Техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық (2006.04.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 29 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi № 712-1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөніндегi 2003 - 2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының 5.3.3.3-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қосымшаға сәйкес құрамда Техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса берiліп отырған Комиссия туралы ереже бекiтілсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
?кіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 197 қаулысына Қосымша
Техникалық реттеу жүйесіне көшуді жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссияның құрамы
ҚР Үкіметінің 2006.21.08. № 790 (бұр.ред.қара); 2006.04.12. № 1164 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен құрамы өзгертілді
Момышев - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Әбдiлманов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Аппарбеков - Қазақстан Республикасы Төтенше Серік Сейітұлы жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы
Мұстафин - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
Әбденов - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Әлиев - Қазақстан Республикасы Табиғи
Бертісбаев - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Брагин - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Епбаева - Қазақстан Республикасы Статистика
Қожұмұратов - Қазақстан Республикасы Ауыл
Могильный - Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым
Сармурзина - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Беклемишев - Қазақстан Республикасының жабдықтар
Казанцев - Кәсiпкерлер құқығын қорғау жөніндегі
Худова - Қазақстан Республикасының жеңіл
Әбдiрахманов - "Қазақстанның машина жасаушылар
Веснин - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Виктор Николаевич министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары
Үкіметінiң 2005 жылғы 2 наурыздағы № 197 қаулысымен бекiтілген
Техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн және осы ереженi басшылыққа алады. 3. Комиссияның шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
2. Комиссияның негізгi мiндеттерi мен функциялары
4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi: 1) техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыру жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу бойынша ұсыныстар жасау; 2) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын анықтау жөнiнде, техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдер талаптарының орындалуын мемлекеттік бақылау және қадағалау тетiгiн әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау болып табылады. 1) мемлекеттік органдардың, шаруашылық жүргізушi субъектiлер мен қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын талдауды жүзеге асыру, техникалық реттеу жүйесiн жетiлдiру мәселелерi жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу; 2) техникалық реттеу саласындағы бiріншi кезектегі нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау болып табылады.
6. Комиссияның: 1) Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi мемлекеттік органдардан материалдарды сұратуға және алуға; 2) өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша түсiнiктемелер алу үшiн мемлекеттік органдардың және мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын қажеттілiгiне қарай тартуға; 3) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдерiн Комиссия отырыстарында тыңдауға; 4) техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды одан әрi жетілдiру жөнiнде мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгiзуге.
4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2006.21.08. № 790 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Комиссия Төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, отырыстарға төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке дербес жауап береді, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды. ҚР Үкіметінің 2006.21.08. № 790 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8. Комиссия мүшелерi ұсынатын кезектi отырыстың күн тәртібінiң жобасына енгiзуге арналған мәселелер оларды қарау орындылығының негіздемесiмен отырысты өткізу жоспарланған мерзiмге дейiн 30 күннен кешiктiрмей электрондық түрде Комиссия хатшысына жiберiледi. Комиссия отырысын өткізуге материалдар дайындауды Комиссия хатшысы жүзеге асырады, ол отырысқа дейiн 3 күннен кешiктiрмей барлық қажетті құжаттарды Комиссия мүшелерiне жiбередi. Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды. 9. Комиссия отырыстары тоқсанына бiр рет өткiзiледi. Комиссия отырысы Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан кезде заңды деп есептеледi. 10. Комиссия шешiмдерi отырысқа қатысушылардың жалпы санының көпшілiк дауысымен қабылданады және Комиссия отырысының хаттамасымен ресiмделедi. Комиссия мүшелерiнiң дауыстары тең болған кезде төрағаның дауысы шешушi болып табылады. 1) Комиссия мүшелерi жазбаша түрде баяндалатын және Комиссияның хат-есебiне қоса берілетiн ерекше пiкiрге құқығы бар. ҚР Үкіметінің 2006.21.08. № 790 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) Комиссия отырыстарының өткізілу нәтижелері бойынша барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама жасалады. 11. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Техникалық реттеу және метрология комитетi Комиссияның жұмыс органы болып табылады, ол Комиссия отырыстарының арасындағы кезеңде оның ұйымдастыру мәселелерiн шешедi.
|