Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы (2011.17.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.13.06. № 491 қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1112 қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «Мәдениет» деген сөз «Байланыс» деген сөзбен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 29.06.02 ж. № 710; 20.03.04 ж. № 364; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1 тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң атынан Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясымен («Мир» МТРК) жұмысты үйлестiру жөніндегі уәкiлеттi орган болып белгiленсiн. ҚР Үкіметінің 29.06.02 ж. № 710; 20.03.04 ж. № 364; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара); 2005.30.11. № 1176 (бұр.ред.қара); 2007.13.06. № 491 (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2009.27.08. № 1253 (бұр.ред.қара); 2010.26.10. № 1112 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. Мемлекетаралық телерадиокомпанияның 1997 жылғы 5 қыркүйектегі Жарғысына сәйкес «Мир» МТРК Мемлекетаралық Үйлестiру Кеңесiнiң құрамына Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Талапұлы Берсебаев енгiзiлсiн. ҚР Үкіметінің 29.06.02 ж. № 710; 20.03.04 ж. № 364 ; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара); 2007.13.06. № 491 (бұр.ред.қара); 2009.15.06. № 907 (бұр.ред.қара); 2010.26.10. № 1112 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі Нұрай Нұрғожаұлы Оразов Қазақстан Республикасының «Мир» МТРК Жалпы жиналысындағы өкiлеттi өкiлi болып бекітілсiн. ҚР Үкіметінiң 20.03.04 ж. № 364 қаулысымен 4-тармақ алынып тасталды 4. Е.Қ. Бекқожин «Мир» МТРК-ның Қазақстан Республикасындағы Ұлттық филиалының директоры болып бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 29.06.02 ж. № 710; 20.03.04 ж. № 364; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара); 2010.26.10. № 1112 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 5 тармақ өзгертілді 5. ҚР Үкіметінің 2011.17.06. № 663 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 29.06.02 ж. № 710; 20.03.04 ж. № 364 ; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.17.06. № 663 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігіне жүктелсін. 7. «Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 23 маусымдағы № 533 қаулысының 4, 5, 6 және 7-тармақтарының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 24, 298-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
|