Қазақстанның Даму Банкі туралы (2005.09.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2005 ж. 23 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар) 2-тарау. Даму банкінің қызметі (7 - 15 баптар) 3-тарау. Даму банкінің капиталы мен кірісі (16 - 18 баптар) 4-тарау. Даму банкінің есебі, есептілігі (19 - 21 баптар) және тәуелсіз аудиті 5-тарау. Даму банкін басқару (22 - 25 баптар) 6-тарау. Қосымша ережелер (26 - 27 баптар) ҚР 16.05.03 ж. № 416-11 Заңымен 1-бап өзгертілді 1-бап. Қазақстанның Даму Банкі және оның мәртебесi Қазақстанның Даму Банкi (бұдан әрі - Даму Банкі) мемлекеттің қатысуы 100 процент болатын жабық акционерлік қоғам болып табылады. ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 571-II (01.01.04 ж. бастап күшіне енеді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 2-бап өзгертілді 2-бап. Даму Банкінің қызметін құқықтық реттеу 1. Қазақстанның Даму Банкi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. 2. Қазақстан Республикасының банк қызметін және өзге де лицензияланатын қызмет түрлерін реттейтін заңдары Даму Банкіне осы Заңмен реттелмейтін бөлігінде қолданылады. 3. Даму Банкінің инвестициялық басымдықтары, заем қаражатын тартуға сандық шектеулерi, кредит беруiнiң, меншiктi капиталды орналастыруының, бiрлесiп қаржыландыруының, кепiлдiктер беруiнiң, агенттiң функциясын орындауының лимиттерi, бағыттары, ықтимал шарттары, тәртібі мен мерзiмдерi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн Даму Банкінің Кредит саясаты туралы меморандумында (бұдан әрi - Меморандум) белгiленедi. ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 3-бап. Даму Банкінің мақсаттары мен мiндеттері 1. Даму Банкi қызметінiң мақсаттары мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеушi өнеркәсiптi дамыту, ел экономикасына сыртқы және iшкi инвестицияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады. 2. Даму Банкінің мiндеттерi мыналар: 1) инвестициялық жобаларға орта мерзiмдi (бес жылға және одан артық мерзiмге) және ұзақ мерзiмдi (он жылға және одан артық мерзiмге жиырма жылға дейiн) кредит беру; 2) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын өнiмдердiң экспортын ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң экспорттық операцияларына (бұдан әрi - экспорттық операциялар) кредит беру; 3) басқа да кредит институттары беретiн заемдар мен кредиттер бойынша кепiлдiк мiндеттемелер беру, сондай-ақ бiрлесiп қаржыландыру жолымен Қазақстан Республикасы экономикасының өндiрiстiк секторына кредит берудi ынталандыру; 4) Қазақстан Республикасының Yкіметі iске асыратын инвестициялық жобаларды қаржыландырудың тетiктерiн жетiлдiру; 5) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге де мiндеттер. ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 4-бап. Даму Банкінің функциялары 1. Даму Банкінің функциялары: 1) Меморандумға сәйкес, республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларды қоспағанда, инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды iрiктеу және оларға кредит беру, оның iшiнде бiрлесiп қаржыландыру; 2) қайтарымды негiзде қаржыландырылатын республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларға, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген заемдар есебiнен қаржыландырылатын жобаларға қызмет көрсету жөніндегі агенттiң функциясын орындау; 3) республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобалар ретiнде қайтарымды негiзде қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген заемдар есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға банк сараптамасын жүргiзу; 4) Даму Банкi заемшыларының қаржылық жай-күйiнiң және Даму Банкi қызмет көрсететiн республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларды, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген заемдар есебiнен қаржыландырылатын жобаларды iске асырудың мониторингi; 5) Даму Банкi заемшыларының мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдану; 6) мемлекет кепiлдiк берген заемдарды қоса алғанда, мемлекеттік емес заемдарды алу, оларға қызмет көрсету және оларды өтеу; 7) мемлекет кепiлдiк берген заемдарға қызмет көрсету, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауына және заңды тұлғалардың өзге де борыштық мiндеттемелерiн орындауына байланысты республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты қайтару жөніндегі агенттiң функциясын орындау болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі арнайы құрған ұйымдар арқылы бюджеттік кредит беру жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген функция Даму Банкінің айрықша құзыретiне жатады. ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 5-бап. Даму Банкінің өкілеттіктері Даму Банкі: 1) Меморандумға сәйкес қаржы жылына арналған өзінің кредит саясатын анықтауға; 2) банк сараптамасының және заемшының кредит қабілеттілігін талдаудың нәтижелері бойынша инвестициялық жобаны қайтарымдылық негізінде қаржыландырудың қисындылығын анықтауға; 3) банк сараптамасын жүзеге асыру үшін сарапшылар мен консультанттар тартуға; 4) Меморандумда белгіленген шекте заем қаражатын, оның iшiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заем қаражатын тартуға; 4-1) заем қаражатын қоса алғанда, өтiмдiлiгi жоғары қаржы құралдарының iшкi және сыртқы рыноктарында Меморандумда белгiленген шектерде және тәртiппен бос қаражатты орналастыруға; 5) Бағдарламаға енбейтін республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларды қоспағанда, инвестициялық жобаларды іріктеп алуды және Меморандумда белгіленген шектеулерді ескере отырып, бірлесіп қаржыландыруды қоса алғанда, оларға кредит беруді жүзеге асыруға; 6) жиынтық көлемі Меморандумда белгіленетін өз кепілдіктерін беруге; 7) отандық және шетелдік банктердің және басқа да қаржы институттарының қатысуымен қарыз алудың ұйымдастырушысы және қатысушысы болуға құқылы. ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) 06.07.04 ж. № 571-II (01.01.04 ж. бастап күшіне енеді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Даму Банкімен өзара қарым-қатынасы 1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Даму Банкi акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган: 1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Даму Банкінің қызметiн құқықтық, қаржылық және өзге де қамтамасыз ету мәселелерi бойынша мемлекеттік органдармен iс-қимыл жасау процесiн үйлестiрудi жүзеге асырады және оған қатысады; 2) Даму Банкінің Меморандумды сақтауын бақылайды. 2. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заң актілерінде айқындалған өкілеттіктер шегінде, банктерді пруденциялық реттеу және резервтік талаптар мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Даму Банкінің Қазақстан Республикасының қаржылық ұйымдардың қызметін реттейтін заңдарын орындауын бақылауды жүзеге асырады. 3. Мемлекеттік органдардың Даму Банкiмен қарым-қатынастардағы өзге де өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 4. Қазақстан Республикасының заң актілерінде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының Даму Банкінің қызметiне кез келген түрде араласуына тыйым салынады. 2-тарау. Даму банкінің қызметі ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 (бұр. ред. қара) Заңымен 7-бап өзгертілді; 06.07.04 ж. № 571-II (01.01.04 ж. бастап күшіне енеді) (бұр. ред. қара) Заңымен 7-бап жаңа редакцияда 7-бап. Даму Банкінің операциялары Даму Банкі өз функцияларын орындау үшін қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясынсыз ұлттық және шетелдік валютамен мынадай операцияларды жүзеге асырады: 1) заемдық операциялар: осы Заңның 15-бабының 1) тармақшасында көзделген шектеулерді ескере отырып, заңды тұлғаларға ақылы, мерзімді және қайтарымды шарттармен ақшалай нысанда кредиттер беру; 2) осы Заңның 15-бабының 1) тармақшасында көзделген шектеулерді ескере отырып, заңды тұлғаларға ақшалай нысанда орындалуды көздейтін банк кепілдіктерін беру; 3) осы Заңның 15-бабының 1) тармақшасында аталған тұлғаларды қоспай, заңды тұлғаларға ақшалай нысанда орындалуды көздейтін банк кепілгерлігі мен өзге де міндеттемелерді беру; 4) аккредитивті ашу (қою) мен растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау; 5) Даму Банкінің өтімділігін басқару мақсатында банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу; 6) Даму Банкі қызмет көрсететін инвестициялық жобаларға және экспорттық операцияларға сәйкес жасалған шарттарда көзделген төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру мақсатында Даму Банкінің заемдарын, басқа да заемдар мен республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын есепке алу үшін банк шоттарын ашу және жүргізу. Бұл ретте банк шоттарындағы ақша сомасы осы тармақшада көзделген олар бойынша жасалатын операциялардың сомасынан артық болмауға тиіс; 7) шартты салымдардың арнаулы шоттарын, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заемдар жөніндегі шарттарға сәйкес резервтік шоттарды ашу және жүргізу; 8) заңды тұлғалардың Даму Банкі алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында қаражаттарды есепке алу үшін банк шоттарын ашу және жүргізу; 9) Даму Банкі заемшыларының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын корреспондент-банктердің, ұйымдардың тапсырмалары бойынша олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру; 10) аударым операциялары: заңды тұлғалардың ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындау; 11) Даму Банкі заемшыларының пайдасына төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау; 12) Даму Банкінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында банк депозиттерін қабылдау; 13) Қазақстан Республикасының банк заңдарында, осы Заңда және Меморандумда белгіленген жағдайларда мемлекеттік бағалы қағаздармен, сондай-ақ өзге де бағалы қағаздармен дилерлік қызмет; 14) лизинг қызметі; 15) эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару; 16) өз мүлкін жалға беру. ҚР 2005.09.06 № 56-III Заңымен 17 тармақшамен толықтырылды (күшіне енетін мерзімін қара) 17) қолма-қол шетел валютасымен операцияларды қоспағанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асырады
ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 8-бап. Даму Банкінің банк сараптамасын жүргiзуi 1. Даму Банкi осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген жобалардың банк сараптамасын жүзеге асырады. 2. Даму Банкінің инвестициялық жобаны сараптаудың нәтижелерi жөніндегі қорытындысы жобаның тиiмдiлiгi, заемшының кредит қабiлеттiлiгi мен төлем қабiлеттiлiгi, заемды қайтарудың қамтамасыз етiлуi туралы, қаржыландырудың нысаны мен шарттары туралы, сондай-ақ инвестициялық жобаны қайтарымды негiзде қаржыландырудың қисындылығы туралы қорытындыларды қамтуға тиiс. 3. Мемлекеттік бюджет қаражаты немесе мемлекет кепiлдiк берген заем есебiнен қайтарымды негiзде қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобаны қарау, банк сараптамасының нәтижелерi бойынша Даму Банкінің оң қорытындысы болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 4. Даму Банкінің инвестициялық жобаларға сараптама жүргiзуi Меморандумда белгiленген шектеулердi ескере отырып, шарт негiзiнде жүзеге асырылады. ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 9-бап. Даму Банкінің республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заемдар тартуы және пайдалануы 1. Даму Банкінің республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заемдар алуы тек қана ақылы, мерзiмдiлiк және қайтарымдылық негiзде жүзеге асырылады. 2. Даму Банкінің республикалық және жергiлiктi бюджеттерден алатын заемдарды беру, пайдалану және қайтару тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады. 3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден тартылатын заемдарды Даму Банкi Меморандумға сәйкес өзi дербес iрiктеу жүргiзетiн жобаларға кредит беру үшiн пайдаланады. ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 10-бап. Даму Банкінің агент функцияларын орындауы 1. Даму Банкi агенттiк қызмет көрсетуге жасаған шарттарына сәйкес осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген инвестициялық жобалар бойынша агенттiң функцияларын орындайды. 2. Даму Банкi агент болып табылатын инвестициялық жобаларды республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландыруды бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi Даму Банкiне қаражат аудару жолымен жүзеге асырады. 3. Инвестициялық жобаны iске асыру аяқталғаннан немесе мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаннан кейiн Даму Банкi қаражаттың қалдықтарын тиiстi бюджеттерге қайтарады. 4. Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жобаларды қаржыландыру үшiн тартылатын мемлекет кепiлдiк берген мемлекеттік емес заемдар бойынша агенттiң функцияларын орындайды. ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 11-бап. Даму Банкi қызмет көрсететiн инвестициялық жобаларды iске асыру мониторингi 1. Даму Банкi өзi қызмет көрсететiн инвестициялық жобаларға қатысты агенттiк қызмет көрсету шарттарына сәйкес: 1) жобаларды iске асыруды қаржыландыру графиктерiнiң; 2) заемшылардың қаржылық жай-күйiнiң; 3) iске асырылатын жобалар бойынша жұмыстар, көрсетiлген қызметтер көлемiнiң нақты орындалуының мониторингiн жүзеге асырады. 2. Даму Банкi жыл сайын агенттiк қызмет көрсету шарттарына сәйкес, нәтижелердiң жобалық техникалық-экономикалық көрсеткiштерге сәйкестiгiн бағалай отырып, инвестициялық жобалардың iске асырылуына және қаржыландырылуына талдау жасайды және экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органға тиiстi қорытынды бередi. ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 12-бап. Даму Банкінің заемдар беруi 1. Даму Банкінің инвестициялық жобаларға және экспорттық операцияларға кредит беруi Меморандумға сәйкес айқындалған шарттарда, тәртiппен және мерзiмдерде жүргiзiледi. Берiлетiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасының шамасын Даму Банкi қарыз алудың орташа құнын және операциялық шығыстарды ескере отырып есептеп шығарады. 2. Даму Банкi беретiн заемдар Меморандумға сәйкес өтiмдiлiгi жоғары активтермен (мемлекеттік бағалы қағаздар, эмитенттердiң бағалы қағаздары, екiншi деңгейдегi банктердiң кепiлдiктерi және мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң заңдарда көзделген басқа да әдiстерi) қамтамасыз етiлуге тиiс. 11.06.03 ж. № 434-11 (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 13-бап өзгерді 13-бап. Даму Банкінің заемдарды тартуы 1. Даму Банкi қарыз алуды заемның қайтарылуын өз активтерiмен қамтамасыз ете отырып немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiмен жүзеге асырады. 1-1. Даму Банкi шығарған борыштық бағалы қағаздар ол Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес қаржы агентi мәртебесiн алған кезден бастап агенттiк облигациялар болып табылады. 2. Даму Банкінің Қазақстан Республикасының Yкіметі мен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары алдындағы борыштары бойынша талап ету құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша тоқтатылады. 3. Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздарды және Даму Банкінің басқа да борыштық мiндеттемелерiн орналастыруға, өтеуге және олар бойынша сыйақылар төлеуге байланысты бүкiл қызметтi немесе оның бiр бөлiгiн агенттерге сенiп тапсыруға құқылы. ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 14-бап. Даму Банкінің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы Даму Банкi Меморандумға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес: 1) Даму Банкi бұрын кепiлге ресiмдеген заңды тұлғалардың қатысу үлесiнен немесе акцияларынан оларды одан әрi өткізу мақсатында өндiрiп алған; 2) бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары (қор биржасы, орталық депозитарий) құрған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысқан; 3) лизинг берушi ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысқан жағдайларда заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысады. ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 571-II (01.01.04 ж. бастап күшіне енеді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 15-бап өзгертілді 15-бап. Даму Банкінің қызметiн шектеу Даму Банкінің: 1) жеке тұлғаларға және екiншi деңгейдегi банктерге, кредиттiк серiктестiктерге, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, инвестициялық қорларға, сақтандыру ұйымдарына, лизинг берушi ұйымдарға және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын басқа да ұйымдарға кредиттер, сондай-ақ олардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдiктер беруiне; 2) осы Заңның 7-бабының 5)- 8) және 12) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, депозиттер тартуына, жеке және заңды тұлғаларға банк шоттарын ашуына; 3) қайтарылуын қамтамасыз етпей заемдар беруiне; 4) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, есептiк-кассалық қызмет көрсетудi жүзеге асыруына және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуына; 5) бұрын тартылған заемдар бойынша мерзiмi өткен (бiр жылдан артық) мiндеттемелерi болған жағдайда қосымша сыртқы және iшкi қарыз алуды жүзеге асыруына тыйым салынады. 3-тарау. Даму банкінің капиталы мен кірісі ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 16-бап. Даму Банкінің жарғылық капиталы 1. Даму Банкінің жарғылық капиталы кемiнде отыз миллиард теңгенi құрайды және республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаттары есебiнен құралады. 2. Даму Банкi акцияларының бақылау пакетi Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесiлi болады. 3. Даму Банкінің жарғылық капиталын қалыптастыру тәртібі мен мерзiмдерi оның құрылтай құжаттарында айқындалады. 4. Даму Банкінің жарғылық капиталы, Меморандумға сәйкес экспорттық операцияларға кредит беруден басқа, кредит беру мақсатына жiберiлмейдi және өтiмдiлiгi жоғары қаржы құралдарының iшкi және сыртқы рыноктарында, оның iшiнде осы Заңның 14-бабына сәйкес акцияларды сатып алу үшiн инвестицияланады. ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 17-бап өзгертілді 17-бап. Даму Банкінің провизиялар (резервтер) қалыптастыруы Даму Банкінің сыныпталған активтер және шартты мiндеттемелер бойынша провизиялар (резервтер) қалыптастыруы қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес жүргiзiледi. Даму Банкінің таза кiрiсi Даму Банкінің жылдық есебiн бекіту қорытындылары бойынша резервтiк капиталды қалыптастыруға ғана жұмсалады. 4-тарау. Даму банкінің есебі, есептілігі және тәуелсіз аудиті ҚР 06.07.04 ж. № 571-II (01.01.04 ж. бастап күшіне енеді) (бұр. ред. қара) Заңымен 19-бап өзгертілді 19-бап. Даму Банкінің есеп саясаты 1. Даму Банкінің есеп саясатын жыл сайын Даму Банкінің директорлар кеңесi бекiтедi. 2. Даму Банкі есеп жүргізуді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады. 11.06.03 ж. № 434-11 (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 20-бап өзгерді 20-бап. Есептiлiк Даму Банкi: 1) ай сайын бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға республикалық бюджет ақшасының шығыстары туралы; 2) ай сайын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына - жергiлiктi бюджеттер ақшасының шығыстары туралы; 3) ай сайын бюджеттi атқару және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органдарға - Даму Банкiне республикалық бюджеттен, тиiстi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына - жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген заем қаражаттарының игерiлуi туралы есептiлiктi; 4) аудит жүргiзiлiп, оны акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткеннен кейiн 1 сәуiрден кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Парламентiне және Yкіметіне - жылдық қаржылық есептiлiктi табыс етедi. ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 21-бап. Даму Банкінің аудитi 1. Даму Банкi қызметiнiң аудитiн (сыртқы аудитiн) акционерлердiң жалпы жиналысы белгiлейтiн тәртiппен таңдап алынған аудиторлық ұйым (аудитор) жыл сайын жүзеге асырады. 2. Аудиторлық ұйыммен (аудитормен) қаржы жылының қорытындылары бойынша Даму Банкінің қызметiне аудит жүргiзу туралы келісім-шартты (шартты) Даму Банкінің атынан директорлар кеңесiнiң төрағасы жасайды және директорлар кеңесi бекiтедi. 3. Даму Банкінің жылдық қаржылық есептiлiгi аудит аяқталғаннан кейiн акционерлердiң жалпы жиналысында қаралып, бекітіледi. ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 22-бап өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 22-бап. Даму Банкінің акционерлерi Қазақстан Республикасының Үкіметі және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары Даму Банкінің акционерлерi болып табылады. ҚР 06.07.04 ж. № 571-II (01.01.04 ж. бастап күшіне енеді) (бұр. ред. қара) Заңымен 23-бап өзгертілді 23-бап. Даму Банкінің органдары 1. Даму Банкінің органдары мыналар: 1) жоғары органы - акционерлердiң жалпы жиналысы; 2) басқару органы - директорлар кеңесi; 3) атқарушы органы - Даму Банкінің президентi; 4) бақылаушы органы - ішкі аудит қызметі. 2. Даму Банкi органдарының функциялары, өкiлеттiктерi мен қызмет тәртібі осы Заңда және Даму Банкінің жарғысында белгiленедi. 24-бап. Даму Банкінің директорлар кеңесi 1. Даму Банкiнің директорлар кеңесi, директорлар кеңесiнiң төрағасын қоса алғанда, Даму Банкi акционерлерiнiң жалпы жиналысы сайлайтын жетi мүшеден тұрады. 2. Қазақстан Республикасының Президентi Даму Банкi директорлар кеңесiнiң үш мүшесiнiң кандидатурасын белгiлейдi. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Даму Банкi директорлар кеңесiнiң төрт мүшесiнiң кандидатурасын белгiлейдi; 2) акционерлердiң жалпы жиналысына директорлар кеңесiнiң мүшелерi арасынан Даму Банкi президентінің кандидатурасын ұсынады. 4. Даму Банкi директорлар кеңесiнiң төрағасын Даму Банкi акционерлерiнiң жалпы жиналысы екi жылдан аспайтын мерзiмге сайлайды. 5. Жалпы жиналыста сайлау үшiн директорлар кеңесiнiң мүшелiгiне кандидатуралар осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген ережелер бойынша анықталады. Мемлекеттік қызметшi болып саналмайтын адамдар да директорлар кеңесiнiң мүшесi бола алады. 6. Даму Банкінің директорлар кеңесi Даму Банкінің әрбiр қаржы жылына арналған бюджетiн, Даму Банкінің қызметiн регламенттейтiн өзге де ережелердi бекiтедi, Даму Банкi президентінің ұсынуы бойынша Даму Банкінің вице-президенттерiн, iшкi аудит құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысын тағайындайды және қызметтен босатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 25-бап. Даму Банкінің президентi 1. Даму Банкінің президентi Даму Банкінің атқарушы органы және лауазымы бойынша директорлар кеңесiнiң мүшесi болып табылады. 2. Даму Банкінің президентiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ұсынуы бойынша акционерлердiң жалпы жиналысы тағайындайды және қызметтен босатады. 3. Даму Банкінің президентiне жарғыға сәйкес Даму Банкi қызметiнiң мәселелерi бойынша оралымды және атқарушылық-өкiмдiк шешiмдер қабылдау, Даму Банкi атынан шарттар (келісімдер) жасасу өкiлеттiгi берiлген. 26-бап. 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) алынып тасталды (бұр. ред. қара) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 27-бап өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 27-бап. Даму Банкінің жауапкершiлiгі және дауларды шешу тәртібі 1. Даму Банкi өзiнiң мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер бойынша және тәртiпте жауапты болады. 2. Даму Банкiнің, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының, мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың арасында осы Заңды орындау жөнiнде туындаған барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi. 3. Осы Заңның бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады. Қазақстан Республикасының
|