|
|
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң кейбір мәселелерi туралы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік кәсiпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінiң республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсiпорындар) құрылсын: 1) «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы»; 2) «Республикалық біліктiлiктi растау және беру орталығы»; 3) «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы»; 4) «Ұлттық аккредиттеу орталығы»; 5) ҚР Үкіметінің 2014.29.12. № 1392 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. Кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мәнi білім беру саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып анықталсын. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетiне бекiтуге енгiзсiн; 2) кәсiпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тiркелуін қамтамасыз етсiн; 3) ocы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «ҚР Үкіметінің 2022.19.08. № 581 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |