|
|
|
"Қазақстан метрология институты (ҚазМетИн)" республикалық мемлекеттік (Бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 09.08.00 ж. № 1227 қаулысымен тақырыбында және мәтіндегі сөздер ауыстырылды "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: ҚР Үкіметінің 28.04.04 ж. № 485 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 1. Шаруашылық жүргiзушi құқығында "Қазақстан метрология институты (ҚазМетИн)" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi мемлекеттік кәсiпорын) құрылсын. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi мемлекеттік басқару органымен айқындасын. Мемлекеттік кәсiпорын мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық болып анықталсын. ҚР Үкіметінің 09.08.00 ж. № 1227; 28.04.04 ж. № 485 (бұр.ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. Мемлекеттік кәсiпорынның негiзгi мiндеттерi: Қазақстан Республикасында жасалатын және импортталатын өлшеу құралдарына белгiленген талаптарға сәйкес сынақ жүргiзу; лицензиялауға жататын өлшеу құралдарын жасау, тексеру және жөндеу жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың қызметiн зерттеу және дайындау, болып айқындалсын; халықаралық талаптарға сай өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету үшiн метрология жөніндегі техникалық (эталондық) базаны және нормативтiк құжаттардың үйлесiмділігiн жетiлдiру, өлшем бiрлiгін қамтамасыз ету мен сертификаттау саласында аккредиттеу кезiнде ұйымдарды техникалық тексеру, осы салада мамандарды даярлау және біліктiлiгiн көтеру. метрология саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау; шамалар бiрлiктерiнiң мөлшерлерiн мемлекеттік эталондардан кәсiпорын эталондарына беру; өлшемдер бiрлiгін қамтамасыз ету мәселелерi бойынша жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз ету; уақыт пен жиiлiктiң, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандартты үлгiлерiнiң, заттар мен материалдардың физикалық константалары және қасиеттерi туралы стандартты анықтамалық деректердiң мемлекеттік қызметтерiнiң iс-әрекетiне байланысты жұмыстарды жүргiзу. 3. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi бiр ай мерзiм iшiнде мемлекеттік кәсiпорын жарғысын бекiтсiн және оны белгiленген тәртiпте тiркесiн. 4. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде мемлекеттік кәсiпорынды тiркеу, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiн толықтыру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |