Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінiң кейбір мәселелерi (2013.10.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 8 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.14.05. № 416 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 2010.14.05. № 416 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологияларминистрлігі туралы ереже; 2) ҚР Үкіметінің 2013.26.02. № 186 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi; 2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Шағын бизнестi қолдау жөніндегі комитетi, осы Комитеттiң штат саны мен мемлекеттік мүлкi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң орталық аппаратына берiле отырып, таратылсын. ҚР Үкіметінің 2006.06.06. № 509 қаулысымен 3-тармақ толықтырылды 3. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi; 2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Бәсекелестіктi қорғау комитетiн және оның аумақтық бөлімшелері; ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi құрылсын. 4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Техникалық реттеу және метрология комитетi болып қайта аталсын. 5. ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6. ҚР Үкіметінің 2013.26.02. № 186 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7. ҚР Үкіметінің 2007.05.12. № 1180 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігін ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Энергетика және минералдық ресурстар, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрлiктерiнен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгіне берiлетiн функцияларды ұстауға, сондай-ақ қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiктерiн ұстауға көзделген қаражат есебiнен берiлетiн штат санының шегiнде жүзеге асырылады деп белгіленсiн. 9. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрлiктерi, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiктерi берiлетiн функциялар шеңберiнде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Жарлыққа қол қойылған күнi берiлетiн бөлiмшелер қызметкерлерiнiң пайдалануындағы мемлекеттік мүлiктi қоса алғанда, құрылымдық бөлiмшелердi берудi қамтамасыз етсiн. 10. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетiлген қаулыға қосымшада: «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне» деген бөлiмде реттiк нөмiрi 205-12-жол алынып тасталсын; «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне» деген бөлiмде реттiк нөмiрi 235-жол алынып тасталсын; «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi» деген бөлiмнiң тақырыбындағы «Құрылыс» деген сөзден кейiн «және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» деген сөздермен толықтырылсын, мемлекеттік тiлдегi мәтiнде «жөніндегі» деген сөз алынып тасталсын. 11. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 12. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2007.05.12. № 1180 қаулысымен Ереже жаңа редакция (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.15.02. № 141 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.07.05. № 429 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.18.03 № 354 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.15.07. № 1071 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.22.10. № 1646 Қаулысымен (2009 жылғы 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.20.12. № 2138 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже өзгертілді ; ҚР Үкіметінің 2010.14.05. № 416 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.26.02. № 186 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi индустрия және елдi индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешені, машина жасау, химия, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өндiрiсi; салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс iстеуi және оларды тарату, экспорттық бақылау; техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету; электр энергетикасы; көмiрсутегi шикiзатын қоспағанда, минералдық ресурстар; мемлекеттiк геологиялық зерделеу, минералдық-шикiзат базасын ұдайы өндiру, жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану, жер қойнауын пайдалануды қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдiк балшық бөлiгiнде мемлекеттiк басқару; көмiр өнеркәсiбi; атом энергиясын пайдалану, энергия үнемдеу, туристiк қызмет саласында басшылық етудi, инвестицияларды мемлекеттік қолдау саясатын іске асыру, сондай-ақ оның құзыретiне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi (бұдан әрi - реттелетiн салалар) жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің мынадай ведомстволары бар: 1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің Инвестиция комитетi; 2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің Туризм индустриясы комитетi; 3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің Өнеркәсiп комитетi; 7) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің Атом энергиясы комитеті. 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 6. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi басшысының бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 9. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Транспорт Тауэр» ғимараты. 10. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi» мемлекеттiк мекемесi. 11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің құрылтай құжаты болып табылады. 12. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 13. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
14. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің миссиясы: индустрияны дамыту, елдің индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамуы, сондай-ақ туризм индустриясы мемлекеттік саясатын қалыптастыру. 1) индустрия және елдi индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешені, машина жасау, химия, фармацевтика және медицина, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өндiрiсi, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi, арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс iстеуi және оларды тарату, экспорттық бақылау, техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету, электр энергетикасы, қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдiк балшық бөлiгiнде жер қойнауын пайдалану, көмiр өнеркәсiбi, атом энергиясын пайдалану, мемлекеттiк геологиялық зерделеу, минералдық-шикiзат базасын ұдайы өндiру, жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану, жер қойнауын пайдалануды қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдiк балшық бөлiгiнде мемлекеттiк басқару, энергия үнемдеу, туристiк қызмет саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу; 2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің құзыретiне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттiк органдарды салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру; 3) ғылыми-технологиялық әзiрлемелердi енгiзу (ғылым мен техника жетiстiктерiн пайдалану) және жоғары технологиялық өндiрiстердi қалыптастыру негiзiнде ел экономикасын дамыту үшiн жағдайлар жасау; 4) ұйымдық және экономикалық, оның iшiнде мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыру үшiн инвестициялар тартуды қамтамасыз ететiн шарттарды құру жолымен инновациялық қызметтi ынталандыру; 5) инвестицияларды мемлекеттік қолдау саясатын іске асыру; 6) экономиканы дамыту және қазiргi заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндiрiстердi құру, жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi кеңейту мен жаңартуға инвестицияларды ынталандыру үшiн қолайлы инвестициялық ахуал жасау бойынша ұсыныстар әзірлеу; 7) инвестициялық жобаларды iске асыру және мониторингiлеу бойынша шараларды қамтамасыз ету; 8) экономиканы әртараптандыру және үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту үдерiстерiн үйлестiрудi жүзеге асыру; 9) реттелетiн салалардағы мемлекеттiк басқару; 10) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру. 16. Орталық аппараттың функциялары: 1) реттелетiн салаларда мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және iске асыруды қамтамасыз етедi; 2) реттелетiн салалардағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 3) халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдармен, сондай-ақ интеграциялық бірлестіктермен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды; 4) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне бекітілген үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) шеңберінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді; 5) өз құзыретi шегiнде реттелетiн салалардағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi, келiседi және бекiтедi; 6) реттелетiн салалардағы бағдарламалық құжаттарды әзiрлейдi және келiседi; 7) реттелетiн салалардағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады; 8) Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану мәселелерi бойынша заңнамалық актiлерiн әзiрлеу және өзгерту жөнiндегi ұсыныстарды енгiзедi; 9) Қазақстан Республикасы заңнамасының негiзiнде және оны орындау үшiн атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметтi регламенттейтiн нормалар мен қағидаларды әзiрлейдi, белгiлейдi және қабылдайды; 10) радиациялық қауіпсіздікті бағалауды жүзеге асырады, радиациялық қауіпсіздікті бағалау нәтижелерін талдайды және бекітеді; 11) атом энергиясын пайдалану саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді, келіседі және бекітеді; 12) ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың қауіпсіздігі үшін сапаны қамтамасыз ету бағдарламаларының үлгі мазмұнын және оны бекіту тәртібін айқындайды; 13) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы нормалар мен қағидаларды әзiрлейді; 14) Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға, келiсiмдер мен уағдаластықтарға сәйкес экспорттаушы елдiң құзыреттi мемлекеттiк органының сұрау салуы болған кезде ядролық импорт өнiмдерiн бейбiт мақсатта пайдалану туралы растау бередi; 15) Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға, келiсiмдер мен уағдаластықтарға сәйкес ядролық қаруы жоқ елдердiң құзыреттi мемлекеттiк органдарынан ядролық экспорт өнiмдерiн бейбiт мақсатта пайдалану туралы растауды сұратады; 16) өз құзыретi шегiнде өңделген отын немесе радиоактивтi қалдықтар айналымын мемлекеттiк реттеудi жүзеге асырады; 17) радиациялық қауiпсiздiк саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейді; 18) иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу саласындағы лицензиялануға жататын қызмет түрлерiн айқындайды; 19) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, соның iшiнде халықтың сәулелену дозаларын бақылау мен есепке алу саласындағы мемлекеттiк басқарудың бiрыңғай жүйесiн құрады және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етеді; 20) радиациялық қауiпсiздiкке, ядролық материалдар мен иондаушы сәулелендiру көздерiн физикалық қорғауға және аварияға қарсы жоспарлауға, есепке алу мен бақылауға қатысты нормалар мен қағидаларды әзiрлейдi және келiседі; 21) ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерiн есепке алу мен бақылаудың мемлекеттiк жүйелерiн құрады; 22) Қазақстан Республикасының Үкiметiне инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау жөнiндегі ұсыныстар енгiзедi; 23) технологиялық болжауды тұрақты негiзде үш жылда бiр реттен кем емес қорытындылар шығара отырып жүргiзедi; 24) технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының жәрдемдесуімен нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асырады; 25) ұлттық басқарушы холдингтермен, ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен және олармен аффилиирленген заңды тұлғалармен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң тiзбесiн айқындайтын технологиялық меморандумдарды жасасады; 26) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi ұсынатын тиiстi мамандарға қажеттiлiк туралы мәлiметтер негiзiнде экономиканың басым секторлары үшiн мамандар даярлау, қажет етiлетiн мамандықтардың тiзбесiн айқындау бойынша ұсыныстар қалыптастырады; 27) технологияларды сатып алуға, өнеркәсiптiк зерттеулер жүргiзуге, бастапқы даму кезеңiнде жоғары технологиялық өнiм өндiру жөнiндегi қызметтi қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңiрлiк патенттiк ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларын әзiрлейдi; 28) технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын әзiрлейдi; 29) шет елде инженерлiк-техникалық персоналдың бiлiктiлiгiн арттыруға, жоғары бiлiктi шетелдiк мамандарды тартуға, консалтингтiк, жобалық және инжинирингтiк ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндiрiстiк технологияларды енгiзуге инновациялық гранттар беру қағидаларын әзiрлейдi; 30) инновациялық гранттар берудiң басым бағыттары шеңберiнде технологиялық дамыту жөнiндегi ұлттық даму институтын тарта отырып, инновациялық гранттар береді; 31) технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтымен жасалатын шарт негiзiнде инновациялық гранттар беруге қаражат бөледі; 32) ғылыми-технологиялық дамытудың салааралық жоспарын әзiрлейдi; 33) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға экономиканың басым секторларын айқындау бойынша ұсыныстар енгiзедi; 34) Қазақстан Республикасының Үкiметiне индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау шараларының тиiмдiлiгi туралы ақпаратты жыл сайын ұсынады; 35) жергiлiктi қамту бойынша сараптама жүргiзу қағидаларын әзiрлейдi; 36) басым тауарлар мен қызметтердiң бiрыңғай картасын әзiрлейдi; 37) жоғары технологиялық өнiм өндiру жөнiндегi қызмет түрлерiнiң тiзбесiн әзiрлейдi; 38) Қазақстан Республикасы Үкiметiнің жанындағы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша үйлестiру кеңесi туралы ереженi әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметiне оның құрамын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар енгiзедi; 39) Технологиялық саясат жөнiндегi кеңес туралы ережені әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметiне оның құрамын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар енгiзедi; 40) дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың технологиялар мен инновацияларды дамыту бөлiгiндегі даму стратегиялары мен жоспарларын келiседi; 41) салалық конструкторлық бюролардың жұмыс iстеуі қағидаларын әзiрлейдi; 42) отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарыққа жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi шығындарының бiр бөлiгiн өтеу қағидаларын әзiрлейдi; 43) сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындары iшiнара өтелетiн отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің тiзбесiн әзiрлейдi; 44) инновациялық гранттар беру кезiнде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметтерiне ақы төлеу тәртiбiн әзiрлейдi; 45) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта жылжыту бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу қағидаларын әзiрлейдi; 46) технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерiн көрсету, сондай-ақ осындай қызметтер құнын айқындау қағидаларын әзiрлейдi; 47) технологиялық болжауды жүргiзу әдiстемесiн әзiрлейдi және бекiтедi; 48) жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне сервистiк қолдау көрсетеді және олардың отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта жылжыту бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтейді; 49) экспортты дамыту және жылжыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне сервистiк қолдау көрсетеді және олардың отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтейді; 50) өзге мемлекеттік органдардың құзыретіне жатқызылмаған жоғары технологиялы сервистік индустрияны дамыту саясатын әзірлейді; 51) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен бiрлесiп, экспорттық бақылау жүйесi өнiмiнiң номенклатурасын (тiзiмiн) әзiрлейдi; 52) жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институтымен жасалатын шарт негiзiнде индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарыққа жылжыту бойынша шығындарын өтеуге қаражат бөледі; 53) Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта жылжыту бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның оң ұсынымы негізінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу туралы шешім қабылдайды; 54) Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi шығындарының бiр бөлiгiн өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның оң ұсынымы негiзiнде отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтердi сыртқы нарықтарға жылжытатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi шығындарының бiр бөлiгiн өтеу туралы шешім қабылдайды; 55) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi iшкi және сыртқы нарықта жылжыту бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың ережесін және құрамдарын бекітеді; 56) машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi және келiседi; 57) техникалық регламенттi бекiтудi қоспағанда, машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзірлейді, бекiтедi және келiседi; 58) сәйкестiк белгiсiнiң кескiнiн, оған қойылатын техникалық талаптар мен таңбалау тәртiбiн әзiрлейдi; 59) жер учаскелерi меншiкке өтеусiз негiзде ұсынылатын отандық өнеркәсiп кәсiпорындарының тiзбесiне енгiзу үшiн отандық өнеркәсiп кәсiпорындарын iрiктеу өлшемдерiн әзiрлейдi; 60) жер учаскелерi меншiкке өтеусiз негiзде ұсынылатын отандық өнеркәсiп кәсiпорындарының тiзбесiн әзiрлейдi; 61) Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi ұйымдардың және мемлекеттiк органдардың сатып алуы кезiнде жергiлiктi қамтудың үлесiн ұлғайту бойынша шараларды әзiрлеудi жүзеге асырады және мемлекеттiк саясатты iске асырады; 62) жергiлiктi қамту мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi және әдiснамалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады; 63) бiрлесiп бекiтiлген нысандар негiзiнде Қазақстан Республикасы Қаржы, Мұнай және газ министрлiктерi жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуында жергiлiктi қамту бойынша тұрақты негізде ұсынатын жалпы ақпаратты жинақтауды және талдауды қамтамасыз етедi; 64) Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiткен тiзбе бойынша ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтердi сатып алуында жергілікті қамтудың мониторингiн және тиiстi ұйымдар ұсынатын жүргiзiлген, жүргiзiлетiн және келесi жылға жоспарланатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу туралы ақпаратты талдауды жүзеге асырады; 65) ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың, олардың еншiлес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуындағы жергілікті қамтудың мониторингін жүзеге асырады; 66) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды жеткізушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргiзу тәртiбiн әзiрлейдi; 67) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы мемлекеттiк саясаттың iске асырылу мониторингiн жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нысан бойынша және мерзiмдерде орталық атқарушы органдар ұсынатын есептерге талдау жүргiзедi; |