«Тергеу органдарының, соның ішінде қылмыстық істерді тергеу бойынша қызметтер берілген арнайы прокурорлардың және анықтау органының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды есепті бекіту туралы (2011.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Бас прокурорының 2014 жылғы 1 қазандағы № 102 бұйрығымен 2015 ж. 1 қаңтарынан бастап күші жойылды
ҚР Бас Прокурорының 2011.30.12. № 148 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
Тергеу және анықтау органдарының жұмысы туралы статистикалық есепті оңтайландыру және жетілдіру, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 3 желтоқсандағы Заңының нормаларымен сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: ҚР Бас Прокурорының 2011.30.12. № 148 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 1. Бекітілсін: 1) осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес «Тергеу органдарының, соның ішінде қылмыстық істерді тергеу бойынша қызметтер берілген арнайы прокурорлардың және анықтау органының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды есебі; 2) осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес «Тергеу органдарының, соның ішінде қылмыстық істерді тергеу бойынша қызметтер берілген арнайы прокурорлардың және анықтау органының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды есептің құрылуы жөніндегі Нұсқаулық. 2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2009 жылғы 19 қаңтардағы «Тергеу және анықтау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды статистикалық есепті және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» № 3 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5679 тіркелген) күшін жойды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|