|
|
|
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы (2011.03.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 Қаулысымен күші жойылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 қаулысымен бекітілген
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді. ҚР Үкіметінің 2007.23.07. № 619 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген өз құзыретіне сәйкес қабылдауға құқығы бар және (немесе) олар әзірлеушілері болып табылатын мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - уәкілетті органдар) заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдеріне мониторинг жүргізу тәртібін белгілейді. Осы Ереже мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге немесе олардың жекелеген бөліктеріне қолданылмайды. 3. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің (бұдан әрі - заңға тәуелді кесімдер) мониторингі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін және ескірген құқық нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау әрі оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану бойынша уақытылы шаралар қабылдау үшін жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2007.23.07. № 619 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Заңға тәуелді кесімдерге мониторингті тиісті уәкілетті орган (оның ішінде іске асыруды уәкілетті орган жүзеге асыратын бұрын қабылданған кесімдер бойынша) әзірлеген және (немесе) қабылдаған заңға тәуелді кесімдерге қатысты уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) ведомстволары (бұдан әрі - бөлімшелер) тұрақты негізде жүргізеді. ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2187 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Уәкілетті органдарда заңға тәуелді кесімдердің мониторингі бойынша бөлімшелердің қызметін үйлестіруді заң қызметтері, олар болмаған жағдайда - уәкілетті органның басшысы айқындайтын құрылымдық бөлімшелер (бұдан әрі - тиісті құрылымдық бөлімшелер) жүзеге асырады. 6. Заңға тәуелді кесімдердің мониторингі бойынша уәкілетті органдардың қызметін үйлестіруді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2007.23.07. № 619 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.03.05. № 476 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді 7. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген мақсаттарда мониторинг жүргізу кезінде бөлімшелер мыналарды қарайды: 1) тиісті уәкілетті орган әзірлеген және (немесе) қабылдаған (оның ішінде іске асыруды уәкілетті орган жүзеге асыратын бұрын қабылданған кесімдер) заңға тәуелді кесімдерді; 2) қаралатын заңға тәуелді кесімдерді реттеу мәніне байланысты нормативтік құқықтық кесімдерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын; 3) заңға тәуелді кесімдерді қолдану практикасына қатысты уәкілетті органға келіп түскен азаматтардың өтініштерін талдау мен қорыту және прокурорлық қадағалау актілерін, сот шешімдерін, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымдарын қарау нәтижелерін; 4) заңға тәуелді кесімдерді қолдану туралы мәліметтер (статистикалық деректерді қоса алғанда) және басқа бөлімшелер, сондай-ақ уәкілетті органның сұрау салуы бойынша оның аумақтық органдары және (немесе) мүдделі мемлекеттік органдар беретін оларды жетілдіру туралы ұсыныстарды; 5) заңға тәуелді кесімдердің қабылдануына және қолданылуына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарындағы және көпшіліктің қолы жетімді телекоммуникациялық жүйелердегі интернет-ресурстардағы жарияланымдарды; 6) қолданыстағы заңнаманың проблемалары бойынша өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялардың, семинарлардың, кеңестердің ұсынымдарын, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар ұсынатын материалдарды. Жоғары тұрған деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде уәкілетті органның бөлімшелері тиісті құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, үш жұмыс күні ішінде жоғары тұрған деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілерді реттеу нысанасына байланысты заңға тәуелді актілерге талдау жасайды. Заңға тәуелді актілердің жоғары тұрған деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда жоғары тұрған деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілер күшіне енген күннен бастап бір ай мерзімде уәкілетті органның бөлімшелері тиісті құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану жөнінде шаралар қабылдайды. Уәкілетті органдар қабылдаған шаралар туралы ақпаратты нормалары жоғары тұрған деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін заңға тәуелді актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді немесе олардың күші жойылды деп тануды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді қоса тіркей отырып, олар қабылданғаннан кейін бір апта мерзімде әділет органдарына ұсынады. ҚР Үкіметінің 2011.03.05. № 476 Қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды 7-1. Мемлекеттік орган басшысының (оның міндетін атқарушының) бұйрығымен Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тіркеліміне енгізілген барлық заңға тәуелді актілерге (өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы актілерді есептемей) қатысты жүйелі негізде талдау жүргізуді көздейтін заңға тәуелді актілерге тиісті құрылымдық бөлімшелердің өз уәкілетті органының бөлімшелерімен бірге мониторинг жүргізу кестесі (бұдан әрі - Кесте) ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей бекітіледі. Кесте Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің (өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы актілерді есептемей) тіркеліміне енгізілген заңға тәуелді актілерге мониторинг жүргізудің іс-шаралары мен нақты мерзімдерін, сондай-ақ мониторинг жүргізілген заңға тәуелді актілерге кезең-кезеңмен оралуды (әр жартыжылдықта, осы жартыжылдықта қабылданған актілерді қоспағанда) көздейді. ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2187 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.03.05. № 476 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді 8. Осы Ереженің 7-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әр тоқсанның соңғы айының бірінші күніне дейін бөлімшелер өзінің уәкілетті органының тиісті құрылымдық бөлімшелеріне жүргізілген мониторинг туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда анықталған заңға тәуелді кесімдерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану туралы ұсыныс береді. ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2187 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.03.05. № 476 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді 9. Тиісті құрылымдық бөлімшелер алынған ақпарат пен ұсыныстарды олар түскен сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде талдайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті бөлімшелермен бірлесіп, отырып тиісті заңға тәуелді кесімдердің жобаларын әзірлеу бойынша шаралар қабылдайды. Мониторинг нәтижесінде әзірленген Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларының жобалары аяқталған тоқсаннан кейінгі айдың 5 күнінен кешіктірмей мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі. ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2187 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 10. Осы Ереженің 21-тармағына сәйкес әділет органдарына беру үшін уәкілетті органның жүргізген жұмыс қорытындылары бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелер жылына екі рет қорытылған ақпаратты дайындайды. ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2187 Қаулысымен 10-1-тармақпен толықтырылды 10-1. Заңға тәуелді кесімдерге мониторинг жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету үшін уәкілетті органдар тоқсан сайын әділет органдарына өткен тоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге басшылары бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдар, Орталық сайлау комиссиясы қаулыларының, мәслихаттар шешімдерінің, сондай-ақ әкімдіктер қаулылары мен әкімдер шешімдерінің тізбесін (ішкі ведомстволық мәселелер бойынша ұйымдастырушылық-кадр және қаржылық-материалдық сипаттағы актілерді қоспағанда) ұсынады. ҚР Үкіметінің 2007.19.11. № 1094 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 11. Мониторинг жүргізу кезінде бөлімшелердің өзара іс-қимыл тәртібін орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайларда - уәкілетті органның басшысы анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2007.23.07. № 619 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2187 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ өзгертілді 12. Мониторинг үшін пайдаланылатын заңға тәуелді кесімдердің жекелеген туралы ақпаратты жинау, есепке алу және сақтау мақсатында тиісті құрылымдық бөлімшелер уәкілетті органның заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдер тіркелімдерін (бұдан әрі - тіркелімдер) мынадай заңға тәуелді кесімдердің түрлері бойынша жүргізеді: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары; 2) Қазақстан Республикасы министрлерінің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары; 3) орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары; ҚР Үкіметінің 2007.19.11. № 1094 Қаулысымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2187 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері. Тіркелімдер осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2007.23.07. № 619 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2187 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 13. Уәкілетті органдарда тіркелімдерді тиісті құрылымдық бөлімше жүргізеді. ҚР Үкіметінің 2007.19.11. № 1094 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 14. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелімді министрлік жауапты хатшысы анықтаған бөлімше маманы жүргізеді. ҚР Үкіметінің 2007.23.07. № 619 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15. Тіркелімдер журналдарды білдіреді. 16. Тіркелімдердің бір бетіне тек бір нормативтік құқықтық кесім туралы мәліметтер енгізіледі. Бір бетке екі және одан артық нормативтік құқықтық кесімдер туралы мәліметтерді енгізуге жол берілмейді. 17. Тіркелімдер беттерінің нөмірленуі ретті болып табылады. 18. ҚР Үкіметінің 2007.23.07. № 619 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 19. Тіркелімдер мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Іс-қағаздары тек мемлекеттік тілде ғана жүргізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктерде тіркелім мемлекеттік тілде ғана жүргізілуі мүмкін. ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2187 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 20. Тіркелімдер электронды тәсілмен жүргізілуі мүмкін. ҚР Үкіметінің 2011.03.05. № 476 Қаулысымен 20-1-тармақпен толықтырылды 20-1. Тіркелімге мәліметтерді енгізу нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгеннен кейін он жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2007.23.07. № 619 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.03.05. № 476 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 21-тармақ өзгертілді 21. Уәкілетті органдар жарты жылдың қорытындылары бойынша қабылдануының хронологиялық тәртібімен Тіркелімге сәйкес мониторинг жүргізілетін заңға тәуелді актілердің тізбесін, сондай-ақ Кестенің көшірмесін қоса бере отырып, мониторинг нәтижелері туралы ақпаратты заңға тәуелді кесімдердің түрлері бойынша бөлек 15 қаңтарға және 15 шілдеге қарай осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және осы Ереженің 7-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді әділет органдарына мынадай тәртіппен: орталық мемлекеттік органдар - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне; жергілікті мемлекеттік органдар - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне одан әрі беру үшін аумақтық әділет органдарына ұсынады. Әділет органдары кезең-кезеңмен, бірақ жартыжылдықта кемінде бір рет уәкілетті органдармен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нақты шаралар әзірлеу мақсатында уәкілетті органдардың мониторинг нәтижелерін талқылайды. ҚР Үкіметінің 2011.03.05. № 476 Қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 22. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ұсынылған ақпаратты талдайды және қорытады әрі органдар жүргізген заңға тәуелді актілер мониторингінің нәтижелері бойынша қажет болған жағдайда тәртіптік не көтермелеу сипатында шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізе отырып, осы ақпаратты 10 ақпанға және 10 тамызға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолдайды. 23. Осы Ереженің 21 және 22-тармақтарын іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірыңғай электронды құжат айналымы жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылуы мүмкін. ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен 24-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 24. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі өзінің интернет-ресурсында жарты жылдың қорытындылары бойынша заңға тәуелді кесімдердің мониторингі туралы уәкілетті органдардың ақпаратын талдау және қорыту нәтижелерін орналастырады. 25. Уәкілетті орган және Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдардың сұраулары және азаматтардың өтініштері бойынша заңға тәуелді кесімдердің жүргізілген мониторингі туралы ақпаратты ұсынады.
құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесіне 1-қосымша
Нормативтік құқықтық кесімдердің тізілімі (200__жылғы________________)
кестенің жалғасы
Ескертпе:
тіркелім мөлшері мынадай параметрлерге сәйкес келуі тиіс: көлденеңі 42 см, ұзындығы 25 см.
ҚР Үкіметінің 2007.23.07. № 619 Қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2007.19.11. № 1094 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесіне 2-қосымша
1 нысан
Мониторинг нәтижелері___________________________________ (заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесім түрінің атауы) _______________________________________________________________ (уәкілетті органның атауы) (сандық аппарат көрсетіледі)
Ескертпе:
1-жолда негізгі кесімдердің (өзгерістерді және/немесе толықтыруларды есептемей) саны көрсетіледі. орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайларда - уәкілетті органның басшысы ___________________________ (Т.А.Ә) 200__ жылғы __________ _______________ _____________ (қолы)
№ 2 нысан
Заңнамаға қайшы келетін анықталған_____________________________ (заңға тәуелді кесімнің түрі) жөніндегі және олар бойынша _______________________________________ (уәкілетті органның атауы) қабылданған немесе қабылдайтын шаралар туралы ақпарат (сипаттама ақпарат көрсетіледі)
кестенің жалғасы
№ 3 нысан
________________________ іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі (заңға тәуелді түрі) және олар бойынша _______________________________ қабылданған (уәкілетті органның атауы) шаралар туралы ақпарат (сипаттама ақпарат көрсетіледі)
кестенің жалғасы
Ескертпе: осы нысанды толтырған кезде тек тиімсіз деп танылған және ол бойынша шаралар қабылданған анықталған нормативтік құқықтық кесім бойынша ақпарат енгізіледі Уәкілетті органның басшысы __________________________________ (Т.А.Ә.) 200_ жылғы «__»__________
№ 4 нысан
ескірген норманы қамтитын анықталған _________________________ (заңға тәуелді кесімнің түрі) жөніндегі және олар бойынша __________________________________ (уәкілетті органның атауы) қабылданған немесе қабылдайтын шаралар туралы ақпарат (сипаттама ақпарат көрсетіледі)
кестенің жалғасы
Уәкілетті органның басшысы __________________________________ (Т.А.Ә.)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |