|
|
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшiн рұқсат етiлген (2006.11.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 11 қазандағы № 977 Қаулысымен тақырыбы және 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшiн рұқсат етiлген материалдық емес активтерді қоспағанда, шетелдік қаржы құралдарының тiзбесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкiметінiң 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1236 қаулысымен бекiтілген ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 11 қазандағы № 977 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етiлген материалдық емес активтерді қоспағанда, шетелдік қаржы құралдарының тiзбесi
1) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздармен; 2) халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздарымен; 3) корпоративтік бағалы қағаздармен; 4) жылжымайтын мүлiк (MBS) және активтер (ABS) кепілдікке қойылған бағалы қағаздармен; 5) акциялармен; 6) репо және кері репо операцияларымен; 7) депозиттермен (салымдармен); 8) кепiлдiк арқылы бағалы қағаздарды қарызға берумен (securities lending); 9) стандартты туынды қаржы құралдарымен; 10) құрылымдық өнімдермен; ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 11 қазандағы № 977 Қаулысымен 11 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 11) валюталармен ; ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 11 қазандағы № 977 Қаулысымен 12 тармақшамен толықтырылды 12) ақша нарығы қорларымен.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |