Пошта туралы (2015.03.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2014.03.07. № 230-V ҚР Заңымен тақырыптағы және бүкіл мәтін бойынша «Почта», «почта», «почталық», «почтаның» деген сөздер тиісінше «Пошта», «пошта», «пошталық», «поштаның» деген сөздермен және «баршаға қолжетiмдi почта байланысы қызметiн», «почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызмет көрсетуi», «Почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызметiн», «Почта байланысының баршаға қол жетiмдi қызмет көрсетуiнiң» және «Почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызмет көрсетуi» деген сөздер тиісінше «пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерін», «пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері», «Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерін», «Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің» және «Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының пошта туралы заңдары 3-бап. Пошта қызметiнiң негiзгi принциптерi 4-бап. Пошта операторының қызметi мен қызмет көрсетуінің түрлері 6-1-бап. Тағайындалған оператор 7-бап. Пошта байланысы қызметiн көрсету ережесi 8-бап. Пошта байланысы саласындағы мемлекеттiк органдардың құзыретi 9-бап. Алып тасталды 10-бап. Пошта байланысының қызмет көрсетуiнiң тарифтерi 11-бап. Пошта байланысы қызметiн көрсету кезiндегi шектеулер 12-бап. Тапсырысты пошта жөнелтiмдерi 13-бап. Құндылығы жарияланған пошта жөнелтiмдерi 14-бап. Пошта жөнелтiмiн алғаны туралы хабарлама 15-бап. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері 16-бап. Пошта жөнелтiмiн қайтару, мекенжайды өзгерту немесе түзету 17-бап. Пошта қауiпсiздiгiнiң күзет бөлiмшелерi 18-бап. Пошта қызметiн көрсету кезiнде мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауаптылық 19-бап. Қазақстан Республикасының пошта туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң пошта қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, пошта қызметi субъектілерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, пошта байланысы саласындағы мемлекеттік органдардың құзыретiн белгілейдi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 1-бап өзгертілді; 2014.03.07. № 230-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгі ұғымдар пайдаланылады: 1) абонементтік жәшiк - пошта жөнелтілімдерiнiң жекелеген түрлерiн алуға арналған, пошта операторының өндiрiстiк объектiлерiнде орнатылатын, адресаттар уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен пайдаланатын құлыпталатын арнайы жәшiк; 2) абоненттiк пошта жәшiгi - адресаттар пошта жөнелтілімдерiн алуы үшiн тұрғын үйлерде, сондай-ақ ауылдық жерлердегi жеткiзу учаскесінде орнатылатын, жәшiктерi бар құлыпталатын арнайы шкаф; 3) адресат - өзіне пошта жөнелтілімi немесе пошталық ақша аударымы бағытталған, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушы; 4) атаулы зат - құжаттар мен пошта жөнелтілімдерiне пошта операторының, оның өндiрiстiк объектiсiнiң атауы, сондай-ақ пошта операторы айқындаған өзге де ақпарат көрсетілген бедерлерді салуға арналған құрылғы; 5) Дүниежүзілік пошта одағы - халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өзара алмасу үшін аумақтары біртұтас пошта аумағын құрайтын мүше мемлекеттерден тұратын, мақсаты пошта байланыстарын ұйымдастыру мен жетілдіруді қамтамасыз ету және осы салада халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылатын халықаралық ұйым; 6) Дүниежүзілік пошта одағының актілері - Дүниежүзілік пошта одағының Конгресінде Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына сәйкес қабылданатын құжаттар; 7) жазбаша хат-хабар - хаттар, пошта карточкалары, бандерольдер және ұсақ пакеттер; 8) жауап қайтарылатын халықаралық коммерциялық хат-хабар - Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес ресімделген, жөнелтуші алдын ала ақы төлеген қайтарылатын пошта жөнелтілімін қамтитын пошта жөнелтілімі; 9) жедел поштаның көрсетілетiн қызметтері - пошта байланысының пошта жөнелтілімдерiн жедел өңдеу, тасымалдау, жеткiзу және (немесе) табыс ету режимiндегi көрсетілетін қызметтері; 10) жөнелтушi - пошта жөнелтілімiн немесе пошталық ақша аударымын жiберу үшiн оларды пошта операторына тапсыратын, пошта операторының көрсетілетiн қызметтерін пайдаланушы; 11) курьерлiк поштаның көрсетілетін қызметтері - пошта байланысының курьердi пайдалана отырып, пошта жөнелтілімдерiн тасымалдау және табыс ету бойынша көрсетілетiн қызметтері; 12) қаржы қызметi және қаржылық көрсетілетiн қызметтер - Ұлттық пошта операторы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржы нарығында жүзеге асыратын және ұсынатын қызмет пен көрсетілетiн қызметтер; 13) мерзiмдi баспасөз басылымдарын жазылу бойынша тарату - мерзiмдi баспасөз басылымдарын пайдаланушыға жеткiзуге және (немесе) табыс етуге бағытталған, оларға жазылуды қабылдау, тапсырыстарды жинау, жасақтау, өңдеу жөнiнде пошта операторы, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иесi немесе оның уәкілеттi тұлғасы мен пайдаланушы арасындағы өзара iс-қимыл; 14) операциялық күн - пошта операторының пошталық көрсетілетiн қызметтерді ұсынатын жұмыс уақыты; 15) операциялық терезе - пошта операторының өндiрiстiк объектiсiндегi пайдаланушыға пошталық көрсетілетiн қызметтердің бiр және одан көп түрi ұсынылатын жұмыс орны; 16) өндiрiстiк объект - пошта операторының көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған және сол үшiн жабдықталған, пошта желiсінің өндiрiстiк бiрлiгi; 17) пошта - Қазақстан Республикасының аумағында пошталық, қаржылық және өзге де көрсетілетін қызметтер кешенiн ұсынуды және қаржы қызметiн жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн инфрақұрылым бөлiгi; 18) пошта байланысы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - өз құзыретi шегiнде пошта байланысы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, пошта операторларының қызметiн мемлекеттiк бақылауды, үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 19) пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері - көрсетілуі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің уәкілетті орган белгілеген сапа көрсеткіштеріне сәйкес жүзеге асырылатын, ортақ пайдаланылатын пошта байланысының көрсетілетін қызметтері; 20) пошта байланысының көрсетілетiн қызметтері - пошта жөнелтілімдерiн және пошталық ақша аударымдарын жiберу жөнiндегi қызмет; 21) пошта байланысының құралдары - пошта байланысының көрсетілетiн қызметтерін ұсыну үшiн пайдаланылатын техникалық құралдар мен технологиялар; 22) пошта жәшiгi - жай хаттар мен жай пошта карточкаларын жинауға арналған, белгiленген түстегi, нысандағы және көлемдегi жәшiк; 23) пошта желiсi - пошта операторының көрсетілетiн қызметтерін ұсыну кезiнде пайдаланылатын өндiрiстiк объектiлер мен пошта маршруттарының жиынтығы; 24) пошта-жинақ жүйесi - базасында Ұлттық пошта операторы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы қызметiн жүзеге асыратын және пошталық, қаржылық және өзге де көрсетілетін қызметтерді ұсынатын пошта жүйесi; 25) пошта жөнелтілімдерi - жазбаша хат-хабар, сауқаттар, пошта контейнерлерi, сондай-ақ тиiсті орамадағы баспасөз басылымдары; 26) пошта жөнелтілімiн жеткiзу - пошта жөнелтілімiн межелі жердегi өндiрiстік объектiлерден абонементтiк жәшiкке немесе абоненттiк пошта жәшiгіне немесе жөнелтушi көрсеткен өзге де мекенжай бойынша апару; 27) пошта жөнелтілімiн жiберу - пошта жөнелтілімiн қабылдау, өңдеу, тасымалдау және (немесе) беру, жеткiзу және (немесе) табыс ету операцияларының жиынтығы; 28) пошта жөнелтілімiн қабылдау - жөнелтушiден қабылдаған, оның iшiнде пошта жәшiктерiнен алу арқылы қабылданған пошта жөнелтілімiн одан әрi жiберу үшiн пошта операторының ресiмдеуi; 29) пошта жөнелтілімiн өңдеу - пошта жөнелтілімдерiн жiберуге дайындауды қамтамасыз етiп, олармен жасалатын өндiрiстiк операциялар; 30) пошта жөнелтілімiн табыс ету - пошта жөнелтілімiн адресаттың жеке өзiне немесе оның заңды өкiлiне немесе сенiмхат негiзiнде әрекет ететін сенiм білдірiлген адамына беру; 31) пошта жөнелтілімiн тасымалдау - пошта жөнелтілімiн адресатқа жеткiзу және (немесе) табыс ету үшiн жөнелту пунктiнен межелі жердегi пошта операторының өндiрiстiк объектiлерiне дейiн апару; 32) пошта жүйесi - пошта байланысын қамтамасыз ететiн пошта желiлерi мен пошта операторларының жиынтығы; 33) пошта индексi - пошта жөнелтілімiн немесе пошталық ақша аударымын жiберудi жылдамдату мақсатында пошта операторларының өндiрiстiк объектiлерiне берiлетiн, оларды әкiмшілік-аумақтық сәйкестендiруге және жүйелендіруге мүмкiндiк беретiн, мекенжайдың шартты цифрлық белгiлемесі; 34) пошта карточкасы - арнаулы стандартты бланкiге жазбаша хабарлама жазылған жай немесе тiркелетiн пошта жөнелтілімi; 35) пошта жұмысы - пошта желiлерi арқылы пошталық көрсетілетін қызметтерді ұсыну; 36) пошта жұмысы субъектiлерi - пошта операторлары және пайдаланушылар; 37) пошталық ақша аударымы - уәкiлеттi орган бекiткен, белгiленген үлгiдегi бланк нысанын толтырып, пошта желiсiн және өзге де байланысты пайдалану арқылы ақша жiберу жөнiндегi көрсетілетін қызмет; 38) пошталық қызмет - пошта операторлары ұсынатын, пошта байланысының көрсетілетін қызметтері; 39) пошталық мекенжай (бұдан әрi - мекенжай) - пошта жөнелтілімдерiн және пошталық ақша аударымдарын жеткiзу және (немесе) табыс ету үшiн пошта операторының көрсетілетін қызметтерiн пайдаланушы айқындайтын жер; 40) пошта операторы - пошта жұмысы саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынуға құқығы бар жеке немесе заңды тұлға; 41) пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушы (бұдан әрi - пайдаланушы) - пошта операторы ұсынатын, оның iшiнде өзi пошта операторымен жасасатын шарттардың негiзiнде ұсынатын көрсетілетін қызметтердi тұтынушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға; 42) пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгілерi - айналымға уәкілеттi орган енгiзетiн, пошта операторының көрсетілетін қызметтеріне ақы төленгенiн растайтын пошта маркалары, блоктар, маркалы конверттер, пошта карточкалары, франкирлеу машиналарының бедерлері және өзге де белгiлер; 43) пошта штемпелi - құжаттар мен пошта жөнелтілімдерiне: жөнелтілу орнында пошта жөнелтілімiн қабылдауды жүзеге асырған өндiрiстiк объектiнiң атауын, пошта жөнелтілімiнiң қабылданған күнi мен уақытын; межелі жерде пошта жөнелтілімiн алуды жүзеге асырған өндiрiстiк объектiнiң атауын, алынған күнi мен уақытын, сондай-ақ пошта жөнелтілімiн адресатқа жеткiзген және (немесе) табыс еткен өндiрiстiк объектiнiң атауын, жеткiзiлген және (немесе) табыс етілген күнi мен уақыты көрсетілген бедерлерді салуға арналған құрылғы; 44) тағайындалған оператор - пошталық қызметтерді пайдалануды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен туындайтын, өздеріне қатысты міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен уәкілетті орган тағайындайтын пошта операторы; 45) тариф - пошта операторының көрсетілетiн қызметтеріне ақы төлеудiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген мөлшерi; 46) тiркелетiн пошта жөнелтілімi - жөнелтушiге түбiртек беріліп қабылданатын және адресатқа қолхат арқылы табыс етiлетiн пошта жөнелтілімi; 47) ұлттық пошта желiсi - Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жұмыс iстейтiн, сол арқылы жария шарт негiзiнде көрсетілетін қызметтер ұсынылатын ортақ пайдаланылатын пошта желiсi; 48) Ұлттық пошта операторы - Үкiмет шешiмiмен құрылған, ұлттық басқарушы холдинг жалғыз акционерi болып табылатын, пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерiн, арнайы байланыстың көрсетілетін қызметтерi мен қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну және қаржылық қызметтi жүзеге асыру жөнiнде мiндеттемелер жүктелген акционерлiк қоғам; 49) факсимильді байланыстың көрсетілетін қызметтерi - қағаз жеткізгіште орындалған мәтiндер мен иллюстрацияларды арнаулы аппараттың көмегiмен телефон арналары арқылы берудi бiлдiретiн байланыстың көрсетiлетін қызметтері; 50) франкирлеу машинасы - жазбаша хат-хабарға пошта байланысының көрсетілетін қызметтерiне ақы төленгенiн, жазбаша хат-хабардың және басқа да ақпараттың қабылданған күнін растайтын бедерлер салуға арналған машина; 51) халықаралық қайтарым купоны - Дүниежүзілiк пошта одағы айналымға енгiзетiн, Дүниежүзілік пошта одағына мүше кез келген елде пошта маркаларына айырбастауға жататын, әуе көлiгiмен жіберiлетiн, салмағы 20 грамға дейiнгi жай халықаралық хаттың ең төмен ақысын білдiретiн құжат; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 52) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 52) халықаралық пошта алмасу орны - халықаралық кіріс және шығыс пошта жөнелтілімдерін өңдеу жүзеге асырылатын, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдары көрсетілген жөнелтілімдерге кедендік бақылау жүргізетін, пошта операторының өндірістік объектісі; 53) халықаралық пошта жөнелтілімi - Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерге жiберу үшiн қабылданатын, Қазақстан Республикасының аумағына келiп түсетiн не Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетiн және Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттармен бірге жүретін пошта жөнелтiлімi; 54) халық салымдарының сақталуын қамтамасыз ету - пайдаланушы мен Ұлттық пошта операторы арасында жасалатын шарттың талаптарымен белгiленген сыйақы ескеріле отырып, салымды номиналды түрдегі қайтару кепiлдiгi; 55) хат - жазбаша салынымы бар конверт түрiнде жiберiлетiн пошта жөнелтiлімі; 56) электрондық поштаның көрсетілетін қызметтерi - қағаз жеткізгіштерді қолданбай, пайдаланушыларға хабарлар немесе құжаттар алмасуға мүмкiндiк беретiн, байланыстың көрсетілетін қызметтері.
2-бап. Қазақстан Республикасының пошта туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының пошта туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3-бап. Пошта қызметiнiң негiзгi принциптерi Пошта қызметi: 1) заңдылықтың сақталуы; 2) пошта байланысының қызмет көрсетулерiне қолжетiмдi болуы; 3) пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерiнiң сақталуы; 4) пошта жөнелтiмдерi қозғалысының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағындағы еркiндiгi, оның iшiнде транзит еркіндiгi; 5) жеке және заңды тұлғалардың пошта байланысы мен осы қызметтiң нәтижелерiн пайдалану саласындағы құқықтарының теңдiгi; 6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi ескере отырып, пайдаланушылардың жазысқан хаттарының, пошта және өзге де хабарларының құпия болу құқығын қамтамасыз ету; 7) пошта желісінiң сенімдiлiгi мен тұрақтылығын және оның басқарылуын қамтамасыз ету; 8) пошта байланысы саласындағы ережелер мен талаптардың бiрлiгi; 9) ұлттық пошта желісінiң және пошта-жинақтау жүйесiнiң дамуына мемлекеттік қолдау; 10) Ұлттық пошта операторы пошта-жинақтау жүйесiнiң салымдарына тартатын ақшаны орналастыру тәртібін мемлекеттік реттеу негiзiнде жүзеге асырылады. ҚР 2009.13.02. № 135-IV Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 4-бап. Пошта операторының қызметi мен қызмет көрсетуінің түрлері 1. Пошта операторлары мынадай қызмет пен қызмет көрсету түрлерiн жүзеге асыруға құқылы: 1) пошта байланысы қызметiн көрсету; 2) қаржылық қызмет және қаржылық қызмет көрсету; 3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де қызмет көрсету. 2. Пошта байланысының қызмет көрсетуiне: 1) пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері; 2) тiркелетiн пошта жөнелтiмдерiн жiберу жөніндегі қызмет көрсету; 3) жедел және курьерлiк пошта қызмет көрсетуi; 4) пошталық ақша аударымдары; 5) жаздырып алатын баспа басылымдарын тарату және оларды сату; 6) филателия өнiмдерiн сату; 7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пошта байланысының өзге де қызмет көрсетуi жатады. 3. Қаржы қызметiне және қаржылық қызмет көрсетуге: 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген тәртiптегi брокерлiк, дилерлiк және трансфер-агенттiк қызмет; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) зейнетақы төлемдерi мен әлеуметтiк жәрдемақыларды жеткiзу жөнiнде көрсетілетін қызметтер; 3) лизинг қызметiн жүзеге асыру; 4) факторингтiк операциялар; 5) форфейтингтiк операциялар; 6) жеке және заңды тұлғалардың депозиттерiн қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргiзу; 7) кассалық операциялар; 8) аударым операциялары; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 9) банкноттарды, монеталарды және құнды заттарды инкассациялау; 10) шетел валютасын айырбастау операцияларын ұйымдастыру; 11) заңды тұлғалардың тапсырмасы бойынша бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң чектерiмен мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған есеп айырысуларды жүзеге асыру; 12) бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң чектерi бойынша ақшаны қолма-қол алу бөлiгiнде ақылылық, жеделдiк және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беру; 13) корреспонденттiк шоттарды ашу және жүргiзу; 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 14) тармақша өзгерді 14) лотереяларды өткізу; 15) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР 2005.23.12. № 107-III Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды 16) төлем карточкаларын шығару; ҚР 2005.23.12. № 107-III Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды 17) өзінің бағалы қағаздарының (акцияларды қоспағанда) эмиссиясы; ҚР 2009.13.02. № 135-IV Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды 18) қарыз операциялары: ақылы, мерзімді және қайтарымды шарттарда ақшалай нысанда кредиттер беру жатады.
1. Пошта операторларында қажеттi материалдық-техникалық база мен бiліктi кадрлар, механикаландыру, автоматтандыру және ақпараттандыру құралдары болуға, пайдаланушылар үшiн пошта жөнелтiмдерiн Қазақстан Республикасының iшiнде және одан тыс жерлерге жiберудiң тарифтерi, мерзiмдерi туралы ақпарат, сондай-ақ өзге де ақпарат беруге тиiс. 2. Пошта операторларының пошта байланысы қызметiн көрсету жөніндегі қызметi пошта байланысы қызметiн көрсету ережелерiне сәйкес бiрыңғай нормативтер мен талаптар бойынша жүзеге асырылады. 3. Пошта операторлары пайдаланушылардан қабылданған пошта жөнелтiмдерi мен пошталық ақша аударымдарының сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. 4. Пошта операторлары пошта жөнелтiмдерi, пошталық ақша аударымдары, жөнелтушiлер және адресаттар туралы мәлiметтердi тек жөнелтушiлер мен адресаттарға не олардың заңды өкілдерiне немесе сенімхат негiзiнде сенім көрсетiлген адамдарына бередi. Аталған мәлiметтердi өзге жеке және заңды тұлғаларға беру Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда ғана жүзеге асырылады. 5. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерін көрсететiн пошта операторы көлiгiнiң пошта жөнелтiмдерiмен алмасу үшiн автомобиль, темiржол, су көлiгi станцияларының және вокзалдардың, әуежайлардың аумақтарында орналасқан жүк және багаж кешендерiне өтуi бiрiншi кезектi тәртiппен және ақы төленбей жүзеге асырылады. 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 6. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 215, 237, 238 және 240-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға немесе құрылтайшысы немесе қатысушысы осындай жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға болып табылатын заңды тұлға не бенефициарлық меншік иесі осындай жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға болып табылатын заңды тұлға пошта операторы бола алмайды (заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) тікелей және (немесе) жанама иелене, пайдалана, оларға билік ете және (немесе) оларды басқара алмайды).
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 6-бап. Ұлттық пошта операторы 1. 2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Ұлттық пошта операторы: 1) уәкiлеттi органның бекiтуiне пошта операторларының өндiрiстiк объектiлерiне пошта индекстерiн беру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 2) уәкілеттi орган бекiтетiн түрлер мен көлемге сәйкес пошта төлемiнің мемлекеттік белгiлерiн шығаруды ұйымдастырады, сондай-ақ оларды сатуды жүзеге асырады; 3) халықаралық қайтарым купонын төлемге қабылдауға мiндеттi; 4) жергiлiктi атқарушы органдармен келiсе отырып, әкімшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағындағы пошта жәшiктерiнiң санын және орналасатын жерлерiн белгiлейдi; 5) өз қызметкерлерiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен нысанды киiммен қамтамасыз етуге құқылы; ҚР 2005.23.12. № 107-III Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретін лицензия негізінде жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, олардың банк шоттарын ашуды және жүргізуді қоспағанда, осы Заңның 4-бабының 3-тармағында көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензиясыз жүзеге асырады. Ұлттық пошта операторының жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, олардың банк шоттарын ашу және жүргізу жөніндегі қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі реттейді, соның ішінде жекелеген пруденциялық нормативтерді белгілеу және лицензиялар беру арқылы реттейді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ұлттық пошта операторының қаржылық қызметті жүзеге асыруы және қаржылық қызметтер ұсынуы кезінде оның Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Уәкілетті орган Ұлттық пошта операторының пошта байланысы қызметтерін жүзеге асыруы кезінде оның Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады. 3. Мемлекет Ұлттық пошта операторы жедел депозиттерге тартатын халықтың салымдарының сақталуын оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға және өзге де өтiмдi қаржы құралдарына орналастыру арқылы қамтамасыз етедi. 4. Ұлттық пошта операторы туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 2014.03.07. № 230-V ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды 6-1-бап. Тағайындалған оператор 1. Тағайындалған оператор: 1) Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық елді мекендерде барлық пайдаланушылар үшін пошта байланысының сапалы көрсетілетін қызметтерін тұрақты негізде көрсетуді; 2) жазбаша хат-хабарды қабылдауды, өңдеуді, тасымалдауды және жеткізуді; 3) салмағы 20 килограмға дейінгі сауқаттарды қабылдауды, өңдеуді, тасымалдауды және жеткізуді; 4) жауап қайтарылатын халықаралық коммерциялық хат-хабарды қайтаруды; 5) Дүниежүзілік пошта одағына мүше басқа да елдердің тағайындалған операторларының халықаралық пошта жөнелтілімдерінің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитін қамтамасыз етуге міндетті. 2. Тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін жүзеге асырады. 3. Тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен және осы баптың 1-тармағынан туындайтын міндеттемелерді орындамаған кезде уәкілетті орган пошта операторынан тағайындалған оператордың өкілеттігін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен кері қайтарып алады.
7-бап. Пошта байланысы қызметiн көрсету ережесi пошта байланысы қызметiн көрсету ережесінде: 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 1) тамақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1) пайдаланушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі, оның ішінде мүгедектердің пошта байланысының көрсетілетін қызметтеріне кедергісіз қол жеткізуі жөніндегі талаптар; 2) пошта операторларының атаулы заттарын пайдалану тәртібі; 3) пошта жөнелтiмдерiн ресiмдеу стандарттары; 4) пошта жөнелтiмдерiнiң түрлерi және олардың техникалық сипаттамалары; 5) пошта жөнелтiмдерiн және (немесе) пошталық ақша аударымдарын қабылдау, сұрыптау, тасымалдау және (немесе) беру, жеткізу және (немесе) табыс ету тәртібі; 6) халықаралық пошта жөнелтiмдерiн қабылдау, сұрыптау және табыс ету тәртібі; 7) пошта жөнелтiмдерiн алу, сұрыптау және тексеру тәртібі; |