Халықтың көшi-қоны туралы 1997 ж. 13 желтоқсандағы № 204-I (2007.12.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 6 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар) 2-тарау. Еңбек көші-қоны (5 - 8 баптар) 3-тарау. Көшiп келу (9 - 18 баптар) 4-тарау. Көшiп келудiң түрлерi. Көшiп келушiлердiң (19 - 29 баптар) келу тәртібі. Тұруға ықтиярхаттар 5-тарау. Көшiп кету (30 - 32 баптар) 6-тарау. Көшi-қон процестерiн басқару (33 - 35 баптар) 7-тарау. Қорытынды ережелер (36 - 41 баптар)
27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді Осы Заң халықтың көшi-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, көшi-қон процестерiнiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн, сондай-ақ оралмандар үшін жерде қажетті тіршілік жағдайларын жасауды белгiлейдi.
27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда 1-бап. Негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) босқындар - саяси сенімдері, нәсілдік, діни наным, азаматтық, ұлттық белгілері, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкін екендігінің негізделген қаупі төнуі себепті өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде тұруға мәжбүр болған және осындай қауіп салдарынан өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе қорғауын пайдаланғысы келмейтін шетелдіктер немесе осындай қауіп салдарынан өзінің бұрынғы кәдуілгі тұрғылықты елінен тыс жерде тұрып жатқан, оған қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін азаматтығы жоқ адамдар; 2) ішкі көші-қон - жеке адамдардың Қазақстан Республикасының ішінде қоныс орнын тұрақты немесе уақытша, сондай-ақ маусымдық ауыстыруы; 3) көшіп келушілер - Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұруға келген шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар; 4) көшіп келу - шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі; 5) көшіп келу квотасы - жыл сайын Қазақстан Республикасы аумағына қоныс аударуға рұқсат берілетін көшіп келушілерді сан жағынан шектеу; 6) оралмандардың көшіп келу квотасы - жыл сайын Қазақстан Республикасы аумағына қоныс аударуға рұқсат берілетін оралмандардың отбасы саны, оларға осы Заңға сәйкес жеңілдіктер мен өтемақылар қолданылады; 7) ұжымдық көшіп келу - Қазақстан Республикасына ұйымдасып қоныс аудару; 8) көшіп-қонушылар - Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасынан кеткен, сондай-ақ себептеріне және уақытының ұзақтығына қарамастан Қазақстан Республикасының ішінде қоныс аударған адамдар; 9) көші-қон - жеке адамдардың бір мемлекеттен басқа мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде қоныс орнын тұрақты немесе уақытша, ерікті немесе амалсыздан ауыстыруы; 10) заңсыз көшіп келушілер - келу, кету, болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүріп өту тәртібін реттейтін заңдарды бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген және онда болатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар; 11) оралмандар - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар; 12) репатриация - Қазақстан Республикасы азаматтарының өз отанына ерікті немесе амалсыздан қайтып оралуы; 13) отбасымен көшіп келу - Қазақстан Республикасында тұрып жатқан өзінің отбасы мүшелерімен бірігу үшін отбасы мүшесінің және мүшелерінің Қазақстан Республикасына келуі; 14) еңбек көші-қоны - жеке адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыру үшін басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан, сондай-ақ мемлекет ішінде қоныс орнын уақытша ауыстыруы; 15) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган халықтың көші-қоны саласында көші-қон саясатын жүзеге асырушы және жұмысты үйлестіруші орталық атқарушы орган (бұдан әрі - уәкілетті орган); 16) уақытша орналастыру орталығы - өздерін оралмандар деп тану туралы өтініш берген адамдардың және олардың отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болуына арналған орын; 17) көшіп кетушілер - Қазақстан Республикасының басқа мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін көшіп кеткен азаматтары; 18) көшіп кету - Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін кетуі.
2-бап. Халықтың көшi-қонын реттейтiн заңдар Көшi-қон саласындағы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді 3-бап. Халықтың көшi-қонын реттеудiң негiзгi принциптерi Халықтың көшi-қонын реттеу; - Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етiлген адамның тұратын жерiн еркiн таңдау құқығын, еңбек бостандығын, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауын, кету бостандығын, жүрiп-тұру бостандығын қамтамасыз ету; - шығу тегiне, әлеуметтiк, қызмет және мүлiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрақтылықты жерiне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарай қандай да бiр кемсiтуге жол беруге болмайтындығы; - Қазақстан Республикасы көшi-қон заңдарының республиканың қазiргi әлеуметтiк-экономикалық жағдайын, оның өткен тарихы мен дәстүрлерiн, даму перспективаларын ескере отырып, Көшi-қон жөніндегі халықаралық ұйымның халықаралық нормалары мен ұсыныстарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету; ұлты қазақ адамдарды Қазақстан Республикасына қоныстандыруға жан-жақты жәрдемдесу, олардың қоныс тебуін ұйымдастыру, жұмыс орындарын ашу, оралмандарды әлеуметтік қамсыздандыру және оларға әлеуметтік көмек көрсету; - әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайдың өзгеруiне байланысты ықтимал көшi-қон мен көшi-қон лектерiнiң бағыттарын болжауға негiзделген iс-әрекеттердiң орташа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi бағдарламаларында әлеуметтiк-экономикалық ынталандыруды талдап жасау негiзiнде ел iшiнде де, одан тыс жерлерде де жөн-жосықсыз және ретсiз процестердi болғызбау; - көшi-қон процестерiн ретке келтiрудi ұйымдастыруға тиiстi мемлекеттік органдардың қатысуы; - бастаманы мемлекеттік атаулы қолдау жағдайында көшiп-қонушылардың жаңа қоныста жайласуға жеке өзiнiң қатысуы және әрқайсысының, ең алдымен экологиялық және дүлей зiлзала аймақтарынан қоныс аударушылардың өз бетiнше iс-әрекет етуi; - басқа елдермен, әсiресе көшiп келушiлердi қабылдаушы елдермен оқып білім алу, кәсiби даярлық, еңбек көшi-қоны түрiнде заңсыз көшiп-қонуды азайту саласында ынтымақтастық жасау принциптерiне негiзделедi. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді; 2007.12.01 № 227-III ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4-бап. Көші-қон субъектілері және оларды тіркеу Басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына қоныс аударған көшіп келушілерге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, оралмандар, босқындар мәртебесі не Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген өзге де мәртебе беріледі. Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге заңды негіздерде қоныс аударған адамдар көшіп кетушілер мәртебесін алады. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің қызметкерлері, шет елдерде уақытша еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары, бітімгершілік борышын орындап жүрген әскери қызметшілер, сондай-ақ шет елдерде оқып, емделіп жүрген, туристік сапарда, ұйымдар мен жеке адамдардың шақыруы бойынша, қызметтік іссапарда жүрген адамдар көшіп кетушілерге жатпайды. Қазақстан Республикасына келген кезде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көші-қон карточкалары беріледі. Қазақстан Республикасының аумағындағы әрбір көші-қон субъектісі өзінің тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде тіркелуге міндетті. Көші-қон субъектілерін тіркеу жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады. Жеке басты куәландыратын құжаттар тізбесін және тіркеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді 5-бап. Еңбек көшi-қонын жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдегі Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Еңбек көшi-қонын реттеу кезiнде iшкi еңбек рыногын қорғауға басым мән берiледi. Бұл орайда еңбекшiлердi - Қазақстан Республикасы аумағына заңды түрде жiберiлген көшiп келушiлердi еңбек рыногындағы жағдайға байланысты көшiрiп жiберуге жол берiлмейдi. Осы Заңның 11-бабында көзделген жағдайларда шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметi еңбек көшi-қоны ретiнде қаралмайды. 6-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде еңбек қызметiн жүзеге асыруы Әскери қызметтегi адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде еңбек қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметiн жүзеге асыру мақсатымен шетелге баруын шектеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жол берiледi. 7-бап. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына еңбек көшi-қоны бойынша келу шарты Қазақстан Республикасына азаматтығын ауыстыруға байланыссыз, еңбек көшi-қоны ретiмен келген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, егер мемлекетаралық келісімдерде өзгеше тәртiп белгiленбесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрғылықты жерi болуға тиiс. Қазақстан Республикасына келген және уәкiлеттi органның тиiстi рұқсатынсыз еңбек қызметiн жүзеге асырушы шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, егер мемлекетаралық келісімдерде өзгеше тәртiп белгiленбесе, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iшкi iстер органдары Қазақстан Республикасынан кетiруге тиiс. 2007.12.01 № 227-III ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруының шарттары Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жеке кәсіпкерлік субъектілері бола алады. Бұл ретте заңды тұлға құрмай шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді. Шетелдік жұмыс күшін тартатын, жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өз қаражаты есебінен қазақстандық азаматтарды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен тараудың тақырыбы өзгертілді 3-тарау. Көшiп келу 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді 9-бап. Оралмандардың көшiп келу квотасын белгiлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi осы Заңға сәйкес жеңілдіктер мен өтінімдер берілетін адамдар үшін алдағы жылға және (немесе) болашаққа арналған оралмандардың көшiп келу квотасын белгiлейдi. Меншiк нысанына қарамастан барлық ұйымдардың және мемлекеттік басқару органдарының орындауы үшiн мiндеттi оралмандардың көшiп келу квотасын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiде көшiп келушiлердiң қай елден қоныс аударатыны көрсетіліп, отбасылардың шекті саны, оларды қабылдауға, жайғастыру мен бейiмдеуге қажеттi шаралар, олар қоныстануға тиiстi аймақтар, оралмандар үшiн сараланған жәрдемақылар мен жеңiлдiктер жүйесi белгiленедi. Оралмандардың көшiп келу квотасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасы Президентінің айрықша құзыретi болып табылады. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда 10-бап. Көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері Тұруға ықтиярхат алған көшіп келушілер Қазақстан Республикасында барлық құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей міндеттерді мойнына алады. 27.03.02 ж. № 313-11 ; 2007.12.01 № 227-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 11-бап өзгертілді 11-бап. Көшiп келушiлер болып табылмайтын адамдар Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер олар: 1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бөлiмдерде әскери қызметте тұрса; 2) дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың құрамына кiрсе; 3) Қазақстан Республикасында оқуда немесе өндiрiстiк практикада жүрсе; 4) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асырса; 5) Қазақстан Республикасында ресми тiркелген дiни бiрлестiктерде кәсiби қызметтi жүзеге асырса; 6) Қазақстан Республикасында тiркелген шетел бұқаралық ақпарат құралдарының, радиосы мен теледидарының өкiлдерi болса; 7) Қазақстан Республикасына турист ретінде, қайырымдылық әрі ізгілік көмек көрсету және іскерлік кездесулерді жүзеге асыру мақсатында келсе; 8) теңiз және өзен кемелерi, әуе, темір жол және автомобиль көлiктерi экипаждарының мүшелерi болса, көшіп келушілер болып табылмайды. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды көшiп келушiлер деп танымайтын басқа да жағдайларды белгiлеуi мүмкiн. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдардың құқықтық мәртебесi Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленедi. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 12-бап алып тасталды 12-бап. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда 13-бап. Көші-қон іс-шараларын қаржымен қамтамасыз ету Көші-қон іс-шараларын қаржымен қамтамасыз ету республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражат, сондай-ақ ұйымдардың, соның ішінде шетелдік ұйымдардың ерікті аударымдары, жеке адамдардың қайырмалдығы есебінен жүзеге асырылады. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда; 2007.12.01 № 227-III ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 14-бап. Өтініштерді беру, оларды қарау және адамдарды оралмандар деп тану тәртібі Адамдардың оралмандар деп тану туралы өтінішін отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі тікелей өзі немесе уәкілетті өкілі арқылы Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне, консулдық мекемелеріне немесе уәкілетті органға береді. Оралман мәртебесін беру және отбасын оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті қарау, сондай-ақ осы мәселелер бойынша шешімді ол тіркелген күннен бастап екі ай ішінде уәкілетті органның аумақтық қызметтері қабылдайды. Оралмандар деп танылған адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік беріледі. Оралманның куәлігі қатаң есепте болатын құжат болып табылады және осы Заңда көзделген жеңілдіктер мен өтінімдерді алу үшін негіз болады. Уәкілетті органның аумақтық қызметтерінің шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға болады. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда; 2007.12.01 № 227-III ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 15-бап. Өздерін оралмандар деп тану туралы өтініш берген адамдардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне, консулдық мекемелеріне немесе уәкілетті органға өздерін оралмандар деп тану туралы өтініш берген және Қазақстан Республикасының аумағына келген адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін қолданылып жүрген құқықтарды пайдаланады және міндеттерді мойнына алады. Өздерін оралмандар деп тану туралы өтініш берген адамдардың уақытша орналастыру орталықтарында тұру жағдайын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне немесе консулдық мекемелеріне өздерін оралмандар деп тану туралы өтініш берген және Қазақстан Республикасының аумағына келген адамдар: уақытша орналастыру орталығына жолдама алғаннан кейін үш күн ішінде сол жерге жүріп кетуге; тұрып жатқан жері туралы тиісті уәкілетті органның аумақтық қызметтерін хабардар етуге және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарында тіркеуден өтуге; уақытша орналастыру орталығында тұрудың белгіленген тәртібін сақтауға; денсаулық сақтау органдарының талап етуі бойынша медициналық тексеруден өтуге, ектіруге, емделуге, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының нұсқамаларын орындауға; өтінішті қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті көші-қон қызметіне хабарлауға міндетті. Оралман мәртебесі ол Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін тоқтатылады. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 16-бап алып тасталды 16-бап. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 17-бап алып тасталды 17-бап. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді 18-бап. Лауазымды адамдардың заңсыз көшіп келушілерді жұмысқа қабылдағаны үшін жауапкершілігі Меншiк нысандарына қарамастан ұйымдар басшыларының Қазақстан Республикасы аумағына заңсыз келген көшiп келушiлердi жұмысқа қабылдау жөніндегі қасақана iс-әрекеттерi, сондай-ақ лауазымды адамдардың олардың қатысуымен нотариаттық немесе қандай да бiр заңдық iс-әрекеттер жасауы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгендей жауапкершiлiкке әкеп соғады. 4-тарау. Көшiп келудiң түрлерi. Көшiп келушiлердiң келу тәртібі. Тұруға ықтиярхаттар 19-бап. Отбасымен көшiп келу Көшiп келушiнiң отбасын мына адамдар құрайды жұбайы (зайыбы), олардың ата-аналары және оның қарауындағы (соның iшiнде асырап алған) балалары, сондай-ақ ата-аналары немесе бұрынғы тұрған жерiнде оларды бағып-күтуге мiндеттi қорғаншылары жоқ кәмелетке толмаған аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi. Қазақстан Республикасына он сегiз жасқа дейiнгi балалардың қоныс аударуы олардың ата-анасының және асырап алушыларының (қорғаушыларының немесе қамқоршыларының) келісімi бойынша шешiледi. Бұл орайда он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi балаларға олардың нотариат куәландырған келісімi ұсынылады. Дербес отбасын құрмайтын, бiрақ Қазақстан Республикасына ата-анасынан (қорғаншыларынан немесе қамқоршыларынан) бөлек қоныс аударатын он сегiз жасқа толмаған жасөспiрiмдерге қатысты олардың ата-анасының (қорғаншыларының немесе қамқоршыларының) ресми куәландырылған жазбаша келісімi талап етiледi. Ұжымдық көшiп келу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тарихи отанына ұжымды түрде қайтып оралуға тiлек бiлдiрген адамдарды ұйымдастырып көшiру туралы шешiмiне сәйкес жүзеге асырылады. 21-бап. Көшiп келушiлердiң Қазақстан Республикасына келу тәртібі Көшiп келушiлердiң Қазақстан Республикасы аумағына келуiн ресiмдеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 2007.12.01 № 227-III ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 22-бап. Шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына келуіне бас тарту негіздерi Шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына: а) мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті немесе халықтың денсаулығын сақтау мүдделеріне орай; б) егер оның іс-әрекеті конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталса; в) егер ол Қазақстан Республикасының егемендігіне қарсы шықса, оның аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса; г) егер ол мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты тұтандырса; д) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса; е) егер ол террористік әрекеті үшін сотталған болса не сот оны аса қауіпті рецидивист деп таныса; ж) егер ол, оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасында болу және одан шығып кету үшін қажетті қаражатының бар екендігі туралы растауды табыс етпесе; з) егер оның Қазақстан Республикасында бұрын болған кезінде шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы, Қазақстан Республикасының кеден, валюта немесе өзге де заңнамаларын бұзған фактілері анықталса; и) егер ол келу туралы өтініш жасаған кезде өзі жөнінде жалған мәліметтер хабарласа немесе қажетті құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде табыс етпесе, келуіне бас тартылуы мүмкін. Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шығарып жіберу туралы шешім шығарылған күннен бастан бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді 23-бап. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына арналған құжаттар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға ішкі істер органдарынан рұқсат алған шетелдіктерге шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, ал азаматтығы жоқ адамдарға - азаматтығы жоқ адамның куәлігі беріледі. Шетелдiкке Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 01.03.01 ж. № 160-11 ҚР Заңымен 24-бап толықтырылды; 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда; 2007.12.01 № 227-III ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 24-бап. Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартудың не тұрақты тұруға рұқсатты жоюдың негізi Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға: 1) көрінеу заңсыз көшіп-қонушыларға, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшін өздері шыққан елдердің заңнамасы бойынша қудалауға ұшыраған адамдарға; 2) сотталғанға дейін тұрақты тұратын жері Қазақстан Республикасының шегінен тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға; 3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған адамдарға; 4) оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, өзінің төлем қабілеттілігін растауды Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерде табыс етпеген адамдарға; 5) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органдарының қорытындысына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында эпидемияның таралуына себепші болуы мүмкін сырқаты бар адамдарға; 6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен уәкілетті органның, ішкі істер органдары мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шешімдері негізінде шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұзған адамдарға; 7) мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты тұтандыратын адамдарға; 8) әрекеті конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған адамдарға; 9) Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы шыққан, оның бірлігі мен аумағының тұтастығын бұзуға шақырған адамдарға; 10) террористік әрекеті, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы бар адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылуы не бұрын берілген рұқсат жойылуы мүмкін. Бұл ретте қылмыстың ауырлығы, сотталғандығының болуы немесе болмауы Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады; |