Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 353 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 25 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 567 қаулысымен бекiтілген Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сыртқы экономикалық қызметінің жалпы тауар номенклатурасы туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) «Түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен (дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын шаруашылық субъектiлерiнiң қызметiн бақылауды күшейту жөнiндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 6 қаңтардағы № 23 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 1, 8-құжат):
1-тармақта:
бiрiншi абзацта «Экономика, индустрия» деген сөздер «Индустрия» деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi абзацта «Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөніндегі қызметiн лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 29 қыркүйектегi № 969» деген сөздер «Қайталама қара және түстi металдар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 наурыздағы № 383» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта «Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгімен» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Кедендiк бақылау комитетімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Кедендiк бақылау комитетi Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының* (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ СЭҚ TH) 7204**, 7404 00 кодтары бойынша қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын және ЕурАзЭҚ СЭҚ TH 7601 20 910 0, 7601 20 990 0, 7606 11 990 0, 7606 12 500 0, 7606 12 990 0, 7606 91 000 0, 7606 92 000 0, 7616 99 100 0 кодтары бойынша олардан жасалған бұйымдарды, сондай-ақ ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН 7302, 8607** кодтары бойынша қолданыста болған рельстердi, темір жол төсенiші мен жылжымалы құрамның элементтерiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан контрабандалық әкетудiң жолын кесу мақсатында тек қана темір жол және теңiз көлігімен экспорттауға рұқсат берсiн.
* Тауар номенклатурасы тауардың ЕурАзЭҚ СЭҚ TH кодымен де, атауымен де белгiленедi.
** Көлiк түрлерi бойынша экспортты шектеу көрсетiлген тауарлар нақты жағдайда баратын елi болып табылатын Еуропалық Одаққа мүше елдердiң аумағына экспортталған жағдайда қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Кедендік бақылау комитетi қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарының, сондай-ақ бұрын қолданыста болған рельстердiң, темір жол төсенiшi мен жылжымалы құрам элементтерiнiң транзитi кезiнде iлеспе құжаттарда көрсетiлген жүктiң нақты болуына бақылауды күшейтсiн.»;
2) «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша кеден төлемдерi мен салықтарының төленуін мiндеттi түрде қамтамасыз ете отырып, өткiзiлетiн тауарлардың тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 4 маусымдағы № 524 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 25, 230-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша кеден төлемдерi мен салықтарының төленуiн мiндетті түрде қамтамасыз ете отырып, өткізілетін тауарлардың тiзбесiнде:
«СЭҚ TH коды» деген бағанның тақырыбы «СЭҚ ТН» деген сөздердiң алдынан «ЕурАзЭҚ» деген сөздермен толықтырылсын;
«Тауардың атауы» деген бағанда:
реттiк нөмiрi 2-жолдағы «шарабы» деген сөзден кейiнгі»,»тыныс белгісi»;»тыныс белгiсiмен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 3-жолдағы «сiрiндiлер» деген сөз «заттар» деген сөзбен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Өзге де ашытылған сусындар (мысалы, сидр, перри немесе алмұрт сидрi, бал сусыны); басқа жерде аталмаған немесе енгізiлмеген ашытылған сусындардан жасалған қоспалар және ашытылған сусындар мен алкогольсiз сусындардың қоспалары»;
реттiк нөмiрi 5-жолдағы «80 об % кем емес» деген сөздер «80 об % немесе одан да көп» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 6-жолдағы «кем емес» деген сөздер «кем» деген сөзбен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Сигарлар, ұштары кесiлген сигарлар, сигариллалар және 2402 90 000 0 қоспағанда, темекіден немесе оны ауыстырғыштардан жасалған сигареттер»;
3) «Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбір кедендiк режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбелерiн, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргiзуге арналған тыйым салулар мен шектеулердi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 10 шiлдедегі № 681 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 29, 284-құжат):
1-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) тауарлар экспорты кедендiк режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесі (2-қосымша);
6-2) тауарлардың кері экспорты кедендiк режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi» (3-қосымша);
көрсетiлген қаулымен бекітілген Тауарларды кеден аумағында қайта өңдеу кедендiк режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Тауарлар экспорты кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесiмен толықтырылсын;
осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Тауарлардың керi экспорты кедендiк режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесiмен толықтырылсын.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Ағаш пайдаланудың жеке мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 16 шiлдедегі № 785 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 22, 239-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 16 шiлдедегі № 785 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 21 қарашадағы № 1163 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 44, 473-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 14 сәуірдегі
№ 353 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 10 шiлдедегi
№ 681 қаулысымен
Бекiтілген
Тауарларды кеден аумағында қайта өңдеу кедендік
режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың
тiзбесi
P/c № | Тауардың атауы | ЕурАзЭҚ СЭҚ TH бойынша тауардың коды |
1 | 2 | 3 |
1 | Спирттiң барлық түрлерi | 2207, 2208 90 910 0, 2208 90 990 0 |
2 | Бөренелер, шөркелер түріндегі, оның iшiнде шөркелер, шөпшек байламдар түрiнде немесе осыған ұқсас түрлерде сексеуілден дайындалған отындық сүрек | 4401 10 000 0-нан* |
3 | Үгінділер және сексеуіл сүрегінiң қалдықтары | 4401 30-дана* |
4 | Өңделмеген, қабығы аршылған немесе аршылмаған немесе шелқабығы бар немесе долбар кесектелген немесе кесектелмеген ағаш материалдары | 4403 10 000 - 4403 20-дан*, 4403 91 - 4403 99-дан* |
5 | Бөшке жасайтын сүрек; жарылған бөрене; ағаштан жасалған ұшталған, бiрақ ұзынынан тілінбеген қадалар, қазықтар және бағаналар; долбар тегістелген, бiрақ қашалмаған, бүгілмеген немесе басқа тәсілмен өңделмеген таяқтар, қолшатырлар, құралдардың тұтқаларын немесе ұқсас бұйымдар жасау үшiн пайдаланылатын ағаш материалдары; аршылған және ұқсас сүрек | 4404 |
6 | Темір жол немесе трамвай жолдарына арналған ағаш шпалдар | 4406 |
7 | Өн бойымен араланған немесе жарылған, қабаттарға бөлiнген немесе аршылған, сүргiленген немесе сүргіленбеген, тегiстелген немесе тегістелмеген, қалыңдығы 6 мм астам жанама қосылыстары бар немесе жоқ қылқан жапырақты ағаш материалдары | 4407 10 |
8 | Өн бойымен араланған немесе жарылған, қабаттарға бөлiнген немесе аршылған, сүргiленген немесе сүргiленбеген, тегістелген немесе тегiстелмеген, қалыңдығы 6 мм астам жанама қосылыстары бар немесе жоқ еменнен жасалған ағаш материалдары (Quercus spp.) | 4407 91-ден |
9 | Өн бойымен араланған немесе жарылған, қабаттарға бөлiнген немесе аршылған, сүргіленген немесе сүргіленбеген, тегістелген немесе тегiстелмеген, қалыңдығы 6 мм астам жанама қосылыстары бар немесе жоқ басқа ағаш материалдары | 4407 99 |
10 | Қаптауға арналған (қабатты сүректi бөлiп алынғандарды қоса алғанда), жапсырылған фанер немесе басқа ұқсас қабатты сүректерге арналған табақтар және өн бойына араланған, қабаттарға бөлiнген немесе аршылған, сүргiленген немесе сүргіленбеген, тегістелген немесе тегістелмеген, қалыңдығы 6 мм аспайтын жанама қосылыстары бар немесе жоқ қылқан жапырақты тұқымдас өзге де ағаш материалдары | 4408 10 |
11 | Қаптауға арналған (қабатты сүректi бөлу арқылы алынғандарды қоса алғанда), жапсырылған фанер немесе басқа ұқсас қабатты сүректерге арналған табақтар және өн бойына араланған, қабаттарға бөлінген немесе аршылған, сүргіленген немесе сүргiленбеген, тегістелген немесе тегістелмеген, қалыңдығы 6 мм аспайтын жанама қосылыстары бар немесе жоқ өзге де ағаш материалдары, өзге де | 4408 90 |
12 | Жиектерiнiң, жандарының немесе жазықтарының кез келгенi бойынша кескiнделген погонаж түрiндегі (тарақтары, кертпелерi бар, шпунтталған, жиектерi тегiстелген, жартылай дөңгелек калевка түріндегі, фасонды, дөңгеленген немесе соған ұқсас), сүргiленген немесе сүргіленбеген, тегiстелген немесе тегiстелмеген, жанама қосылыстары бар немесе жоқ кесiлген материалдар (Жинақталмаған, еденнiң паркеттiк жабынына арналған жұқа тақтайшалар мен фриздердi қоса алғанда) | 4409 |
13 | Бетон құюға арналған қалып | 4418 40 000 0 |
14 | өзге ағаш ұсталық құрастырмалар: белдемдер, мәткелер, төбе жабындысының тiректерi | 4418 90 900 0-ден* |
* Тауар номенклатурасы тауардың ЕурАзЭҚ СЭҚ TH кодымен де, атауымен де айқындалады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 14 сәуірдегі
№ 353 қаулысына
2-қосымша
Тауарлар экспорты кедендiк режимiне орналастыруға
тыйым салынған тауарлардың тiзбесi
P/c № | Тауардың атауы | ЕурАзЭҚ СЭҚ TH бойынша тауардың коды |
1 | 2 | 3 |
1 | Бөренелер, шөркелер түріндегі, оның iшiнде шөркелер, шөпшек байламдар түрінде немесе осыған ұқсас түрлерде сексеуiлден дайындалған отындық сүрек | 4401 10 000 0-нан* |
2 | Үгінділер және сексеуіл сүрегiнiң қалдықтары | 4401 30-дан* |
3 | Өңделмеген, қабығы аршылған немесе аршылмаған немесе шелқабығы бар немесе долбар кесектелген немесе кесектелмеген ағаш материалдары | 4403 10 000 - 4403 20-дан*, 4403 91 - 4403 99-дан* |
4 | Бөшке жасайтын сүрек; жарылған бөрене; ағаштан жасалған ұшталған, бiрақ ұзынынан тілінбеген қадалар, қазықтар және бағаналар; долбар тегістелген, бiрақ қашалмаған, бүгiлмеген немесе басқа тәсiлмен өңделмеген таяқтар, қолшатырлар, құралдардың тұтқаларын немесе ұқсас бұйымдар жасау үшiн пайдаланылатын ағаш материалдары; аршылған және ұқсас сүрек | 4404 |
5 | Темір жол немесе трамвай жолдарына арналған ағаш шпалдар | 4406 |
6 | Өн бойымен араланған немесе жарылған, қабаттарға бөлінген немесе аршылған, сүргіленген немесе сүргiленбеген, тегiстелген немесе тегістелмеген, қалыңдығы 6 мм астам жанама қосылыстары бар немесе жоқ қылқан жапырақты ағаш материалдары | 4407 10 |
7 | Өн бойымен араланған немесе жарылған, қабаттарға бөлiнген немесе аршылған, сүргіленген немесе сүргіленбеген, тегiстелген немесе тегiстелмеген, қалыңдығы 6 мм астам жанама қосылыстары бар немесе жоқ еменнен жасалған ағаш материалдары (Quercus spp.) | 4407 91-ден |
8 | Өн бойымен араланған немесе жарылған, қабаттарға бөлінген немесе аршылған, сүргiленген немесе сүргiленбеген, тегiстелген немесе тегiстелмеген, қалыңдығы 6 мм астам жанама қосылыстары бар немесе жоқ басқа ағаш материалдары | 4407 99 |
9 | Қаптауға арналған (қабатты сүректі бөліп алынғандарды қоса алғанда), жапсырылған фанер немесе басқа ұқсас қабатты сүректерге арналған табақтар және өн бойына араланған, қабаттарға бөлiнген немесе аршылған, сүргіленген немесе сүргіленбеген, тегiстелген немесе тегістелмеген, қалыңдығы 6 мм аспайтын жанама қосылыстары бар немесе жоқ қылқан жапырақты тұқымдас өзге де ағаш материалдары | 4408 10 |
10 | Қаптауға арналған (қабатты сүректi бөлу арқылы алынғандарды қоса алғанда), жапсырылған фанер немесе басқа ұқсас қабатты сүректерге арналған табақтар және өн бойына араланған, қабаттарға бөлiнген немесе аршылған, сүргiленген немесе сүргіленбеген, тегiстелген немесе тегiстелмеген, қалыңдығы 6 мм аспайтын жанама қосылыстары бар немесе жоқ өзге де ағаш материалдары, өзге де | 4408 90 |
11 | Жиектерiнiң, жандарының немесе жазықтарының кез келгенi бойынша кескінделген погонаж түрiндегі (тарақтары, кертпелерi бар, шпунтталған, жиектері тегiстелген, жартылай дөңгелек калевка түріндегі, фасонды, дөңгеленген немесе соған ұқсас), сүргiленген немесе сүргіленбеген, тегiстелген немесе тегiстелмеген, жанама қосылыстары бар немесе жоқ кесiлген материалдар (жинақталмаған, еденнiң паркеттiк жабынына арналған жұқа тақтайшалар мен фриздерді қоса алғанда) | 4409 |
12 | Бетон құюға арналған қалып | 4418 40 000 0 |
13 | өзге ағаш ұсталық құрастырмалар: белдемдер, мәткелер, төбе жабындысының тiректерi | 4418 90 900 0-ден* |
* Тауар номенклатурасы тауардың ЕурАзЭҚ СЭҚ TH кодымен де, атауымен де айқындалады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 14 сәуірдегі
№ 353 қаулысына
3-қосымша
Тауарлардың керi экспорты кедендiк режимiне орналастыруға
тыйым салынған тауарлардың тiзбесi
Р/с № | Тауардың атауы | ЕурАзЭҚ СЭҚ TH бойынша тауардың коды |
1 | 2 | 3 |
1 | Бөренелер, шөркелер түріндегі, оның iшiнде шөркелер, шөпшек байламдар түрінде немесе осыған ұқсас түрлерде сексеуілден дайындалған отындық сүрек | 4401 10 000 0-нан* |
2 | Yгiндiлер және сексеуіл сүрегiнiң қалдықтары | 4401 30-дан* |
3 | Өңделмеген, қабығы аршылған немесе аршылмаған немесе шелқабығы бар немесе долбар кесектелген немесе кесектелмеген ағаш материалдары | 4403 10 000 - 4403 20-дан*, 4403 91 - 4403 99- дан* |
4 | Бөшке жасайтын сүрек; жарылған бөрене; ағаштан жасалған ұшталған, бірақ ұзынынан тілінбеген қадалар, қазықтар және бағаналар; долбар тегiстелген, бiрақ қашалмаған, бүгiлмеген немесе басқа тәсілмен өңделмеген таяқтар, қолшатырлар, құралдардың тұтқаларын немесе ұқсас бұйымдар жасау үшiн пайдаланылатын ағаш материалдары; аршылған және ұқсас сүрек | 4404 |
5 | Темір жол немесе трамвай жолдарына арналған ағаш шпалдар | 4406 |
6 | Өн бойымен араланған немесе жарылған, қабаттарға бөлiнген немесе аршылған, сүргiленген немесе сүргiленбеген, тегiстелген немесе тегiстелмеген, қалыңдығы 6 мм астам жанама қосылыстары бар немесе жоқ қылқан жапырақты ағаш материалдары | 4407 10 |
7 | Өн бойымен араланған немесе жарылған, қабаттарға бөлінген немесе аршылған, сүргiленген немесе сүргiленбеген, тегістелген немесе тегiстелмеген, қалыңдығы 6 мм астам жанама қосылыстары бар немесе жоқ еменнен жасалған ағаш материалдары (Quercus spp.) | 4407 91-ден |
8 | Өн бойымен араланған немесе жарылған, қабаттарға бөлiнген немесе аршылған, сүргiленген немесе сүргіленбеген, тегiстелген немесе тегістелмеген, қалыңдығы 6 мм астам жанама қосылыстары бар немесе жоқ басқа ағаш материалдары | 4407 99 |
9 | Қаптауға арналған (қабатты сүректi бөлiп алынғандарды қоса алғанда), жапсырылған фанер немесе басқа ұқсас қабатты сүректерге арналған табақтар және өн бойына араланған, қабаттарға бөлiнген немесе аршылған, сүргіленген немесе сүргiленбеген, тегiстелген немесе тегістелмеген, қалыңдығы 6 мм аспайтын жанама қосылыстары бар немесе жоқ қылқан жапырақты тұқымдас өзге де ағаш материалдары | 4408 10 |
10 | Қаптауға арналған (қабатты сүректi бөлу арқылы алынғандарды қоса алғанда), жапсырылған фанер немесе басқа ұқсас қабатты сүректерге арналған табақтар және өн бойына араланған, қабаттарға бөлiнген немесе аршылған, сүргiленген немесе сүргiленбеген, тегістелген немесе тегiстелмеген, қалыңдығы 6 мм аспайтын жанама қосылыстары бар немесе жоқ өзге де ағаш материалдары, өзге де | 4408 90 |
11 | Жиектерiнiң, жандарының немесе жазықтарының кез келгенi бойынша кескiнделген погонаж түрiндегі (тарақтары, кертпелерi бар, шпунтталған, жиектерi тегiстелген, жартылай дөңгелек калевка түрiндегі, фасонды, дөңгеленген немесе соған ұқсас), сүргiленген немесе сүргіленбеген, тегiстелген немесе тегiстелмеген, жанама қосылыстары бар немесе жоқ кесiлген материалдар (жинақталмаған, еденнiң паркеттік жабынына арналған жұқа тақтайшалар мен фриздердi қоса алғанда) | 4409 |
12 | Бетон құюға арналған қалып | 4418 40 000 0 |
13 | өзге ағаш ұсталық құрастырмалар: белдемдер, мәткелер, төбе жабындысының тiректерi | 4418 90 900 0-ден* |
* Тауар номенклатурасы тауардың ЕурАзЭҚ СЭҚ TH кодымен де, атауымен де айқындалады.