимитінің бөлігі; шығарылудың, тасталудың үлес нормативі - өнімнің, қуаттың, көлік немесе өзге де жүріп-тұру құралдарының бірлігіне шаққанда атмосфераға, су объектілеріне зиянды (ластаушы) заттарды шығарудың, тастаудың ең көп массасының нормативі, ол шығарылудың, тасталудың, технологиялық процестер мен жабдықтардың қозғалмалы, тұрақты көздері үшін белгіленеді; өндіріс және тұтыну қалдықтары - антропогендік қызмет салдарынан пайда болған, бұдан әрі пайдалануға жатпайтын, кез-келген агрегаттық күйдегі заттар мен материалдар; қоршаған ортаға ықпал етудің жол берілетін шекті нормативтері - экологиялық жүйелердің тұрақтылығын бұзуға әкеп соқпайтын, қоршаған ортаға барынша жасалуы мүмкін антропогендік ауыртпалық; ластағыш заттардың шығарылуы мен тасталуына жол берілетін шектінормативтік - атмосфераға, су объектілеріне, топыраққа шығарылатындар мен тасталатындардағы ластағыш заттардың, қоршаған ортаға жасалатын физикалық ықпалдық ол жасалған жағдайда жол берілетін ауыртпалықтың экологиялық нормативтерінің сақталуын қамтамасыз ететін көлемі; ластағыш заттардың қордалануы мен ықпал ету деңгейінің жол берілетіншекті нормативтері - атмосфералық ауада, су объектілерінде, топырақта ластағыш заттардың жол берілетін құрамының және қоршаған ортаға физикалық факторлар ықпалының адам денсаулығын сақтау және өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне зиянды әсеріне жол бермеу мақсатында белгіленетін шамасы; экологиялық қауіп - антропогендік және табиғи ықпалдар әсерінің, соның ішінде дүлей зілзалаларды қоса алғанда, зілзалалар мен апаттар себептерінен қоршаған ортаның жай-күйі бұзылуының, өзгеруінің болуымен немесе ықтималдығымен сипатталатын және осыған байланысты жеке адам мен қоғамның өмірлік маңызы бар мүдделеріне қауіп төндіретін жағдай. 2-бап. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдары 1. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарының мiндеттерi қоршаған ортаның сапасын жақсарту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайту мақсатымен қоғам мен табиғаттың өзара iс-қимылы саласындағы қатынастарды реттеу болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану туралы заңдарын, сондай-ақ басқа да заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. Осы Заң мен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi қатынастарды реттейтiн нормалары бар өзге де акт арасында қайшылық болған жағдайда соңғылары осы Заңға тиiстi өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылады. Жердi, жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, ормандар мен өзге де өсiмдiктердi, жануарлар дүниесiн, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау және пайдалану мәселелерi осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының тиiстi заң актiлерiмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi. 3-бап. Қоршаған ортаны қорғаудың негiзгi принциптерi Қоршаған ортаны қорғау мынадай негiзгi: адамның өмiрi мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмiрi, еңбегi мен демалысы үшiн қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтiру; Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуi, адамдардың қазiргi және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерi мен проблемаларын теңдестiре отырып шешу; экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелердi қалпына келтiру; табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланғаны үшiн кезек-кезеңмен ақы төлеудi енгiзу және қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыруды енгiзу; биологиялық алуан түрлiлiктi және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектiлерiн сақтауды қамтамасыз ету; қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттiк реттеу мен мемлекеттiк бақылау, оларды бұзғаны үшiн жауапкершiлiктiң ымырасыздығы; қоршаған ортаға нұқсан келтiруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкiндiгiн бағалау; халықтың, қоғамдық бiрлестiктер мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласында белсендi түрде және демократиялық жолмен қатысуы; халықаралық құқық негiзiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерiн сақтау негiзiнде жүзеге асырылады. 4-бап. Қоршаған ортаны қорғау объектiлерi Жойып жiберуден, бүлiнуден, зақымданудан, азып-тозудан, ластанудан, ұтымды пайдаланбаудан және өзге де зиянды ықпал етуден: жер, оның қойнауы, су, атмосфералық ауа, ормандар мен өзге де өсiмдiктер, жануарлар дүниесi; табиғи экологиялық жүйелер, климат және Жердiң озонды қабаты қорғалуға тиiс. Экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерi, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ерекше қорғалуға тиiс. II тарау. Азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi 5-бап. Азаматтардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi 1. Әрбiр азаматтың және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ шетелдiктердiң өз өмiрi мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға, оның жай-күйi туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалдың өтелуiне алуға құқығы бар. 2. Азаматтардың: белгiленген тәртiппен табиғи ресурстарды пайдалануға, оларды қорғау және молықтыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыруға қатысуға; қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бiрлестiктер мен қоғамдық қорлар құруға; қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi жиналыстарға, митингiлерге, пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға; қоршаған орта мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды қарауды талап етуге; қоғамдық экологиялық сараптама өткiзу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға; кәсiпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзге де объектiлердi орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына терiс ықпал ететiн шаруашылық және өзге де қызметiн шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешiмдердiң әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен күшiн жоюды талап етуге; айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалдың өтелуi туралы сотқа талап-арыз беруге; заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген басқа да құқықтарын белгiленген тәртiппен iске асыруға құқығы бар. 3. Әрбiр азамат қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды орындауға, өзiнiң экологиялық бiлiм деңгейiн арттыруға және жеткiншек ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге жәрдемдесуге мiндеттi. 6-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi 1. Қоғамдық бiрлестiктердiң қоршаған ортаны қорғау саласында өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде: өздерiнiң экологиялық бағдарламаларын әзiрлеуге, бекiтуге және насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға, оларды ерiктi негiзде қоршаған ортаны қорғау саласында белсендi қызметке тартуға; қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыру жөнiндегi жұмыстарды орындауға, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерiн қорғауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен олардың қызметiне қатысуға; экологиялық тәрбие мен бiлiм беру жөнiндегi жұмыстарды, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердi белгiленген тәртiппен орындауға; мемлекеттiк экологиялық сараптама өткiзудi талап етуге және қоғамдық экологиялық сараптама өткiзуге; қоршаған ортаны қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға; мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан қоршаған ортаның жай-күйi және оны сауықтыру жөнiндегi шаралар туралы дер кезiнде, толық және анық ақпарат алуға; қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк органдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға және өзара iс-қимыл жасауға, олармен келiсiмдер жасаса отырып, олар үшiн шарттар бойынша заңдарда көзделген белгiлi бiр жұмыстарды орындауға; қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi заң жобаларын талқылауға қатысуға; кәсiпорындарды құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзге де объектiлердi орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызметiн шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешiмдердiң әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен күшiн жоюды талап етуге; кiнәлi ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеттiру туралы сотқа талап-арыз беруге; өздерiнiң заңдарда және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген басқа да құқықтарын белгiленген тәртiппен iске асыруға құқығы бар. 2. Қоғамдық бiрлестiктер өздерiнiң қызметiн қоршаған ортаны қорғау және қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарға сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi. III тарау. Мемлекеттiк өкiмет пен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретi ҚР 04.06.01 ж. N 205-II; 24.12.01 ж. N 276-II Заңдарымен 7-бап өзгертілді 7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасының Үкiметi қоршаған ортаны қорғау саласында: мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi; табиғат пайдаланудың әртүрлi бағыттары бойынша мемлекеттiк экологиялық бағдарламалар әзiрлейдi, оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады; министрлiктердiң, Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылықты жүзеге асырады, олардың заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн орындауын бақылайды; мемлекеттiк меншiктi басқарады, оны пайдалану жөнiнде Үкiметке жүктелген шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады; қоршаған орта сапасының нормативтерi мен шаруашылық және өзге де қызметтерге қойылатын экологиялық талаптарды әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн белгiлейдi; қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк қорлары туралы ереженi бекiтедi; заңдарда белгiленген жағдайларда табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы қаулылар шығарады, табиғат пайдалану шарттарын (келiсiм-шарттарын) жасайды, лимиттер мен квоталар белгiлейдi; қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру тәртібін бекітеді; табиғат пайдаланудың әр алуан түрлерi бойынша тұжырымдамаларды бекiтедi, табиғат пайдаланудың мемлекеттiк құрылымының, табиғи ресурстарды кешендi пайдалану, молықтыру және қорғау схемаларын бекiту және жүзеге асыру, табиғи ресурстардың мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк кадастырларын жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi; қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингін жүргізудің құрылымын, мазмұны мен тәртібін белгілейді және Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастырудың және жүргізудің ережесін бекітеді; шаруашылық қызметтiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерiнiң тiзбесiн және оларды мiндеттi мемлекеттiк лицензиялау тәртiбiн, бекiтедi; экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң тiзбесiн бекiтедi, өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк қорықтар, мемлекеттiк ұлттық және табиғи парктер, басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырады; қоршаған ортаны қорғау саласында ақпарат беру мен мемлекеттiк статистиканы жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi; қоршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалануды басқару және бұл салада мемлекеттiк бақылау жасау мiндеттерiн жүзеге асыратын арнаулы уәкiлеттi органдардың тiзбесiн бекiтедi, олардың қызмет тәртiбiн айқындайды, сондай-ақ экологиялық аудиторлық қызметке лицензия беру мен оны жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi; төтенше экологиялық жағдайды хабарлау ережесін бекітеді; халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады. ҚР 11.05.99 ж. N 381-1; 04.06.01 ж. N 205-II Заңдарымен 8-бап өзгертілді 8-бап. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органының қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару мiндеттерiн жүзеге асыратын өзге де орталық атқарушы органдардың қызметiн үйлестiредi. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы: қоршаған ортаны қорғау саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзедi және мемлекеттiк экологиялық бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады; өз құзыретi шегiнде экологиялық нормативтер мен шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық талаптарды бекiтедi немесе келiседi; Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен қоршаған ортаны қорғаудың республикалық қорына басшылықты жүзеге асырады және оның қызметiне бақылау жасайды; Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiне, қоршаған ортаға зиянды заттардың тасталуы мен шығарылуына лицензиялар бередi, шарттар (келiсiм-шарттар) жасасады, лимиттер мен квоталар белгiлейдi, табиғат пайдалануға рұқсат бередi; қоршаған ортаның мемлекеттiк мониторингi бойынша жұмыс жүргiзедi, сондай-ақ қоршаған орта мониторингi мен табиғи ресурстардың бiрыңғай жүйесiне басшылық етедi; мемлекеттiк экологиялық сараптаманы ұйымдастырады; қорық iсiне жалпы әдiстемелiк басшылықты үйлестiредi және жүзеге асырады, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша мемлекеттiк инспекцияны ұйымдастырады, олардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзедi; жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн қорғауға, молықтыруға және пайдалануға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады; жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнiң сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерiнiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзедi, Қызыл кiтаптың шығарылуын қамтамасыз етедi; қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық ынтымақтастыққа қатысады; қоршаған ортаның тиiмдi қорғалуын қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де мiндеттердi орындайды. 9-бап. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғаумен табиғат пайдалануды басқару мiндеттерiн жүзеге асыратын өзге де орталық атқарушы органдарының құзыретi Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару мiндеттерiн жүзеге асыратын өзге де орталық атқарушы органдарының құқықтық жағдайы мен құзыретiн заң актiлерi негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. ҚР 29.11.99 ж. N 488-1; 04.06.01 ж. N 205-II; 24.12.01 ж. N 276-II Заңдарымен 8-бап өзгертілді 10-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретi 1. Жергiлiктi өкiлдi органдар: тиiстi аумақтарда қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды бекiтедi; жергiлiктi бюджеттер құрамында қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру жөнiндегi шығыстарды бекiтедi;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |