|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Қазақстан Республикасының (2021.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 2 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-тарау. ТАУАР БИРЖАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тауар биржалары қызметі саласындағы құзыреті 4-бап. Уәкілетті органның құзыреті 5-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау 7-бап. Тауар биржасының жарғысы 8-бап. Тауар биржасындағы дауларды шешу 9-бап. Тауар биржаларының сыныптамасы 10-бап. Биржалық сауданың үлгі ережелері 11-бап. Тауар биржасының мүшелері 12-бап. Тауар биржасының қызметкерлері 4-тарау. ТАУАР БИРЖАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ 13-бап. Тауар биржасының қызметі 13-1-бап. Тауар биржасы арқылы мемлекеттік сатып алу 14-бап. Тауар биржасының кірістері 15-1-бап. Биржалық сауда-саттықтарды жүргізу режимдері 16-бап. Биржалық мәмілелердің түрлері 16-1-бап. Тауар биржасының биржалық мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қорлары 17-бап. Фьючерстік және опциондық мәмілелер жасау кезіндегі биржалық саудадағы кепілдіктер 5-тарау. БРОКЕРЛІК ЖӘНЕ ДИЛЕРЛІК ҚЫЗМЕТ. ТАУАР БИРЖАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰПИЯ 19-бап. Брокердің және дилердің қызметін жүзеге асыру тәртібі 19-1-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі және өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу) 20-бап. Брокермен және дилермен мәмілелер жасау 21-бап. Тауар биржасында брокер мен оның клиенттерінің арасындағы қатынастар 23-бап. Тауар биржасындағы коммерциялық құпия 24-бап. Тауар биржаларының қызметі туралы коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну 6-тарау. ТАУАР БИРЖАЛАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ 25-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау 26-бап. Алынып тасталды. 27-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі 28-бап. Уәкілетті органның нұсқамалары 29-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң тауар биржалары қызметі және биржалық сауданы жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, тауар биржаларының ашық және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, биржалық саудаға қатысушылардың құқықтарын және олардың арасындағы адал бәсекелестікті қорғау мақсатында тауар биржаларының қызметін реттеу және мемлекеттік бақылау тәртібін белгілейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-1) тармақша жаңа редакцияда 1-1) биржалық брокер (бұдан әрi - брокер) - тауар биржасында өз қызметiн жүзеге асыратын және клиенттiң тапсырмасы бойынша, соның есебiнен және мүддесi үшiн биржалық тауармен мәмiлелер жасайтын заңды тұлға; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда 2) биржалық дилер (бұдан әрi - дилер) - тауар биржасында өз қызметiн жүзеге асыратын және өзінің мүддесі үшін және өзінің есебiнен биржалық тауармен мәмiлелер жасайтын заңды тұлға; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) биржалық қамтамасыз ету - жасалатын биржалық мәмілелер бойынша өздерінің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін тауар биржасының клирингтік орталығына биржалық саудаға қатысушылардың қайтарым негізінде енгізетін ақшалай қамтылымы; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда 3) биржалық сауда - тауар биржасында электрондық нысанда биржалық сауда-саттықтар өткізу, мәмілелерді тіркеу және ресімдеу арқылы жүзеге асырылатын биржалық тауарларды, стандартталмаған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) биржалық сауда қағидалары - биржалық сауданың үлгi қағидалары негiзiнде әзiрленген, әрбiр тауар биржасы үшiн биржалық сауда жүргiзу тәртiбiн белгiлейтiн құжат; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда 5) биржалық сауда-саттықтар - биржалық мәмілелер жасасу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне берілген электрондық өтінімдер негізінде биржалық тауарлар, стандартталмаған тауарлар бойынша мәмілелер жасауға бағытталған, биржалық сауда қағидалары шеңберінде жүргізілетін процесс; 6) биржалық саудаға қатысушылар - биржалық сауданың белгіленген ережелері бойынша тауар биржасында өзара әрекет ететін клиенттер, брокерлер және дилерлер; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) биржалық тауар - Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілген стандартталған біртекті тауар, оның бірліктері барлық жағынан да бір-біріне сәйкес келеді, сол бір функцияларды орындауына мүмкіндік беретін ұқсас сипаттамалары болады және ұқсас құрамдастардан тұрады, түрлі өндірушілерден шыққан бірін-бірі толық алмастыратын қасиетке ие партиялар, сондай-ақ мерзімді келісімшарт; 8) биржалық тауарларға баға белгілеу - тауар биржасында белгілі бір уақыт кезінде биржалық тауарлар бойынша жарияланған сұраныстың және (немесе) ұсыныстың бағасы; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) бұйрық - клиент тауар биржасында нақты биржалық тауарларға қатысты белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды көрсете отырып, брокерге ұсынатын құжат; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды 9-1) кепілдік беру қор - биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында биржаның өз қаражаты есебінен қалыптастыратын ақша қоры; 9-2) 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10) клиент - биржалық тауармен мәмілелер жасау үшін брокердің көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға; 11) 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 11-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11-1) кросс-мәміле - брокер екі әртүрлі клиенттің тапсырмасы бойынша әрекет ете отырып, сатушы тарапынан да, сатып алушы тарапынан да әрекет ететін биржалық мәміле; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 11-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11-2) қосарланған қарсы аукцион режимі - биржалық мәмілелер сатушылар мен сатып алушылар бәсекелестігі нәтижесінде анонимді түрде жасалатын, ал биржалық немесе стандартталмаған тауарға баға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі деңгейінде белгіленетін сауда режимі; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12) мерзімді келісімшарт - орындау мерзімі кейінге қалдырылған базалық активті шартсыз немесе шартты сатып алу-сатуға арналған келісімшарт, оған фьючерс, опцион жатады; 13) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14) опциондық мәміле - объектісі опцион болып табылатын биржалық мәміле; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 14-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14-1) өзін-өзі реттейтін ұйым - брокерлердің немесе дилерлердің ерікті қатысуына негізделген және тауар биржалары саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізіліміне енгізілген, қауымдастық (одақ) нысанындағы коммерциялық емес ұйым; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды 14-2) сақтандыру қоры - биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында биржа және (немесе) оның клирингтік орталығы биржа мүшелерінің міндетті жарналары есебінен қалыптастыратын ақша қоры; 15) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - сауда қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді және үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 16) спот-тауар - шұғыл берілетін немесе алдағы уақытта берілетін, қоймада тұрған тауар; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 16-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16-1) стандартталмаған тауар - биржалық тауарларды, жылжымайтын мүлiкті және зияткерлік меншiк объектілерін қоспағанда, айналымнан алынбаған немесе айналымы шектелмеген, тауар биржасы биржалық саудаға жiберген тауар; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды 16-2) стандартты аукцион режимі - стандартталмаған тауарлар бойынша биржалық мәмілелер төмендетуге немесе жоғарылатуға арналған аукцион барысында сатып алушы (сатушы) - аукционның бастамашысы үшін ең үздік баға бойынша жасалатын сауда режимі; 17) тауар биржасының мүшесі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауар биржасының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен биржалық тауармен мәмілелерді жүзеге асыруға құқығы бар брокер және (немесе) дилер; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 18) тауар биржасының сауда жүйесi - тауар биржасының материалдық-техникалық құралдары, электрондық сауда жүйесі, iшкi құжаттары және өзге де қажеттi активтер мен рәсiмдер кешенi, тауар биржасындағы сауда-саттыққа қатысушылар арасында биржалық тауарлармен мәмiлелер жасай отырып, сауда-саттық соларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады; 19) тауар биржасының ішкі құжаттары - тауар биржасына қатысушылар қызметінің шарттары мен тәртібін, тауар биржасының, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын, қызмет көрсетулер, оларға ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін реттейтін құжаттар; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19-1) тармақша өзгертілді 19-1) тауар биржасының электрондық сауда жүйесi - биржалық сауда-саттықты өткізуге қажетті және биржалық мәмілелер жасасу, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін, тауар биржасының есептеу құралдары, бағдарламалық қамтылымы, дерекқорлары, телекоммуникациялық құралдары және басқа да жабдықтары кешені; 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 20) фьючерстiк мәмiле - объектісі фьючерс болып табылатын биржалық мәмiле; 21) 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-тарау. Тауар биржаларының қызметін мемлекеттік реттеу
3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тауар биржалары қызметі саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) тауар биржаларының қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді; 2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) - 6-3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін бекітеді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 7) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
4-бап. Уәкілетті органның құзыреті 1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) тауар биржаларының қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-1), 2-2) тармақшалармен толықтырылды 2-1) биржа саудасының үлгілік қағидаларын бекітеді; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-2) биржалық тауарлардың тізбесін бекітеді, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді; 3) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3-1) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-2) - 3-5) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-2) - 3-5) тармақшалар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-2) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды әзірлейді және бекітеді; 3-3) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-4) кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-5) тармақша жаңа редакцияда 3-5) тауар биржаларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлейді; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 3-6) тармақшамен толықтырылды 3-6) тауар биржасы клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді; 4) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 5) тауар биржаларының қызметін талдауды және оған мониторингті жүргізеді; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды 5-1) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын келіседі; 6) коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тауар биржаларының қызметі және биржалық сауда мәселелері жөніндегі ақпаратты жариялайды; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) тауар биржасындағы брокерлерді және (немесе) дилерлерді аккредиттеу қағидаларын келіседі; 7) тауар биржалары саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды 7-1) тауар биржасында халықаралық биржа сауда-саттығын дамыту үшін жағдайлар жасайды; 8) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 9) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды 10-1) тауар биржаларының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асырады; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды 10-2) өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардың тiзiлiмiн жүргiзедi; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4-1-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4-2-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
6-бап. Тауар биржасы 1. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, сауда-саттықтарды ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді тауар биржасының сауда жүйесін пайдалана отырып тікелей жүргізу жолымен жүзеге асыратын заңды тұлға тауар биржасы болып табылады. Тауар биржасы сауда-саттық жүргізуді биржалық сауданың белгіленген ережелері бойынша қамтамасыз етеді. Тауар биржасы өз қызметін уәкілетті орган беретін лицензия негізінде жүзеге асырады. 2. Тауар биржасының атауында «тауар биржасы» деген сөздер болуға тиіс. 3. 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және 2018 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылады (бұр.ред.қара) 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 4. Тауар биржасының жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде үш жүз мың еселенген мөлшерін құрайды.
7-бап. Тауар биржасының жарғысы 1. Тауар биржасының жарғысы Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен бекітіледі. 2. Тауар биржасының жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәліметтерден басқа тауар биржасын мамандандыруға нұсқау болуға тиіс.
8-бап. Тауар биржасындағы дауларды шешу 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Биржалық мәмілелер жасаcумен байланысты дауларды шешу үшін тауар биржасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік құрады. 2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Биржалық төреліктің қызметі Қазақстан Республикасының төрелік туралы заңнамасында реттеледі.
9-бап. Тауар биржаларының сыныптамасы Мамандануы бойынша тауар биржалары: 1) биржалық сауда-саттыққа әртүрлі тауарларды қабылдайтын әмбебап; 2) тауардың белгілі бір түрінің айналымына қызмет көрсететін мамандандырылған болуы мүмкін.
10-бап. Биржалық сауданың үлгі ережелері 1. Биржалық сауданың үлгі ережелері тауар биржасы мүшелерінің биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасау кезіндегі қызметінің тәртібін айқындайды. 2. Биржалық сауданың үлгі ережелері мыналарды: 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) тауар биржасының мүшелерін аккредиттеу, оларды аккредиттеуді тоқтата тұру және тоқтату шарттары мен тәртібін; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда 2) биржалық сауда-саттықтарды осы Заңның 15-1-бабында белгіленген сауда режимінде жүргiзу тәртiбiн; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) биржалық сауда-саттықты мерзімді келісімшарттармен жүргізу тәртібін; 3) биржалық сауда-саттықта тауарлармен жасасылған мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібін; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) өзін-өзі реттейтін ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ брокерлер мен дилерлердің биржалық мәміленің заңдылығын қамтамасыз етуін; 4) тауар биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта жаңартудың шарттары мен тәртібін; 5) биржалық төрелік қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасасуға байланысты дауларды шешу тетіктерін; 6) биржалық сауда бойынша құжаттарды қабылдау (бекіту) тәртібін; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 7) тауар биржасындағы мәмілелерді есепке алу және тіркеу тәртібін; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 8) тауар биржасының уәкілетті органға есептерді ұсыну тәртібін; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды 9) тауар биржасы арқылы мемлекеттік және өзге де сатып алуды жүргізу тәртібін; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды 10) өткізілетін сауда-саттықтар туралы ақпаратты тауар биржасының интернет-ресурсына орналастыру тәртібін қамтиды.
11-бап. Тауар биржасының мүшелері 1. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2. Тауар биржасына мүшелік осы Заңға сәйкес биржалық сауда-саттыққа қатысуға құқық береді. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды 3. Тауар биржасымен үлестес заңды тұлғалар тауар биржасының мүшелері бола алмайды.
12-бап. Тауар биржасының қызметкерлері 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Тауар биржасымен еңбек қатынастарында тұрған және жұмысты еңбек шарты бойынша тікелей орындайтын жеке тұлғалар тауар биржасының қызметкерлері болып табылады. Тауар биржасының қызметкеріне бір мезгілде тауар биржасының мүшелерімен еңбек қатынастарында тұруға тыйым салынады. 2. Тауар биржасының қызметкерлеріне биржалық мәмілелерге қатысуға, сондай-ақ коммерциялық ақпаратты өз мүдделерінде пайдалануға тыйым салынады.
4-тарау. Тауар биржасының қызметі
13-бап. Тауар биржасының қызметі 1. Тауар биржасының негізгі қызметінің түрі биржалық сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргізу болып табылады. 2. Тауар биржасы мынадай функцияларды: 1) сауда-саттықты ұйымдастыруды және жүргізуді; 2) тауар биржасында жасалатын мәмілелерді, оның ішінде спот-тауарлармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді және ресімдеуді; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) бағамен айла-шарғы жасау фактілерін анықтауды; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды 2-2) биржалық баға белгілеуді қалыптастыруды; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды 2-3) тауар биржасының мүшелеріне аккредиттеу жүргізуді; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-4) тармақшамен толықтырылды 2-4) тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің биржалық сауда қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін, олардың көрсетілген қағидалардың талаптарын сақтауын бақылауды; 3) биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды; 4) тауар биржасында жүргізілген сауда-саттық нәтижесінде тауарға биржалық бағаны тіркеуді; 5) биржалық сауданың үлгі ережелері негізінде биржалық сауданың ережелерін әзірлеуді және бекітуді; 6) биржалық сауда-саттық арқылы сатылатын биржалық тауардың сапасына биржалық саудаға қатысушының талабы бойынша сараптама ұйымдастыруды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) биржалық саудамен байланысты ұйымдастырушылық, консультациялық, ақпараттық, әдістемелік қызметтер көрсетуді; 8) биржалық тауарлар нарығына талдамалық зерттеулер жүргізуді; 9) биржалық қызмет туралы ақпаратқа жататын баспа өнімін шығаруды; 10) биржалық тауар нарығының қатысушыларын оқыту және олардың біліктілігін арттыру жөнінде оқу курстарын ұйымдастыруды; 11) тауар биржасының сауда жүйесін пайдалануды; 12) халықаралық биржалық сауда-саттықты дамытуды жүзеге асырады. 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Тауар биржасы өз қызметін брокерлік, дилерлік және депозитарлық қызметпен, сондай-ақ бағалы қағаздарды басқару жөніндегі қызметпен қоса атқаруға құқылы емес. 4. Тауар биржасы осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен өзіне берілген құқықтар шегінде өз атынан шетелдіктермен және басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалармен ынтымақтастық туралы келісімдер жасасуға құқылы.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды 13-1-бап. Тауар биржасы арқылы мемлекеттік сатып алу 1. Тауар биржасындағы мемлекеттік сатып алу биржалық сауданың үлгілік қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР2-тарау. ТАУАР БИРЖАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тауар биржалары қызметі саласындағы құзыреті4-бап. Уәкілетті органның құзыреті4-1-бап. Алып тасталды4-2-бап. Алып тасталды5-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау 3-тарау. ТАУАР БИРЖАСЫН ҚҰРУ6-бап. Тауар биржасы7-бап. Тауар биржасының жарғысы8-бап. Тауар биржасындағы дауларды шешу9-бап. Тауар биржаларының сыныптамасы10-бап. Биржалық сауданың үлгі ережелері11-бап. Тауар биржасының мүшелері12-бап. Тауар биржасының қызметкерлері 4-тарау. ТАУАР БИРЖАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ13-бап. Тауар биржасының қызметі13-1-бап. Тауар биржасы арқылы мемлекеттік сатып алу14-бап. Тауар биржасының кірістері15-бап. Биржалық мәміле15-1-бап. Биржалық сауда-саттықтарды жүргізу режимдері16-бап. Биржалық мәмілелердің түрлері16-1-бап. Тауар биржасының биржалық мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қорлары17-бап. Фьючерстік және опциондық мәмілелер жасау кезіндегі биржалық саудадағы кепілдіктер18-бап. Биржалық баға 5-тарау. БРОКЕРЛІК ЖӘНЕ ДИЛЕРЛІК ҚЫЗМЕТ. ТАУАР БИРЖАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰПИЯ19-бап. Брокердің және дилердің қызметін жүзеге асыру тәртібі19-1-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі және өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу)20-бап. Брокермен және дилермен мәмілелер жасау21-бап. Тауар биржасында брокер мен оның клиенттерінің арасындағы қатынастар22-бап. Брокерлер мен дилерлердің ішкі құжаттарына және жасалатын биржалық мәмілелердің есебін жүргізуге қойылатын талаптар23-бап. Тауар биржасындағы коммерциялық құпия24-бап. Тауар биржаларының қызметі туралы коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну 6-тарау. ТАУАР БИРЖАЛАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ25-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау26-бап.27-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі28-бап. Уәкілетті органның нұсқамалары 7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |