|
|
|
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 85 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2003 жылғы 28 cәуipдегі № 407 қаулысымен бекітілген
Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу (2013.15.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қоюдың және жою не оларды алып қоймай мiндетті түрде залалсыздандырудың (зарарсыздандыру) және қайта өңдеудiң осы Ережесi (бұдан әрі - Ереже) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегі Заңы 30-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрленді және жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қоюдың және жоюдың немесе алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандырудың (зарарсыздандырудың) және қайта өңдеудiң бiрыңғай тәртібін белгілейдi. ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1146 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Осы Ереженің әрекеті: 1) жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндірумен, дайындаумен (союмен), сақтаумен, қайта өңдеумен, өткізумен айналысатын барлық жеке және заңды тұлғаларға; 2) жануарлардың ерекше қауіпті жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі функцияларды орындайтын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға (бұдан әрі - мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар); 3) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға қолданылады.
2. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою тәртібі ҚР Үкіметінің 2013.15.02. № 136 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті түрде алып қою және жою жеке және заңды тұлғаларға олардың құнын өтей отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауіп төндіретін Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың ерекше қауіпті ауруларының тізбесіне сәйкес жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2013.15.02. № 136 Қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды 3-1. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды алып қою және жою туралы қаулыны аурудың бар екенін растайтын ветеринариялық зертхана сараптамасының актісі негізінде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қабылдайды. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қабылдайтын жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды алып қою және жою туралы қаулы уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесіне және ерекше қауіпті аурумен ауырған жануарларды алып қоюды және жоюды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымға тиісті шаралар қабылдау үшін дереу жеткізіледі. ҚР Үкіметінің 2013.15.02. № 136 Қаулысымен 3-2-тармақпен толықтырылды 3-2. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды алып қою және жою туралы қаулыны ветеринариялық зертхана сараптамасының актісі негізінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қабылдайды. ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.15.02. № 136 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Жануарларға және адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті түрде алып қоюға және жоюға байланысты мәселелерді шешу үшін осы Ереженің 3-1 және (немесе) 3-2-тармақтарына сәйкес қабылданған қаулылар негізінде ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ведомствосының тиісті аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшесінің бұйрығымен жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының, мемлекеттік ветеринариялық ұйымның өкілдерінен, тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторынан тұратын комиссия құрылады. ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Тиiстi аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы комиссия мүшелерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысанда үш дана алып қою актiсiн жасайды, ол комиссияның барлық мүшелерiнiң қолы қойылып, ветеринария саласындағы уәкiлетті мемлекеттік орган аудандық (қалалық) аумақтық ведомство бөлімшесінің мөрiмен бекітіледі. Актiнiң бiрiншi данасы жануарлар мен адам денсаулығына қауiп төндіретiн жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттардың иесiне қолхат арқылы тапсырылады, екiншi данасы мемлекеттік ветеринариялық ұйымның өкілiне берiледi, үшiншi данасы тиiстi аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторында қалады. 6. Жануарларға және адам денсаулығына қауiп төндiретiн алып қойылған жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттар белгiленген тәртiппен жойылады немесе залалсыздандырады (зарарсыздандырады). ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Ауданның (қаланың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы жануарларға және адам денсаулығына қауiп төндіретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою актiсiнiң негізiнде «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алып қою туралы қосымшаға сәйкес қаулы (бұдан әрi - қаулы) шығарады. 8. Жануарларға және адам денсаулығына қауiп төндiретін алып қойылған жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды оларды алып қою туралы қаулыда не оған қоса берiлетін тізiмдемеде толық атауы, саны, салмағы және басқа да белгiлерiнiң сипаттамалары толық көрсетiлiп жазылады. 9. Жануарларға және адам денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттардың иесi жасырған немесе олардан бас тартқан жағдайда оларды алып қою не жою рәсiмдерiне байланысты мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi. 10. Жануарлардың ерекше қауiпті жұқпалы ауруларының қоздырғыштары көздерiнiң таралуына және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мақсатында жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды жоюға байланысты барлық жұмыстар осы мақсаттар үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiмен арнайы бөлiнген жерлерде жүргізіледi. 11. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты тасымалдау (жеткiзу) және жою көлiк құралдарын дезинфекциялау жөнiндегі ветеринариялық-санитариялық ереже талаптарына, ветеринария саласындағы уәкiлетті мемлекеттік орган бекiткен жануарлардың жұқпалы ауруларының алдын алу және жою жөнiндегі нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асырылуы тиiс. ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 12. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізаттарды алып қою және жою жөніндегі ветеринариялық Iс-шараларды орындауға байланысты барлық жұмыстар тиiстi аумақтағы мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының тiкелей бақылауымен жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 13. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзаттарды жою жөніндегі ветеринариялық iс-шаралар аяқталған соң тиiстi аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы осы Ереженiң 2-тарауының 5-тармағында көрсетiлген комиссия мүшелерiнiң қатысуымен ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша жою туралы акт жасайды. 14. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды жою туралы актiге комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және ветеринария саласындағы уәкiлетті мемлекеттік органның аудандық (қалалық) аумақтық басқармасының мөрiмен бекітіледi. 15. ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 16. ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 17. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін алып қойылған жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізаттарды жоюға байланысты барлық шығыстар, сондай-ақ иелерiне олардың құнын өтеу республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады. 3. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу тәртібі ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1146 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 18. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды алып қоймай, міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінде тиісті аумақтағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың нұсқамасы және ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Жануарлар ауруларының тізбесіне сәйкес жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 19. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар анықталған кезде тиiсті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы клиникалық-эпизооталогиялық тексеру негізінде жүк иесіне ветеринария саласындағы уәкілеттi мемлекеттік орган белгілеген тәртiппен және нысан бойынша оларды зарарсыздандыру (зарарсыздандыру) жөнiнде тиiсті нұсқама береді. ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1146 Қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 20. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) және қайта өңдеуді олардың иесі ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелердің талаптарына сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұйымдарда жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен 21-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 21. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізаттарды, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды алып қоймай мiндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу жөнiндегі іс-шаралар тиiсті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының мiндетті қатысуы кезiнде жүргiзiледi. ҚР Үкіметінің 2011.31.05. № 611 Қаулысымен 22-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 22. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуге тапсыру жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды аяқтағаннан кейін тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша олардың тапсырылуы туралы акт жасайды. ҚР Үкіметінің 2011.31.05. № 611 Қаулысымен 23-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 23. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қайта өңдеуге тапсырылуы туралы актіге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұйымның басшысы және жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың иелері қол қояды және ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ведомствосының аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекітіледі. ҚР Үкіметінің 2011.31.05. № 611 Қаулысымен 24-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 24. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоюсыз міндетті залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезінде тиісті аумақта жануардың бір басының және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың нарықтық құнының 30 %-нан аспайтын мөлшердегі құны жергілікті бюджет есебінен өтеледі, ал құнының қалған бөлігін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұйым өтейді.
ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауіп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоюсыз мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу ережесінің қосымшасы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынған өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою туралы ҚАУЛЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ об изъятии животных, продуктов и сырья животного происхождения, представляющие особую опасность для здоровья животных и человека согласно Закону Республики Казахстан «О ветеринарии» А № 000000000 »___»_________ 200 __ жыл/год Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi «Ветеринария туралы» Заңының 30 бабының 1 тармағына сәйкес ауырған жануарларды, жануарлардан алынған өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою актiсi және _________ ветеринариялық зертхана берген N______ сараптама актiсi негiзiнде/В соответствии с пунктом 1 статьи 30 Закона Республики Казахстан «О ветеринарии» от 10 июля 2002 года на основании акта на изъятие больных животных, продуктов и сырья животного происхождения и акта экспертизы N _______ ______________________ ветеринарной лаборатории жеке және заңды тұлғаларға/у физического или юридического лица ________________________________________________________________ (жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты, заңды тұлғаның аты/фамилия, имя, отчество физического лица, наименование юридического лица) мекен-жайы/адрес________________________________________________ жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізаттарды алып қою жүргізілсін/произвести изъятие животных, продуктов и сырья животного происхождения ________________________________________________________________ (жануарлардың түрі, саны, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізаттардың атауын көрсету керек/указать вид животного, количество, наименование продуктов и сырья животного происхождения) себебі/по причине_______________________________________________ ________________________________________________________________ (алып қоюдың себептерін көрсету керек/указать причину изъятия) Жеке және заңды тұлғаларға жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды алып қою салдарынан келтірілген залал төленсін/төленбесін (керексізі сызып тасталсын) Физическим и юридическим лицам произвести/непроизвести возмещение ущерба, понесенного ими в результате изъятия и уничтожения животных, продуктов и сырья животного происхождения (не нужное зачеркнуть) Басқа мағлұматтар/Иные сведения ____________________________________ Қаулы шығарған тұлғаның лауазымы және қолы/Должность и подпись лица, составившего постановление Мөрдің орны/Место печати ___________________ ______________ (Т.А.Ә., лауазымы/Ф.И.О., (колы/подпись) должность)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |