Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы (2008.21.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 12 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру және республикалық бюджеттің кіріс бөлігін толтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Мыналар: 1) осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар - ұлттық холдингтер, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестердің ұсынымдарын ескере отырып, акционер ретінде мемлекет мүддесін білдіретін мемлекеттік органның шешіміне сәйкес акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады; 1-1) акционерлік қоғам - ұлттық басқарушы холдинг Қазақстан Республикасының шешіміне сәйкес акцияларға дивидендтерді есептеуді жүзеге асырады; 2) осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін орта мерзімді даму жоспарларына сай, акционер ретінде мемлекет мүддесін білдіретін мемлекеттік органның шешіміне сәйкес акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады; 3) осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар 2007 жылдың қорытындылары бойынша таза кірістің 50 (елу) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды, 2008 жылдан бастап таза кірістің 15 (он бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды деп белгіленсін. 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2008 жылдан бастап белгіленген тәртіппен осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдардың иелігінде қалатын таза кірістің бір бөлігін олардың материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетілдіруге жұмсауды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулыға 1, 2, 3-қосымшаларда көрсетілмеген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер деп мемлекеттік қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқығын жүзеге асыратын министрліктер мен ведомстволар белгіленген тәртіппен акционерлердің, қатысушылардың жылдық жалпы жиналыстарын өткізу кезінде дивидендтерге және қатысу үлесінен кіріске таза кірістің кемінде 50 (елу) пайызын жұмсау және оларды уақтылы аудару үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 633 қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.21.11. № 1080 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына 1-қосымша
Ұлттық холдингтердің тізбесі
1. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 3. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ. 4. ҚР Үкіметінің 2008.21.11. № 1080 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 6. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 7. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 8. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 9. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 10. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 11. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 12. «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ; 13. «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ; 14. «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ
ҚР Үкіметінің 2008.28.04. № 395 қаулысымен (бұр.ред.қара) ); ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.21.11. № 1080 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына 2-қосымша Ұлттық компаниялардың тізбесі
1. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2. ҚР Үкіметінің 2008.21.11. № 1080 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ.
Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына 3-қосымша Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың тізбесі
1. «Алматы протездік-ортопедиялық орталығы» АҚ. 2. «Семей протездік-ортопедиялық орталығы» АҚ. 3. «Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы» АҚ.
Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына 4-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кіріс туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 18, 184-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 тамыздағы № 906 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 тамыздағы № 828 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., 34, 338-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі № 1002 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 39, 412-құжат). 4. «Ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы № 182 қаулысымен бекітілген ұлттық компаниялар тізбесінің 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 8, 101-құжат). 5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 наурыздағы № 364 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 9-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж, № 15, 192-құжат). 6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 мамырдағы № 599 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 22, 288-құжат). 7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 тамыздағы № 840 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 29, 392-құжат). 8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы № 73 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 12-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 4, 40-құжат). 9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 наурыздағы № 344 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 215 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 12, 120-құжат). 10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қарашадағы № 1127 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 40, 566-құжат). 11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 1314 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 50, 647-құжат). 12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 982 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 37, 414-құжат). 13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қарашадағы № 1097 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 462-құжат). 14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 ақпандағы № 133 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 5, 64-құжат).
|