|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының мәселелерi (2024.14.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2023.06.01. № 9 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2023.06.01. № 9 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 79 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттiгiнiң мүлкiн жедел басқару құқығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне берсiн. ҚР Үкіметінің 2023.06.01. № 9 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты туралы ереже; 2) ҚР Үкіметінің 2012.28.12. № 1732 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2009.09.09. № 1328 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.29.10. № 1136 Қаулысымен (2010 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.16.03. № 338 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 814 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.02.11. № 1396 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.29.11. № 793 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.21.09. № 585 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.30.06. № 451 Қаулысымен (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2023.06.01. № 9 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2024.14.06. № 469 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты штат санының лимиті оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемені ескере отырып, 593 бірлік болып бекітілсін. ҚР Үкіметінің 19.11.02 ж. № 1221 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2023.06.01. № 9 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 5. ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. № 314 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2009.09.09. № 1328 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. ҚР Үкіметінің 2023.06.01. № 9 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де қажеттi шараларды қабылдасын. 8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2023.06.01. № 9 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 11 қыркүйектегi № 993 қаулысымен бекітiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты (бұдан әрі - Үкімет Аппараты) орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі - Үкімет) құзыретіне жатқызылған салааралық мәселелерді шешуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады. 2. Үкімет Аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті (бұдан әрі - Президент) мен Үкімет актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Үкімет Аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және мемлекеттік тілдегі өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Үкімет Аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, Үкімет Аппаратының мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 6. Үкімет Аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Үкімет Аппараты Басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Үкімет Аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі. 8. Үкімет Аппаратының заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 6, «Үкімет үйі». 9. Осы Ереже Үкімет Аппаратының құрылтай құжаты болып табылады. 10. Үкімет Аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
2-тарау. Үкімет Аппаратының міндеттері
11. Үкімет Аппаратының міндеттері: 1) Үкіметтің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру; 2) Қазақстан Республикасы Парламентінің (бұдан әрі - Парламент) палаталарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен (бұдан әрі - Президент Әкімшілігі), орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау; 3) Үкіметтің құзыретіне кіретін салааралық мәселелерді шешу; 4) Президент пен оның Әкімшілігінің актілері мен Үкіметке берген тапсырмаларының, Үкімет пен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі - Премьер-Министр) шешімдерінің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының тапсырмаларының орындалу сапасы мен мерзімдерін бақылау; 5) Премьер-Министр мен Үкіметтің қызметін құқықтық, сараптамалық-талдамалық, кадрлық, ұйымдық-ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де міндеттер болып табылады.
3-тарау. Үкімет Аппаратының функциялары
12. Жүктелген міндеттерді іске асыру үшін Үкімет Аппараты мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) Президенттің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Президент Әкімшілігі басшылығының, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының актілері мен тапсырмаларының, Үкімет пен Премьер-Министр актілерінің, Үкімет отырыстары шешімдерінің, Премьер-Министр мен оның орынбасарларының тапсырмаларының орындалуын проактивті бақылау, Премьер-Министрді осы мәселелер бойынша, оның ішінде жобалық басқару және «Smart Data Ukimet» ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы хабардар ету; 2) Президенттің сайлауалды тұғырнамада көзделген тапсырмаларының орындалуын бақылау, мониторингтеу және жобалық сүйемелдеу; 3) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары және Үкіметтің тиісті жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары бойынша іс-шаралардың орындалуы туралы, сондай-ақ орын алып отырған проблемалар мен тәуекелдер бойынша мониторингті жүзеге асыру және Премьер-Министр мен оның орынбасарларын хабардар ету; 4) заңдардың және Президент актілерінің жобаларындағы қаржы-экономикалық, құқықтық, әлеуметтік және өзге де мәселелерді, сондай-ақ Үкімет, Премьер-Министр қабылдайтын шешімдер жобаларын сараптау, сараптама нәтижелері бойынша қорытындылар дайындау; 5) Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасының орындалу барысы туралы Президентке Үкіметтің тоқсан сайынғы баяндамаларын дайындауға қатысу; 6) Премьер-Министр мен оның орынбасарлары үшін жалпы Қазақстан Республикасы және өңірлер бойынша әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен дамуы мәселелері жөніндегі материалдарды және Премьер-Министрдің тапсырмалары бойынша өзге де материалдарды дайындау; 7) азаматтардың өзекті мәселелері мен жолданымдары бойынша, оның ішінде көшпелі инспекторлық тексерулердің нәтижелері бойынша талдамалық жазбалар дайындау; 8) жергілікті атқарушы органдардың қызметі мен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын, оның ішінде өңірлердің даму жоспарларының елдің аумақтық даму жоспарына, ұлттық жобаларға, әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарларына және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарына сәйкестігін талдау және мониторингтеу; 9) талдамалық материалдар дайындау үшін «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, қоғамдық бірлестіктермен, өзін-өзі реттейтін, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен, сараптамалық және бизнес-қоғамдастықпен, азаматтық сектормен өзара іс-қимыл жасау; 10) әлеуметтік тәуекелдерді анықтай отырып, азаматтар көтеретін мәселелер бойынша өңірлерге барып, фокус-топтарды, экспресс-зерттеулерді ұйымдастыру; 11) әлеуметтік тәуекелдер картасын қалыптастыру; 12) заңдардың, Президент, Үкімет және Премьер-Министр актілерінің жобалары бойынша мемлекеттік органдардың келіспеушіліктерін қарау жөнінде кеңестер өткізуді ұйымдастыру; 13) орталық, жергілікті атқарушы органдар мен басқа да мемлекеттік органдар арасындағы келіспеушіліктерді жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; 14) Президент пен Үкімет жанындағы Премьер-Министр мен оның орынбасарлары басқаратын консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету; 15) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және оларды Премьер-Министр мен оның орынбасарларының қызметі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету; 16) орталық атқарушы органдар үшін ақпараттық жұмыстың басымдықтарын тұжырымдау; 17) Премьер-Министрге дипломатиялық қатынастар жасалатын шет елдердегі саяси және экономикалық жағдай, халықаралық шарттар мен келісімдердің орындалу барысы, шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялардың жұмысы туралы ақпаратты, сондай-ақ мемлекетаралық қатынастар және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі өзге де ақпаратты дайындау; 18) Үкімет пен Премьер-Министрдің халықаралық ұйымдармен және интеграциялық бірлестіктермен өзара байланысын қамтамасыз ету; 19) Үкіметтің, Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының мемлекетаралық қатынастары мен халықаралық ынтымақтастығын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қатысу, сондай-ақ Премьер-Министр мен оның орынбасарларының халықаралық кездесулерін, келіссөздерін, олардың халықаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру; 20) шет мемлекеттермен ынтымақтастық, халықаралық шарттарды, келісімдер мен уағдаластықтарды дайындау және іске асыру жөніндегі үкіметаралық комиссиялардың мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және бақылау; 21) мемлекеттік органдардың халықаралық шарттар мен келісімдердің күшіне енуі жөніндегі мемлекетішілік рәсімдерді уақтылы орындауын үйлестіріп, Премьер-Министрді, оның орынбасарларын және Үкімет Аппаратының Басшысын хабардар ету; 22) жолданымдарды қарау шеңберінде Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Үкімет Аппаратының Басшысы берген тапсырмаларды мемлекеттік органдардың уақтылы және сапалы орындауын бақылау; 23) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау, мемлекеттік органдарда жүйелі проблемаларды анықтау тұрғысынан жолданымдармен жұмысты үйлестіру, Премьер-Министрді, оның орынбасарларын хабардар ете отырып, оларды шешу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау, сондай-ақ Үкімет Аппаратының лауазымды тұлғаларының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру; 24) Үкіметтің заң шығару бастамасын іске асыру және Парламент палаталарының Үкімет енгізген заң жобаларын уақтылы қарауын және қабылдауын қамтамасыз ету, сондай-ақ заң жобаларын Парламентте заңдық сүйемелдеу; 25) Премьер-Министрдің, оның орынбасарлары мен Үкімет Аппараты Басшысының және өзге де лауазымды тұлғалардың Парламент палаталарының жалпы отырыстарына, үкіметтік сағаттар мен парламенттік тыңдауларға қатысуын ұйымдастыру; 26) заңның немесе Үкімет актісінің не олардың жекелеген ережелерінің конституциялылығын тексеру жөніндегі конституциялық іс жүргізуге қатысу; 27) мемлекеттік органдардың норма шығару саласындағы заңнама талаптарын сақтауы тұрғысынан оларды көшпелі бақылауды жүзеге асыру; 28) прокурорлық ден қою актілерін және оларға жауаптарды қарау, сондай-ақ Үкіметке қойылатын талап арыздар мен наразылықтарға пікірлердің жобаларына сараптама жүргізу; 29) халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті қорғауға, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында заңдардың жобаларын, сондай-ақ Үкіметтің заң күші бар уақытша қаулыларының жобаларын әзірлеу бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру; 30) Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Үкімет Аппараты Басшысының тапсырмалары бойынша Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерін шығару және сақтау; 31) нормалардың артық (шамадан тыс) регламенттелуі және Үкіметтің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың функциялары мен өкілеттіктерін орталықсыздандыру тұрғысынан заңнамалық актілерді ревизиялау бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру; 32) Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша соттарда Үкімет пен Премьер-Министрдің мүдделерін білдіру және қорғау, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен сот практикасы туралы хабардар ету; 33) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қатысуымен шетелде өткізілетін халықаралық төреліктердегі және шетелдік соттардағы талқылаулар бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; 34) Үкімет Аппаратында адами ресурстарды басқару процесінде меритократия қағидатының сақталуын қамтамасыз ету; 35) Үкімет Аппаратының кадрларға қажеттілігін талдау және жоспарлау негізінде мемлекеттік қызметшілерді стратегиялық кадрлық жоспарлауды енгізу; 36) Үкімет Аппараты кадрларының кәсіптік дамуын қамтамасыз ету; 37) Үкімет, Премьер-Министр тағайындайтын, онымен келісу бойынша немесе оның ұсынуы бойынша тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесіне кіретін кадрлар бойынша ұсыныстарды зерделеу және енгізу; 38) Үкімет отырыстарын, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Үкімет Аппараты Басшысының кеңестерін өткізуді ұйымдастыру, отырыстар мен кеңестердің материалдарын, хаттамаларын ресімдеу және тарату; 39) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың Үкімет регламентін және Үкімет Аппаратының нұсқаулықтарын сақтауын қамтамасыз ету; 40) Премьер-Министр мен оның орынбасарларының ел өңірлеріне, одан тыс жерлерге жұмыс сапарларын дайындау және оларға қатысу; 41) Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Үкімет Аппараты Басшысының қорғалған іркіліссіз байланысының жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 42) мемлекеттік органдар мен республикалық архив мекемелерінде Үкіметтің өкімдік құжаттарының (оның ішінде құпия) сақталуын қамтамасыз етуді, сақтау мен пайдалануды бақылау; 43) қорғалған байланыс арналары (үкіметтік, шифрланған) арқылы берілетін, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету; 44) бизнес-процестерді бюрократиядан арылту және мемлекеттік органдарда құжат айналымын төмендету мәселелері бойынша жұмыстарды үйлестіру; 45) елдің орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған экономикалық саясатын қалыптастыру; 46) экономикалық реформаларды іске асырудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау және жұмыстарды үйлестіру; 47) салық-бюджет және ақша-кредит саясатын жетілдіру, кәсіпкерлікті, бәсекелестікті дамыту, монополиясыздандыру және тариф белгілеу мәселелері жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; 48) Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруын, әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау және тиімді мемлекеттік аппарат құру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; 49) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жобалау офистерін салааралық үйлестіру, сондай-ақ Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруда жобалық басқаруды енгізу; 50) Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Үкімет Аппараты Басшысының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету; 51) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
4-тарау. Үкімет Аппаратының қызметін ұйымдастыру
13. Үкімет Аппаратын Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Президент Жарлығымен тағайындалатын және қызметтен босатылатын, Үкімет мүшесі болып табылатын Үкімет Аппаратының Басшысы басқарады. 14. Үкімет Аппараты Басшысының бірінші орынбасары, орынбасарлары және Үкімет Аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Үкімет Аппараты Басшысының ұсынуы бойынша Үкімет қаулысымен тағайындалады және босатылады. 15. Үкімет Аппараты Басшысының ұсынуы бойынша Премьер-Министрдің өкімімен Үкімет Аппаратының мынадай қызметкерлері қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады: 1) Премьер-Министрдің көмекшілері мен кеңесшілері; 2) Үкімет Аппаратының құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары; 3) өңірлік инспекторлар. Үкімет Аппаратының өзге қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Үкімет Аппаратының Басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 16. Үкімет Аппаратының құрылымын, штат кестесін және лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын Үкімет Аппаратының Басшысы штат санының белгіленген лимиті шегінде бекітеді. 17. Үкімет Аппаратының Басшысы Үкімет Аппаратының жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрі өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы мен Үкімет Аппаратының өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады. 18. Үкімет Аппаратының Басшысы: 1) Үкімет Аппаратының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді, олардың өзара іс-қимылын үйлестіреді; 2) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін бөледі және Үкімет Аппаратының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Премьер-Министр тағайындайтын тұлғалардан басқа Үкімет Аппаратының қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 4) Үкімет Аппаратының Президент Әкімшілігімен, Парламент палаталарымен, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен тұрақты негізде өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді; 5) Үкіметтің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады; 6) Үкімет пен Премьер-Министр тағайындайтын лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы Премьер-Министрге ұсыныс енгізеді; 7) орталық және жергілікті атқарушы органдарға, оның ішінде Үкімет пен Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Үкіметтің қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеу және келісу жөнінде нұсқаулар береді; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда материалдарды, сондай-ақ құқықтық актілердің жобаларын қайтарады; 9) орталық және жергілікті атқарушы органдардың аппарат басшыларының жұмысын үйлестіреді, оның ішінде олардың орындаушылық тәртіп және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының сақталуы жөніндегі есептерін тыңдайды; 10) заңнамада белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде Үкімет Аппаратының қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады; 11) Үкімет Аппараты қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар мен қосымша ақылар белгілейді; 12) Үкімет Аппаратының құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады; 13) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Үкімет Аппаратының атынан әрекет етеді; 14) Үкімет Аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады; 15) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады; 16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 19. Үкімет Аппараты Басшысының орынбасарлары: 1) Президент пен оның Әкімшілігінің, Премьер-Министр мен оның орынбасарларының, Үкімет Аппараты Басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуын ұйымдастырады; 2) міндеттерді бөлуге сәйкес өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады; 3) міндеттерді бөлуге сәйкес өз құзыреттеріне кіретін мәселелер бойынша Үкімет Аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді; 4) Премьер-Министрге және оның орынбасарларына Үкімет пен Премьер-Министр тағайындайтын лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсыныс енгізеді; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 20. Үкімет Аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары: 1) Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, сондай-ақ Үкімет Аппараты Басшысының және оның орынбасарларының тапсырмаларын орындайды; 2) құрылымдық бөлімшелерге жүктелген міндеттердің орындалуын ұйымдастырады және дербес жауапты болады; 3) өз орынбасарлары арасында міндеттерді бөледі; 4) еңбекті ұйымдастыруды және тиісті еңбек тәртібін қамтамасыз етеді; 5) өзі басқаратын құрылымдық бөлімшенің қызметкерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату, көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс енгізеді; 6) құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сараптамалық-талдамалық жұмыстарды ұйымдастырады; 7) Үкімет құрамына кіретін мемлекеттік органдар басшыларының тиімділігін бағалауға қатысады; 8) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің жолданымдарын қарау шеңберінде мемлекеттік органдарға тапсырмалар береді, сондай-ақ Премьер-Министрді, оның орынбасарларын және Үкімет Аппаратының Басшысын жолданымдардың қаралу жай-күйі туралы хабардар етеді; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 1) бағдарламалық құжаттарды, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Президент пен оның Әкімшілігінің, Үкіметтің, Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша инспекция жүргізу үшін уәкілетті орталық мемлекеттік органдардың өкілдерін тарта отырып, өңірлерге тоқсан сайынғы жоспарлы / жоспардан тыс сапарларды жүзеге асырады; 2) жергілікті атқарушы органдардың қызметіне және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау мен мониторинг жүргізеді; 3) көшпелі инспекторлық тексерулердің нәтижелері бойынша өзекті мәселелерді шешу ұсынылған талдамалық жазбалар дайындайды; 4) анықталған бұзушылықтарды, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтамау және Президент, Үкімет пен Премьер-Министр тапсырмаларының орындалмау фактілерін жою жөнінде орындалуы міндетті актілер енгізеді; 5) Үкімет мүшелерінің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің халықпен есеп беру кездесулеріне және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының сессияларына қатысады; 6) өңірлерге шығу шеңберінде азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады; 7) өңірлер бюджеттерінің жобаларын мәслихаттарда бекіту алдында оларды қарауға қатысады; 8) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар басшыларының атына лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс енгізеді. 22. Үкімет Аппаратының қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде осы Ережеде белгіленген Үкімет Аппаратының өкілеттіктеріне сәйкес: 1) орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысуға; 2) орталық және жергілікті атқарушы органдар аппараттарының қызметкерлерін, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және өзге де ұйымдардың өкілдерін Үкімет қызметі шеңберінде туындайтын мәселелерді қарауға қатысу үшін тартуға және олардан қажетті ақпараттық-талдамалық материалдарды, ұсыныстар мен қорытындыларды сұратуға; 3) Үкімет Аппараты Басшысының және оның орынбасарларының, құрылымдық бөлімшелер басшыларының тапсырмасы бойынша Үкімет Аппаратының құзыреті шегінде өзге де қажетті өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы. 23. Үкімет Аппаратының бас инспекторлары, бас консультанттары, бас сарапшылары және сарапшылары Үкімет Аппаратының сектор меңгерушілеріне бағынады. 24. Міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Үкімет Аппараты өз құзыреті шегінде: 1) Парламентте және оның палаталарында Үкіметтің мүдделерін білдіруге, соттарда Үкімет пен Премьер-Министрдің мүдделерін қорғауға; 2) Президент пен оның Әкімшілігінің актілері мен тапсырмаларының, Үкімет пен Премьер-Министр актілерінің, Үкімет отырыстары шешімдерінің, Премьер-Министр мен оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалуына тексеру жүргізуге, оның ішінде орталық және жергілікті атқарушы органдарға барып жүргізуге, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауға;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |