Өсімдіктерді қорғау туралы (2018.24.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2018 жылғы 5 қазандағы № 184-VІ ҚР Заңын қараңыз (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдары 3-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi мiндеттерi 2-тарау. ӨСIМДIКТЕРДI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ 4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өсiмдiктер қорғау жүйесi 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретi 6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi 7-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың құзыретi 8-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың құқықтары 10-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдар 3-тарау. ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР 11-бап. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралар 12-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану 13-бап. Фитосанитариялық есепке алу және есептiлiк 14-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті лицензиялау 14-1-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) зиянсыздандыру 14-2-бап. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасы 14-3-бап. Фитосанитариялық нормативтер 14-6-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу 4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ 15-бап. Мемлекеттiк фитосанитарлық бақылауға жататын объектiлер 15-1-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (мемлекеттік фитосанитариялық бақылау) 16-бап. Алынып тасталды. 17-бап. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылаудың мiндеттерi 18-бап. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау 19-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдануды бақылау 19-1-бап. Фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктiң жүргiзiлуiн және табыс етiлуiн бақылау 19-2-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу және өндiру сынақтарының жүргiзiлуiн бақылау 19-4-бап. Алып тасталды 19-5-бап. Алып тасталды 4-1-тарау. Пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары 19-6-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) буып-түю және олардың ыдысы жөнiндегi талаптар 19-7-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану кезiндегi қауiпсiздiк талаптары 19-8-бап. Пестицидтердің (улы химикаттардың) буып-түйілуін таңбалау жөнiндегi талаптар 19-9-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары 19-10-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тасымалдау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары 20-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көздерi 21-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Осы Заң өсiмдiктердi зиянкестерден, арамшөптерден және өсiмдiктер ауруларынан қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды және егiн өнiмiн, оның сапасын сақтау мен Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбауға бағытталған.
09.07.04 ж. № 584-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда; 2009.17.07 № 189-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) арнаулы сақтау орындары (көмінділер) - тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын кейіннен кәдеге жарату немесе жою арқылы қауіпсіз сақтауға арналған сақтау орындары; 2) арнаулы техника - пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға арналған құрылғы және (немесе) жабдық; 3) ауыл шаруашылық мақсатындағы объектілер - ауыл шаруашылық және өзге де жерлер, өсімдік шаруашылығы өнімін өндіруге, сақтауға және қайта өңдеуге арналған астық сақтау орындары, көкөніс сақтау орындары, қоймалар, ашық алаңдар, өндірістік және өзге де үй-жайлар; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) аса қауiптi зиянды организмдер - оқтын-оқтын жаппай көбеюге және таралуға бейiм, экономикалық, экологиялық залал келтiретiн және уәкілетті орган бекiтетiн аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiне енгiзiлген зиянкестер мен өсiмдiктер аурулары; 5) зиянды организмдер - топыраққа, өсімдікке және ауыл шаруашылық өніміне теріс әсер ететін зиянкестер, арамшөптер және өсімдіктердің аурулары; 6) зиян тигізудің экономикалық шегі - зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің өсімдік шаруашылығы өнімінің ысырабын туғызатын, фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуді қажет ететін саны; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (мемлекеттік фитосанитариялық бақылау) - уәкілетті органның өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі; 8) өсімдіктерді қорғау - өсімдік шаруашылығы өнімінің зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерден ысырабын болғызбау мақсатымен фитосанитариялық мониторинг әдістерін, фитосанитариялық іс-шараларды әзірлеуге және практикада қолдануға бағытталған қызмет саласы; 9) өсімдік шаруашылығы өнімі - халықтың - тамақ өнімдеріне, мал шаруашылығының - жемшөпке және өнеркәсіптің шикізатқа деген қажеттерін қанағаттандыруға арналған өнім; 10) пестицидтер (улы химикаттар) - зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы, сондай-ақ егінді жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық, биологиялық және басқа да заттар; 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 11) пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға, жоюға бағытталған іс-шаралар; 12) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тipкeу - препараттарды биологиялық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалау процесін аяқтайтын рәсім, оның нәтижесі бойынша жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында оларды Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасына сәйкес қолдану құқығына тіркеу куәлігі беріледі; 13) пестицидтердің (улы химикаттардың) бастапқы компоненттері - пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге арналған химиялық және басқа да заттар; 14) пестицидтердің (улы химикаттардың) қалдық мөлшері - өсімдік шаруашылығы өнімі мен қоршаған орта объектілеріндегі пестицидтер (улы химикаттар) құрамының мөлшерлік көрсеткіші, олардың адам мен жануарларға қауіпсіздігі осы көрсеткіш арқылы бағаланады; 15) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) - бастапқы компоненттердің негізінде пестицидтер (улы химикаттар) дайындаудың технологиялық процесі; 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды 15-1) пестицидтерді (улы химикаттарды) уақытша тіркеу - пестицидтерді (улы химикаттарды) уақытша мемлекеттік тіркеу; 16) пестицидтер (улы химикаттар) тізімі - Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етіліп тіркелген пестицидтер (улы химикаттар) тізбесі; 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды 16-1) пестицидтерді (улы химикаттарды) тipкeу сынақтары - биологиялық, шаруашылық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалауды қамтитын, пестицидтерді (улы химикаттарды) пайдаланудың орындылығы мен қауіпсіздігін растау рәсімі; 2009.17.07 № 189-IV ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 17) өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өсімдіктерді қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 18) фитосанитариялық ахуал - ауылшаруашылық мақсатындағы объектілердің зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің санымен және зиян тигізуімен анықталатын қалыптасқан жай-күйі; 19) фитосанитариялық болжам - фитосанитариялық іс-шараларды жүргізудің мерзімдері мен көлемдерін жоспарлау мақсатында зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің ықтимал таралуы мен дамуы дәрежесін алдын ала айқындау; 20) фитосанитариялық мониторинг - зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерді зерттеуді, байқауды, олардың дамуы мен таралуын есепке алуды, сондай-ақ осылардың негізінде фитосанитариялық болжам әзірлеуді қамтитын іс-шаралар жүйесі; 21) фитосанитариялық нормативтер - фитосанитариялық іс-шаралар көлемін анықтау үшін пайдаланылатын белгіленген шамалар параметрлері; 22) фитосанитариялық іс-шаралар - зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің саны мен зиян тигізуін азайтуды қамтамасыз ететін шаралар кешені.
2-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актерлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 2009.17.07 № 189-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi мiндеттерi Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi мiндеттерi: 1) мемлекеттің азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 2) қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету; 3) фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу кезiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың) адамдардың денсаулығына зиянды әсерiнiң, ауыл шаруашылық өнiмi, қоршаған орта ластануының алдын алу және оларды болдырмау болып табылады.
2-тарау. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік өсiмдiктер қорғау жүйесi Қазақстан Республикасының мемлекеттік өсiмдiктер қорғау жүйесiне: 1) Қазақстан Республикасының Yкіметі; 2) уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара); 2009.17.07 № 189-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары; 4) өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар; 5) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлердi пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар енедi. 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасы Yкіметінiң өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретiне: 1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 4) өсiмдiктердi қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық; 5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 6) - 8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 9) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау кіреді.
2009.17.07 № 189-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6-бап. Уәкілетті органның құзыреті 1. Уәкiлеттi органның құзыретiне: 1) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу; 2) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктердi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және бекіту; 3) өсімдіктерді қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру; 4) аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн әзiрлеу және бекіту; 5) пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу және бекіту; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды 5-1) Еуразиялық экономикалық одақтың уәкілетті органының шешімімен бекітілген, үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын, Бірыңғай тауар тізбесіне енгізілген тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге қорытынды (рұқсат құжатын) беру; пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау); пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу; пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту; 7) пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту; 8) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу және Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану құқығына тiркеу куәлiктерiн беру; 9) пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмiн әзiрлеу, бекiту және жүргiзу; 10) фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөнiндегi ұсынымдар мен әдiстемелiк нұсқауларды әзірлеу және бекіту; 11) хаттамалар мен нұсқамалар нысандарын, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасау мен шығару тәртiбiн әзірлеу және бекiту; 12) фитосанитариялық iс-шараларды ұйымдастыру; 13) мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудегi қызметiн үйлестiру; 14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пестицидтердi (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу, сондай-ақ пестицидтердiң (улы химикаттардың) қорын жасау; 15) фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібін әзірлеу және бекiту; 16) зиянды және аса қауiптi зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг ұйымдастыру; 17) пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеу, өндiрістік сынақтарын және мемлекеттiк тiркеудi ұйымдастыру; 18) өсiмдiктердi қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге тапсырыс берудi ұйымдастыру мен үйлестiру, жүзеге асыру; 19) бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) фитосанитариялық мониторинг деректерiне және қалыптасатын фитосанитариялық ахуалға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөлу; 20) халықаралық ұйымдармен және мемлекеттiк органдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру және өсiмдiктердi қорғау саласындағы халықаралық бағдарламаларды iске асыруға қатысу; 21) пестицидтердің (улы химикаттардың) түрлері бойынша қор нормативін және оны пайдалану тәртібін белгілеу; 22) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 23) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асыру; 24) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртібін айқындау; 25) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды бекіту, өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау бойынша мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келісу; 26) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 27) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
7-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құзыретi 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Ведомствоның басшысы Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы болып табылады. Ведомствоның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары Қазақстан Республикасының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiнiң өсiмдiктердi қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары болып табылады. Ведомствоның мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды тікелей орындайтын өзге де лауазымды адамдары өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының құзыретiне: 1) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру; 2) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау; 3) фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктi жүргiзудi ұйымдастыру; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 4) Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау енеді. 5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (орыс тіліндегі өзгерістерді қара) 3. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң өсiмдiктердi қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының құзыретiне: 1) тиiстi аумақта мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру; 2) жеке және заңды тұлғаларға тиісті аумақта фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау; 3) тиiстi аумақта фитосанитариялық есепке алуды және есептiлiктi ұйымдастыру, жүргiзу және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есептi табыс ету; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 4) тиісті аумақта фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау енеді. 5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (орыс тіліндегі өзгерістерді қара) 4. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың құзыретiне: 1) тиiстi аумақта мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру; 2) фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктi белгiленген нысан бойынша жүргiзу және оларды уәкiлеттi органға табыс ету; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 3) тиiстi аумақта фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау енеді. 4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құқықтары 1. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың: 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) мемлекеттік фитосанитариялық бақылау мақсатында мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне баруға; 2) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар шығаруға; 2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 48-бабында көзделген жағдайларда, сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша материалдарды үш тәулік ішінде міндетті түрде бере отырып, қызметті немесе оның жекелеген түрлерін сот шешімінсіз тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға құқығы бар. Бұл ретте, қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданыста болады; 4) жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарын бұзған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауапқа тартуға құқығы бap. 2. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың iс-әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады. 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 9-бап жаңа редакцияда; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өсімдіктерді қорғау саласындағы құзыреті Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өсімдіктерді қорғау саласындағы құзыретіне: 1) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 2) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салу, тиісті жағдайда күтіп-ұстау және қолдау; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді ( ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) мыналар: пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау); пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу; пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар 1. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметтiң мынадай түрлерiн: |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдары3-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi мiндеттерi 2-тарау. ӨСIМДIКТЕРДI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өсiмдiктер қорғау жүйесi5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретi6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi7-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың құзыретi8-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың құқықтары9-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретi10-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдар 3-тарау. ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР11-бап. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралар12-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану13-бап. Фитосанитариялық есепке алу және есептiлiк14-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті лицензиялау14-1-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) зиянсыздандыру14-2-бап. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасы14-3-бап. Фитосанитариялық нормативтер14-4-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердi және өсiмдiктердi қорғау жөнiндегі мамандарды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтi үйлестiру14-5-бап. Қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiне байланысты жеке және заңды тұлғалардың мiндеттерi14-6-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу 4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ15-бап. Мемлекеттiк фитосанитарлық бақылауға жататын объектiлер15-1-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (мемлекеттік фитосанитариялық бақылау)16-бап.17-бап. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылаудың мiндеттерi18-бап. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау19-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдануды бақылау19-1-бап. Фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктiң жүргiзiлуiн және табыс етiлуiн бақылау19-2-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу және өндiру сынақтарының жүргiзiлуiн бақылау19-3-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруды және арнаулы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) жай-күйiн бақылау19-4-бап.19-5-бап. 4-1-тарау. Пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары19-6-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) буып-түю және олардың ыдысы жөнiндегi талаптар19-7-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану кезiндегi қауiпсiздiк талаптары19-8-бап. Пестицидтердің (улы химикаттардың) буып-түйілуін таңбалау жөнiндегi талаптар19-9-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары19-10-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тасымалдау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары 5-тарау. ӨСIМДIКТЕРДI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПТЫЛЫҚ |