|
|
|
10-шы Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарты (IAS 10) 1. Осы Стандарттың мақсаты - мыналарды ұсыну: (a) есепті күннен кейінгі оқиғаларды ескере отырып ұйым қандай жағдайларда қаржы есептілігін түзетуге тиіс екендігін анықтау; жəне (b) ұйымның қаржы есептілігін шығаруға бекітілген күнге қатысты ашуы тиіс ақпарат, сондай-ақ есепті күннен кейінгі болған оқиғаларды белгілеу. Сонымен бірге, осы Стандартқа сəйкес, егер есепті күннен кейінгі оқиғалар осы ұйымның қызметтері үздіксіздік негізіне сәйкес келмейтіндігін көрсетсе, онда ұйым қызметінің үздіксіздігін негізге ала отырып өзінің қаржы есептілігін жасауы тиіс емес. 2. Осы Стандартты есепті күннен кейінгі болған оқиғалар туралы ақпаратты есепке алу жəне ашу кезінде қолданылуы керек. 3. Осы Стандартта мына терминдер төменде көрсетілген мəндерінде пайдаланылады: Есепті күннен кейінгі оқиғалар - бұл есепті күн мен қаржы есептілігін шығаруға бекіту күні арасындағы кезеңде болатын қолайлы, сондай-ақ қолайсыз оқиғалар. Мұндай оқиғалар екі түрге бөлінеді: (a) есепті күні болған жағдайларды растайтын (есепті күннен кейінгі түзетілетін оқиғалар) оқиғалар; жəне (b) есепті күннен кейінгі туындаған жағдайларды куəландыратын (есепті күннен кейінгі түзетілмейтін оқиғалар) оқиғалар. 4. Қаржы есептілігін шығаруға бекіту процесі басқару құрылымына, нормативтік талаптарға, қаржы есептілігін жасау мен түбегейлі ресімдеу рəсімдеріне қарай əртүрлі болады. 5. Жекелеген жағдайларда, ұйым қаржы есептілігін акционерлерге қаржы есептілігін шығарған күннен кейін бекітуге ұсынуға міндетті. Мұндай жағдайларда қаржы есептілігі акционерлер мақұлдаған күні емес, керісінше оны бастапқы шығарған күні - шығару күні болып есептеледі.
6. Жекелеген жағдайларда ұйым басшылығы қаржы есептілігін бақылау кеңесіне бекітуге беруге міндетті (оның құрамына тек атқарушы емес директорлар ғана енеді). Мұндай жағдайларда басшылық қаржы есептілігін бақылау кеңесіне ұсынуға рұқсат еткен кезде ол бекітіліп шығарылған болып есептеледі.
7. Есепті күннен кейінгі оқиғаларға, тіпті егер олар ұйымның пайдасы туралы деректер немесе басқа да қаржы ақпарат жарияланғаннан кейін болса да, қаржы есептілігін шығару үшін бекітілген күнге дейінгі барлық оқиғаларды жатқызады. Есепті күннен кейінгі түзетілетін оқиғалар 8. Ұйым есепті күннен кейінгі түзетілетін оқиғаларды көрсету үшін оның қаржы есептілігінде танылған соманы түзетуге міндетті. 9. Төменде ұйым не бұрын қаржы есептілігінде танылған сомаларды түзету арқылы, не есепке алу объектілерінің есептілігінде танылмаған баптарды тану арқылы ескеруге міндетті болатын, есепті күннен кейінгі түзетілетін оқиғалардың мысалдарын келтіріліп отыр: (a) ұйымда есепті күні міндеттемесінің болуын растайтын сот ісі бойынша есепті күннен кейін шешім шығарылуы. Ұйым 37 Mіндеттемелер, шартты міндеттемелер жəне шартты активтер ХҚЕС- қа (IAS) сəйкес осы сот ісіне қатысты бұрын танылған кез келген бағалау міндеттемесін түзетеді. Ұйым сот ісі бойынша шешім шығару нəтижесінде 37 ХҚЕС-ының (IAS) 16-тармағына сəйкес қарастырылатын қосымша куəліктердің пайда болуы негізінде жаңа шартты міндеттемемен шектелмейді. (b) есепті күннен кейінгі не есепті күні болған активтің құнсыздануы туралы, не есептілікте осы активтің құнсыздануынан шеккен бұрын танылған залалды түзету қажеттілігі туралы дəлелдейтін ақпаратты алу. Мысалы: (i) сатып алушының есепті күннен кейін болған банкротқа ұшырауы əдетте есепті негізгі қызмет бойынша дебиторлық берешек бойынша залалдың болуын жəне ұйымның осы дебиторлық берешектің қаржылық жағдай туралы есептіліктік құнын түзету қажеттігін дəлелдейді; жəне (ii) босалқылардың есепті күннен кейін сатылуы, осы босалқыларды сатудың есепті күнгі жай-күйі бойынша таза құнының растамасы болып табылуы мүмкін. (c) есепті күнге дейін сатып алынған активтердің құнын немесе есепті күнге дейін сатылған активтердің құнын есепті күннен кейін анықтау. (d) егер есепті күні ұйымда есепті күнге дейін заңды міндеттемесі немесе болған оқиғалармен байланысты осындай төлем жасау міндеттемесі болса, пайдаға немесе сыйақыға қатысу жоспарлары бойынша төлемдер деңгейін есепті күннен кейін анықтау (19 Қызметкерлерге берілетін сыйақылар ХҚЕС-ты (IAS) қараңыз). (e) қаржы есептілігінің бұрмаланғанын растайтын алаяқтық немесе қателіктер ақпаратының анықталуы. Есепті күннен кейінгі түзетілмейтін оқиғалар 10. Ұйым есепті күннен кейінгі түзетілмейтін оқиғалардың салдарын көрсету үшін оның қаржы есептілігінде танылған соманы түзетуге міндетті емес. 11. Есепті күннен кейін болған түзетілмейтін оқиғалардың мысалы есепті күн мен қаржы есептілігін шығару үшін бекіту күні арасындағы инвестициялардың нарықтық құнының төмендеуі болып табылады. Нарықтық құнның төмендеуі, əдетте, инвестициялардың есепті күнгі жай-күйіне байланысты болмайды, бірақ есепті күннен кейінгі оқиға салдарынан туындайтын жағдайды көрсетеді. Сондықтан ұйым осындай инвестициялар оның қаржы есептілігінде танылған соманы түзетпейді. Ұйым 21-тармаққа сəйкес қосымша ақпаратты ашуына тура келуі мүмкін болса да, есепті күнгі қаржы есептілігінде осындай инвестициялар мөлшері туралы ақпараттың жаңартылуы тиіс емес. Дивидендтер 12. Егер ұйым есепті күннен кейін үлестік құралдардың иелеріне дивидендтердің төленуін хабарласа (32 Қаржы құралдары: ақпаратты ұсыну ХҚЕС-ының (IAS) анықтамасына сəйкес), онда ол осы дивидендтерді есепті күнгі міндеттеме ретінде тануға тиіс емес. 13. Егер дивидендтер есепті кезеңнен кейін, бірақ қаржы есептілігі шығару үшін бекітілгенге дейін жарияланса, онда осы дивидендтер есепті кезеңнің соңында міндеттемелер ретінде танылмайды, себебі сол уақытта ешқандай міндеттеме болмайды. Осындай дивидендтер туралы ақпарат 1 Қаржы есептілігін ұсыну ХҚЕС-на (IAS) сəйкес қаржылық есептерге ескертпелерде ашып көрсетіледі. 14. Егер есепті күннен кейін басшылық ұйымды не таратуға, не оның қызметін тоқтатуға ниет білдірсе немесе оның өзге шынайы баламасы жоқ екенін шешетін болса, қызметтің үздіксіздігін негізге ала отырып қаржы есептілігін жасауға құқылы емес. 15. Есепті күннен кейін операциялық қызмет нəтижелерінің жəне қаржы жағдайының нашарлауы қызметтің үздіксіздігіне жол берудің орындылығы жөнінде қарау қажеттілігін көрсетуі мүмкін. Егер қызметтің үздіксіздігіне жол беру енді орынды болмаса, онда мұнан тиімділік елеулі болатыны соншалық, осы Стандартқа сəйкес бухгалтерлік есептің бастапқы əдістеріне сəйкес танылған соманы түзетпей, керісінше бухгалтерлік есеп əдісін түбегейлі өзгертудің қажеттілігі туындайды. 16. 1 ХҚЕС-қа (IAS) сəйкес белгілі бір ақпарат ашу қажет, егер: (a) қаржы есептілігі қызметтің үздіксіздігіне жол бермеуді негізге ала отырып жасалмайтын болса; немесе (b) басшылыққа ұйымның мүмкіндігіне елеулі түрде күмəн туғызуы жəне қызметтің үздіксіздігін одан əрі жалғастырмауының мүмкін болатын оқиғаларға немесе жағдайларға байланысты елеулі түрде екіұштылық белгілі болған жағдайда. Ашуды қажет ететін оқиғалар немесе жағдайлар есепті күннен кейін пайда болуы мүмкін. Қаржы есептілігін шығару үшін бекіткен күн 17. Ұйым қаржы есептілігін шығару үшін бекіткен күні жəне қаржы есептілігін шығару үшін бекіткен басқару органының атауын ашып көрсетуі тиіс. Егер ұйымның иеленушілерінің немесе басқа тұлғаларының қаржы есептілігін шығарғаннан кейін оған түзету енгізуге құқы болса, онда ұйым осы фактіні ашуға міндетті. 18. Пайдаланушыларға қаржы есептілігін шығару үшін бекіту күнін білу маңызды болады, өйткені қаржы есептілігі осы күннен кейін болған оқиғаларды көрсетпейді. Қаржы есептілігінде ашылатын, есепті күндегі бар жағдайлар туралы ақпаратты нақтылау 19. Егер есепті күнінен кейін ұйым есепті күні болған жағдайлар туралы ақпарат алатын болса, ұйым осы жаңа ақпаратты ескере отырып қаржы есептілігінде ашылатын осы жағдайлар туралы ақпаратты ашуды анықтауға міндетті. 20. Жекелеген жағдайларда ұйымға есепті күннен кейін алынған мəліметтерді ескере отырып қаржы есептілігінде ашылған ақпаратты, тіпті егер алынған мəліметтер қаржы есептілігінде танылған сомаға ықпал етпейтін болса да, нақтылауы қажет. Мысалы, есепті күннен кейін ұйым есепті күні болған шартты міндеттемені растауды алған кезде есептілікте ашылған ақпаратты нақтылауы керек. 37 ХҚЕС-ына (ІАS) сəйкес бағалау міндеттемесін тану немесе өзгертудің мақсатқа сай екенін қарай отырып, ұйым сонымен қатар алынған жаңа мəліметтерді ескере отырып шартты түрдегі міндеттемелер туралы ақпаратты толықтырады. Есепті күннен кейінгі түзетілмейтін оқиғалар 21. Егер есепті күннен кейін болған түзетілмейтін оқиғалардың маңызды сипаты болса, онда олар туралы ашылмаған ақпарат пайдаланушылардың осы қаржы есептілігі негізінде қабылданған экономикалық шешіміне əсер етуі мүмкін. Тиісінше, ұйым есепті күннен кейін болған түзетілмейтін оқиғалардың əрбір маңызды санаттары үшін мынадай ақпаратты ашуға міндетті: (a) оқиғаның сипатын; жəне (b) оның қаржы салдарларын немесе осындай бағалаудың мүмкін болмайтыны туралы мəлімдемені бағалауды. 22. Төменде есепті күннен кейін болған, əдетте ақпарат ашылатын түзетілмейтін оқиғалардың мысалдары келтірілген: (a) есепті күннен кейін ұйымдардың елеулі түрде бірігуі (мұндай жағдайда 3 Бизнес бірлестіктері ХҚЕС-ына (IFRS) сəйкес белгілі бір ақпаратты ашу қажет) немесе ірі еншілес ұйымның үлестіруі; (b) қызметті тоқтату жайлы жоспарды жариялау; (с) 5 Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер жəне тоқтатылған қызмет ХҚЕС-на (IFRS) сəйкес активтерді ірі сатып алулар жəне сатуға арналған активтер деп жүйелеу, жəне активтерді табыстау немесе активтердің елеулі бөлігін мемлекет иелігіне алу; (d) есепті күнінен кейін болған өрт салдарынан ұйымның маңызды өндірістік қуаттарының (жабдықтарының) жойылуы; (e) əзірленіп жатқан ірі көлемдегі қайта құрылымдаулар немесе оны іске асыруды бастау туралы хабарландыру (37 ХҚЕС-ын (IAS) қараңыз); (f) есепті күннен кейін болған қарапайым акциялармен жəне əлеуетті қарапайым акциялармен жасалған ірі мəмілелер (33 Акцияға шаққандағы пайда ХҚЕС (IAS) ұйымнан, капиталдандыруға жəне акцияларды жеңілдікпен орналастыруға, бөлшектеуге немесе шоғырландыруға байланысты мəмілелерді қоспағанда, осындай мəмілелердің сипатын келтіруді талап етеді, бұл ретте жоғарыда аталған барлық мəмілелер 33 ХҚЕС (IAS) сəйкес түзетіледі); (g) активтер құнының немесе шетел валюталарының айырбас бағамдарының есепті күннен кейін болған əдеттен тыс үлкен өзгерістері; (h) есепті күннен кейін қолданысқа енгізілген салық мөлшерлемелерінің немесе салықтар мен алымдар туралы заңнаманың ағымдағы жəне кейінге қалдырылған салық активтері мен міндеттемелеріне елеулі əсер ететін өзгерістер (12 Пайдаға салынатын салықтар ХҚЕС (IAS) қараңыз); (i) маңызды шарттық міндеттер немесе шартты міндеттемелер қабылдау, мысалы, ірі кепілдіктер беру кезінде; жəне (j) есепті күннен кейін болған оқиғалардан ғана туындайтын ірі сот істерін қараудың басталуы. 23. Ұйым осы ХҚЕС-ты 2005 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдерге қатысты қолдануға міндетті. Стандартты мерзімінен бұрын қолдану мақұлданады. Егер ұйым осы Стандартты 2005 жылдың 1 қаңтарынан басталатын кезеңдерге қатысты қолданса, ол осы фактіні ашып көрсетуі міндетті. 23A 2011 жылғы мамыр айында 13 ХҚЕС-нің (IFRS) 11 тармағына түзетулер енгізілді. Ұйым 13 ХҚЕС-ты (IFRS) қолданғанда, осы түзетулерді де қолдануы тиіс.
24. Осы Стандарт 10 Есепті күннен кейінгі оқиғалар ХҚЕС-ты (IAS) (1999 жылғы редакциясын) алмастырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |