|
|
|
«Қазатомөнеркәсiп» Ұлттық атом компаниясының мәселелерi (2006.06.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазатомөнеркәсiп» Ұлттық атом компаниясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 14 шiлдедегi № 3593 Жарлығын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының уранды барлау, өндiру, қайта өңдеу және сату, атом энергетикасы станциялары үшiн ядролық отын өндiру мәселелеріндегі мүддесiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: ҚР Үкіметінің 1998.17.04. № 347 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментi заңдарда белгiленген тәртiппен: Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлігімен, Әдiлет министрлігімен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде "Қазатомөнеркәсiп" ашық акционерлік қоғамын мемлекеттiң жүз проценттiк үлесi бар жабық акционерлік қоғам нысанындағы "Қазатомөнеркәсiп" Ұлттық атом компаниясы (бұдан әрi - Компания) етiп қайта құрсын, құрылтай құжаттарын бекiтсiн және мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн; Компанияның жарғылық қорына 1-қосымшаға сәйкес акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетiн, сондай-ақ 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кәсiпорындардың мүлiктiк кешендерiн берсiн; Компанияға 3-қосымшаға сәйкес "Инкай" және "Катко" шаруашылық серiктестiктерiнiң жарғылық қорларындағы заңды тұлғалардың үлестерiне иелiк ету, оларды пайдалану және басқару құқықтарын беру туралы мәселенi қарасын; Шығыс Қазақстан облысының әкімімен және Компаниямен бiрлесiп "Үлбi металлургия заводы" акционерлік қоғамының тантал өндiрiсiн мүлiктiк жалға беру мүмкiншiлiгiн қарасын; "Қазатомөнеркәсiп" Ұлттық атом компаниясы" жабық үлгiдегi акционерлік қоғамының басқармасын Алматы қаласында орналастыру туралы ұсынысқа келісім берiлсiн және Компанияны Алматы қаласында қажеттi қызметтiк үй-жайлармен қамтамасыз етсiн. 2. Компания "Қазатомөнеркәсiп" ашық акционерлік қоғамының құқықтық мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн. ҚР Үкіметінің 2006.06.06. № 514 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Компанияның негiзгi мiндеттерi (мемлекеттік мүдделердi қамтамасыз етуi кезiнде): уран мен оның құрамаларын сирек кездесетін металдарды барлауды, өндiрудi, қайта өңдеудi; сирек кездесетін металдардың экспортын және импортын; уранды, оның құрамаларын және сирек кездесетін металдарды өндіру процесін сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларын барлауды және өндіруді; атом энергетикасы станциялары үшiн ядролық отын өндiрудi; атом-энергетика кешенiнiң өнiмдерiн дүниежүзiлiк рынокта сатуды; ядролық материалдардың мемлекеттік резервiн ұстауды және оған қызмет көрсетудi; деректер банкiн пайдалану және оларды "Волковгеология" және "Степгеология" акционерлік қоғамдарында орналастыру арқылы аймақтық орталықтар құру жолымен республиканың уран кен орындары жөніндегі геологиялық ақпараттың мониторингiне және оның сақталуы мен таратылуына бақылау жасауға жәрдем көрсетудi; Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттары Сауда министрлігінiң арасында жасалған 1996 жылғы 16 қыркүйектегi "Қазақстаннан уран бойынша антидемпингтiк тексерудi тоқтата тұру туралы келісімнiң" және оған барлық толықтырулардың атқарылуына, сондай-ақ қазақстандық уранды АҚШ рыногына беру жөніндегі квоталардың пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асыру болып айқындалсын. 4. Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлігінiң Геология, жер қойнауын қорғау және пайдалану комитетi: заңдарда белгiленген тәртiппен Инкай-Мыңқұдық кен алқабы бойынша уранды барлауға және өндiруге арналған лицензияларды оған кен орнын бiрлесiп игеру жөніндегі әрiптестiктi таңдау құқығын ұсына отырып Компанияға қайта ресiмдеу туралы ұсыныс енгiзсiн; Компанияны ураны бар материалдарды барлауға өндiруге және қайта өңдеуге арналған лицензияларды беру туралы мәселелердi қараған кезде сараптама жасау үшiн мiндеттi түрде тартсын. 5. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі, Сыртқы iстер министрлігі компаниямен бiрлесiп 1997 жылдың 10 тамызына дейiн Уран мен оның құрамаларының, атом энергетикасы станцияларына арналған ядролық отынның, арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос қолданысты материалдардың экспорты мен импорты жөніндегі ұлттық оператор туралы ереженiң жобасын әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекiтуiне енгiзсiн. 6. ҚР Үкіметінің 1998.18.02. № 116 қаулысымен күші жойылды 7. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Компаниямен бiрлесiп Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулымен сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн. 8. Компания Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментiмен бiрлесiп тиiстi шешiмнiң жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну арқылы Компанияға берiлетiн жекелеген кәсiпорындарды қаржылық сауықтырудың жолдары туралы ұсыныс әзiрлесiн. 9. Компания Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Бухгалтерлiк есеп және аудит методологиясы департаментiмен, сондай-ақ Салық комитетiмен бiрлесiп "Үлбi металлургия заводы" акционерлік қоғамында жинақталған ядролық-отындық материалдардың қоймалық қорларын өзiнiң айналымдық қаражатын арттыруға бағыттайтын бағалауға дейiнгi сомаларды салық салынбайтын кiрiске енгiзе отырып iс жүзiнде қалыптасқан нарықтық бағалардың деңгейiнде қайта бағалауды жүзеге асырсын. 10. Қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлігіне жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің
Үкіметінiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi № 1148 қаулысына 1-қосымша
Атом-энергетика өндiрiсi кешенiнде қызметiн жүзеге асыратын, акцияларының мемлекеттік пакетi «Қазатомөнеркәсiп» Ұлттық атом компаниясының жарғылық қорына берiлетiн акционерлік қоғамдардың ТIЗБЕСI
____________________________________________________________________ Акционерлік қоғамның атауы және | Акциялардың мемлекеттік оның орналасқан жерi | пакетiнiң шамасы, | проценттерде ______________________________________|_____________________________ "Волковгеология" АҚ, Алматы қаласы 90 "Үлбi металлургия заводы" АҚ, Өскемен қаласы 90 "КАТЭП" АҚ, Алматы қаласы 51
Үкіметінiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi № 1148 қаулысына 2-қосымша
Атом-энергетика өндiрiсi кешенiнде қызметiн жүзеге асыратын, мүлiктiк кешенi "Қазатомөнеркәсiп" Ұлттық атом компаниясының жарғылық қорына берiлетiн мемлекеттік кәсiпорындардың ТIЗБЕСI
Қызылорда облысының Шиелi поселкесіндегі № 6 кен басқармасы Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданының Таукент поселкесіндегі Орталық кен басқармасы Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданының Степной поселкесіндегі Степной кен басқармасы Үкіметінiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi № 1148 қаулысына 3-қосымша
«Инкай» және «Катко» шаруашылық серiктестiктерiнiң жарғылық қорларындағы үлестерiне иелiк ету, оларды пайдалану және басқару құқықтары "Қазатомөнеркәсiп" Ұлттық атом компаниясына берiлетiн заңды тұлғалардың ТIЗБЕСI
____________________________________________________________________ Шаруашылық серiктестiгiнiң атауы,| Жарғылық қордағы заңды оның орналасқан жерi | тұлғаның үлесi (%-те) ______________________________________|_____________________________ "Инкай" ЖШС, Алматы қаласы "КАТЭП" АҚ - 33,33 "Катко" ЖШС, Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданының Таукент поселкесi "КАТЭП" АҚ - 36 "Волковгеология" АҚ - 7 Орталық кен басқармасы - 2
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |