|
|
|
Инновациялық өндiрiстердi ғылыми-техникалық қамтамасыз етудiң 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы N 263 қаулысы Осы редакция ҚР Үкіметінің 03.02.04 ж. N 132 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 6.6.1-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Инновациялық өндiрiстердi ғылыми-техникалық қамтамасыз етудiң 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) бекiтiлсiн. 2. "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 мамырдағы N 434 қаулысына мынадай толықтыру енгізiлсiн: көрсетілген қаулымен бекiтілген республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың тiзбесi мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын: "14. Инновациялық өндiрiстердi ғылыми-техникалық қамтамасыз eту". 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы N 263 қаулысымен бекітілген Инновациялық өндірістерді ғылыми-техникалық қамтамасыз етудің 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы Астана, 2003 ж. 1. Бағдарламаның паспорты техникалық қамтамасыз етуМемлекеттiктапсырысшы-бағдарлама әкімшiсiIске асыру мерзiмiБағдарламаның мақсаты орындау барысында әзiрленген ғылым мен жаңа отандық технологиялардың жетiстiктерi базасында ғылымды қажетсiнетiн, импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған жаңа өндiрiстердi ұйымдастыруды ғылыми қамтамасыз етуБағдарламаныңмiндеттерi тәжiрибелiк-өнеркәсiптік, маркетингілік қолдауды қамтамасыз ету, бұрынғы жылдардағы ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындау барысында алынған әзiрлемелердi өнеркәсiптiк iске асыруға жеткiзу; инновациялық жобалардың iске асырылу тетiктерiн, өндiрiстердi iрiктеу iске қосу жүйесiн реттеу; инновациялық жобаларды iске асыруға дайындауды қамтамасыз ететiн құрылымдарды құру; отандық технологиялардың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру, өндiрiстiң ғылымды қажетсiнетiн салаларын орнықты дамыту үшiн жағдайлар жасауҚажеттi ресурстаржәне олардықаржыландырукөздерi тапсырыс шеңберiнде, 2003-2005 жылдардың iс-шараларын iске асыруға қажеттi бюджеттiк қаражаттың көлемiнде жүзеге асырылады. Бағдарламаны iске асыруға байланысты көзделген қаржы шығындары небары 507,0 млн.теңгенi, оның iшiнде жылдар бойынша: 2003 жылы - 169,0 млн.теңгенi, 2004 жылы - 169,0 млн.теңгенi, 2005 жылы - 169,0 млн.теңгенi құрайды (Республикалық бюджет комиссиясының 2002 жылғы 19 шiлдедегi мәжiлiсiнiң N 23 хаттамасы)Күтiлетiн нәтижелер рынокта тауар түрiнде қолданылатын қазiргi заманғы технологиялар әзiрленетiн болады, Қазақстанның Даму банкi, екiншi деңгейдегi банктер арқылы, отандық немесе шетелдiк инвесторларды тарту есебiнен қаржыландыру үшiн өндiрiс жобаларын, техника-экономикалық негiздеме немесе белгіленген нысандағы бизнес жоспарды қоса алғанда, жоғары дайындық дәрежесiндегi ауқымды ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi құрудың жобалары дайындалатын болады. Бағдарламаны iске асыру ғылыми зерттеулерге бөлiнетiн қаражаттан нақты қайтарымды арттыруға мүмкiндiк бередi және республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуына ықпал ететiн болады. 2. Кіріспе XXI ғасырда елдер мен мемлекеттердiң экономикалық әлеуетi ғылыми-техникалық прогреспен және экономиканың барлық салаларында және ең бастысы өнеркәсiпте өндiрiстiң негiзгi құрауыштарын зияткерлендiрiлуiмен айқындалатын болады. Экономикалық дамыған елдерде XX ғасырдың аяғына қарай жаңа бiлiмдерден немесе шешiмдерден тұратын жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялардың, өнiмнiң, құрал-жабдықтардың үлесiне iшкi жалпы өнiмнiң өсiмi 70-тен 85 %-ға дейiн келедi. Дамыған елдердегi инновациялық қызметтiң қарқындылығы экономикалық даму деңгейiн айқындайды. Ғаламдық экономикалық бәсекелестiкте инновациялық қызмет үшiн қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететiн мемлекеттер ұтады. Қазақстанда соңғы он жылдың жүзiнде экономиканың технологиялық даму деңгейiн (машина жасау, электрондық және электртехникалық, қорғаныс, жеңіл, тамақ өнеркәсiбi, құрылыс материалдарының өнеркәсiбi) айқындайтын әлеуеттi инновациялық салалардағы өндiрiс көлемi 5-15 есе азайды. Өнiмнiң бәсекеге қабiлеттi жаңа түрлерiнiң, қазiргi заманғы технологиялардың және оларды өндiрiске енгiзу жүйесiнiң болмауы көптеген кәсiпорындарды қысқартуға және бiрқатар жағдайларда олардың толық тоқтауына әкеліп соқты. Қазақстанның экономикасы көбiне-көп импорттан алынатын техника мен технологияларға технологиялық жағынан кiрiптар болып отыр. Шикiзаттық емес салаларды қамтамасыз ететiн ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық құрылымдардың негiзгi массасы шын мәнiнде жұмыс iстеуiн тоқтатты және оларды бұрынғы қалпына келтiру ендi мүмкiн емес. Бәсекелестiк күрес жағдайларында машина жасау, электрондық және электртехникалық, қорғаныс, жеңiл, тамақ өнеркәсiбiн, құрылыс материалдарының өнеркәсiбiн дамыту өнiмдi жаңалау мен өндiрiстердi жаңғыртуды үздiксiз жүргiзбейiнше, мүмкiн емес. Елдiң технологиялық дамуында Қазақстанның таяу жылдарда ел экономикасының қажеттiлiктерiн өз күшiмен, ұлттық ғылыми-технологиялық әлеуеттiң көмегiмен қамтамасыз етуге қабiлетсiздiк проблемасымен бетпе-бет келетiнi айқын бола түсуде. Бұл iшкi проблемаларды техника мен технологияны перманенттiк сатып алу есебiнен шешудi сөзсiз күйретеді, бұл ретте, ақыр аяғында елдiң ұлттық қауiпсiздiгiн бүлдiрумен бара бар сыртқы көздерге ұзақ уақыт технологиялық кiрiптарлықта болады. Бұл салалар өнімдерінің бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету және олардың бұрынғы деңгейiн қалпына келтiру түбегейлi шаралар қабылдамайынша, мүмкін емес. Осыған байланысты ел басшылығы ел экономикасын инновациялық жолмен дамытуды қамтамасыз ету жөнiнде бiрқатар шаралар қабылдады: 1999 жылы - Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметтi дамыту тұжырымдамасы мақұлданды (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 шiлдедегi мәжiлiсiнiң N 19 хаттамасы); 2001 жылы - Қазақстан Республикасының инновациялық даму бағдарламасы бекiтiлдi (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 мамырдағы N 617 қаулысы), инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы бабы бар "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 9 шiлдедегi Заңы қабылданды. 2002 жылы мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асырудың негіз қалаушы қағидаттарын, бағыттарын және нысандарын айқындайтын, "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5 шiлдеде қабылданды. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары шеңберiнде инновациялық қызметтi одан әрі дамыту үшiн ел экономикасының мүдделеріне отандық ғылыми әзiрлемелердiң базасында инновациялық өндірістер құруды ғылыми-техникалық қамтамасыз етудiң нақты мiндеттерiн шешуге бағытталған бағдарламаны қалыптастыру мақсаты қойылады. 3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау 1990 жылдан бастап 2000 жылдарға дейiнгi кезеңдегi өндiрiстiң екi мәрте дерлiк құлдырауы технологиялық салалардың (машина жасау, жеңiл, химия, қорғаныс) есебiнен болды, бұл жаппай жұмыссыздықты тудырады, өнеркәсiпте жұмыс iстейтiндердiң саны 1990 жылы 1800 мың адамнан 1999 жылы 642 мыңға дейiн азайды. Экономиканың нақты секторында жұмыс істейтiндер санының күрт азаюы салық салу базасының, әлеуметтiк және зейнеткерлiк мұқтаждарға аударымдардың тарылуына, халықтың көшi-қонына және басқа да терiс салдарларға соқтырды. Отандық өндiрiстердiң тоқырауымен бiр мезгiлде көпшiлiк тұтынатын тауарлар импортының көлемi ұлғайды. Технологиялық салалардың негiзгi құралдарына инвестиция тарту шикiзат салаларына салынған инвестициялардың бiрлi-жарымы мен пайыздар үлесiн ғана құрады, бұл экономиканың шикiзаттық кереғарлығын туғызды және шикiзаттық емес салалардың жағдайын одан бетер қиындатып жiбердi. Технологиялық өндiрiстердiң құлдырауының негiзгi себебi ескiрген технологияларға, құрал-жабдықтарға негiзделген өндiрiлетiн өнiмнiң бәсекеге қабілеттiлiгiнiң, нарық талаптарын қанағаттандырмайтын кадрлардың бiлiктiлiк деңгейiнiң төмендiгi болды. Соңғы уақытта қол жеткен өнеркәсiп өндiрiсiнiң өсуi едәуiр дәрежеде шикiзат бағасының көтерiлуiне байланысты әлемдiк рынок конъюнктурасына жағымды әсер еткен сыртқы жағдайлармен байланысты. Өнеркәсiп салаларында техникалық және технологиялық деңгейдi айқындайтын, ғылымды қажет ететiн өнiм түрлерiн өндiру көлемiнiң азаюы жүрiп жатыр. Соның өзiнде әлемдiк қоғамдастықтың даму үрдiстерi инновациялық қызметтiң экономикалық өсу қарқынына әсерiнiң күшейе түскендiгiн бiлдiредi. Әлемдiк нарықта зияткерлiк еңбек өнiмдерiнiң басқа да экономикалық қызмет салаларымен салыстырғанда құны едәуiр жоғары. Нарық талаптары жаңа енгiзiлiмдердi кеңiнен пайдалануды, инновациялық белсендiлiктi күшейтуге жағдай жасауды қажет етедi. Инновациялық дамудың халықаралық тәжiрибесi оның ғылыми-техникалық қайта жарақтандырылуының және өндiрiстi кезең-кезеңiмен әртараптандырудың оңтайлы жолы болып табылатынын көрсетедi. Қазақстанда инновациялық қызметтiң дамуы шикiзаттық экономикаға тән бiрқатар проблемалармен тежелуде, оның iшiнде: өнеркәсiптiк кәсiпорындардың көпшiлiгiнiң қанағаттанғысыз қаржылық жай-күйi; ғылыми зерттеулердiң көбiнесе минералдық шикізат ресурстарын шығару мен қайта өңдеуге шоғырландырылуы; экономиканың жоғары технологиялық салаларының бiрқатарында жоғары бiлiктi кадрлардың iс жүзiнде мүлдем болмауы; ғылыми-техникалық сала ұйымдарының нарықтық қатынастарға баяу көшуi; инновациялық қызметтiң дамуын ынталандыратын заңнамалық базаның жоқтығы. Соның өзiнде Қазақстанда дамудың инновациялық жолына көшуге барлық алғы шарттар бар. Бұл шикiзатқа және энергия тасушыларға деген iшкi қажеттiлiктiң үлкен бөлiгiн қамтамасыз ететiн бай табиғи ресурстар; ғылымды қажет ететiн өндірiстердi iске қосу үшiн едәуiр бос өндiрiстiк қуаттардың болуы арзан жұмыс күшiнiң оның жалпы бiлiм беру деңгейiмен жеткiлiктi жоғары ұштастырылуы; жеткіліктi дамыған ғылыми-техникалық әлеует; бiрқатар технологиялық укладтар бойынша босалқа дайындамалардың болуы. Осыған байланысты ел экономикасын ғылым мен техника жетістіктерiнiң негiзiнде дамыту, теңгерiмдi өндiрiстiк инфрақұрылымды қалыптастыру және елдiң жалпы ұлттық өнiмiнiң шикізаттық құрауыштарының бiр бөлiгiн жоғары технологиялық экспорттық өнiмге кезең-кезеңiмен ауыстыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 мамырдағы N 617 қаулысымен 2001-2005 жылдарға арналған Қазақстанның инновациялық даму бағдарламасы бекiтiлдi. Қазiргi кезде республикада инновациялық қызмет мемлекет тарапынан да, сондай-ақ экономиканың мемлекеттiк емес секторы тарапынан да ғылыми-техникалық өнiмге төлем қабiлетi төмен сұраныстың әсерiнен кешеуiлдеп отыр, өйткенi экономиканың мемлекеттiк емес секторы үлкен коммерциялық тәуекелге барудың салдарынан және оны көбiнесе техникалық жағынан анағұрлым қарапайым және арзан технологияны сатып алумен ауыстыратындықтан, ғылыми әзiрлемелердi өнеркәсiптiк өндiрiске дейiн жеткiзуге әзiрге қабiлеттi емес, сонымен бiр мезгiлде инновациялық қызметтi дамыту үшiн мемлекеттiк қолдау қажет. Экономикалық дамыған елдердiң тәжiрибелерi осыны көрсетедi. Бұл елдерде жедел қайтарым бермейтiн, алайда көп қаражатты, уақытты талап ететiн базистiк жаңа енгiзiлiмдердi құрумен байланысты және технологиялық прогрестiң негiзi болып табылатын қызмет мемлекет үшiн басым болып табылады. Мұндай жағдайдың себептерiнiң бiрi ғылыми-техникалық әзiрлемелердiң көпшiлiгiнiң инновациялық жобаларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуi болып табылады. Осыған байланысты ғылыми-техникалық өнiмдi оған нарықта тауар түрiнде шығаруға мүмкiндiк беретін даярлық дәрежесiне дейiн жеткiзу қажет. Бұл үшiн тиiстi ғылыми-техникалық және конструкторлық құжаттама әзiрлеу, тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк сынақтар өткiзу мен технологиялық регламенттi қалыптастыру; өнiмнiң тәжiрибелiк партиясын шығару, инновациялық қызметтiң қажеттi инфрақұрылымын жасау және ақырында өнiмнiң тәжiрибелiк партиясын рынокта өткiзудi мақұлдау қажет. Мұнымен бiрге ғылымды мемлекеттiк қолдаудың жеткiлiксiздiгiне қарамастан, бiрқатар ғалымдар мен ғылыми ұжымдарға соңғы жылдары өз әзiрлемелерiн оларды өндiрiске енгiзудiң басталу деңгейiне дейiн жеткiзуге мүмкiндiк туды. 2O01 жылға патенттелген өнертабыстардың саны 1993 жылмен салыстырғанда 5 еседен астам өстi. Аяқталған республикалық мақсатты және қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша оларды экономиканың нақты секторында пайдаланылуға болатын көп нәтижелер алынды. Сондықтан оларды өнеркәсiптiк пайдалануға дейiн жеткiзу жөнiнде шаралар қабылдаудың нақты қажеттiлiгi пiсiп жетiлдi. 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері Бағдарламаның мақсаты - ғылымды қажет ететiн, импорт алмастыратын және экспортқа бағдарланған жаңа өндiрiстердi ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындау барысында әзiрленген ғылым жетістіктерi мен жаңа отандық технологиялардың базасында ұйымдастыруды ғылыми қамтамасыз ету. Бағдарламаның мiндеттерi: ғылыми әзiрлемелердi ғылыми-техникалық, тәжiрибелiк-конструкторлық, тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк, маркетингтiк қолдауды қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындау барысында бұрынғы жылдары алынған әзiрлемелердi өнеркәсiптiк iске асыруға жеткізу; инновациялық жобаларды iрiктеу мен iске асыру тетiктерiн жасау, өндiрiстердi iске қосу; отандық технологиялардың бәсекеге қабілеттiлiгiн арттыру, өндiрiстiң ғылымды қажет ететiн салаларын тұрақты дамыту үшiн жағдай жасау. 5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі Бағдарламаны iске асыру қазақстан экономикасы үшiн айтарлықтай мүдделi болып табылатын мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады. 5.1. Жаңа материалдар және оларды өндiру технологиясы Қазақстан минералдық ресурстардың айтарлықтай қорына ие. Металдар, кендер, концентраттар, көмiрсутегi шикiзатының экспорты шын мәнінде елдің өнеркәсіптік әлеуетінің негізін құрайды. Мұнымен бiрге шикiзатты тереңдете қайта өңдеу экономикалық та, сол сияқты әлеуметтiк тұрғыдан да анағұрлым тиiмдi. Қорытпалар, лигатуралар, прокат - кен-металлургия кешенiнiң тереңдете қайта өңделген өнiмi сыртқы рынокта едәуiр жоғары қосымша құнға, тасымалдауға кететiн шығыстардың аз үлесiне ие және бағаның конъюнктуралық ауытқуына аз ұшырайды. Осының бәрiн көмiрсутегi шикiзатының тереңдете қайта өңдеу өнiмдерiне де толығымен жатқызуға болады. Кен-металлургия кешенi, энергетика, құрылыс материалдары өндiрiсiнiң кәсiпорындары отқа төзiмдi материалдар мен солардың негiзiнде жасалған бұйымдарды импорттау кезiнде едәуiр шығынға ұшырайды. Машина жасау кешенiнiң кәсiпорындары тегiстеу, жемiр және аса қатты материалдардың айтарлықтай көлемiн тұтынады. Қазақстан ғалымдары әзiрлеген берiлген қасиеттерi бар органикалық материалдардың жебiр ортадағы электрөткiзгiштiк, төзiмдiлiк сияқты және т.б. сипаттамалары бойынша баламалары жоқ. Қазақстандық ғалымдар мен мамандар өзiнiң сапалық сипаттамалары мен тұтыну қасиеттерi бойынша импортталатындардан кем түспейтiн жаңа технологиялар мен материалдар жасау саласында үлкен көлемде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiздi. Осы зерттеулердiң бiрқатары қазiрдiң өзiнде iшкi тұтынуға ғана емес, сондай-ақ сыртқы рынокқа да бағытталған өнеркәсiптiк өндiрiстердi құруға ұсынылуы мүмкiн. 5.2. Материалдарды өңдеудiң жаңа технологиялық процестерi Бәсекеге қабiлеттi тауарлар мен өнiмдердiң технологиялық өсуi және оларды технологиялық қамтамасыз ету металдар, синтетикалық материалдар, ағаш, әйнек, бетон және т.с.с. материалдарды өңдеудiң ескiрген технологияларының базасында мүмкiн емес. Сапасы, өнiмдiлiгi, жаңа мүмкiндiктерi жағынан бәсекеге қабiлеттi технологиялық процестер жаңа өндiрiстер құрудың негiзi болып табылады. Инновациялық дамудың әлемдiк тәжiрибесi ескiрген технологияның базасында өнiмдер мен тауарлардың жаңа түрлерiнiң өндiрiсiн құруға деген талпыныстың сәтсiздiкке ұшырайтынын көрсетедi. Материалдарды өңдеудiң қазiргi заманғы технологиялары мен әдiстерi инновациялық өндiрiстердiң негiзi болуға тиiс, өйткенi қазақстандық ғалымдар көрсетiлген бағытта көп уақыттан берi зерттеулер жүргiзiп келедi. Материалдарды (металдар, ағаш, пластмассалар және басқалар лазерлiк өңдеу өңделетiн бұйымдардың басқа да дәл әдiстерi үшiн қол жетпейтiн кесудiң шын мәнiндегi таза сапасын алуға мүмкiндiк бередi. Көптеген жағдайларда материалдарды өңдеудiң бұл әдiсiнiң бәсекелесi жоқ және басқа технологиялар жете алмайтын қасиеттерi бар бұйымдар алуға мүмкiндiк бередi. Лазерлiк технология әлемдiк практикада жасанды көшiрмеден қорғау үшiн кеңiнен қолданылатын голографиялық белгiлеу өндiрiсiне пайдаланылатын голографиялық бейнелер жасауға мүмкіндiк бередi. Металдардың сыртын электрондық-иондық тозаңдандыру және модификациялау өңдеудiң басқа әдiстерi жете алмайтын сыртының берiк сипаттамасын алуға мүмкiндiк бередi. Бақылаудағы гелий атмосферасында электрондық сәулелену бiрқатар аса қатты материалдардың негiзiндегi кескіштердiң тозу төзiмділiгiн бiрнеше есе арттыруға мүмкiндiк бередi. Плазмалық кесу мен тысты өңдеу технологиясының өзiнiң өнiмдiлiгi және аз еңбек шығындары бойынша iрi бұйымдарды өңдеу кезiнде бәсекелесi жоқ. Қазақстандық мамандар мен ғалымдар айтарлықтай нәтижелерге жеткен бұл тiзбе жалғасуы мүмкiн. Материалдарды өңдеудiң жаңа әдiстерiнiң негiзiнде өндiрiстер құру тиiсті ғылыми-техникалық пысықтауды және өнеркәсiптiк пайдалануға жеткiзудi талап ететiнi анық. Мұнымен бiрге бұл бағыт жаңа инновациялық өндiрiстердi дамытуға айтарлықтай қарқын беруге қабілеттi. 5.3. Ақпараттық технологиялар, арнайы техника және бағдарламалық қамтамасыз ету Ақпараттық технологиялар - неғұрлым серпiндi дамып келе жатқан бағыттардың бiрi, соңғы уақытқа дейiн қазақстандық ғалымдардың практикасында ол пайдаланушылар, жекелеген бағдарламалық өнiмдер мен деректер қорын қалыптастыру әзiрлеушiлер деңгейiнде шектелiп келдi. Соңғы жылдары арнайы техниканы, дербес компьютерлердiң жаңа түрлерiн дайындауда, отандық әзiрлемелердi телекоммуникациялық жүйелерге белсендi түрде енгiзудi әзiрлеуде және басқаларда оң тұрғыда кейбiр алға басушылық болды. Ақпараттық технологиялар мен жабдықтардың дамуы қазақстандық ғалымдар мен мамандардың әлемдiк компьютерлiк коммуникациялық рынокқа шығуының басты басымдықтарының бiрi. Телевизиялық таратқыштардың, бақылау, тұқырту жүйелерiнiң жекелеген әзiрлемелерiнiң сыртқы рынокта бәсекеге қабiлеттi және экспорт перспективасын шешу мүмкіндiгi бар. Қорғаныс өнеркәсiбiндегi, авиациялық техникадағы, Каспий теңiзi айдыны бетiнiң мониторингi және тағы басқалары өз ақпараттық жүйелерi қарулы күштердiң қорғаныс қабiлетi мен әскери даярлығының ең басты шарттарының бiрi болып табылады. 5.4. Жаңа техника мен жабдық өндiрiсi Қазақстан импортының құрылымы көбiне-көп жаңа техника мен жабдықтың импортын құрайды, соңғы жылдары оның көлемi ұлғайып келедi. Мұнымен бiрге қазақстандық кәсiпорындардың халықаралық рынокқа электрондық, электр техникалық, қорғаныс, машина жасау өнiмдерiн шығару жөнiндегi өндiрiстiк қуаты мен дәстүрлерi әлi де жеткілікті. Басты мiндет iшкi және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабiлеттi техника мен жабдықтың жаңа түрлерiнiң әзiрлемелерiн ынталандыру және өндiрiске дайындау болып табылады. Машина жасау, қорғаныс, электр техникалық кәсiпорындары азаматтық мақсаттағы жаңа техниканы әзiрлеу мен iске қосудың әлеуетiн әзiрше сақтап қалған. Бұл тапсырманың мақсаты отандық және шетелдiк кәсiпорындар үшiн техника мен жабдықтың жаңа түрлерiн шығару базасында осы бейiндегі өндiрiстер мен кәсiпорындарды, атап айтқанда, кен-металлургия және мұнай-газ кешендерi қайта өркендетудi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету болып табылады. 5.5. Жаңа тұтыну тауарлары мен тағам өнiмдерiн өндiру Тұтыну тауарларының, оның iшiнде дәрi-дәрмектiк препараттар мен тағам өнiмдерiнiң рыногы, әдетте өндiрушiлердiң едәуiр бөлiгiн тартатын ауқымды және тұрақты жүйе. Оның көлемi халықтың сатып алу қабiлетiне және оның санына қарай айқындалады. Өкiнiшке орай, Қазақстанның тұтыну рыногы халық санының аздығынан және сатып алу қабiлетiнiң төмендiгiнен шектеулi. Өнiмдi, әсiресе, тез бұзылатын өнiмдi тасымалдаудың едәуiр қашықтығы қосымша қиындықтар туғызады. Қазақстан экономикасы үшiн көбiне бұл жаңа өндiрiс түрi болып саналады, өйткенi ол дәстүрлi тұтыну тауарлары ретiнде алыс және жақын шетелдерден әкелiнетiн импорт заттары болып келдi және бола бермек. Мұнымен бiрге, жергiлiктi тұтыну өнiмдерiн өндiру көбiне әлеуметтiк мiндет, өйткенi өндiрiстiң бұл түрi халықтың едәуiр бөлiгi бiлiктi жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге қабiлеттi. Тұтыну тауарлары рыногында қашанда күштi бәсекелестiк болып келдi, онда жаңа технологияларды, жабдықтарды пайдалануға және арзан бағамен жоғары сапаны қамтамасыз етуге қабілеттi өндiрушiлер жеңiмпаз болып табылды. Бұл тапсырманың мақсаты сыртқы рынокқа шығудың перспективаларын басты талап және шарт ретiнде қоя отырып, жергiлiктi инновациялық өнiм өндiрушiлердi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету болып табылады. Бағдарламаны iске асыру Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес келетiн және конкурстық iрiктеуден өткен жобаларды орындауға арналған мемлекеттiк тапсырыстың негiзiнде жүзеге асырылады. Бағдарламаның әкiмшiсi - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі: Бағдарламаның тапсырмаларын орындауға арналған жобаларға конкурс өткiзудi; Бағдарлама тапсырмаларының орындалуын үйлестiрудi және ағымдағы бақылауды; Бағдарлама бойынша аралық және қорытынды есептерді қабылдауды қамтамасыз етедi. 6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету бағдарламаның әкiмшiсі тиiстi қаржы жылдарына республикалық бюджетте көздеген қаражат шегiндегi мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде, 2003-2O05 жылдардың iс-шараларын iске асыру үшiн қажет бюджеттiк қаражат көлемiнде жүзеге асырылады. Бағдарламаны iске асыруға байланысты көзделген қаржы шығындары небары 507,0 млн. теңгенi, оның iшiнде жылдар бойынша: 2003 жылы - 169,0 млн. теңгенi, 2004 жылы - 169,0 млн. теңгенi, 2005 жылы - 169,0 млн. теңгенi құрайды (Республикалық бюджет комиссиясының 2002 жылғы 16 тамыздағы мәжiлiсiнiң N 31 хаттамасы). Бұл ретте, 2004-2005 жылдарға арналған сомалар тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын қалыптастыру кезiнде нақтылануы мүмкiн. 7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер Бағдарламаны iске асыру қорытындысында нарықта тауар ретiнде жүре алатын қазiргi заманғы технологиялар әзiрленедi, жоғары дәрежедегi дайындықтағы ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердiң жобалары дайындалады. Инновациялық өндiрiстi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету жобасы техника-экономикалық негiздемемен, толық ауқымдағы өндiрiстi құру жобасымен және отандық немесе шетелдiк инвесторлардың даму банкi, екiншi деңгейдегi банктер арқылы қаржыландыру және материалдық қамтамасыз ету үшiн белгiленген нысандағы бизнес жоспармен аяқталуға тиiс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |