|
|
|
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 ж. 12 маусымдағы N 210-ІІ Заңы (ҚР 05.07.01 ж. N 223-II; 24.12.01 ж. N 276-II; 24.12.01 ж. N 279-II; 21.03.02 ж. N 310-II; 23.11.02 ж. N 358-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР 2003 ж. 29 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін. ҚР 05.07.01 ж. N 223-II; 24.12.01 ж. N 276-II; 15.01.02 ж. N 279-II; 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңдарымен 2-бап өзгертілді 2-бап. 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N 10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 20, 263-құжат; N 2, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 45-құжат; N 14, 197, 201, 202-құжаттар; N 23, 425-құжат; N 24, 436, 442, 445-құжаттар; 1999 ж., N 6, 192, 193-құжаттар; N 20, 731-құжат; N 21, 786-құжат; N 23, 928-құжат; N 24, 1067-құжат; 2000 ж., N 3-4, 65, 66-құжаттар; N 10, 234-құжат; 2001 ж., N 3, 16-құжат; 2001 жылғы 5 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 3 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы), бұған мыналар: "2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жоятын 5-бабының 23) тармақшасы, 57-бабының 1-тармағының 11), 16), 22) тармақшалары, 59-бабы, 71-1-бабының 2-тармағы, 179-бабының 9-тармағы;"; 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жоятын 34-бабының 1-тармағының 7) тармақшасы, 57-бабының 1-тармағының 17) тармақшасы, 61-1-бабы; 2004 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын мынадай редакциядағы 57-бабы 1-тармағының 12) тармақшасы: "12) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ өндіріс ұйымдарының тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату жөніндегі айналымдары сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату жөніндегі айналымдардан және акцизделетін тауарларды өндіру мен сату және қызмет түрлерін көрсету жөніндегі айналымдардан басқа), егер осындай бірлестіктер мен ұйымдар мынадай шарттарға сәйкес келсе: мүгедектер осындай өндірістік ұйымдар қызметкерлері жалпы санының кемінде 51 процентін құраса; мүгедектерге еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекақы төлеу жөніндегі жалпы шығыстардың кемінде 51 процентін құраса, (есіту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда - 35 проценттен кем болмаса), қосылған құн салығынан босатылады;"; 2004 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын 57-бабының мынадай редакциядағы 15) тармақшасы: "15) уәкілетті мемлекеттік орган пайдалануға рұқсат еткен мектеп оқулықтарын және мектеп оқу құралдарын, оқушы дәптерлерін, балалар әдебиетін, сондай-ақ арнаулы орта және жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдарын шығару және (немесе) сату жөніндегі айналымдар;"; "2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қүшін жоятын 57-бабының 1-тармағының 19) тармақшасы; 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жоятын 179-бабының 4-1-тармағы; "2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жоятын 179-бабының 10-тармағы. Бұл ретте 2000 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жағдай бойынша құралған салық және айыппұл санкциясы жөніндегі және 2003 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жағдай бойынша өтелмеген берешек сомасы бес жылдың ішінде тең үлеспен төленуге тиіс. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының жұмыс iстеу мерзiмi iшiнде, бiрақ бес жылдан аспайтын мерзiмде қолданыста болатын 57-бабы 1-тармағының 28) тармақшасы, 58-бабының 2-1-тармағы, 60-1-бабы, 123-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы және 132-бабының екiншi бөлiгi қосылмайды. 2. "Мемлекеттік баж туралы" 1996 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 23-24, 420-құжат; 1998 ж., N 23, 417-құжат; 1999 ж., N 23, 932-құжат; 2001 жылғы 3 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Қазақстанның Даму Банкі қызметінің мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы). 3. Қазақстан Республикасындағы аударымдық және жай вексельдерге қатысты елтаңбалық алым туралы" 2000 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 21, 394-құжат). ҚР 24.12.01 ж. N 276-II Заңымен 3-бап алып тасталды 3-бап. алып тасталды 4-бап. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) сәйкес келтірілуге тиіс. 5-бап. Мемлекеттік бюджет алдындағы берешекті өтеудің: 1) бересі сомасы; 2) есептелген өсімпұлдар; 3) есептелген айыппұлдар кезектілігі белгіленіп, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 33-бабының қолданылуы 2004 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын. ҚР 15.01.02 ж. N 279-II Заңымен 5-1-баппен толықтырылды 5-1-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 224-бабының күші 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын. ҚР 21.03.02 ж. N 310-II Заңымен 5-1-баппен толықтырылды 5-2-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 498-бабы 1 тармағы 1) тармақшасының қолданылуы 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын. 6-бап. Қосылған құн салығы бойынша есепке қоюдың мынадай тәртібі белгіленсін: 1. Салық органдарында 2002 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген салық төлеушілер 2002 жылғы 1 ақпанға дейін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 208-бабында белгіленген талаптарды орындауға міндетті. 2. Салық органдары қосылған құн салығы бойынша есепке қою жөнінде өтініш жасаған салық төлеушілерге қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғандығы туралы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 209-бабында көзделген куәлік береді. Аталған салық төлеушілер 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығын төлеушілер болып танылады. 3. Осы баптың 1-тармағында аталған және 2002 жылғы 1 ақпанға дейін салық органына қосылған құн салығы бойынша есепке қою жөнінде өтініш жасамаған салық төлеушілер 2002 жылғы 1 ақпаннан бастап қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайды және сатылған тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) шот-фактура жазбасын қосылған құн салығынсыз жүзеге асырады. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 208-бабында белгіленген шарттар бола тұра қосылған құн салығы бойынша есепке тұрмаған жағдайда, салық төлеушілер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |