Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 Қаулысы (2019.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2019 жылғы 8 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1381 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
«Мiндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1381 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Қоса берiліп отырған Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 550 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысымен бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері
ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Осы Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі - Қағидалар) «Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2015.23.04. № 255 Қаулысымен (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі - мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға; 2) әлеуметтiк аударымдар - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, ал асыраушысынан айырылған жағдайда оның асырауында болған отбасы мүшелерiне Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтiк төлемдер алу құқығын беретiн, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн Заңда белгiленген мiндеттi төлемдер; 3) әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек - есептелген және мерзімінде аударылмаған әлеуметтiк аударымдар сомалары, сондай-ақ төленбеген өсімпұл сомалары; 4) әлеуметтiк аударымдар мөлшерлемесi - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң шамасына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн мiндеттi төлемдердiң тiркелген мөлшерi; 5) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi - төлеушi) - Заңмен белгіленген тәртіппен әлеуметтiк аударымдарды есептеуді және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi, дара кәсiпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары; 6) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - қор) - асыраушысынан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерiн - асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне әлеуметтiк аударымдар жүргізілген және өздеріне қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, әлеуметтік төлемдер тағайындауды және жүзеге асыруды жүргiзетiн заңды тұлға; 7) мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері - мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері; 8) уәкiлеттi орган - қор қызметiн реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2-тарау. Әлеуметтік аударымдарды есептеу тәртiбi
ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2. Бір төлеушіден түсетін әлеуметтік аударымдарды ай сайынғы есептеу объектісі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс. Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінен кем болса, онда әлеуметтік аударымдар жалақының ең төмен мөлшері негізге алына отырып есептеледі және аударылады. ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.27.12. № 862 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3. Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде жұмыскерге төленетін жұмыс берушінің шығыстары жұмыскерлер үшін әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi болып табылады. Бұл ретте жұмыс берушінің шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай қамтылымы енгізіледі. Жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіпқой медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары, оның ішінде арнаулы салық режимін қолданатындар үшін әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiлерi мыналар болып табылады: өзі үшін - алатын кірісінің әлеуметтік аударымдарды өз пайдасына есептеу мақсаттары үшін өздері дербес айқындайтын, бірақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен артық емес сомасы; жалдамалы жұмыскерлер үшін - қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде жұмыскерге төленетін шығыстар. 4. ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.12.12. № 1310 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.23.04. № 255 Қаулысымен (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.04.05. № 239 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда 5. Қорға әлеуметтік аударымдар: 1) Салық кодексінің 319-бабы 2-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Салық кодексінің 319-бабының 2-тармағында белгіленген; 2) Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 9), 10), 12), 14) тармақшаларында, 17) тармақшасының алтыншы абзацында, 19), 20), 21) 27) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында белгіленген; 3) Салық кодексінің 484-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген табыстардан төленбейді. ҚР Үкіметінің 2015.07.08. № 617 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2018.04.05. № 239 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. Міндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн Қорға төленуге тиісті әлеуметтік аударымдар Қазақстан Республикасының мiндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес мөлшерде белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3-тарау. Әлеуметтік аударымдарды аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдері
ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.27.12. № 862 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2017.29.09. № 603 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.09.10. № 624 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 7-тармақ жаңа редакцияда 7. Төлеушiлер қорға әлеуметтiк аударымдарды ай сайын мемлекеттік корпорацияның банктік шоты арқылы төлемді жүзеге асыру жолымен есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешіктірмей, әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, олар үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілетін мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн қоса бере отырып, өздерiнiң банктік шоттарынан қолма-қол ақшасыз тәртіппен төлейдi. Әлеуметтік аударымдарды есептеу кезінде тиындармен есептелген сомалар 1 теңгеге дейін дөңгелектенеді. Банк шотын ашпай банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы ақша аудару жолымен әлеуметтік аударымдарды төлеу «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Төлеушілер құрылымдық бөлiмшелер үшін әлеуметтік аударымдар төлеуді құрылымдық бөлiмшенің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады. Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер әлеуметтік аударымдар сомасын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде төлейді. Бұл ретте әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары әлеуметтік аударымдарды төлеудің ай сайынғы кезеңі (ай, жыл) көрсетіле отырып төленеді. ҚР Үкіметінің 2017.29.09. № 603 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8. Әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмi әрбiр жеке тұлға бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - ЖСН); тегiн, атын, әкесiнiң атын; туған күнін; әлеуметтік аударым сомасын; әлеуметтiк аударымдар төленетiн кезеңді (ай, жыл) қамтуы тиiс. Қағаз жеткізгіштерде жасалатын төлем тапсырмаларында төлеушілер әлеуметтік аударымдар төленетін кезеңді «Төлемнің мақсаты» деген бағанда, ал МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларында - форматта көзделген жеке «ААЖЖЖЖ» деген жолда көрсетіледі. ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Мемлекеттік корпорация әлеуметтiк аударымдарды есепке алуды әлеуметтік аударымдар жүргiзілетiн мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың ЖСН базасында уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.27.12. № 862 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 10-тармақ өзгертілді 10. Банктердiң Мемлекеттік корпорацияға ақша аударуы өздері үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тiзiмi қоса берілген MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады. 11. Төлеушілер берешектi аударуды олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмiн қоса беріп, MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен кезең (жыл, ай, айлар) үшін жүргізедi. ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.04.05. № 239 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ жаңа редакцияда 12. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік аударымдардың сомаларын Мемлекеттік корпорация арқылы Қордың шотына осы сомалар төлеушiнiң банк шотынан есептен шығарылған күні аударуға міндетті. ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 13. Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен әлеуметтік аударымдардың сомалары келіп түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен қордың шотына аударылады. Мемлекеттік корпорация: 1) ЖСН жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген; 2) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа жеткен адам болып табылатын; 3) өзі үшін бір төлеушіден әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен артық төленген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы бойынша төлеушіге әлеуметтік аударымдарды қайтаруды жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2015.23.04. № 255 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ; 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14. Мемлекеттік кірістер органы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушіге берешек сомасы туралы хабарлама жібереді. Хабарламаның нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді. Хабарлама төлеушiнің жеке өзiне қолын қойғызып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен табыс етіледі. Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама төлеушіге мынадай жағдайларда: 1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберілгенде -төлеуші пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап; 2) электрондық тәсілмен жіберілгенде: мемлекеттік кірістер органы хабарламаны веб-қосымшаға жеткізген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі (бұл тәсіл Салық кодексінің 86-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген төлеушіге қолданылады); «электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне хабарлама жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі (бұл тәсіл «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген төлеушіге қолданылады). Мемлекеттік кірістер органдары төлеушіге хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберген осы тармақта көзделген хабарламаны пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, Салық кодексінде белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен куәгерлер тартыла отырып, салықтық зерттеп-қарау жүргізілген күн мұндай хабарламалардың табыс етілген күні болып табылады. ҚР Үкіметінің 2015.23.04. № 255 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.09.10. № 624 Қаулысымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15-тармақ жаңа редакцияда 15. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кірістер органы: 1) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің; 2) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады. Мемлекеттік кірістер органдарының өкімі бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мыналардан: 1) Салық кодексінің 189-бабында көзделген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, оны уақтылы төлемегені үшін есепке жазылған өсімпұлды, сондай-ақ бюджетке енгізілуге жататын айыппұлдарды төлеу жөніндегі операциялардан; 2) ақшаны: өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары бойынша; еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен есеп айырысу үшін, жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақы төлеу, әлеуметтік төлемдерді аудару жөніндегі клиенттің міндеттемелері бойынша ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша; салықтық берешекті, кедендік төлемдер, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салықтар және өсімпұл бойынша, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтеу бойынша алып қоюдан басқа, төлеушілердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға міндетті. Төлеушілердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органының өкімі салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келісу бойынша бекіткен нысан бойынша шығарылады. ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.23.04. № 255 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ жаңа редакцияда; 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16. Төлеушiнiң кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мыналар: Салық кодексінің 189-бабында көзделген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, оны уақтылы төлемегені үшін есепке жазылған өсімпұлды, сондай-ақ бюджетке енгізуге жататын айыппұлдарды төлеу есебіне кейіннен аудару үшiн ақшаны екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға тапсыру; егер касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қатысты шығарылған болса, екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиенттердің қолма-қол ақшасын беруі жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады. Мемлекеттік кірістер органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі төлеушінің түсетін қолма-қол ақшаны қорға аудару арқылы, қолма-қол ақша түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей бұлжытпай орындауына жатады. Төлеушiнiң кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді. Мемлекеттік кірістер органының төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі берешек сомасы туралы хабарламаны жіберу және ұсыну үшін осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген тәсілдермен төлеушіге жолданады және ұсынылады. Төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдерінің күшін осындай өкімдер шығарған мемлекеттік кірістер органы әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды. ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.09.10. № 624 Қаулысымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17-тармақ жаңа редакцияда 17. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кірістер органы мұндай берешектің сомаларын: 1) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің; 2) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің банктік шоттарынан мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады. Төлеушінің ұлттық валютадағы банктік шотында ақша болмаған жағдайда әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кірістер органдары ұлттық валютада берген инкассалық өкімдер негізінде төлеушінің банктік шоттарынан шетелдік валютада жүргізіледі. Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банктік шотта (шоттарда) ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар клиенттің ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен жүргізеді. 18. Төлеушi әлеуметтік аударымдарды Қорға уақтылы төлемегенi үшiн өсiмпұл сомасын төлеу үшiн «төлем мақсаты» деген жолда - «кезең (жыл, ай, айлар) үшiн әлеуметтiк аударымдарды уақтылы төлемегенi үшін өсiмпұл» деп көрсете отырып, банкке төлем тапсырмасын ұсынады. 19. Төлеушілер уақтылы төлемеген өсімпұл кезең үшін (жыл, ай, айлар) MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен төленедi. ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.09.10. № 624 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 20-тармақ жаңа редакцияда 20. Мемлекеттік корпорация өсiмпұл сомалары түскен күннен кейінгі операциялық бір күн iшiнде қордың банктік шотына ақшаны MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен аударады. 21. Төлеушiнің Қорға артық (қате) аударылған әлеуметтiк аударымдарын және (немесе) уақытында және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомаларын қайтаруды Қор төлеушiнің өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi, егер сома төлеушi банктің кiнәсiнен артық (шоттан екi немесе одан да көп рет алынған) аударылған болса, онда қайтару төлейтін банктiң өтiнiшi негiзiнде жүргiзіледi. 22. ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 23-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 23. Әлеуметтік төлемдердi тағайындау кезiнде қатысу өтіліне есепке алынған кезеңге есептелген, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомасы қайтарылуға жатпайды.
ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 4-тарау. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтару тәртібі
ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.09.10. № 624 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 24-тармақ жаңа редакцияда 24. Төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың қорға аударылған сомаларын қайтару мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: төлеушi (төлеушінің банктері және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды) мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша артық (қате) төленген әлеуметтiк аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтаруға өтінiш бередi; |