Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке
  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

«Тергеу және анықтау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды статистикалық есепті және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 2 Бұйрығы

 

Осы редакция 2011 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Тергеу және анықтау органдарының жұмысы туралы статистикалық есепті оңтайландыру және жетілдіру, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 3 желтоқсандағы Заңының нормаларымен сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабының  4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Бекітілсін:

1) «Тергеу және анықтау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды статистикалық есеп 1-қосымшаға сәйкес;

2) «Тергеу және анықтау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды статистикалық есептің құрылуы жөніндегі Нұсқаулық 2-қосымшаға сәйкес.

2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2009 жылғы 19 қаңтардағы «Тергеу және анықтау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды статистикалық есепті және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» № 3 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5679 тіркелген) күшін жойды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге;

2) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

5. Осы бұйрық қолданысқа Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры

 

Қ. Мәми

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг