«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы (2013.30.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Зейнетақы жарналарына, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерге есеп жүргізуді қамтамасыз ету, тиісті орталықтандырылған дерекқорларды қалыптастыру және қолдау, зейнетақыларды, жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді төлеудің тиімді жүйесінің жұмыс істеуі мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жедел басқару құқығындағы «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын. ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2013.30.05. № 551 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кәсіпорынның тиісті саласының уәкілетті органы болып айқындалсын. ҚР Үкіметінің 1999.24.07. № 1059 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2005.28.12. № 1298 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2009.28.01. № 72 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.11.12. № 1577 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік монополияға жатқызылған Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақылар, жәрдемақылар төлемдерін, біржолғы және өзге де төлемдерді ұйымдастыру және жүзеге асыру; 2) ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын және міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру; 4) салымшының зейнетақы төлемдерін алу құқығына болжамды инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін келесі қаржы жылына айқындау; 5) міндетті зейнетақы жарналарын дербестендірілген есепке алу; 6) міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды агенттерден жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару, зейнетақы жарналарының артық (қате) төленген сомаларын және (немесе) олар бойынша өсімпұлды агенттерге қайтару; 7) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасамаған және (немесе) жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген адамдардың міндетті зейнетақы жарналарын агентке қайтару; 8) жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы жинақтарын аудару туралы электронды хабарламаларды жіберу және салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударуды жүзеге асыру; 9) салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жылына екі рет жасасқан жағдайда, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 45-2-бабының 4-1-тармағында белгіленген жағдайда міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың мәліметтерін бірыңғай тізімге енгізуден бас тартуды ресімдеу; 10) салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен аудару кезінде туындаған жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысу; 11) агенттердің Кәсіпорын есебіне аударған және Кәсіпорыннан агентке қайтарылған міндетті зейнетақы жарналарының сомалары бойынша тізілімдерін қалыптастыру және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға табыс ету; 12) Кәсіпорыннан зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындайтын органның төлемдерді тағайындауы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақылар, жәрдемақылар, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылар істерінің макеттерін қалыптастыру; 13) зейнетақылар, жәрдемақылар, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылардың орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру және оларды дербестендірілген есепке алу; 14) міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын аударуды кешіктіргені үшін өсімпұлды бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аудару; 15) міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) олар бойынша өсімпұлды есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша агенттермен және жинақтаушы зейнетақы қорларымен өзара іс-қимыл жасау; 16) орталық атқарушы органның бірыңғай ақпараттық жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру; 17) Қазақстан Республикасы заңнамасының зейнетақы жинақтарының құпиясын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға Кәсіпорынның қызмет түрлері бойынша ақпараттық қызметтер ұсыну; 18) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың міндетті әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтік төлемдерін дербестендірілген есепке алу және олардың орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру; 19) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру; 20) құжаттар қабылдау, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындауға, қайта есептеуге арналған істер макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау; 21) әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдердің жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Кәсіпорынның қызмет түрлеріне сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға ақпараттық қызметтер ұсыну; 22) төлеушілерден түскен міндетті әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударуды, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар сомаларын және (немесе) олар бойынша өсімпұлды төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру; 23) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаражатынан төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталынған міндетті зейнетақы жарналарының 10 % сомасын ұйымдастыру және жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару; 24) төлеушілерден түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдардың тізілімдерін қалыптастыру және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсыну; 25) жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген адамдардың әлеуметтік аударымдарының сомаларын төлеушіге қайтаруды жүзеге асыру; 26) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де қызмет түрлері болып айқындалсын. 4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі: бiр апта мерзiм iшiнде онда жергiлiктi жерлерде Кәсiпорынның филиалдарын ашуды көздеп Кәсiпорынның Жарғысын бекiтсiн және оны белгiленген тәртiппен тiркесiн; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен кәсiпорынды қажеттi қызметтiк үй-жайлармен қамтамасыз етсiн. ҚР Үкіметінің 1997.27.06. № 1030 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді 5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі: Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервтiк қорынан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне Кәсiпорынның жарғылық қызметi үшiн 5 (бес) миллион теңге бөлсiн; 1997 жылдың iшiнде Кәсiпорынға қажеттi ресми трансферттердi уақытында және толық аударуды қамтамасыз етсiн. 6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі заңдарда белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулыға сәйкес Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiне толықтыру енгізу туралы ұсыныс енгiзсiн.
|