Мемлекеттік материалдық резерв туралы (2011.01.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1-7 баптар) 2-тарау. Мемлекеттік резерв жүйесін қалыптастыру (8-12 баптар) 3-тарау. Мемлекеттік резервті пайдалану (13-15 баптар) 4-тарау. Мемлекеттік резервтің сақталуын қамтамасыз ету (16-19 баптар)
2010.03.02. № 248-IV ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Осы Заң Қазақстан Республикасының мемлекеттік материалдық резервiн қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласында қоғамдық қатынастарды реттейдi және оларды басқарудың негiздерiн белгiлейдi.
2010.03.02. № 248-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) азайтылмайтын запас - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік материалдық резервтiң материалдық құндылықтары запасының тұрақты сақталатын көлемi; 2) броньнан шығару - материалдық құндылықтарды кейiннен қайта салмай не оларды кәдеге жарату (жою) мақсатында, сондай-ақ iзгiлiк көмек көрсету, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөніндегі бiрiншi кезектегi шараларды қабылдау үшiн материалдық құндылықтарды кейiннен сала отырып, мемлекеттік материалдық резервтен шығару; 3) жұмылдыру резервi - мемлекеттік материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау, бейбiт уақытта iзгiлiк көмек көрсету, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөніндегі бiрiншi кезектегi шараларды қабылдау үшiн қажеттi және жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар ағымдағы өндiрiстiк қызметiнде пайдаланбайтын шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар запасы, сондай-ақ арнайы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары; 4) материалдық құндылықтар - уәкiлеттi органның алдына қойылған мiндеттердi қамтамасыз ету үшiн қажет, номенклатурасын (тiзбесiн және көлемiн) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тауарлар; 5) материалдық құндылықтарды мемлекеттік материалдық резервке беру - материалдық құндылықтарды сатып алу және (немесе) оларды мемлекеттік материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерiне тиеп жөнелту (жеткiзу); 6) материалдық құндылықтарды мемлекеттік материалдық резервке салу - материалдық құндылықтарды мемлекеттік материалдық резервте сақтау үшiн қабылдап алу; 7) материалдық құндылықтарды мемлекеттік мате-риалдық резервтен шығару - материалдық құндылықтарды жаңарту, қарызға беру, броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен алып қою; 8) материалдық құндылықтардың орнын ауыстыру - материалдық құндылықтарды тиеу мен түсiрудi қоса алғанда, мемлекеттік материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтайтын бiр пункттен басқа пунктке материалдық құндылықтарды тасымалдау; 9) мемлекеттік материалдық резерв (бұдан әрi - мемлекеттік резерв) - жұмылдыру мұқтаждарына, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөніндегі бiрiншi кезектегi шараларды қабылдауға, iзгiлiк көмек көрсетуге және нарыққа реттеушiлiк ықпал жасауға арналған материалдық құндылықтар запасы; 10) мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру - мөлшерi мен сапасы бiрдей, ұқсас материалдық құндылықтарды белгiлi бiр шарттармен мемлекеттік резервке кейiннен қайтара отырып, материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервтен шығару; 11) мемлекеттік резервтi жаңарту - мөлшерi бiрдей және сапасы ұқсас материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервке бiр мезгiлде немесе уақыт өткiзiп салған кезде оларды сақтаудың белгiленген мерзiмдерi аяқталғанға дейiн мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару; 12) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi - мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауды және сақтауға байланысты қызметтер көрсетудi шарт негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалар; 13) операция жасау - мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын беру, сақтау және шығару; 14) сақтау нормативтерi - мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын ұстау және сақтау шарттары жөніндегі техникалық нормативтер мен талаптар; 15) тапсырысты орналастыру - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын беру және шығару үшiн өнiм берушiлер мен тұтынушыларды таңдау; 16) уәкiлеттi орган - атқару және бақылау функцияларын, сондай-ақ мемлекеттік резерв жүйесiне басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 3-бап. Мемлекеттік резервтiң мақсаты Мемлекеттік резерв: 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) жұмылдыру мұқтаждарын қамтамасыз ету; 2) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөніндегі бiрiншi кезектегi жұмыстарды қамтамасыз ету; 3) iзгiлiк көмегiн көрсету; 4) рынокқа реттеушiлiк ықпал жасау мақсаттарында құрылады және пайдаланылады. 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4-бап. Мемлекеттік резерв жүйесi Мемлекеттік резерв жүйесін уәкілетті орган және оған ведомстволық бағынысты ұйымдар құрайды.
2010.03.02. № 248-IV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) мемлекеттік резервке жалпы басшылықты жүзеге асырады және оны дамытудың бiрыңғай саясатын айқындайды; 2) мемлекеттік резервтi құрады; 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) мемлекеттік резерв жүйесiнiң құрылымын ұсынады; 4) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын броньнан шығару және қарызға беру тәртібімен шығару туралы шешiм қабылдайды; 5) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарының номенклатурасын және сақтау көлемiн бекiтедi; 6) қажет болған жағдайда мемлекеттік резервке белгiленген мөлшердiң үстiне материалдық құндылықтарды республикалық бюджет қаражаты есебiнен қосымша салу туралы шешiм қабылдайды; 7) 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарымен операция жасаудың тиiстi ережелерiн бекiтедi; 8-1) нарыққа реттеушiлiк ықпал жасау үшiн мемлекеттік резервтi пайдаланған жағдайда материалдық құндылықтарды алушылардың - сауда қызметi субъектiлерiнiң тiзбесiн, сауда үстемесiнiң көлемiн, бағасын және мөлшерiн, сондай-ақ осы тiзбеге енгiзiлетiн сауда қызметiнiң субъектiлерiн iрiктеу критерийлерiн айқындайды; 9) 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 10) 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 11) мемлекеттік резервті сақтауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге шығындарды өтеудiң, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою, рынокқа реттеушiлiк ықпал жасау және iзгiлiк көмек көрсету үшiн шығарылатын мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтары үшiн залалдарды өтеудің тәртібін айқындайды; 12) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауға арналған объектiлердi орналастыру және салу жөнiнде шешімдер қабылдайды; 13) мемлекеттік резервтiң жаңартылуға жататын материалдық құндылықтарын басқа мемлекеттік органдардың балансына беру туралы шешiм қабылдайды; 14) мемлекеттік резервтiң дебиторлық берешегiн есептен шығару тәртібін айқындайды; 15) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.03.02. № 248-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді 6-бап. Орталық атқарушы органдардың мемлекеттік резерв саласындағы өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өз құзыреті шегінде: 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік резерв саласындағы нормативтiк құқықтық актілерінiң орындалуын қамтамасыз етедi; 2) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау үшiн ұйымдардың тiзбесi жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, олармен мемлекеттік резервке материалдық құндылықтарды жеткiзу және сақтау үшiн шарттар жасасуға жәрдемдеседi; 3) материалдық құндылықтарды жеткiзу мен салуға және оларды сақтауға ұйымдарға ұйымдастырушылық көмек көрсетедi; 4) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын қарызға беру және броньнан шығару туралы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Yкіметіне ұсыныстар енгiзедi; 5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.03.02. № 248-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді 7-бап. Уәкiлеттi орган Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде: 1) мемлекеттік резерв жүйесiн басқаруды жүзеге асырады, мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын орналастыру, сақтау, толықтыру, орнын ауыстыру, жаңарту және нысаналы пайдалану кезiнде осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуын қамтамасыз етедi; 2) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарымен операция жасаудың тиiстi ережелерiн әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекiтуге ұсынады; 3) мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау нормативтері жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекiтуге енгiзедi; 4) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау жөніндегі шығыстардың мөлшерi мен құрылымы бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен Үкiметке ұсыныстар енгiзедi; 5) мемлекеттік резервке материалдық құндылықтарды жеткiзуге тапсырыстарды орналастырады; 6) материалдық құндылықтарды (жаңарту тәртібімен) мемлекеттік резервтен шығару және оған жеткiзу туралы шешiм қабылдайды; 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пунктері бейінін өзгерткен, қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдайды; 6-2) мемлекеттік резервтiң номенклатурасын толықтыру мақсатында жұмылдыру резервiнiң броньнан шығарылған материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешiм қабылдайды; 7) жұмылдыру дайындығы жөніндегі уәкілетті органмен және қорғаныс саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін жасайды және бекітеді; 8) мемлекеттік резерв жүйесiнiң материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды жүзеге асырады; 9) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын орналастыруды, есепке алуды, олардың сан және сапа жағынан сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді; сақтау пункттерінде сақталатын материалдық құндылықтардың сақталуына тексерулер (тексерістер) жүргізу туралы шешім қабылдайды; тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен мамандарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексерулер (тексерістер) жүргізуге тартады; мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртібінің бұзылуына кінәлі адамдарды жауапқа тарту туралы мәселені шешу үшін тексерулердің (тексерістерін) материалдарын құқық қорғау органдарына жібереді; 10) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарымен жасалатын операцияларға қатысушылармен шарттардан туындайтын талаптар бойынша борыш пен тұрақсыздық айыбын өндiрiп алуды заңдарға сәйкес жүзеге асырады; 11) заң актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінiң және Үкіметінiң актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады. 2-тарау. Мемлекеттік резерв жүйесін қалыптастыру 8-бап. Мемлекеттік резервтi қаржыландыру 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Мемлекеттік резерв жүйесін қамту мен дамытуға, мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жасауға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 1) республикалық бюджет қаражаты; 2) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын сатудан алынатын қаражат; 3) уәкiлеттi органға бағынышты ұйымдардың заңдармен тыйым салынбаған қызметiнен алынған табыстар есебiнен жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауға және олармен операциялар жасауға, сондай-ақ мемлекеттік резервтiң алдына қойылған мiндеттердi орындауға жыл сайын бөлiнетiн қаражат мөлшерi тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледi. 9-бап. Мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарының құқықтық мәртебесi 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарының қорлары, олардың сақталған жерiне қарамастан, республикалық меншiк болып табылады. 2. Мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi болып табылатын ұйымдарды шетел қатысатын ұйымдардың сенiмгерлiк басқаруына берген немесе оларды шетел қатысатын ұйымдар жекешелендiрген жағдайда материалдық құндылықтар Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен құпиялылық режимi сақтала отырып, басқа ұйымдарға орналастырылады. 10-бап. Мемлекеттік резервтiң азайтылмайтын қоры Мемлекеттік резервтiң құрамында материалдық құндылықтардың азайтылмайтын қоры (оларды сақтаудың тұрақты өзгертiлмейтiн көлемi) жасалады. Мемлекеттік резервтiң азайтылмайтын қорында сақталуға тиiс материалдық құндылықтардың мөлшерiн, сондай-ақ оны пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi. 11-бап. Мемлекеттік резервке материалдық құндылықтарды жеткiзiп беруге тапсырыстарды орналастыру 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Мемлекеттік резервке материалдық құндылықтар беруге тапсырыстар оларды берушілер арасында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен орналастырылады. 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Мемлекеттік резервке материалдық құндылықтар беруге уәкілетті орган тапсырыс беруші болады. 2010.03.02. № 248-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік резервке жеткiзiлiп берiлетiн материалдық құндылықтар бүкiл сақтау мерзiмiнде техникалық реттеу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келуге тиiс. 12-бап. Мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын орналастыру 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтары уәкілетті органның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында және мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерiнде сақталады. 2. Мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi сақтауға берiлген мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарының сапасы мен саны жағынан сақталуына жауапты болады. 3. 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4. 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3-тарау. Мемлекеттік резервті пайдалану
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 13-бап. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығарудың негiздерi мен тәртібі 1. Мемлекеттік резервтi пайдалану: 1) жұмылдыру мұқтаждары үшiн - Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдырудың тиiстi жоспарлары негiзiнде; 2) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі бiрiншi кезектегi жұмыстарды қамтамасыз ету, iзгiлiк көмек көрсету және рынокқа реттеушiлiк ықпал жасау үшiн Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады. 2. Материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервтен шығару: 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) оларды жаңартуға байланысты; 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) қарызға беру тәртібімен; 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) броньнан шығару тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін. 4) 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4. 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2010.03.02. № 248-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервтен қарызға беру тәртібімен шығару кезiнде қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган айқындайтын тәртiппен екiншi деңгейдегi банктердiң кепiлдiк беруi мiндеттi шарт болып табылады. 6. Мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтары, егер материалдық құндылықтарды алушы: 1) мемлекеттік бюджет алдында қарыздар болса; 2) мемлекеттік резервтiң өзi бұдан бұрын алған материалдық құндылықтарын қайтармаған болса; 3) банкротқа ұшырау кезеңiнде тұрса, қарызға беру тәртібімен шығарылмайды. 7. Материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртібімен шығарған кезде уәкiлеттi орган алушымен тиiстi шарт (келісім-шарт) жасасады. 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жаңарту, броньнан шығару мақсатында шығаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. 2010.03.02. № 248-IV ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды 8-1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың мемлекеттік резервтiң тауарларын сатып алуы уәкiлеттi органда немесе оның ведомстволық бағынысындағы ұйымдарда жүргiзiледi. 2010.03.02. № 248-IV ҚР Заңымен 8-2-тармақпен толықтырылды 8-2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөніндегі бiрiншi кезектегi жұмыстарды қамтамасыз ету, iзгiлiк көмек көрсету үшiн мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын шығару броньнан шығару тәртібімен жүзеге асырылады. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөніндегі бiрiншi кезектегi жұмыстарды қамтамасыз ету, iзгiлiк көмек көрсету үшiн шығарылған материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервке кейiннен салу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.»; 9. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды иелiктен айыру олардың құны толық төленген немесе аккредитив ашылған, не осы баптың 5-тармағына сәйкес екiнші деңгейдегi банктердiң кепiлдiгi берiлген жағдайда жүргiзiледi. 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10. Материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервтен шығарған кезде оларды сатудан алынған қаражат бюджет есебіне алынуға тиіс. 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.03.02. № 248-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-тармақ өзгертілді 11. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою кезiнде пайдаланылған мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтары Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен белгiленген мерзiмде бюджет қаражаты есебiнен заттай түрде өтелуге тиiс. 14-бап. Мемлекеттік резервтiң қорларын рынокқа реттеушiлiк ықпал жасау үшiн пайдалану Ішкi рынокта сұраным мен ұсыным арасында дағдарысты құбылыстар мен қауiптi сәйкессiздiктер туындаған жағдайда мемлекеттік резервтiң ресурстары Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерi негiзiнде және заңдарға сәйкес рынокқа реттеушілiк ықпал жасау үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
2010.03.02. № 248-IV ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды 14-1-бап. Нарыққа реттеушiлiк ықпал жасау үшiн мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару тәртібі 1. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган және агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi орган тауарларға баға мониторингiн жүргiзедi және баға деңгейi нарыққа реттеушiлiк ықпал жасау қажет болған жағдайға жеткен кезде уәкiлеттi органның келісімi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне шығарылатын материалдық құндылықтарды алушыларды - сауда қызметiнiң субъектiлерiн, сауда үстемесiнiң көлемiн, бағасын және мөлшерiн көрсете отырып, нарыққа реттеушiлiк ықпал жасау үшiн материалдық құндылықтарды шығару қажеттiгi туралы ұсыныс енгiзедi. 2. Уәкiлеттi орган материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервтен шығаруды сауда қызметiнiң субъектiлерiмен шарт жасасу арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырады. Нарыққа реттеушiлiк ықпал жасау үшiн мемлекеттік резервтен шығарылған материалдық құндылықтарды өткiзудi сауда қызметiнiң субъектiлерi бөлшек сауда арқылы жүзеге асырады.
2010.03.02. № 248-IV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 15-бап. Мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын тасымалдауды қамтамасыз ету 1. Төтенше жағдайлар туындаған немесе төтенше жағдай енгiзiлген реттерде мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын тасымалдауды көлiк ұйымдары бiрiншi кезекте жүзеге асырады. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерi негiзiнде, ның iшiнде зiлзалалардың, авариялардың, апаттар мен басқа да табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою үшiн мемлекеттік резервтен шығарылатын материалдық құндылықтарды меншiк нысандарына қарамастан көлiк ұйымдары жүктi тасымалдауға ұсыну бойынша алдын ала төлемсiз қабылдайды. 4-тарау. Мемлекеттік резервтің сақталуын қамтамасыз ету
16-бап. Мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарының мөлшерi мен қозғалысы туралы есеп беру Мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарының мөлшерi мен қозғалысы туралы есеп беру заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Бұл орайда мемлекеттік резерв жүйесiнiң ұйымдарында және сақтау пункттерiнде мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарының қозғалысы бойынша есепке алу мен есеп беру мемлекеттік резервтi сақтау жөніндегі қызметтердi және ұйым жарғысында көзделген өзге қызметтi есепке алудан және олар бойынша есеп беруден бөлек жүргiзіледi.
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды 16-1-бап. Мемлекеттік материалдық резервті құрайтын мемлекеттік мүлікті есепке алу Мемлекеттік материалдық резервті құрайтын мемлекеттік мүлікті есепке алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.
17-бап. Мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарымен жүргiзiлетiн операциялар бойынша мүлiктiк жауапкершiлiк 1. Мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарымен жүргiзiлетiн операциялар бойынша мүлiктiк жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады. 2. Мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарымен жүргiзiлетiн операцияларға қатысушылар арасындағы шартта мүлiктiк жауапкершiлiктiң қосымша шаралары көзделуi мүмкiн. Мемлекеттік резервтi қалыптастыру және пайдалану процесiне қатысушылар арасында туындайтын даулардың барлығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен шешiледi. 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді өзгертілді (бұр.ред.қара) 19-бап. Мемлекеттік резерв туралы заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Мемлекеттік резерв туралы заңдардың бұзылуына кiнәлi мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарға сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының
|