Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық Осы редакция 2005 ж. 15 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ғылым мен техника саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылсын. 2. Мыналар бекітілсін: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже (1-қосымша); 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы (2-қосымша). 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына 1-қосымша Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы Ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - ЖҒТК) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен мемлекеттік басымдықтарын жасауға жауапты консультативтік-кеңесші орган болып табылады. ҚР Үкіметінің 19.03.01 ж. № 357; 20.02.04 ж. № 207 (бұр. ред. қара) 02.08.04 ж. № 820 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. ЖҒТК-ны, бір орынбасары болатын, төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады. ЖҒТК-ның жеке құрамы мен ол туралы Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. ЖҒТК Үкімет мүшелерінен, агенттіктер мен комитеттердің басшыларынан, жетекші ғалымдардан, білімнің түрлі салаларының мамандарынан, өндіріс өкілдерінен қалыптастырылады. ҚР Үкіметінің 20.02.04 ж. № 207 (бұр. ред. қара) қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. ЖҒТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады. ҚР Үкіметінің 20.12.02 ж. № 1333 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. ЖҒТК-ның негізгі міндеттері: бірыңғай мемлекеттік ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты қалыптастыру, жетілдіру үшін талдау ақпараттарын жинақтау және ұсынымдар дайындау; іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен стратегияларын әзірлеу; елді әлеуметтік-экономикалық дамыту мүддесінде ғылымның жетістіктері мен жаңа технологияларды пайдалану жөнінде ұсынымдар жасау; мемлекеттік бағдарламалардың, заңдардың, тұжырымдамалардың жобасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу; ғылыми-техникалық ұйымдардың желісін ұтқырландыру, маңызды өнеркәсіп объектілерін, оның ішінде шетелдің қатысуымен құру және қайта жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу; инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру, ғылыми-техникалық саланы инвестициялау, ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды және интеллектуалдық меншікті құқықтық қорғауды күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Қазақстанның қорғаныс кешенін конверсиялау және оның ғылыми және материалдық-техникалық әлеуетін республиканың экономикасында тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу; мемлекетаралық және халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалық және тиімді бағыттарын талдау және айқындау; жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауды және аттестациялауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; инновациялық қызметтi мемлекеттік қолдаудың нысандары мен әдiстерi, мемлекеттік инновациялық саясатты iске асыру кезiнде ғылым, білім беру, өндiрiс және қаржы-кредит салаларының өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу; ғылыми-техникалық саланы инвестициялау жүйесiн жетiлдiру, инновациялық жобалар мен бағдарламаларды iске асыру инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру үшiн мемлекеттік ресурстарды тиiмдi пайдалану және сыртқы инвестицияларды тарту жөніндегі ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады; Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырудың мәселелері жөнінде; мемлекеттік инновациялық және өндірістік саясатты қалыптастыру проблемалары және өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер жөнінде ұсыныс енгізуге; Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беретін мемлекеттік органдардан қажетті материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға; ұлттық ғылыми және ғылыми-техникалық саясаттың мәселелері жөніндегі ұсыныстарды зерделеу және жасау үшін жұмыс топтарын құруға құқығы бар. ЖҒТК-ның төрағасы ЖҒТК қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды және қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды. 6. ЖҒТК-ның шешімі хаттамамен ресімделеді. 7. ЖҒТК-ның жұмысына тартылған сарапшылардың еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға бөлінетін қаражатынан жүргізіледі. өзінің бастамашылығы бойынша ЖҒТК-ның қарауына ұсынымдар, ұсыныстар және тиісті шешімдердің жобаларын енгізуге; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ЖҒТК қызметінің мәселелері бойынша іссапарларға баруға; ЖҒТК мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданған шешімдер бойынша ЖҒТК мәжілісінің хаттамасында көрсетілуі тиіс өзінің ерекше пікірін енгізуге құқығы бар. ЖҒТК-ның қарауына ұсынылатын мәселелерді дайындауға және талқылауға белсенді қатысуға; ЖҒТК төрағасы мен оның орынбасарларының тапсырмаларын орындауға; олар ЖҒТК-ға ұсынған ұсынымдар, қорытындылардың сапасы үшін жауапты болуға міндетті. ҚР Үкіметінің 20.12.02 ж. № 1333; 20.02.04 ж. № 207 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді 10. ЖҒТК-ның мәжілісі кемiнде екi айда бір рет өткізедi. ЖҒТК мәжілісінің, егер оған ЖҒТК-ның бекітілген тізімдік құрамының кемінде 2/3 қатысса құқықтық күші болады. Шешім мәжіліске қатысып отырған ЖҒТК мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен ашық (жекелеген жағдайларда төрағаның шешімі бойынша жасырын) дауыспен қабылданады. ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның жұмыс органы болып анықталсын. ҚР Үкіметінің 03.07.00 ж. № 1010 ; 19.03.01 ж. № 357 ; 03.04.02 ж. № 397; 01.07.02 ж. № 712; 20.12.02 ж. № 1333;26.05.03 ж. № 489 (бұр. ред. қара);27.08.03 ж. № 876 қаулыларымен 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді; ҚР Үкіметінің 20.02.04 ж. № 207 (бұр. ред. қара) қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 02.08.04 ж. № 820 (бұр. ред. қара); 11.11.04 ж. № 1186 қаулысымен 2-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның Құрамы Әйтiмова - Қазақстан Республикасы Премьер- Бірғаным Сарықызы Министрінің орынбасары, төраға Доминов - "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік Евгений Евгеньевич қоғамы басқармасының төрағасы (келісім бойынша) Досаев - Қазақстан Республикасының Денсаулық Ерболат Асқарбекұлы сақтау министрi Қыпшақбаев - "Инжиниринг және технологиялар Әбділ Исаұлы трансфертi орталығы" акционерлік қоғамының президентi (келісім бойынша) Мамыраев - Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбiт Баймағамбетұлы Әкiмшiлігі Iшкi саясат басқармасының Әлеуметтiк-саясат бөлiмi әлеуметтiк-мәдени сала секторының меңгерушiсi (келісім бойынша) Өтеулина - Қазақстан Республикасы Премьер- Хафиза Мұхтарқызы Министрінің Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi Шығаев - Қазақстан Республикасы Премьер- Мұрат Насырұлы Министрінің Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң бас сарапшысы, хатшы; Құлекеев - Қазақстан Республикасының Білім Жақсыбек Әбдiрахметұлы және ғылым министрi, төрағаның орынбасары Берсімбаев Рахметқажы - Қазақстан Ескендірұлы Республикасының білім және ғылым вице-министрі Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының Білім Нұралы Сұлтанұлы және ғылым вице-министрi Дробжев - Қазақстан Республикасының Білім Виктор Иванович және ғылым министрлігі Ионосфера институтының директоры Жақсыбеков - Қазақстан Республикасының Әдiлбек Рыскелдiұлы Индустрия және сауда министрі Жұрынов - "Қазақстан Республикасының Ұлттық Мұрат Жұрынұлы ғылым академиясы" қоғамдық бірлестiгiнiң президентi (келісім бойынша) Келiмбетов - Қазақстан Республикасының Қайрат Нематұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Күрiшбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл Ақылбек Қажығұлұлы шаруашылығы вице-министрi Қадыржанов - Қазақстан Республикасының Қайрат Кемелұлы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы Ядролық физика институтының директоры Қожамқұлов - Қазақстан Республикасының Білім Төлеген Әбдiсағиұлы және ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетiнiң ректоры Өмiрбаев Уалбай - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң кафедра меңгерушiсi Школьник - Қазақстан Республикасының Владимир Сергеевич Энергетика және минералдық ресурстар министрi |