Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың
Осы редакция 2006 ж. 6 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара Азаматтардың ақпараттық қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыру, телерадио хабарларын таратудың бүкіл инфрақұрылымын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі қаңтарда және шілдеде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын. ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 891 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3. Осы Бағдарламаның iске асырылу барысын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.С.Әйтімоваға жүктелсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 398 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 891 қаулысымен бағдарламаға өзгерістер енгізілді (бұр. ред. қара) 1. Бағдарламаның паспорты 2. Кіріспе 3. Телерадио хабарларын тарату саласы проблемаларының қазіргі жай-күйін талдау 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері 5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және іске асыру тетігі 6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері 7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже 8. Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары Атауы Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы Iске асыру 2004-2006 жылдар мерзiмi Бағдарламаның Бағдарламаның негiзгi мақсаты - Қазақстан мақсаты Республикасы азаматтарының, мемлекеттік билiк, жергiлiктi басқару органдарының, ұйымдары мен қоғамдық бiрлестiктердiң ақпараттық қажеттiлiктерiн неғұрлым толық қанағаттандыру үшiн телевизия және радио хабарларын таратуды дамыту болып табылады Бағдарламаның Мақсатқа қол жеткізу үшiн мынадай мiндеттердi шешу міндеттерi қажет: телерадио хабарларын тарату саласында мемлекеттік реттеудi жетiлдiру және оның тиiмдiлiгiн арттыру; Қазақстан Республикасының халқын "Қазақстан", "Хабар" телевизиялық және Қазақ радиосының бағдарламаларын қабылдауды кезең-кезеңiмен қамтуды қамтамасыз ету; өңiрлiк телевидение және радио хабарларын таратуды дамыту; Қазақстанның бейне саясатын iске асыру; телевизиялық және радио бағдарламаларының техникалық сапасын арттыру; табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде телевизия және радио хабарларын тарату желiсiнiң тұрақтылығы талаптарын қамтамасыз eту; телерадиокомпаниялардың хабар тарату, желiсiн дамытуды ынталандыру; көп бағдарламалы телевизия және радио хабарларын таратуды дамыту; цифрлық телерадио хабарларын тарату жүйесiн құру; телевизия және радио хабарларын тарату желiсi ұсынатын қызмет көрсетулер санын көбейту Қаржыландыру Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджет, көздерi телевизия және радио хабарларын тарату желiсi субъектiлерiнiң өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын болады. 2004-2006 жылдарға арналған есеп айырысу қажеттiлiк 18605926 мың теңгенi құрайды, соның iшiнде республикалық бюджет есебiнен: 2004 жылы - 4884511 мың теңге; 2005 жылы - 5128737 мың теңге; 2006 жылы - 5359530 мың теңге. Күтілетін Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде: нәтиже 1) телевизия және радио хабарларын тарату саласында қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдер жетiлдiрiледi; 2) телевизия және радио хабарларын тарату бағдарламаларының сапасы мен тартымдылығы арттырылады; 3) "Хабар", "Қазақстан" телевизиялық бағдарламаларының және Қазақ радиосының тәулiк сайынғы хабар тарату көлемi тиiсiнше 15, 20 және 24 сағатқа дейiн ұлғайтылады; 4) телевизия және радио хабарларын тарату бағдарламаларының ТМД елдерiне және алыс шетелдерге шығуы үшiн қолайлы жағдайлар жасалады және осы мемлекеттердiң халқына Қазақстанның қоғамдық-саяси, мәдени-экономикалық өмiрi туралы объективтi ақпаратты жеткізу қамтамасыз етiледi; 5) халықты "Хабар" телевизиялық бағдарламаларымен 98%-ғa және "Қазақстан" телевизиялық бағдарламаларымен 96%-ға, сондай-ақ Қазақ радиосының бағдарламасымен 90%-ға дейiн қамтуға кезең-кезеңiмен қол жеткізу қамтамасыз eтiледi; 6) телевизия және радио бағдарламаларын эфирлiк трансляциялау желiсiн жаңғырту аяқталады, оны ұстауғa арналған шығындарды азайтуға мүмкiндiк бередi; 7) 2005 жылы телерадио хабарларын таратудың цифрлық эфирiн тәжiрибелiк пайдалану басталады; 8) қуаттылығы аз телевизия және радиотаратқыштардың отандық өндiрiсi кеңейтiледi; 9) қуаттылығы аз 500 телевизиялық және радиотаратқыштарды ауыстыру жүргiзiледi. Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасының 1999-2005 жылдарға арналған Ұлттық қауiпсiздiгi стратегиясының 3-тарауын, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 2028-124өқ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiгiнiң 1999-2005 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 6.3.2.1. тармағын, Қауiпсiздiк Кеңесiнiң 2001 жылғы 15 наурыздағы отырысы № 1 хаттамасының 1.2.1 тармағын, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 6.5.11 тармағын орындау мақсатында әзiрлендi. Осы бағдарлама тұжырымдамалық құжат болып табылатын, оның бөлiмдерiнiң бiрi ақпараттық қауiпсiздiк пен тәуелсiз ақпараттық кеңiстiктi нығайту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру тұжырымдамасы мәселелерiне арналған Ұлттық қауiпсiздiк стратегиясы негiзiнде әзiрлендi. Бағдарламада саяси маңызы бар, соның iшiнде телевизия және радио хабарларын таратудың арнайы дайындалған бағдарламаларын ТМД елдерiне және алыс шетелдерге трансляциялауды, халықты әртүрлi технологияларды пайдалану арқылы мемлекеттік телевизиялық және радио бағдарламаларымен барынша қамтуды қамтамасыз етудi ұйымдастырудағы жалпыұлттық сипаттағы ең ipi және маңызды мәселелердi шешу көзделедi. Қазақстан Республикасындағы телерадио хабарларын тарату саласының тұтастай алғанда мемлекеттiң де, сол сияқты қоғамның да әлеуметтiк, экономикалық және саяси мүдделерiнiң үлкен спектрiн қамтитын, оны экономиканың айрықша секторына бөлетiн бiрқатар сипатты ерекшелiктерi бар. Осы Бағдарламада телерадио хабарларын тарату саласын дамытудың негiзгi мақсаттары, мiндеттерi және бағыттары, Қазақстан Республикасының радио- және телевизия хабарларын тарату желiсiн жаңғырту мен дамыту жөнiнде 2004-2006 жылдар кезеңiне арналған негiзгi iс-шаралары айқындалған, қаржыландырудың көздерi мен тетiктерi көрсетiлген. 3. Телерадио хабарларын тарату саласы проблемаларының қазіргі жай-күйін талдау Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеу Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасындағы телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай тетiктердiң көмегiмен қамтамасыз етiледi: бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу; радиожиілік спектрiн бөлу; радиожиiлiк номиналдарын телерадиокомпанияларға бекіту; телевизиялық және дыбыстық бағдарламаларды эфирлiк трансляциялау, спутниктiк тарату, эфирлiк-кабельдiк және кабельдiк телевидение, сымдық радио желiлерi бойынша тарату жөніндегі қызмет көрсетулердi лицензиялау, сондай-ақ радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру; тарифтiк саясат; техникалық құралдарды сертификаттау. Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметпен байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы", "Байланыс туралы", "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы", "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" "Лицензиялау туралы" Заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен реттеледi. Сонымен бiрге қолданылып жүрген заңдар радио- және телевизия хабарларын тарату желiсiнiң субъектiлерi арасындағы өзара қатынастарды толық көрсетпейдi, осыған байланысты бұл саланы нормативтiк-құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру қажеттiгi пiсiп-жетiлдi. Қазақстан Республикасындағы телевизия және радио хабарларын таратудың бағдарламалық тұжырымдамасы Мемлекет Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу" Заңына сәйкес және мемлекеттік те, сол сияқты мемлекеттік емес телерадиокомпаниялардың да телевизиялық және радио бағдарламаларды шығару және тарату конкурсына қатысу жолымен телевизиялық және радио бағдарламаларды сатып алу арқылы ақпараттық саясат жүргiзедi. Мемлекеттік тапсырыстағы телерадио бағдарламаларын таратудың тәулiктiк орташа көлемi 2000-2003 жылдары 44-тен 63 сағатқа дейiн өстi, ал тиiсiнше республикалық бюджеттен қаржыландыру 2070 миллионнан 4292 миллион теңгеге дейiн өстi. Мемлекеттік тiлдi дамыту мақсатында 2003 жылы әртүрлi тақырыптық бағыттар бойынша мемлекеттік тiлдегi бағдарламаларды дайындауға республикалық бюджеттен қосымша 150 млн. теңге бөлiндi. Республикалық деңгейде мемлекеттік тапсырысты орындайтын "Хабар" агенттiгi" АҚ, "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" телерадиокомпаниялары өздерiнiң бағдарламаларымен Қазақстан Республикасы аумағының үлкен бөлiгіндегі халықты қамтуды қамтамасыз етедi. Мемлекеттік емес республикалық теле- және радиокомпаниялар "КТК", "НТК", "31 арна", "Рахат-ТВ", "Русское-радио-Азия", "Еуропа плюс Казахстан", "NS-радио" өз қаражаттары есебiнен республиканың едәуiр аумағына хабар таратуды жүзеге асырады. Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Өскемен, Шымкент қалалары ақпараттық кеңiстiктегi неғұрлым серпінді дамуымен ерекшеленеді. Телерадиокомпаниялардың қазақстандық заңнаманың тiлдiк теңгерiмiн сақтау және тақырыптық бағыттылығы әртүрлi өздерiнiң жаңа бағдарламаларын жасаудағы ретрансляция көлемдерi бөлiгіндегі талаптарды орындауға қатысты, телекомпаниялардың мемлекеттік тiлдегi хабар тарату үлесiн көбейтуге компаниялардың ұмтылысындағы оң үрдiсiн атап өту қажет. Түрлi техникалық және шығармашылық мүмкiндiктерi бар жетекшi республикалық телерадиокомпаниялары мазмұны аудиторияның түрлi топтарының ақпараттық қажеттiлiгiн қанағаттандыратын және қазақстандық қоғамды жұмылдыруға, қазақстан халқының мәдени-тарихи құндылықтарының танымал болуына, жұртшылықтың білім деңгейiн көтеруге ықпал ететiн телевизиялық және радио бағдарламаларын жасайды. Осы компаниялардың жоғары көркемдiк өнiмi жалпыұлттық көрермен аудиториялары мен радиотыңдаушылардың көңiлiнен шықты. Өңiрлiк, электрондық бұқаралық ақпарат құралдарын әсiресе шағын жекеменшiктерiн дамыту жергiлiктi экономикалық жағдайға, жарнамалық рынокқа, әр компанияның шығармашылық және техникалық әлеуетiне байланысты. Жергiлiктi бюджеттен қолдауы бар компаниялар ғана жарнама рыногына аса тәуелдi емес. Телерадиокомпаниялардың материалдық-техникалық базасы Телерадиокомпаниялардың телевизиялық және радио бағдарламаларын өндiру және қалыптастыру ақпаратты жазып алу, дайындау және өңдеу жабдықтарымен, сондай-ақ бағдарламаларды алғашқы тарату желiсiне бағдарламаларды мынадай құралдармен беру: радиорелелiк немесе байланыстың талшықты-оптикалық желiлерiмен аппараттық-студиялық кешендерде жүзеге асырылады. Бағдарламаларды жазу, дайындау және өңдеу процестерi Betacam-SP, Betakam-SX, Digital-Betacam, DVC-PRO, DVS-PRO-50, DV форматтарында ескiрген жартылай кәсiби S-VHS форматтағы әлемдiк атағы бар жетекшi өндiргiш Sоnу, Panasonic, Philips, Siemens және басқа да фирмалардың жабдықтарын пайдалана отырып жүзеге асырылады. Республикалық телерадиокомпаниялардың материалдық-техникалық базасы әр буындағы жабдықтар мен форматтардан тұрады, мұның өзi телерадио бағдарламаларды дайындау технологиясын күрделендiруге және олардың сапасын одан әрi жақсартуға, шығармашылық процестiң жеделдеуiне ықпал етпейдi. Телевизиялық және радио хабарлары бағдарламаларын тарату жүйесi Жүйе телерадио хабарларын тарату бағдарламаларын студиядан тұтынушыларға дейiн жеткізудi ұйымдастыруға арналған және бағдарламаларды алғашқы бөлу желiсiн (бағдарламаларды беру арналары) және бағдарламаларды екiншi рет бөлу желiсiн (телерадио хабарларын тарату бағдарламаларын трансляциялаудың жерүстi желiсiн) өзiне қамтиды. Телерадио хабарларын таратудың спутниктiк желiсi 1996 жылдан бастап спутниктiк телевидениенiң (цифрлық) ұлттық желiсiн енгізу басталды және бүгiн Қазақстан ТМД елдерi арасында алғашқылардың бiрi болып телерадио бағдарламаларды халықаралық спутник операторының Intelsat-904 спутниктiк транспондерiн жалға алу жолымен тек спутниктiк арналар бойынша таратуды жүзеге асырады. Бағдарламаларды алғашқы бөлудiң спутниктiк желiсі хабар таратушылар қалыптастырған телевизиялық және радио бағдарламаларын Алматы қаласында орналасқан орталық қабылдау-тарату станциясынан бағдарламаларды екiншi рет бөлу желiсiнiң (трансляцияның жерүстi желiсi) радиотелевизиялық таратқыштарына дейiн (2500 данадан астам) DigiCipher II цифрлық стандартымен жеткізудi қамтамасыз етедi. Бұл телевизиялық және радио бағдарламаларды үлкен аумақтарда шашыраңқы орналасқан және халқының тығыздығы бiркелкi емес тұтынушыларға жеткізудi қамтамасыз етудiң проблемасын шештi. Қазақстан Республикасының аумағында телевизиялық және радио бағдарламаларды тарату бойынша қызмет көрсету жөніндегі рынокта басымдық алып отырған оператор "Кателко" ЖАҚ болып табылады. 2002 жылғы наурыздан бастап "Кателко плюс" коммерциялық жобасының iске қосылуымен республика тұрғындары, сондай-ақ одан тыс жерлерде бейненiң цифрлық сапасымен және 60-90 см антеннаға шартты қол жеткізу стерео дыбысымен бiрге отандық және шетелдiң ең танымал спутниктiк телевизиялық бағдарламаларының жеке пакетiн тiкелей жеке қабылдау мүмкiндiгi берiлдi. Телерадио хабарларын тарату бағдарламаларын эфирлiк трансляциялаудың желiсi Пайдаланылып жүрген тарату құралдары желiсi телевизиялық және радио хабарлары бағдарламаларымен республика халқын қамтуды мынадай көлемде қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi: "Қазақстан" телевизиялық бағдарламасымен - 90,67%; "Хабар" телевизиялық бағдарламасымен - 89,19%; "Ел арна" телевизиялық бағдарламасымен - 62,07%; Қазақ радиосы бағдарламасымен - 79,63%. Қазiргi уақытта "Қазтелерадио" ЖАҚ күшiмен телерадио бағдарламаларының эфирлiк трансляциясының республикалық желiсiн iшiнара жаңғырту жүргiзiлдi: моральдық және физикалық жағынан ескiрген 370-тен астам лампалық телерадиотаратқыш қазiргi заманғы қатты денелi жабдықтарға алмастырылды, 315 қуаттылығы аз ретранслятор автоматты жұмыс режимiне көшiрiлдi. Алайда, микроретрансляторларды қоспағанда, электросыйымдылығы, сенiмдiлiгi төмен, автоматтық деңгейi аз, оларды пайдалану және жұмысқа жарамды күйде ұстап тұруға көп еңбек шығындарын талап ететiн қуатты және қуаттылығы аз телерадиотаратқыштар пайдалану да одан әрi қалып отыр. Сонымен бiрге қолданыстағы антенналық-бағандық және азаматтық құрылыстардың эфирлiк телерадио хабарларын тарату желiсi көпшiлiгiнiң техникалық тозуы шектi нормадан асып кеткен. Соңғы жылдар iшiнде Қазақстан Республикасындағы телерадио хабарларын тарату бағдарламаларын эфирлiк трансляциялау желiсiнiң техникалық құралдарын оңтайландыру мен жаңғырту бойынша жүргiзiлген жұмыстар қажеттi қаржы қаражатының жоқтығынан аса тиiмдi болмады. Жүргiзiлiп жатқан жұмыстардан нақты нәтиже алу үшiн қосымша қаражат тарту, радио- және телевизиялық хабарларын тарату желiсiне жаппай жаңа технологиялар енгізу қажет. Кабельдiк және эфирлiк-кабельдiк телевидение желiсi Қазақстан аумағында ақылы көпбағдарламалы телевидениенiң қызметiн ұсынатын жоғары сапалы және қызмет көрсету деңгейi жоғары кабельдiң және эфирлiк-кабельдiк телевидение желiсiнiң 25-тен астам операторы жұмыс iстейдi. Олардың қызмет аясы әдетте жергiлiктi сипатта болады. Бұл сектор "Алма-ТВ", "Казцентр-ТВ", "Айна TB", "Секател" сияқты бiрнеше iрi операторларға ұсынылған. Бұл ретте арналар пакетi 28-ден 55-ке дейiн телевизиялық бағдарламаларға жетедi. Бүгiнгi күнi кабельдiк және эфирлiк-кабельдiк телевидениенiң инфрақұрылымын тек Алматы, Астана, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Ақтау, Семей сияқты iрi қалаларда ғана дамыту қолға алынды. Эфирлік және сымдық радио хабарларын тарату желiсi Қазақ радиосының бағдарламасы негiзiнен 66-74 МГц (УКВ ЧМ) радиожиiлiк өрiсіндегі жеке дыбыстық режимде таралады. Бұрыннан жұмыс жасап тұрған 8 қуатты радиоорталықтардың 6-уы тоқтатылып, тек 2-уi жұмыс iстеп түр. Ocы радиоорталықтарда қуаттылығы 150 кВт-тан, СВ өрiсіндегі таратқыштар орналастырылған. Қазақстанның iрi қалаларында мемлекеттік емес радиобағдарламаларды ҒМ өрiсiнде трансляциялауды дамыту жеткiлiктi түрде жылдам қарқын алуда. Сымдық тарату желiсiнiң соңғы 10 жылдағы қызметiне жасалған талдау республикада сымдық тарату қызметiн тұтынушылар санының күрт қысқару үрдiсiнiң сақталып отырғандығын көрсетедi. Радиофикация желiлерiн ұстауға, құрал-жабдықтарды ауыстыруға қаражаттың болмауы, мысалға ауылдық жерлердегi сымдық хабар тарату желiсiнiң мүлдем тоқтауына әкелiп соқтырды. Бұрын радиобағдарламаларды тек сымдық радио хабарларын тарату жүйесiмен қабылдап келген елдi-мекендер пункттерiнде радиохабарлар бағдарламаларымен республика халқын қамтуды қамтамасыз ету үшiн радио-бағдарламаларды эфирлiк трансляциялауды ұйымдастыру қажет. Радио- және телевизия хабарларын тарату желiсi субъектiлерiнiң қызметiн қаржылық қамтамасыз ету Телевизиялық және радио бағдарламаларды өндiру, қалыптастыру және/немесе тарату бойынша қызмет көрсететiн республикалық және өңiрлiк телерадиокәсiпорындарды қаржыландыру: тиiстi жылға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаты телерадио хабарларын тарату арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргiзуге мемлекеттік тапсырысты орындау; коммерциялық қызмет кiрiстерi (жарнама және басқа да қызметтердi ұсыну); отандық және шетелдiк инвестициялар, демеушiлiк көмек тарту; тұрғындардан абоненттiк төлем алу; қосымша қызметтер ұсыну шеңберiнде алынатын қаражат есебiнен жүзеге асырылады. Телевизия және радио хабарларын тарату бағдарламаларын өндiру, қалыптастыру және таратуға республикалық бюджеттен бөлiнетiн ақша ағымдарының бөлiнуiне жасалған талдау бұл шығындардың едәуiр бөлiгiнiң телерадио хабарларын трансляциялаудың эфирлiк желiсiн ұстауға жұмсалатынын көрсетедi. Бұл республика халқын теледидар және радио хабарлары бағдарламаларымен барынша қамтуды қамтамасыз ету үшiн қажеттi телевизиялық және радиотаратқыштардың үлкен паркiнiң болуымен, физикалық әрi моральдық жағынан ескiрген жабдықтардың болуымен байланысты. |