Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы (2011.18.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 8 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құру, олардың жұмыс істеу мен тарату және астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу ережесі; 2) Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктерiн алу және астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу ережесi бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 2010.17.05. № 424 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.Қ. Күрішбаевқа жүктелсiн. 3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2010.17.05. № 424 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 қаулысымен бекітілген
Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құру, олардың жұмыс істеу мен таратылу және астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құру, олардың жұмыс істеу мен таратылу және астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын (бұдан әрі - Қор) құру, олардың жұмыс істеу мен таратылу тәртібін, сондай-ақ астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу шартын белгілейді. 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: астық қолхаттарының тізілімі - астық қабылдау кәсіпорындарында міндетті түрде жүргізілетін және Қорға тапсырылатын астық қолхаттарын тіркеу құжаты; қатысу шарты - Қор мен астық қабылдау кәсіпорны арасында жасалатын шарт, соның негізінде соңғысы астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысады; қатысушы - астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, Қормен қатысу шарты жасалған және қолданылып жүрген астық қабылдау кәсіпорны; уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.
2. Қорды құру, олардың жұмыс істеу және таратылу тәртібі
3. Қор қызметінің негізгі мақсаты астық қолхаттары иелерінің мүдделерін астық қабылдау кәсіпорындарының өздері берген астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындамауынан қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. 4. Қор акционерлік қоғам нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйым болып табылады. 5. Қор өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. 6. Қордың басқару органдарын қалыптастыру тәртібі мен құзыреті оның құрылтай құжаттарымен анықталады. 7. Қордың меншікті капиталының мөлшері астық қолхаттары иелерінің алдында Қор қабылдаған шартты міндеттемелердің жалпы сомасының 5 %-ынан кем болмауы тиіс, бұл ретте кемінде бір миллиард теңге болуы қажет. 8. Кепілдендіру жағдайы кезінде астық қолхаттары иелерінің талаптарын бірінші кезекте қамтамасыз ету мақсатында Қордың меншікті капиталы көлемінің кемінде 80 %-ы тұрақты негізде жоғары дәрежеде өтімді қаржы активтеріне (ақша, екінші деңгейдегі банктердегі депозиттер, мемлекеттік бағалы қағаздар және Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тізімдеріне енгізілген құнды қағаздар) орналастырылады. 9. Қор мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш айдан кешіктірмейтін мерзімде уәкілетті органға оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттарды, құрылтай құжаттарын, сондай-ақ меншікті капиталының мөлшері мен құрылымы туралы мәліметтерді ұсынады. 10. Қор астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттарына берген міндеттемелерін орындамаудан астық қолхаттары иелерінің құқықтық және заңды мүдделерін қорғау мақсатында кепілдік төлемді жүргізу үшін өтемақы қорын (резерв) құрады. 11. Қор Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздемелер бойынша таратылуы мүмкін. 12. Қорлардың жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды Қордың бұзуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органның Қорды тарату туралы талап қоюы үшін негіздеме болып табылады.
3. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді Орындауға кепілдік беру жүйесіне астық қабылдау кәсіпорындарының қатысу шарттары
13. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу үшін астық қабылдау кәсіпорындарына мынадай талаптар қойылады: 1) қатысу шартын жасасу үшін азаматтық құқық қабілетіне ие болуы; 2) астық қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және астықты тиеп жөнелту жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиясының және астық қабылдау кәсіпорынының астықтың жаңа өнімін қабылдауға дайындығын тексеру актісінің болуы; 3) төлеу мерзімі өткен берешегінің болмауы: астық қолхаттарының иелері мен екінші деңгейдегі банктер алдында; қорға өтініш тапсырған күннің алдындағы үш айдан астам мерзімге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударымдарды төлеу бойынша; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер бойынша таратуға жатпайды, оның қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатылмауы тиіс, оның мүлкі үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдік нысаны болмауы тиіс, оның мүлкіне тыйым салынбауы тиіс; 5) Қорға өтініш берген күннің алдындағы он екі ай ішінде оларға берілген астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін соттың жауапқа тартуы фактілерінің болмауы. ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 613 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.18.07. № 820 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ өзгертілді 14. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысқысы келетін астық қабылдау кәсіпорны осы Ереженің 13-тармағында көзделген талаптарға астық қабылдау кәсіпорнының сәйкестігін растайтын мынадай құжаттарды қосып, Қорға жазбаша өтініш береді: астық қабылдау кәсіпорнын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін; астық қабылдау кәсіпорны жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесін; құрылтайшылар құрамы туралы құрылтай шарты үзіндісінің нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе қорға өтініш берген күннен бір ай бұрын тіркеушімен берілген құнды қағаздар иелерінің тізілім жүйесінде құнды қағаздар иелерінің дербес есеп шотынан көшірме түпнұсқасын; астық қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және астықты тиеп жөнелту жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесін; астық қабылдау кәсіпорнының астықтың жаңа өнімін қабылдауға дайындығын тексеру актісінің нотариалды куәландырылған көшірмесін; астық қоймасына (элеватор, астық қабылдау пункті) меншік құқығын және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша оған салынған ауыртпалықтың жоқ екенін растайтын жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу органының заңнамада белгіленген үлгі бойынша анықтамаларын; соңғы қаржы жылына қаржылық есепті құратын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін немесе түпнұсқасы және соңғы есепті кезеңге аралық қаржылық есептің нотариалды куәландырылған көшірмелерін немесе түпнұсқасын; астық қабылдау кәсіпорнының өткен қаржы жылына жылдық қаржы есептемесінің дұрыстығын растайтын аудиторлық қорытындының нотариалды куәландырылған көшірмесін (егер өтініш ағымдағы жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде берілген жағдайда, соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылына аудиторлық қорытындының нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылады); астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары иелерінің алдында төлем мерзімі өткен берешегінің және астық қабылдау кәсіпорнының басшысы мен бас бухгалтері қол қойған және астық қабылдау кәсіпорнының мөрімен куәландырылған өтініш берген күннің алдында он екі ай көлемінде өздері берген астық қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау жауапкершілігінен сотқа тартылу фактілерінің болмауы туралы хабарландыру хат; астық қабылдау кәсіпорнының өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан астам мерзімде банк алдында төлем мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы банк мөрі басылған, бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның және бас бухгалтердің қолы қойылған банк анықтамасының түпнұсқасын (егер астық қабылдау кәсіпорны екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе олардың филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болған жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады); өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан астам мерзім аралығында астық қабылдау кәсіпорнының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен жинақтаушы зейнетақы қорларына аударымдарды төлеу жөнінде мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, осы салық органының мөрімен расталған тиісті салық органының белгіленген үлгідегі анықтамасының түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін. 15. Қор өзінің Қор жарғысында көзделген уәкілетті органының тұлғасында осы Ереженің 13-тармағында көзделген астық қабылдау кәсіпорынының өтініші мен құжаттарын Қорға түскен кезден бастап отыз күнтізбелік күн ішінде астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қосу (қоспау) нысанасына өтінішті қарастырады. Көрсетілген мерзімге астық қабылдау кәсіпорындарына жетіспейтін құжаттарды дайындау үшін Қор беретін уақыт кезеңі қосылмайды. 16. Астық қабылдау кәсіпорны құжаттардың толық пакетін ұсынбаған және Қор берген мерзімде жетіспейтін құжаттарды ұсынбаған жағдайда Қор жетіспейтін құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде астық қабылдау кәсіпорнының өтініші мен құжаттарын қарамай қайтарады. 17. Қор астық қабылдау кәсіпорнын астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне косу туралы шешім қабылдаған күннен бастап жеті күнтізбелік күн ішінде Қор және астық қабылдау кәсіпорыны қатысу шартын жасасады және Қор астық қабылдау кәсіпорнына астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің қатысушысы куәлігін береді. Қордың және/немесе қатысушының атауы өзгерген жағдайда, Қордың атауы өзгерген сәттен және/немесе қатысушының атауы өзгергендігі туралы дәлелді құжаттармен үндеу жіберілген сәттен он күнтізбелік күн ішінде астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушыға бұрын берілген куәлік ауыстырылуы қажет. 18. Қатысушы Қорға белгіленген нысан бойынша астық қолхаттарының тізілімін ұсынады. Астық қолхаттары тізілімінің мәліметтеріне қатысушының уәкілетті адамы қол қояды, қатысушының мөрімен расталып, ай сайын қағаз және/немесе электронды түрде Қорға ұсынылады. Астық қолхаттарының тізілімі электронды тасығышта ұсынылған жағдайда, ол қатысушының уәкілетті адамының электронды цифрлық қолтаңбасымен расталады. Қор және қатысушы жылына кемінде бір рет астық қолхаттарының тізілімі бойынша кепілдік берілетін астық қолхаттарына мониторинг жасау мақсатында салыстырып тексеруді жүргізеді. 19. Қатысу шартына сәйкес қатысушы Қорға астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысудың жыл сайынғы міндетті жарнасын төлейді. Қаржы жылының қорытындысы бойынша жыл сайынғы міндетті жарна кепілденген төлем жүргізу үшін өтемқорын (резервін) қалыптастыруға жіберіледі. 20. Қатысушы атауының өзгергендігі туралы Қорға уақтылы хабарлайды, сондай-ақ Қорға жыл сайынғы негізде алуына байланысты мынадай құжаттарды: астық қабылдау кәсіпорнының астықтың жаңа өнімін қабылдауға дайындығын тексеру актісінің көшірмесін; өткен қаржы жылына аудиторлық есептің көшірмесін ұсынады. 21. Қор өз қатысушыларының тізімі туралы ақпаратты Қордың корпоративті интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді. 22. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу: 1) қатысушыны қатысу шартында көзделген Қордан шығару жағдайы орын алған кезде; 2) сот шешімі бойынша; 3) қатысу шарты тараптарының бірі таратылған кезде тоқтатылады. Астық қабылдау кәсіпорнының Қорда қатысуы тоқтатылған күннен бастап бес күн ішінде оны Қор Қордың корпоративті интернет-ресурсындағы қатысушылар тізімінен алып тастауды қамтамасыз етеді.
|