|
|
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Бірлік» тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне беру туралы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Бірлік» тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) мүліктік кешен ретінде заңнамада белгіленген тәртіппен Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне берілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіпорынды қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлімде: реттік нөмірі 39-жол алынып тасталсын; 3) ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 683 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. i
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |