Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің жекелеген мәселелері туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінiң «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетілдiру жөніндегі шаралар туралы» 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттiгiнің «Ақпаратты техникалық қорғаудың орталығы» мемлекеттік мекемесi, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігінің «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрі - Мекемелер мен Кәсіпорын) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң қарамағына берілсін. 2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi: 1) Мекемелерге қатысты уәкiлетті мемлекеттік орган; 2) Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi заңнамада белгiленген тәртіппен: 1) Мекемелер мен Кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерiне енгiзiлетін өзгерістер бекітілсiн. 5. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметi» республикалық мемлекеттік мекемесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 5 қазандағы № 1522 қаулысының күшi жойылды деп танылсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 1036 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер 1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 2-тармақтың күші жойылды 2. «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі» деген 3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі». 3. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге көліктік қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдерді пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына көліктiк қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердiң тиесiлілiк табелiнде: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі» деген бөлім алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге көліктік қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердiң тиесілілiк табелiнде: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөнiндегі агенттiгі» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі». 4. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегi агенттігінің «Ақпараттарды техникалық қорғау орталығы» мемлекеттік мекемесiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2000 жылғы 12 сәуірдегі № 557 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 19, 207-құжат): тақырыбындағы және 1-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын; 2 және 3-тармақтар алынып тасталсын. 5. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қoрғаy жөніндегі агенттігінің «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 2001 жылғы 22 маусымдағы № 851 қаулысына: тақырыбындағы және 1-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігінiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесінің» деген сөздермен ауыстырылсын; «, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік меншiк құқығының субъектiсi функцияларын жүзеге асыратын орган» деген сөздер алынып тасталсын; «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi» деген сөздермен ауыстырылсын; |