Қазақстан Республикасы Yкіметінiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру Осы редакция Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 мамырдағы № 493 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Заң жобалау қызметiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Yкіметінiң 02.04.01 ж. № 430; 27.09.01 ж. № 1256; 20.02.02 ж. № 231; 03.04.02. № 397 ;10.06.03 ж. № 547; 12.08.03 ж. № 802 (бұр.ред. қара); 25.11.03 ж. № 1175; 08.04.04 ж. № 389; 23.11.04 ж. № 1227; 21.12.04 ж. № 1352 (бұр.ред. қара); 2005.28.04. № 398 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия мынадай құрамда құрылсын: Балиева Зағипа - Қазақстан Республикасының Яхияқызы Әдiлет министрi, төрайым; Баймағанбетов Серік - Қазақстан Республикасының Нұртайұлы Әділет вице-министрі, төрағаның орынбасары; Гамарник Геннадий - Қазақстан Республикасының Николаевич Білім және ғылым бірінші вице-министрі; Ыбырайым Нұрлан Мұхтарбекұлы - Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілiсiнiң Аппараты Басшысының орынбасары (келісім бойынша); Жошыбаев Рәпiл Сейiтханұлы - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің орынбасары; Божко Владимир - Қазақстан Республикасының Карпович Ұлттық қауiпсiздiк Комитеті төрағасының бірiншi орынбасары (келісім бойынша); Орымбаев Ардақ Сиязбекұлы - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары; Уақпаев Марат Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының Аппараты Құқықтық сараптама бөлiмiнiң меңгерушiсi (келісім бойынша); Дауылбаев - Қазақстан Республикасы Бас Асхат Қайзоллаұлы прокурорының орынбасары (келісім бойынша); Жоламан Рүстем Қабидоллаұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт бірiншi вице-министрi; Коржова - Қазақстан Республикасының Наталья Артемовна Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі; Әмрин - Қазақстан Республикасының Асқар Кемеңгерұлы Қаржы вице-министрі Тәжияқов - Қазақстан Республикасының Бейсенғали Шамғалиұлы Ұлттық Банк төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Курбатов Владимир Николаевич - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi; Лукин Андрей Иванович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi; Тасболатов Абай - Қазақстан Республикасы Қорғаныс Бөлекбайұлы министрінің орынбасары; Өмірәлиев Ербол - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Жұмабайұлы Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары; Ысқақов Нұрлан - Қазақстан Республикасының Қоршаған Әбділдаұлы ортаны қорғау вице-министрі; Мұсайбеков Сәкен - Қазақстан Республикасының Көлік және Жүнісбекұлы коммуникация вице-министрі
ҚР Yкіметінiң 21.08.03 ж. № 840 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді(бұр. ред. қара) 2. Қоса берiлiп отырған: 1) Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже; 3. Ағымдағы және перспективадағы заң жобалау жұмыстары жобаларының орындалуына жалпы бақылау Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне жүктелсiн. 4. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар әр айдың 25-шi күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне заң жобаларының Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Парламентiнде өтуi туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстарының орындалу барысы туралы есептi ұсынсын. 5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі: Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкiлеттi мемлекеттік органдарының заң жобалау қызметiнің барысын ай сайын қорытындыласын, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық заңдардың жай-күйiне шолуларды әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жiберiп отырсын; уәкiлеттi мемлекеттік органдардың заң жобаларын әзiрлеу мерзiмдерiн бұзушылықтары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жедел хабарласын және анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою жөнiндегі шараларды ұсынсын. ҚР Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар ?кіметтiң Парламентке енгізген заң жобаларының мәтiндерiне заңның тұжырымдамасымен, оның құқықтық мазмұнын өзгертумен байланысты және мемлекеттік кiрiстердi азайтуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтiн өзгерістер мен толықтыруларды ?кіметпен келiспей енгізудi болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі Регламентiнiң 69-тармағының талаптарын қатаң орындауды қамтамасыз етсiн. 7. Қазақстан Республикасы Yкіметінің Парламенттегi Өкiлдiгi Премьер-Министрдi, оның орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесiнің Басшысын Қазақстан Республикасының Үкіметі енгiзетiн заң жобаларының және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қызметiне қатысы бар Қазақстан Республикасының Парламентi қарайтын басқа да мәселелердің өту процесi туралы тұрақты хабардар етсiн. 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысымен бекітілген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. ҚР Үкіметінің 24.06.02 ж. № 690 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Комиссия қызметiнiң басты мақсаты Республиканың қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және уәкiлеттi мемлекеттік органдарының заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды жасаудан тұрады. 3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын , өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. ҚР Үкіметінің 27.09.01 ж. № 1256; 24.06.02 ж. № 690; 10.12.02 ж. № 1300; 21.08.03 ж. № 840 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 4-тармақ толықтырылды және өзгертілді 4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Yкіметінiң және уәкiлеттi мемлекеттік органдарының заң жобалау қызметiн талдау; Үкiметтiң Іс-қимыл бағдарламасын, Мемлекет басшысының тапсырмаларын, сондай-ақ елде жүргiзiлiп жатқан реформаларды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ағымдағы және перспективалық заң жобалау жұмыстарының жоспарын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдарды әзiрлеу; заң жобалау қызметiнiң басым бағыттары туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгізу; Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламентiнде заң жобаларының әзiрленуi және жүруi процесiнде туындайтын келiспеушiлiктердi реттеу жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу; мемлекеттік органның өтініші бойынша мерзімдерді ауыстыру және тиісті жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелерді қарау; Үкіметтің Парламент Мәжілісінен заң жобаларын қайтарып алу мәселелері бойынша ұсынымдарды алдын-ала әзірлеу; Парламент депутаттары бастамашылық еткен заң жобалары Үкіметке түскен күнінен бастап 15 күндiк мерзімде оларды он не өзге бағалау жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатымен қарау; Үкіметтің мемлекеттік және өзге де бағдарламаларының, тұжырымдамаларының, іс-шараларының жобалары нормаларын заң жобалаумен қамтамасыз ету бөлігінде келісу; әзірлеушілер дайындаған заң жобаларын жобалар сараптамасын орындау мақсатында Үкіметке берудің ағымдағы жедел мерзімдерін айқындау; заң кесімдерімен реттеліп қойған қатынастар бойынша заң жобаларының тұжырымдамаларын және заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстарды алдын ала қарау; заң жобаларын ғылыми, криминологиялық және өзге де сараптамаға жіберу туралы ұсынымдар әзірлеу. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдау және оны жүйелеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу; заңнаманы кодтау жөніндегі жұмыстың басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарауына енгізу; кодталған және топтастырылған кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу. 3. Комиссияның негiзгi құқықтары 5. Комиссияның өз мiндеттерiне сәйкес: 1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара iс-әрекет жасауға; 2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсынымдар жасауға және ұсыныстар енгізуге; 3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды мемлекеттік және басқа да ұйымдардан сұратуға және алуға; 4) Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар және ұйымдардың өкiлдерiн Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға; 5) уақытша және тұрақты жұмыс iстейтiн сарапшылық және жұмыс топтарын ұйымдастыруға құқылы. 4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру 6. Комиссияны Төраға басқарады. 7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиiстi материалдарды, ұсынымдарын әзiрлеудi оның мүшелерi сайлайтын Комиссияның хатшысы жүзеге асырады. 1) Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар әзiрлейдi, Комиссия шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi және бақылайды; 2) Комиссия мүшелерiнiң және оның қызметiне тартылған мамандардың жұмысын үйлестiредi. 9. Комиссияның отырысы қажеттiлiгiне қарай, бірақ кемiнде тоқсан сайын бір рет өткiзiледi. 10. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ оның өткiзiлетiн орны мен уақытын Комиссияның Төрағасы Комиссия мүшелерiнiң келісімi бойынша анықтайды және нақтылайды. 11. Комиссияның шешiмi оның мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады, хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. 12. Комиссияның мүшелерi шешiм қабылдау кезiнде тең дауыстарға ие болады. Дауыстар тең түскен жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады. 13. Заң жобалау қызметiн жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның атынан Комиссия құрамының кемiнде жартысының ауызша немесе жазбаша келісімi бойынша Комиссияның Терағасы немесе хатшысы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарауына енгiзедi. 14. Комиссияның құзыретiне қатысты қажетті материалдарды әзiрлеу үшiн ұйымдар, жоғары оқу орындары, сондай-ақ ғалымдар және жоғары біліктi мамандар тартылуы мүмкiн. 15. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Комиссияның жұмысшы органы болып табылады. Үкіметінiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкiлетті органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру ережесi 1. "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентiне сәйкес осы Ереже заң жобаларын әзiрлеушi - уәкiлеттi органдарда (бұдан әрi - Уәкiлеттi органдар) заң жобалау жұмысын ұйымдастыру тәртібін белгiлейдi. 2. Уәкiлеттi органдар заң жобаларын, әдетте, Қазақстан Республикасының ?кіметі заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларына, сондай-ақ Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жекелеген тапсырмаларына сәйкес әзiрлейдi. Қажеттi жағдайларда заң жобаларын әзiрлеудi Уәкiлеттi органдар өз бастамасы бойынша - олардың белгiленген құзыретiне сәйкес жүзеге асырады. 3. Заң жобасын әзiрлейтiн уәкiлеттi орган жобаны әзiрлеу жөнiнде жұмыс тобын құрады немесе оны әзiрлеудi жұмыс тобының функцияларын орындайтын өзiнiң бір бөлiмшесiне тапсырады. Жобаны әзiрлеуге жобаны әзiрлейтiн органның заңгерлiк бөлiмшесi қызметкерлерiнiң қатысуы мiндеттi. Жұмыс тобына қатысу үшiн Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, сондай-ақ реттеуге ұсынылатын құқықтық қатынастар саласындағы мамандар мен ғалымдар шақырылуы мүмкiн. 4. Егер заң жобалау жұмыстарының жоспарымен немесе заң жобасын әзiрлеу туралы тапсырмамен өзгеше белгiленбесе, Уәкiлеттi орган заң жобасын әзiрлеудi ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдарға немесе шарттық негiзде мамандарға, ғылыми мекемелерге, жекелеген ғалымдарға немесе олардың ұжымдарына, оның iшiнде шетелдiктерге тапсыра алады. Уәкiлеттi орган балама жобаларды әзiрлеудi бір немесе бірнеше тұлғаға тапсыруға құқылы. Заң жобаларының сапасы, уақытылы әзiрленуi мен ұсынылуы үшiн Уәкiлеттi органдардың бірiншi басшылары жеке жауап бередi. 5. Уәкiлеттi органдардың заң жобалау жұмыстарының жоспарларын және заң жобаларын әзiрлеу жөніндегі жекелеген тапсырмаларды орындауын жалпы қадағалауды, олардың осы бағыттағы қызметiн әдiстемелiк басқаруды және сол үшiн қажеттi ақпараттық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі жүзеге асырады. 6. Заң жобасының мәтiнi әдеби тiлдiң, заң терминдерiнiң нормаларын, заң техникасының талаптарын және заңнамамен белгiленген өзге де талаптарды сақтай отырып әзiрленуге тиiс. 7. Заң жобасын әзiрлеу тиiстi салалар мен қоғамдық өмiр салаларында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасы, Мемлекет басшысының Қазақстанның халқына Жолдауы, Конституциялық Кеңестiң жыл сайынғы жолдауының ережелерi мен Жоғарғы Соттың сот практикасы түсiндiрмелерi ескерiле отырып, жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда 8. Үкiмет Парламенттiң қарауына енгiзетін заң жобалары бойынша "Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" Үкiметтiң 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу ережесiне сәйкес заң жобасында реттелетiн құқықтық қатынастарға қарай тиiстi ғылыми сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа) жүргiзу мiндеттi. Бұл ретте қабылдануынан туындайтын болжамды салдарлар экологиялық, соның iшiнде радиациялық қауiпсiздiкке, қоршаған ортаны қорғауға қауiп төндiруi мүмкiн заңнамалық кесiмдердiң жобалары мiндеттi түрде экологиялық сараптама жасауға жатады. Заң жобасын әзiрлеушi оны мүдделi мемлекеттік органдармен келiскенге дейiн жобаның тиiстi сараптамасы жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi, оның нәтижелерi бойынша қорытынды заң жобасына басқа да материалдармен бірге мемлекеттік және орыс тілдерiнде ұсынылады. ҚР Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300 қаулысымен 9 және 10-тармақ алынып тасталды 9. Заң жобаларына ғылыми сараптаманы қаралған жобаның мазмұнына қарай ғылыми мекемелер мен тиiстi жоғары оқу орындары, ғалымдар мен мамандар арасынан тартылатын сарапшылар жүргiзедi. Сарапшылар ретiнде жобаны дайындауға тiкелей қатыспаған адамдар тартылады. Заң жобасы ғылыми сараптау үшiн шетелдiк және халықаралық ұйымдарға жiберiлуi мүмкiн, сондай-ақ басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан мамандар тартылуы мүмкiн. Ғылыми сараптаманы жүргiзу бір немесе бірнеше сарапшыға (сарапшылық комиссиясына) тапсырылуы мүмкiн. 10. Заң жобасы бойынша әртүрлi мамандықтағы сарапшылар кешендi сараптама немесе әртүрлi дербес сараптамалар, қажет болған жағдайда - қайталама сараптама жүргiзуi мүмкiн. ҚР Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300 қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда 11. Заң жобасын мемлекеттік органдармен келiсу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады. 12. Егер заң жобасын келiсу кезiнде келісім берушi мемлекеттік орган Уәкiлеттi орган келiспейтiн ескертпелер жасаса, заң жобасы жөніндегі келiспеушiлiктер хаттамасын Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия қарайды. Қазақстан Республикасының Үкіметі түпкiлiктi шешiмдi Ведомствоаралық комиссия дайындаған ұсыным кезiнде шығарады. 13. Заң жобасын ?кіметтiң қарауына енгізу тәртібін Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентi белгiлейдi. |