Қазақстан Республикасының (2011.09.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 13 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери мiндеттiлiгiне және әскери қызметiне қатысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгі ұғымдар пайдаланылады: 1) әскери қызмет - Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы әскери қызметшiлердiң мемлекеттік қызметiнiң ерекше түрі; 2) әскери қызметшілер - Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызметте тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары; 3) әскери мiндеттілер - әскери есепте тұратын және әскери есепте тұрудың шектi жасына дейiн запаста болатын Қазақстан Республикасының азаматтары; 4) әскери атақ - әскери қызметшi мен әскери мiндеттіге берiлетін әскери айырым белгiсi; 5) әскери мiндеттілiк - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі конституциялық мiндеттілігі; 6) әскери киім нысаны - әскери қызметшiлердiң Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиiстiлiгiн айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген погоны бар нысанды киім (киім-кешек) мен жабдықтар; 7) шақыру бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлер - мерзiмдi әскери қызметке шақырылған, сондай-ақ офицерлер құрамы лауазымдарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары; 8) келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлер - Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметке ерiктi түрде кiрген Қазақстан Республикасының азаматтары; 9) әскери лауазым - Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемесiнiң әскери атағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген лауазымдық өкiлеттіктер мен мiндеттер жүктелген құрылымдық бірлiгі; 10) әскери жиындар - әскери қызметшілердің әскери даярлығы, әскери білімiн жетiлдiру жөнiнде, сондай-ақ әскери мiндеттілердiң жауынгерлiк және жұмылдыру дайындығын арттыру мақсатында оларды әскери бөлiмдерге шақыра отырып, Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда жүргізiлетін iс-шаралар; 11) әскери есеп - әскери қызметшiлердiң, әскерге шақырылатын және жұмылдырылатын, ресурстардың есебiн жүргізу және оларды талдау жүйесi; 12) әскери тағылымдама - практикалық дағдыларды меңгеру және жетілдiру, офицерлердiң даярлау бағдарламасы бойынша алған білiмдерiн тереңдету және орнықтыру; 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 13) тәрбиеленушiлер - әскери даярлық бойынша қосымша білім беру бағдарламалары бар жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын Қазақстан Республикасының азаматтары; 14) жалпыға бірдей әскери оқыту - соғыс жағдайы енгiзiлген кезеңде Қазақстан Республикасының азаматтарын бастапқы әскери даярлыққа мiндеттi оқыту; 15) әскер жасына дейiнгiлер - әскери есепке алынғанға дейiн әскери қызметке даярлықтан өтетiн еркек жынысты азаматтар; 16) әскери міндеттілерінің запасы (запас) - аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi әскери басқару органдарында әскери есепте тұратын, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды толықтыра жасақтау, өрiстету және шығынының орнын толтыру мақсатында пайдаланылатын әскери мiндеттiлер; 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 17) әскери қызметі өткеру туралы келісім-шарт (бұдан әрі - келісім-шарт) - әскери қызметтi қамтамасыз ету және өткеру мүддесi үшiн тараптардың мiндеттемелерi мен жауапкершiлігін белгілейтiн шарт; 18) курсанттар - оқу-жаттығу бөлiмдерiнде (орталықтарында), орта немесе жоғары әскери оқу орындарында оқитын сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамының әскери қызметшiлерi; 19) жұмылдыру - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, ұйымдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын, халқын, аумағы мен экономикасын (жалпы жұмылдыру) немесе олардың қайсыбір бөлiгiн (iшiнара жұмылдыру) соғыс жағдайы режимiне көшірумен байланысты жалпымемлекеттік iс-шаралар кешенi; 20) бастапқы әскери даярлық - әскери iс және адамның қауіпсіздігі мен тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету негіздерi бойынша мiндеттi оқыту пәнi (оқу пәнi); 21) ұйымдық-штаттық iс-шаралар - Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда өткiзілетiн штаттарды құру, тарату, орын ауыстыру, қайта жасақтау, бағыныстылығын өзгерту, ұлғайту мен қысқарту жөніндегі iс-шаралар; 22) кейiнге қалдыру - азаматтарды әскери қызметке шақыруды осы Заңда көзделген негіздер бойынша кейiнге қалдыру; 23) отставка - әскери қызметшілердi әскери қызметтен босату немесе запаста болудың шектi жасына жеткен әскери мiндеттiлердi әскери есептен шығару не әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдарды әскери есептен шығара отырып әскери қызметтен босату; 24) офицерлер - офицерлер құрамының тиiстi әскери атағы берiлген әскери қызметшiлер; 25) тексеру жиындары - соғыс уақытының ұйымдық-штаттық құрылымындағы мiндеттердi орындауға арналған әскери бөлімдердiң даярлығын тексеру мақсатында өткiзілетiн әскери жиындар түрі; 26) әскерге шақырылушылар - аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергіліктi әскери басқару органдарының шақыру учаскелеріне тiркелген және мерзiмдi әскери қызметтен өту үшiн Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға шақыруға жататын еркек жынысты азаматтар; 27) шақыру учаскесi - аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілiктi атқарушы органдары азаматтарды әскерге шақыру және шақыру учаскелерiне тiркеу кезеңiнде құратын учаске; 28) шақыру пунктi - азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеу және әскери қызметке шақыру кезiнде оларды медициналық куәландырудан өткiзетiн, сондай-ақ әскери-патриоттық және спорттық-көпшілік жұмысты жүргiзетiн пункт; 29) запаста болу - әскери мiндеттілердiң әскери есепке және әскери есепте болған кезеңiнде әскери жиындарда қызмет өткеруге байланысты мiндеттердi атқаруы; 30) жиын пунктi - әскерге шақырылушыларды бақылау медициналық куәландырудан өткізу, медициналық көмек көрсету, әскери-патриоттық, спорттық-көпшiлiк жұмысты жүргiзу, Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскерге шақырылушылардың командаларын құру және жөнелту пункті; 31) сержанттар (старшиналар) - сержанттар (старшиналар) құрамының әскери атақтары берiлген әскери қызметшiлер; 32) сарбаздар (матростар) - сарбаздар (матростар) құрамының әскери атақтары берiлген әскери қызметшiлер; 33) тыңдаушылар - жоғары әскери оқу орындарында, офицерлер құрамының білімiн жетiлдiру (қайта даярлау) курстарында оқитын офицерлер құрамының әскери қызметшілерi; 34) арнайы жиындар - төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі iс-шараларды орындау мақсатында және Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де жағдайларда өткізілетiн әскери жиындар түрi; 35) мерзiмдi әскери қызмет - еркек жынысты азаматтарды осы Заңда айқындалған тәртiппен Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға шақыруға негiзделген әскери қызмет; 36) оқу-жаттығу жиындары - әскери міндеттiлердi даярлау мен қайта даярлау мақсатында өткiзiлетiн әскери жиындар түрi.
2-бап. Қазақстан Республикасының әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Әскери мiндеттілiк мазмұны 1. Әскери мiндеттілік азаматтарды әскери мамандықтар бойынша даярлау және бейбiт кезде және соғыс уақытында Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленедi. 2. Әскери мiндеттілік: 1) азаматтарды әскери қызметке даярлауды; 2) азаматтарды әскери есепке алу мен шақыру учаскелеріне тiркеудi; 3) әскери қызметке шақыруды; 4) әскери қызметті өткерудi; 5) запаста болуды; 6) запаста болған кезеңiнде әскери жиындардан өтудi; 7) соғыс жағдайын енгізу кезеңiнде азаматтарды жалпы әскери оқытуды қамтиды. 3. Әскери мiндеттiлiктi атқару тегiне, әлеуметтiк, қызметтік және мүлiктік жағдайына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, саяси және өзге де сенім-нанымына, қоғамдық бірлестiктерге тиiстiлігіне, тұрғылықты жеріне байланысты болмайды. 4. Азаматтар осы Заңда көзделген негiздер бойынша әскери міндеттіліктен босатылады. 5. Әскери мiндеттілiкке қатысы бойынша азаматтар әскер жасына дейiнгілер, әскерге шақырылушылар, әскери қызметшілер, әскери міндеттiлер және әскери мiндеттi еместер санаттарына бөлінедi.
1. Әскери қызмет Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда белгiленедi. 2. Әскери қызмет: 1) шақыру бойынша әскери қызметтi; 2) келісім-шарт бойынша әскери қызметтi қамтиды. Шақыру бойынша әскери қызметке: 1) сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамының мерзiмдi әскери қызметi; 2) осы Заңның 24-бабына сәйкес шақырылған офицерлердің әскери қызметi; 3) жұмылдыру, соғыс жағдайы, соғыс уақыты және әскери жиындардан өту кезіндегі әскери қызмет жатады. Келісім-шарт бойынша әскери қызметке: 1) сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) және офицерлер құрамының лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызметiн өткеретiн әскери қызметшілердің әскери қызметi; 2) әскери оқу орындары курсанттарының және тыңдаушыларының әскери қызметi мен оқуы жатады. 3. Әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттілер әскери қызмет мiндеттерiн атқарады. 2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Азаматтардың iшкi iстер, қаржы полициясы органдарының, қылмыстық-атқару жүйесi оқу орындарының және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өрт-техникалық оқу орындарының күндiзгi оқу бөлiмдерiнде оқыған уақыты мерзiмдi әскери қызметті өткеруге теңестiріледi. 5. Әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының халқына адалдығы туралы әскери ант қабылдайды. Бұрын әскери ант қабылдамаған әскери мiндеттiлер оны әскери жиындарға және жұмылдыруға шақырылған кезде қабылдайды. 6. Осы Заңмен айқындалған тәртiппен азаматтар әскери қызметтен кейiнге қалдырылуы немесе әскери қызметтен босатылуы мүмкiн.
5-бап. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау 1. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жеке құрамы әскери қызметшілер мен азаматтық персонал адамдарынан тұрады. 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар шақыру бойынша әскери мiндеттілік негiзiнде аумақтан тыс және аумақтық принциптердi ұштастыра отырып және осы Заңда белгіленген тәртіппен әскери қызметке (келісім-шарт бойынша) кіру жолымен әскери қызметшiлерден жасақталады. Азаматтық персонал Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес қабылданады. 3. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды соғыс жағдайы енгiзілген кезде, соғыс уақытында жасақтау әскери қызметке шақыру негiзiнде жүзеге асырылады. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды соғыс уақытындағы құрамы мен санына дейiн толықтыра жасақтау және өрiстету үшiн бейбiт уақытта әскери мiндеттілер қатарынан әскери үйретілген резерв құрылады.
6-бап. Әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлер құрамы Әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлер: 1) сарбаздар (матростар) 2) сержанттар (старшиналар); 3) офицерлер құрамдарына бөлiнедi.
1. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда мынадай әскери атақтар белгiленедi:
ӘСКЕРИ КЕМЕЛIК САРБАЗДАР (МАТРОСТАР) ҚҰРАМЫ қатардағы жауынгер матрос СЕРЖАНТТАР (СТАРШИНАЛАР) ҚҰРАМЫ кiшi сержант екiншi сатылы старшина сержант бірiншi сатылы старшина аға сержант бас старшина ОФИЦЕРЛЕР ҚҰРАМЫ КIШI ОФИЦЕРЛЕР ҚҰРАМЫ лейтенант лейтенант АҒА ОФИЦЕРЛЕР ҚҰРАМЫ майор үшiншi дәрежелi капитан ЖОҒАРЫ ОФИЦЕРЛЕР ҚҰРАМЫ генерал-майор контр-адмирал
2. Медициналық немесе заңгерлiк әскери-есептiк мамандығы бар офицерлер үшiн әскери атақтарына тиiсiнше «медицина қызметiнiң», «әдiлет» деген сөздер қосылады, Авиацияның (инженерлiк-авиациялық даярлығы бар ұшу, инженерлiк) жоғары офицерлер құрамы үшiн әскери атақтарына «авиация» деген сөз қосылады. Запастағы азаматтардың әскери атақтарына «запастағы» деген сөз, ал отставкадағыларға «отставкадағы» деген сөз қосылады. 3. Әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттілерге әскери атақтар беру, мерзiмiнен бұрын берудi қоса алғанда, әскери атағын төмендету, әскери атағынан айыру Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Әскери қызмет өткеру ережелерiне (бұдан әрi - Әскери қызмет өткеру ережелерi) сәйкес жүзеге асырылады. Әскери атағынан айырылған азаматқа, сондай-ақ әскери атағы төмендетілген әскери қызметшiге Әскери қызмет өткеру ережелерiне сәйкес әскери атақ берiлуi немесе қалпына келтiрiлуi мүмкін. 2006 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Әскери атақтарда еңбек сiңiрген мерзiмi былай белгіленедi:
1. Әскери қызметшi әскери атағы сәйкес келуге тиiс әскери лауазымға тағайындалады. Бұл ретте әскери лауазым Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың алдына қойылған негізгі мiндеттер мен функцияларға орай айқындалады. 2. Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы әскери лауазымдар мен оларға сәйкес келетiн әскери атақтар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 1) сарбаздар (матростар); 2) сержанттар (старшиналар); 3) офицерлер; 4) курсанттар мен тыңдаушылар лауазымдарына бөлiнеді. 4. Әскери қызметшiлердi қызметке тағайындау, ауыстыру, қызметінен босату және шығару Әскери қызмет өткеру ережелеріне сәйкес жүргiзіледi. 1) оны басқа қызметке тағайындаған кезде командирдiң (бастықтың) билігінде болса - екi айдан аспайтын уақыт; 2) ұйымдық-штаттық iс-шаралардың өткізілуiне байланысты командирдiң (бастықтың) билігінде болса - үш айдан аспайтын уақыт; 3) әскери қызметшіге қатысты қылмыстық iс қозғалуға байланысты командирдің (бастықтың) билiгiнде болса - қылмыстық iс бойынша шешiм шыққанға дейін; 4) Әскери қызмет өткеру ережелеріне сәйкес мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсiздігі мүддесіндегi жұмыстарды орындау мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдарға iссапарға жiберiлген жағдайларда, әскери емес лауазымдарда әскери қызмет өткеруi мүмкін.
9-бап. Әскери қызметшілердiң әскери киім нысаны мен айырым белгiлерi 1. Әскери қызметшiлерге және запастағы азаматтарға олар әскери жиындардан өткен кезде әскери атақтары, әскер түрлерi мен тектерi бойынша айырым белгiлерi бар әскери киім нысаны белгiленедi. Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери киім нысаны мен айырым белгiлерiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. Әскери нысанды киіммен жабдықтау нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Әскери нысанды киім киіп жүру ережелерін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi белгілейдi, ал әскери нысанды киімнiң жекелеген заттары мен айырым белгiлерiн тағып жүру ерекшелiктерiн басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың біріншi басшылары белгілейдi. 2. Әскери нысанды киім киіп жүруге құқығы жоқ азаматтардың оны киiп жүруiне тыйым салынады.
2-тарау. АЗАМАТТАРДЫ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ДАЯРЛАУ
10-бап. Азаматтарды әскери қызметке даярлау 1. Азаматтарды әскери қызметке даярлау - әскер жасына дейiнгi және әскер жасындағы, азаматтарды әскери қызметтің негіздерiне үйрету мақсатында олармен міндеттi түрде жүргізілетiн iс-шаралар кешенi. 2. Азаматтарды әскери қызметке даярлау: 1) бастапқы әскери даярлықты; 2) әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлауды; 3) жалпы орта білім беру ұйымдарында қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлауды; 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) жоғары білім беру ұйымдарында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлауды; 5) дене шынықтыруды, медициналық көмекті, әскери-патриоттық тәрбиенi қамтиды. 3. Азаматтарды әскери қызметке даярлауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртiппен мемлекеттік ұйымдар ұйымдастырады және қамтамасыз етедi. 4. Ұйымдардың басшылары әскер жасына дейiнгiлер мен әскерге шақырылушылардың әскери қызметке даярлықтан өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi. 5. Азаматтарды әскери қызметке даярлау iсiнiң ұйымдастырылуы мен өткiзілуiн бақылауды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жүзеге асырады.
11-бап. Бастапқы әскери даярлық 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында азаматтармен бастапқы әскери даярлық жүргізiледі. 2. Әскерге шақыруға жататын және бастапқы әскери даярлықтан өтпеген азаматтар тиiстi жергіліктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша одан мерзiмдi әскери қызметке шақырылар алдында өтедi. 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Бастапқы әскери даярлықтың өткiзiлуiне бақылауды Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен және басқа да мүдделi мемлекеттік органдарымен бірлесіп жүзеге асырады. 2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган, Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органы бастапқы әскери даярлықтың практикалық сабақтарын ұйымдастыруға, оқу-материалдық базасын құруға көмек көрсетедi. 5. Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру мен өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
12-бап. Азаматтарды әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау 1. Әскери-техникалық мамандық бойынша даярлыққа денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды, он жетi жарым жастан жиырма алты жасқа дейiнгі азаматтар тартылады. Әскерге шақырылушылар оқуын бiтiргеннен кейiн мерзiмдi әскери қызметке шақырылуға жатады. 2. Өндiрiстен қол үзе отырып әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлықтан өтiп жатқан әскерге шақырылушылардың оқу кезеңінде жұмыс орны, атқаратын қызметi сақталады.
13-бап. Білім беру ұйымдарында азаматтарды қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлау 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Республикалық әскери мектеп-интернаттар (лицейлер) және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің бағдарламаларын iске асыратын өзге де білiм беру ұйымдары қосымша білім беру бағдарламалары бар білiм беру ұйымдары болып табылады. 2. Әскери даярлықтан өту және тәрбиеленушiлердi ризықтың барлық түрлерiмен қамтамасыз ету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
14-бап. Жоғары кәсiби білім беру ұйымдарында азаматтарды запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Азаматтарды запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау мемлекеттік тапсырысқа сәйкес әскери кафедраларда алған жоғары білімi негiзiнде жүргiзіледi. 2. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын бiтiрген және жоғары оқу орнын бiтiргеннен кейін әскери тағылымдамадан өткен азаматтарға Әскери қызмет өткеру ережелерiне сәйкес лейтенант әскери атағы берiледi. |