Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөніндегi мемлекеттік комиссия құру туралы (2012.03.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 13 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтердiң жоғары идеялық және көркемдiк деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған: Комиссия туралы ереже; Комиссия құрамы бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 807 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Қазақстан Республикасының Yкіметі ескерткiштер мен монументтер орнату туралы шешімдерді Комиссияның ұсынысын ескере отырып қабылдайды деп белгіленсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 ж. 1 наурыздағы № 311 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия орнатылатын ескерткiштер мен монументтердiң жоғары идеялық және көркемдiк деңгейiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 2. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамаларына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады. 2. Комиссияның негiзгі функциялары мен өкілеттіктерi ҚР Үкіметінің 21.11.02 ж. № 1235 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Комиссия жергіліктi атқарушы органдардың, шығармашылық одақтардың және қоғамдық ұйымдардың ескерткіштер мен монументтер орнату туралы ұсыныстарын қарайды және: 1) ескерткiштiң немесе монументтiң ең таңдаулы жобасына конкурстар өткізу; 2) конкурсқа ұсынылған ескерткiштер мен монументтер жобаларының конкурс шарттарында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексеру; 3) ең үздiк жобаларға сыйлықтар және көтермелеудің басқа да түрлерiн беру; 4) конкурс қорытындылары негiзiнде жобалық құжаттарды одан әрi әзiрлеу; 5) ескерткiш немесе монументтiң эскиздiк жобасын, мүсiннiң жұмыс моделiн, тұғырдың сызбаларын, жұмсақ материалда жасалған құрылыс мөлшеріндегі мүсiн моделiн, құрылыс материалында (қола, гранит және т.б.) жасалған мүсiндi, жасалған және төңiрегіндегі аумақтың көркейтiлуi аяқтала отырып орнатылған ескерткiш немесе монумент құрылысын қабылдау жөнiнде ұсынымдар бередi. ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 807 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 4. Комиссия белгiленген тәртiппен және өз құзыретiне енетiн мәселелер бойынша: 1) республикада ескерткiштер мен монументтер орнату мәселелерiн реттеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге; 2) Комиссия құрамына өзгерiс туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге; 3) ескерткiштердi немесе монументтердi жобалау және құрылысы процесiнде авторлармен консультативтiк жұмыс жүргiзуге; 4) ескерткiштер мен монументтер жобаларын дайындау және iске асыру жөнiнде уақытша және тұрақты жұмыс істейтiн сараптамалық және жұмыс топтарын ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге; 5) ескерткiштер мен монументтер жобаларын бағалау, басым жобаларды таңдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мен енгізу үшiн Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мамандарын және консультанттарды тартуға; 6) Комиссия құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат сұратуға; 7) Комиссия мүшелерінің мәжілістерiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының жауапты өкiлдерiн, сараптама және жұмыс топтары жетекшiлерiн тыңдауға; 8) ескерткiш және монумент құрылысына арналған гранттар мен техникалық көмек түрінде қаржыландыру тарту туралы ұсыныстар енгізуге; 9) Комиссия мүшелерiн ескерткіштер мен монументтер жобаланатын және орнатылатын жерлерге iссапарға жiберу туралы ұсыныстар енгізуге құқылы. 3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру ҚР Үкіметінің 21.11.02 ж. № 1235 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді 5. Комиссияның мәжілісi қажеттiлiгiне қарай тоқсанына кемінде бір рет өткiзiледi және егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, құқылы деп саналады. ҚР Үкіметінің 21.11.02 ж. № 1235 қаулысымен 5-1, 5-2, 5-3 тармақтарымен толықтырылды 5-1. Комиссия құрамына жетекші сәулетшілер мен мүсіншілер, өнертанушылар, мемлекеттік органдардың, ғылым және мәдениет мекемелерінің, шығармашылық одақтардың және басқа да мүдделі ұйымдар мен мекемелердің өкілдері кіреді. 5-2. Комиссияның қарауына ұсынылатын мәселелердің тізбесін түсуіне қарай жергілікті атқарушы органдардың, шығармашылық одақтардың және қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары бойынша Комиссияның жұмыс органы жасайды. 5-3. Құрылысы аяқталған, эскиздері мен модельдері мәжілістерде алдын ала қаралмаған ескерткіштер мен монументтер жөніндегі ұсыныстар Комиссияның қарауына қабылданбайды. ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 643 қаулысымен 5-4-тармақпен толықтырылды 5-4. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызметке дербес жауап береді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады. ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 643 қаулысымен 5-5-тармақпен толықтырылды 5-5. Комиссияның хатшысы Комиссия мәжілісінің күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және Комиссия мәжілісінің хаттамаларын ресімдейді. Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды. 6. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер олар үшiн комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшілігi дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерi ерекше пiкiрге құқылы, ол айтылған жағдайда жазбаша түрде баяндалуы тиiс. Комиссия мәжілістерінің нәтижелерi бойынша, оған қатысушы мүшелер қол қойған хаттама жасалады. Оған осы мәжілісте қаралған ескерткiш немесе монумент жобасының сол сатыдағы фотосуреттерi қосымша берiледi. ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 807 (бұр. ред. қара); 2005.28.02. № 173; 2008.28.06. № 643 (бұр.ред.қара); 2010.26.10. № 1113 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.03.05. № 569 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады. ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 643 қаулысымен 8-тармақпен толықтырылды 8. Комиссия қызметінің ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етілуін жұмыс органы қамтамасыз етеді. ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 643 қаулысымен 9-тармақпен толықтырылды 9. Комиссия өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.
ҚР Үкіметінің 03.04.02 ж. № 397; 21.11.02 ж. № 1235 (бұр. ред. қара); 31.10.03 ж. № 1083 30.07.04 ж. № 807 (бұр. ред. қара); 2005.28.02. № 173 (бұр. ред. қара); 2006.27.06. № 588 (бұр. ред.қара); 2006.13.09. № 863 (бұр.ред.қара); 2008.28.06. № 643 (бұр.ред.қара); 2009.13.11. № 1834 (бұр. ред. қара); 2010.26.10. № 1113 (бұр.ред.қара); 2012.03.05. № 569 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 1 наурыздағы № 311 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия құрамы
|