|
|
|
Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы (2006.31.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2006.07.07. № 173-III ҚР Заңымен күші жойылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 11 баптар) 2-1-тарау. Қазақстан Республикасының бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы заңнамасының сақталуы нысанасына тексеру жүргізу (16-1-16-8 баптар) 2-тарау. Монополистік қызмет және бәсекені қорғау (12 - 16 баптар) 3-тарау. Мемлекеттік бақылаудың жекелеген түрлері (17 - 20 баптар) 4-тарау. Монополияға қарсы заңдарды бұзушылық үшін жауаптылық (21 - 24 баптар) 5-тарау. Монополияға қарсы органның нұсқамалары мен шешімдерін (25 - 27 баптар) қабылдау, оларға шағым жасау және оларды орындау тәртібі 1-бап. Заңның мақсаттары 1. Еркiн бәсекенi, кәсiпкерлiктi дамыту, тұтынушылардың мүдделерiн қорғау және тауар рыноктарының тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн жағдайлар қамтамасыз ету осы Заңның мақсаттары болып табылады. 2. Заң кәсiпкерлiктi қолдау, монополистiк қызметтi болғызбау, шектеу, тыю және реттеу жөніндегі мемлекеттік реттеудiң ұйымдастыру және құқықтық шараларын айқындайды. 1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және республиканың қазақстандық және шетелдiк заңды тұлғалар (олардың филиалдары мен өкiлдiктерi), жеке кәсiпкерлер, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар (бұдан әрi - мемлекеттік органдар), сондай-ақ жеке тұлғалар қатысатын тауар рыноктарындағы бәсекеге ықпал ететiн қатынастарға қолданылады. 2. Осы Заң, айрықша құқықтар объектілерiне байланысты қатынастарды пайдалануға байланысты келісімдер бәсекенi шектеуге бағытталған жағдайларды қоспағанда, осы объектiлерге байланысты қатынастарға қолданылмайды. 3-бап. Монополияға қарсы заңдар 1. Монополияға қарсы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң, осы Заңның нормаларынан және монополистiк қызметтi, жосықсыз бәсекенi болғызбау, шектеу мен тыю және табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу жөніндегі ережелерi бар Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) бiрiн-бiрi алмастыратын тауар - функционалдық қызметi, сапалық және техникалық сипаттамалары және басқа да өлшемдерi бойынша салыстыруға болатын, сол себептен сатып алушы оларды тұтыну процесiнде шынында да бiр-бiрiмен ауыстыратын немесе ауыстыруға даяр тауарлар тобы; 2) белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмi - бәсекелестiк саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын, тиiстi тауар рыногындағы үлесi монополияға қарсы орган жыл сайын белгiлейтiн шектi шамадан асатын рынок субъектiлерiнiң атаулы тiзбесi; 3) бағаларды мемлекеттік реттеу - тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң тауарларына (жұмыстарына, көрсететiн қызметтерiне) бағаларды монополияға қарсы органның шешiмi бойынша жүзеге асырылатын реттеу; 4) бәсеке - рынок субъектiлерiнiң өз бетiмен жасаған iс-әрекеттерi тиiстi тауар рыногындағы тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) айналысының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының бiржақты ықпал ету мүмкiндiгiн тиiмдi шектейтiн және тұтынушыларға қажеттi тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өндiрудi ынталандыратын жарыстастығы; 5) монополистiк қызмет - рынок субъектiлерiнiң, мемлекеттік органдардың бәсекеге жол бермеуге, оны шектеуге немесе жоюға бағытталған және (немесе) тұтынушылардың заңды мүдделерiне қысым жасайтын, осы Заңға қайшы келетiн iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi); 6) монополиялық қымбат баға - тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiсi негiзделмеген шығындарды өтеу және (немесе) үстем (монополиялық) жағдайын қиянат жасап пайдалану нәтижесiнде қосымша табыс алу мақсатында белгiлейтiн баға; 7) монополиялық арзан баға - тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiсi тауар рыногынан бәсекелестердi ығыстыру арқылы бәсекенi шектеу мақсатымен саналы түрде белгiлейтiн тауар бағасы; 8) монополиялық табыс - рынок субъектiсiнiң монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алған табысы; 9) рынок субъектiсiнiң тиiстi тауар рыногындағы үлесiнiң шектi шамасы - үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiн мемлекеттік тiзiлiмге енгізу үшiн негiз болып табылатын көрсеткiш; 10) сөз байласу - рынок субъектiлерi арасындағы тауарларға (жұмыстарға, қызметтер көрсетуге) бiрыңғай баға белгiлеуге не тауар рыногын бөлуге бағытталып, бұл тауар рыногында келеңсiз салдарға апарып соқтырған және (немесе) апарып соқтыруы мүмкiн келісілген iс-әрекеттер; 11) рынок субъектiлерi - тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) өндiру, өткізу, иелену жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және олардың филиалдары мен өкiлдiктерi; 12) тауар (жұмыстар, қызметтер көрсету) - қызметтiң сатуға немесе айырбастауға арналған өнiмi (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi қоса алғанда); 13) тауар рыногы - алмастырушылары жоқ немесе бiрiн-бiрi алмастыратын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң) сатып алушының тауарды (жұмысты, қызмет көрсетудi) иеленуге экономикалық, аумақтық және технологиялық мүмкiндiгiн негiзге ала отырып айқындалатын айналыс аясы. 5-бап. Монополияға қарсы орган 1. Тауар рыноктары мен бәсекенi дамыту, монополистiк қызметтi болғызбау, шектеу мен тыю, бәсекенi және тұтынушылар құқықтарын қорғау, монополияға қарсы заңдардың сақталуын бақылау, бағаларды реттеу, сондай-ақ мемлекеттік басқа да органдардың осы саладағы қызметiн үйлестiру жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргiзудi бәсекенi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөніндегі уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы монополияға қарсы органының негiзгi мiндеттерi, атқаратын қызметi, өкiлеттiктерi және жауапкершiлiгi осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде айқындалады. Монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы орган мен оған бағынысты аумақтық бөлiмшелер (бұдан әрi - монополияға қарсы орган) монополияға қарсы органның бiрыңғай жүйесiн құрайды. Аумақтық бөлiмшелер өз қызметiн монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы орган белгiлеген құзырет шегiнде жүзеге асырады. 2. Монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы орган туралы ереженi және оның құзыретiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 6-бап. Монополияға қарсы органның мiндеттерi Монополияға қарсы органның мiндеттерi мыналар: 1) кәсiпкерлiктi қолдау, тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) рыногында бәсекенi дамыту; 2) монополиялық қызметтi, тауар рыногындағы үстем (монополиялық) жағдайын қиянат жасап пайдалануды болғызбау, шектеу мен тыю, жосықсыз бәсекенi тыю жөнiнде шаралар қабылдау; 3) табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу; 4) мемлекеттік органдардың қызметтер көрсету тәртібін реттеу мен бақылау; 5) монополияға қарсы заңдар мен баға белгiлеу тәртібінiң сақталуын бақылау; 6) рынок субъектiлерiнiң тауар рыноктарындағы үстем (монополиялық) жағдайын бақылау; 7) мемлекеттік органдардың тұтынушылардың мүдделерiн қорғау жөніндегі қызметiн үйлестiру. 7-бап. Монополияға қарсы органның атқаратын жұмыстары Монополияға қарсы орган өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес өз құзыретi шегiнде мынадай жұмыстарды орындайды: 1) тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие, бәсекенi шектейтiн және монополистiк қызметтi жүзеге асыратын рынок субъектiлерiн анықтау мақсатында талдау жүргiзедi; 2) тауар рыногының жұмыс iстеуiне, бәсекенi дамытуға, баға белгiлеу және тұтынушылардың мүдделерiн қорғау мәселелерiне қатысы бар заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер жобаларына сараптама жасайды; 3) Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен Үкіметіне тауар рыногының, ондағы бәсекенің жай-күйi туралы баяндамалар, монополияға қарсы заңдарды және оларды қолдану практикасын жетiлдiру туралы ұсыныстар жiбередi; 4) өз құзыретi шегiнде монополияға қарсы заңдарды бұзушылық туралы iстердi қарап, олар бойынша шешiм қабылдайды; 5) рынок субъектiлерiнiң монополияға қарсы заңдарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 6) рынок субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп, бекiтедi. 8-бап. Монополияға қарсы органның қызметi 1. Монополияға қарсы орган бәсекенi сақтап тұру және дамыту мақсатында: 1) тауар рыногының жай-күйiн, ондағы бәсеке деңгейiн зерттейдi және осы негiзде кәсiпкерлiктi қолдау жөнiнде, монополистiк қызметтi болғызбау, шектеу, тыю және реттеу жөнiнде шаралар әзiрлейдi; 2) мемлекеттік органдарға тауар рыногын және ондағы бәсекенi дамытуға бағытталған шаралар өткізу жөнiнде ұсыныстар бередi; 3) қосарлас құрылымдар құру, сондай-ақ тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие заңды тұлғаларды (олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн) бөлу жөнiнде шаралар әзiрлейдi. 2. Тиiстi мемлекеттік органдарға қаралуы мiндеттi мынадай: 1) жеткiлiктi бәсеке жоқ, сондай-ақ басым дамытуды талап ететiн салаларда баға саясатын жетiлдiру туралы, соның iшiнде монополиялық қымбат бағаларды болғызбау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен тауарларға (жұмыстарға, қызметтер көрсетуге) тiркелген мемлекеттік бағалар (тарифтер) белгiлеу туралы; 2) инвесторлар тарту және бiрлескен кәсiпорындар ашу туралы, мiндеттi лицензиялауды енгізу, рынок субъектiлерi монополияға қарсы заңдарды бұзған жағдайда, олардың экспорт-импорт операцияларына тыйым салу не мұндай операцияларды тоқтата тұру туралы ұсыныстарды қоса алғанда, экспорт-импорт операцияларын лицензиялау тәртібін өзгерту және кеден баждарын жетiлдiру туралы ұсыныстар енгiзедi. 9-бап. Монополияға қарсы органның өкiлеттiгi Монополияға қарсы орган өз өкiлеттiгi шегiнде осы Заңға сәйкес: 1) мемлекеттік органдар мен рынок субъектiлерi орындауға мiндеттi монополияға қарсы заңдар мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеп, бекiтуге; 2) рынок субъектiлерiнде үстем (монополиялық) жағдайдың бар-жоғын анықтауға; 3) егер тиiстi тауар рыногында үлесi отыз бес проценттен асатын рынок субъектiлерiнiң пайда болуына жеткiзетiн болса, сондай-ақ тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiн қайта ұйымдастыруға, таратуға әкеп соғатын болса, рынок субъектiлерiн құруға қорытынды беруге; 4) монополияға қарсы заңдарды мемлекеттік органдардың, рынок субъектiлерiнiң сақтау мәселелерi бойынша тексеру жүргiзуге; 5) мемлекеттік органдарға, олардың лауазымды адамдарына, тиiстi тауар рыногында үлесi отыз бес проценттен асатын не тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiне, олардың басшыларына орындау үшiн мiндеттi нұсқамалар беруге; 6) бәсекенi дамытуға, монополияға қарсы органның нұсқамаларын орындауға кедергi келтiретiн және осы Заңда және басқа да заң актілерінде көзделген өзге де тәртiп бұзушылықтар үшiн рынок субъектiлерi мен олардың басшыларына, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына айыппұл салу туралы шешiмдер қабылдауға; 7) монополияға қарсы заңдарды, тұтынушылардың мүдделерiн қорғау жөніндегі заңдарды бұзушылықты жою мақсатында талаппен сотқа жүгiнуге; 8) тиiстi құқық қорғау органдарына жүгiнiп, оларға монополияға қарсы заңдарды бұзушылыққа байланысты қылмыс белгiлерi бойынша қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi шешу үшiн материалдар жiберуге; 9) монополияға қарсы заңдар мәселелерi бойынша түсiндiрме беруге; 10) мемлекеттік органдарға монополияға қарсы заңдарды бұзатын олар қабылдаған актiлердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге; 11) заңдарға қайшы келетiн материалдар мен нормативтiк құқықтық актiлердi прокуратура органдарына жiберуге; 12) монополияға қарсы органның отырыстарында мемлекеттік органдардың, тиiстi тауар рыногында үлесi отыз бес проценттен асатын не тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң лауазымды адамдарын монополияға қарсы органның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша тыңдауға; 13) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да кiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы. 10-бап. Монополияға қарсы органның ақпаратқа қол жеткізу құқығы 1. Монополияға қарсы орган қызметкерлерiнiң өздерiнiң құзыретi шегiнде және өздерiне жүктелген жұмыстарды орындау мақсатында мемлекеттік органдарға және рыноктың басқа да субъектiлерiне кіруге құқығы бар. 2. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарынан, рынок субъектiлерi мен олардың басшыларынан, жеке тұлғалардан қажеттi ақпараттарды, құжаттарды немесе олардың көшiрмелерiн, монополияға қарсы заңдарды бұзушылыққа жол берiлгендiгi жөнiнде жазбаша (ауызша) түсiнiктеме алуға құқылы. 3. Тиiстi тауар рыногындағы үлесi отыз бес проценттен асатын не тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерi, олардың басшылары, мемлекеттік органдар, олардың лауазымды адамдары монополияға қарсы органның талап етуi бойынша монополияға қарсы орган өз қызметiн жүзеге асыру үшiн қажет сенiмдi құжаттар, жазбаша және ауызша түсiндiрмелер және өзге де ақпарат табыс етуге мiндеттi. 4. Осы Заңмен белгiленген құқықтарды iске асыру барысында алынған коммерциялық құпиясы бар мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс. Монополияға қарсы органның қызметкерлерi коммерциялық құпиясы бар мәлiметтердi жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртiппен жауапты болады. 11-бап. Монополияға қарсы орган жанындағы сарапшылар кеңестерi 1. Монополияға қарсы органның жанынан ғалымдар мен мамандардан, мемлекеттік органдардың және рынок субъектiлерiнiң өкілдерiнен жасақталатын сарапшылар кеңестерi құрылып, жұмыс iстейдi. 2. Сарапшылар кеңестерi өз қызметiн белгiленген тәртiппен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 2-тарау. Монополистік қызмет және бәсекені қорғау 12-бап. Мемлекеттік органдардың бәсекенi қорғау жөніндегі мiндеттерi Мемлекеттік органдар: 1) тауар рыноктарын және бәсекенi дамытуға жәрдемдесуге; 2) жекелеген тауар өндiрушiлер монополиялық жағдайға ие болып отырған салаларда бәсекелестiк қызметтi дамытатын рынок субъектiлерiн нысаналы инвестициялауды жүзеге асыруға; 3) монополияландырылған салаларда қосарлас өндiрiстер қызметiн ынталандыруға; 4) тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие, өздерiнiң қарауындағы рынок субъектiлерiн қайта ұйымдастыруды жүзеге асыруға; 5) тауар рыногында бәсекенi арттыру мақсатында жаңа кәсiпорындар ашуға жәрдемдесуге мiндеттi. 13-бап. Мемлекеттік органдардың бәсекенi шектеуге бағытталған актілері мен iс-әрекеттерi 1. Шаруашылық дербестiктi шектейтiн, рыноктың жекелеген субъектілерiн кемсiтетiн немесе, керiсiнше, олардың қызметiне қолайлы жағдай туғызатын актiлер және (немесе) осындай iс-әрекеттер нәтижесiнде бәсекенi шектейтiн не шектеуi мүмкiн болса, мемлекеттік органдардың мұндай актiлер қабылдауына немесе осындай iс-әрекеттер жасауына тыйым салынады. Оның iшiнде: 1) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жағдайларды қоспағанда, қызметтiң қандай да бiр саласында рыноктың жаңа субъектiлерiн құруға шектеулер енгізуге және (немесе) негiзсiз кедергi жасауға, сондай-ақ қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға немесе тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң) белгiлi бiр түрлерiн өндiруге тыйым салуға; 2) рынок субъектiлерiнiң қандай да бiр салада қызметiн жүзеге асыруына негiзсiз кедергi келтiруге; 3) егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгiленбесе, тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) республиканың бiр облысынан екiншiсiне сатуға (сатып алуға, айырбастауға, иеленуге) тыйым салуға немесе рынок субъектiлерiнiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) сату (сатып алу, айырбастау, иелену) құқықтарын өзге де түрде шектеуге; 4) егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, рынок субъектiлерiне сатып алушылардың (тапсырыс берушілердiң) белгiлi бiр топтарына бiрiншi кезекте тауарлар жеткiзiп беру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) туралы немесе басымдықпен шарттар жасасу туралы нұсқаулар беруге; 5) егер рынок субъектiлерiнiң бiрiгуi тауар рыногында олардың үстем (монополиялық) жағдайының пайда болуына әкеп соғатын болса, олардың бiрлестiктер құруына; 6) тауар рыногын аумақтық принцип бойынша, сату немесе сатып алу көлемi бойынша, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң) түр-түрi бойынша не сатушылардың немесе сатып алушылардың тобы бойынша бөлудi жүзеге асыруға; 7) жүзеге асырылуы нәтижесiнде жоғарыда аталған, осы баптың 1)-6) тармақшаларында көзделген тәртiп бұзушылықтарды туғызатын немесе туғызуы мүмкiн өкiлеттiктердi рынок субъектiлерiне беруге (оның iшiнде уақытша беруге); 8) рыноктың жеке бiр субъектiсiн немесе рыноктың бiрнеше субъектiсiн рыноктың басқа субъектiлерiне қарағанда артықшылықты жағдайға қоятын жеңiлдiктердi және (немесе) айрықша құқықтарды негiзсiз беруге тыйым салынады. 2. Мемлекеттік органдардың рынок субъектiлерiн құру қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi жөніндегі шешiмдерi монополияға қарсы заңдарда көзделген жағдайларда монополияға қарсы органмен келісілуге тиiс. 14-бап. Рынок субъектiлерiнiң бәсекенi шектейтiн келісімдерi (келісілген iс-әрекеттерi) 1. Белгiлi бiр тауар рыногындағы жиынтық үлесi 35 проценттен асатын (асуы мүмкiн) рыноктың бәсекелес субъектiлерiнiң (әлеуеттi бәсекелестердiң) кез келген нысанда қол жеткiзген келісімдерi (келісілген iс-әрекеттерi) нәтижесiнде бәсекенi шектейтiн не шектей алатын болса, мұндай келісімдер (келісілген iс-әрекеттер) оның iшiнде: 1) тауар рыногында қолдан тапшылық жасау немесе оны ұстап тұру не бағаларды қымбаттату мақсатында, оның iшiнде сөз байласу жолымен, өндiрiстi шектеуге, тауарларды айналыстан алып тастауға; 2) тұтынушылардың сұранысы немесе тапсырыстары бар тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) өндiру немесе жеткiзiп беру мүмкiн болған жағдайда, оларды өндiру көлемiн негiзсiз қысқартуға немесе өндiрудi тоқтатуға; 3) тауар рыногын аумақтық принцип бойынша, сату немесе сатып алу көлемi бойынша, өткiзiлетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң) түр-түрi бойынша не сатушылар немесе оларды сатып алушылар (тапсырыс берушiлер) тобы бойынша бөлуге; 4) тауар рыногына кірудi (рыноктан шығуды) шектеуге немесе одан белгiлi бiр тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң) сатушылары немесе олардың сатып алушылары (тапсырыс берушiлерi) ретіндегі рыноктың басқа субъектiлерiн ығыстыруға; 5) белгiлi бiр сатушылармен немесе сатып алушылармен шарттар жасасудан бас тартуға; 6) тауар рыногында бiрыңғай бағаларды (тарифтердi), шегерiмдердi, үстемелердi (қосымша ақыны), үстеме бағаны, оның iшiнде сөз байласу жолымен, белгiлеуге (оларды ұстап тұруға); 7) аукциондардағы және сауда-саттықтардағы бағаларды қымбаттатуға, арзандатуға немесе ұстап тұруға бағытталған келісімдерге (келісілген iс-әрекеттерге) тыйым салынады және олар заңдарда белгiленген тәртiппен толығымен немесе iшiнара жарамсыз деп танылады. 2. Бiреуi үстем (монополиялық) жағдайға ие, ал екiншiсi оның өнiм берушiсi немесе сатып алушысы (тапсырыс берушiсi) болып табылатын рыноктың бәсекелес емес субъектiлерiнiң кез келген нысанда қол жеткiзген келісімдерi (келісілген iс-әрекеттерi) нәтижесiнде бәсекенi шектейтiн не шектеуi мүмкiн болса және (немесе) жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiне қысым жасайтын не қысым жасауы мүмкiн болса, оларға тыйым салынады және заңдарда белгiленген тәртiппен толығымен немесе iшiнара жарамсыз деп танылады. 3. Осы бапта аталған талаптарды бұзушылық монополияға қарсы органның талабы бойынша рынок субъектiлерiне сот тәртібімен таратуға дейiнгi шараларды қолдану үшiн негiздеме болып табылады. 15-бап. Мемлекеттік органдардың бәсекенi шектейтiн келісімдерi (келісілген iс-әрекеттерi) Мемлекеттік органның басқа мемлекеттік органмен не рынок субъектiсiмен кез келген нысанда қол жеткiзген, нәтижесiнде бәсекенi шектейтiн не шектеуi мүмкiн келісімдерiне (келісілген iс-әрекеттерiне), оның iшiнде: 1) бағаларды (тарифтердi) қымбаттатуға, арзандатуға немесе ұстап тұруға; 2) тауар рыногын аумақтық принцип бойынша, сату немесе сатып алу көлемi бойынша, өткiзiлетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң) түр-түрi бойынша не сатушылар немесе сатып алушылар тобы бойынша бөлуге; 3) рыноктың жеке бiр субъектiсiне айрықша құқықтар беруге; 4) тауар рыногына кірудi (рыноктан шығуды) шектеуге немесе одан рынок субъектiлерiн ығыстырып шығаруға бағытталған келісімдерiне (келісілген iс-әрекеттерiне) тыйым салынады және олар белгiленген тәртiппен толығымен немесе iшiнара жарамсыз деп танылады. 16-бап. Рынок субъектiсiнiң үстем (монополиялық) жағдайы 1. Рынок субъектiсiнiң тауар рыногындағы бәсекеге терiс ықпал ететiн, тауар рыногына рыноктың басқа субъектiлерiнiң кіруiн қиындататын немесе олардың экономикалық қызмет бостандығын өзгедей түрде шектейтiн айрықша жағдайы үстем (монополиялық) жағдай деп танылады. Тиiстi тауар рыногындағы үлесi монополияға қарсы орган жыл сайын белгiлейтiн шектi шамадан асатын рынок субъектiсiнiң жағдайы үстем (монополиялық) жағдай деп танылады. Бұл орайда тиiстi тауар рыногындағы үлесi 35 проценттен аспайтын субъектiнiң жағдайын үстем (монополиялық) жағдай деп тануға болмайды. Тиiстi тауар рыногындағы үлесi монополияға қарсы орган жыл сайын белгiлейтiн шектi шамадан аз болатын рынок субъектiсiнің жағдайы да, егер монополияға қарсы орган мұны: тиiстi тауар рыногында рынок субъектiсi үлесiнiң тұрақтылығы; рыноктағы бәсекелестерге тиесiлi үлестердiң салыстырмалы мөлшерi; осы рынокқа рыноктың жаңа субъектiлерiнiң (бәсекелестердің) кіру мүмкiндiгi негiзiнде белгiлесе, үстем (монополиялық) жағдай деп танылады. Тиiстi тауар рыногының шекараларын анықтау және рынок субъектiсiн үстем (монополиялық) жағдайға ие деп тану тәртібін монополияға қарсы саясат саласындағы орталық уәкiлеттi орган айқындайды. Егер халықаралық шартта немесе келісім-шартта рынок субъектiне үстем (монополиялық) жағдай берiлсе, бұл шарт немесе келісім-шарт монополияға қарсы органмен келісілуге тиiс. Егер рыноктың бiрнеше субъектiсiнiң кез келгенiне қатысты мынадай жағдайлар бар болса: белгiлi бiр тауар рыногында рыноктың ең көбi екi субъектiсiнiң жиынтық үлесi 50 процент және одан да асатын болса; белгiлi бiр тауар рыногында рыноктың көп дегенде үш субъектiсiнiң жиынтық үлесi 70 процент және одан да асатын болса, олардың кез келгенiнiң жағдайы да үстем (монополиялық) жағдай деп танылады. 2. Монополияға қарсы орган рынок субъектiлерiнiң қызметiн бақылау және реттеу үшiн монополияға қарсы саясат саласындағы орталық уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен республиканың, облыстың, Астана және Алматы қалаларының, қаланың Тауар рыноктарында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмдерiн (бұдан әрi - Тiзiлiм) жасап, жүргiзiп отырады. 3. Тiзiлiмге енгiзiлген рынок субъектiлерi монополияға қарсы органға мынадай ақпарат беруге мiндеттi: 1) қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есеп; 2) кәсiпорын акцияларын (үлестерiн, пайларын) сату және (немесе) басқаруға беру туралы мәлiметтер; 3) өнiмнiң монополиялық түрлерi жөніндегі ақпарат: өндiрiс көлемi, босату бағалары және өндiрiстiң табыстылығы. Тiзiлiмге енгiзiлген рынок субъектiлерi монополияға қарсы органды монополиялық тауар (жұмыс, қызмет көрсету) бағасын алдағы уақытта қымбаттату туралы және оларды қымбаттатудың себептерi туралы хабардар етуге мiндеттi. 4. Тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiсiнiң нәтижесiнде бәсекенi шектейтiн не шектеуi мүмкiн, өзiнiң үстем (монополиялық) жағдайын қиянат жасап пайдаланатын не пайдалануы мүмкiн iс-әрекеттерiне, оған қоса: 1) монополиялық қымбат (арзан) баға белгiлеу; 2) контрагентке шарт нысанасына жатпайтын талаптарды таңу, контрагенттi рыноктың басқа субъектiлерiмен салыстырғанда тең емес жағдайға душар ететiн кемсiтушi талаптарды шартқа енгізу, шартқа осы талаптар енгiзiлген жағдайда ғана шарт жасасуға келiсу; 3) тауар рыногында тапшылық жасау немесе оны ұстап тұру не бағаны қымбаттату (арзандату) мақсатында тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) айналыстан алып тастау; 4) рыноктың басқа субъектiлерiнiң тауар рыногына кіруiне кедергi келтiру; 5) нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген баға белгiлеу тәртібін бұзу; 6) тұтынушылардың сұранысына немесе тапсырыстарына ие болып отырған тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) өндiруге немесе жеткiзiп беруге мүмкiндiгi бола тұрып, оларды өндiру көлемiн негiзсiз қысқарту немесе олардың өндiрiлуiн тоқтату сияқты iс-әрекеттерiне тыйым салынады және олар жарамсыз деп танылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |