|
|
|
Сатып алу және тауар интервенцияларын, сондай-ақ азық-түлік тауарларын сақтау, өңдеу, тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесін бекіту туралы (2015.05.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Yкiметiнiң 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1185 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2010.23.04. № 346 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.05.02. № 39 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2010.23.04. № 346 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.05.02. № 39 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған сатып алу және тауар интервенцияларын, сондай-ақ азық-түлік тауарларын сақтау, өңдеу, тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.27.08. № 776 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.27.05. № 589 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1106 Қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2010.23.04. № 346 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.05.02. № 39 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Сатып алу және тауар интервенцияларын, сондай-ақ азық-түлік тауарларын сақтау, өңдеу, тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесі
1. «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы; 2. «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |