Жарнама туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508-ІІ Заңы (2018.28.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2019 жылғы 8 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
4-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары 5-бап. Жарнамаға авторлық құқық және сабақтас құқықтар 2-тарау. Жарнамаға қойылатын жалпы және арнайы талаптар 6-бап. Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар 8-бап. Теле-, радиоарналардағы жарнама 9-бап. Мерзiмдi баспасөз басылымдарындағы жарнама 10-бап. Кино, бейне және анықтамалық қызмет көрсетудегi жарнама 11-бап. Сыртқы (көрнекi) жарнама 12-бап. Көлiк құралдарындағы жарнама 13-бап. Жекелеген өнiм түрлерiн жарнамалау ерекшелiктерi 14-бап. Қаржы, сақтандыру, инвестициялық қызметтердi және бағалы қағаздарды жарнамалау ерекшелiктерi 15-бап. Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде кәмелетке толмағандарды қорғау 16-бап. Жарнамасы бар материалдарды сақтау мерзiмдерi 3-тарау. Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу 17-бап. Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеу 17-1-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті 17-2-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті 18-бап. Жарнамалық ақпарат беру 20-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық 21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
1-бап. Заңның мақсаттары Осы Заңның мақсаттары жарнаманы жасау, тарату, орналастыру және пайдалану үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету, жарнама саласындағы жосықсыз бәсекеден қорғау, жөнсiз жарнаманы болғызбау және оларға тыйым салу болып табылады.
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасайтын, тарататын, орналастыратын және пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметi процесiнде туындайтын қатынастарға қолданылады. 2. Осы Заң жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты болмайтын хабарландыруларына, соның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарландыруларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылатын саяси үгiт пен насихатқа қолданылмайды.
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) әлеуметтік жарнама - адамдардың беймәлім тобына арналған және қайырымдылық пен коммерциялық емес сипаттағы өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ақпарат; 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-1) жарнама - адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын ақпарат; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды 1-2) жарнама құрылысы - жарнама бейнесі мен жарнамалық ақпаратты салуға, орналастыруға немесе бейнелеуге арналған әртүрлі көлемді немесе тегістікті сыртқы (көрнекі) жарнама оъектілері, оның ішінде электрондық және бейнесуреттерді көрсетуге арналған экрандар мен электрондық таблолар; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды 1-3) сыртқы (көрнекі) жарнама - жарнама құрылыстарында, жылжымалы және жылжымайтын объектілерде орналастырылған және елді мекендер мен жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі ашық кеңістікте көруге болатын жарнама; 2) жөнсiз жарнама - мазмұнына, уақытына, таратылу, орналастырылу орнына және тәсiлiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптардың бұзылуына жол берiлген жосықсыз, дәйексiз, әдепсiз, көрiнеу жалған және жасырын жарнама; 3) жарнама берушi - жарнама жасау, тарату және орналастыру үшiн жарнамалық ақпарат көзi болып табылатын жеке немесе заңды тұлға; 4) жарнама жасаушы - жарнамалық ақпаратты тарату және орналастыру үшiн дайын нысанға келтiрудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 5) жарнама таратушы - мүлiктi, оның iшiнде телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын беру және (немесе) пайдалану жолымен және өзге де тәсiлдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 6) жарнама тұтынушылар - жарнама арналған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың беймәлiм тобы; 7) жүгiртпе жол - жарнама таратудың теледидар бойынша, кино және бейнеқызмет көрсетуде берiлетiн тәсiлi, ол теледидар экрандарында, сондай-ақ дербес мониторларда - тұрақты орналастыру объектiлерiнде жиынтығымен белгiлi бiр ақпаратты құрайтын әрiптер, цифрлар, белгiлер тiркесiнiң тiзбектесiп алмасуымен (қозғалуымен) сипатталады. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7-1) маңдайша - ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақ қоршауына кірер жолда, сондай-ақ тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жерлердегі жеке және заңды тұлғалардың меншікті (жалдайтын) ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылыстарының шегіндегі шатырлар мен қасбеттерде орналастырылатын, жеке және заңды тұлғаларды дараландыру құралдарын қоса алғанда, олардың қызмет түрі туралы ақпарат. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды 7-2) нұсқағыш - жерде немесе байланыс желісі мен жарық беру тіреулерінде орналастырылған, ұйымның, сауда объектісінің немесе өзге де объектінің тұрған жерін көрсететін және оған тікелей жақын жерде орналасқан, оның атауы туралы ақпарат, оны дараландыру және навигация құралдары бар, екі шаршы метрді қоса алғанға дейінгі көлемдегі жарнама құрылысы; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 7-3) тармақшамен толықтырылды 7-3) телесауда - тауарларды өткізу немесе қызметтер көрсету мақсатында телеарнадағы жария ұсыныс. 8) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
5-бап. Жарнамаға авторлық құқық және сабақтас құқықтар Жарнама авторлық құқықтың және сабақтас құқықтардың толық немесе iшiнара объeктici бола алады. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес қорғалуға тиiс.
2-тарау. Жарнамаға қойылатын жалпы және арнайы талаптар
6-бап. Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар 1. Жарнама таратылу, орналастырылу нысанына немесе пайдаланылатын құралына қарамастан, тiкелей ұсынылу сәтiнде арнаулы білімсiз немесе арнаулы құралдарды қолданбай дәйектi әрi түсiнiктi болуға тиiс. 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама (мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-ресурстарды, ақпараттық агенттіктерді қоспағанда) қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады. Жарнама мазмұнының аудармасы оның негiзгi мағынасын бұрмаламауға тиiс. Жергілікті уақыттың нөл сағатынан бастап есептелетін әрбір алты сағат сайынғы уақыт аралығында теле, -радиоарналардағы қазақ тіліндегі жарнаманың көлемі басқа тілдерде таратылатын жарнаманың жиынтық көлемінен кем болмауға тиіс. Әлеуметтік жарнаманы қоспағанда, теле-, радиоарналардағы қазақ және орыс тілдеріндегі, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдердегі жарнаманың көлемі бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган бекіткен бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес орналастырылатын жарнама материалдарының хронометражымен айқындалады. 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 2-1 тармақпен толықтырылды 2-1. Мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама бұқаралық ақпарат құралын есепке алу туралы куәлікте бекітілген тілде таратылады. 3. 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалуына және сатылуына тыйым салынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалауға жол берiлмейдi. Егер жарнама берушi жүзеге асыратын қызмет лицензиялануға тиiс болса, онда тиiстi тауарды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалау кезiнде, сондай-ақ жарнама берушiнiң өзiн жарнамалау кезiнде, радиодағы жарнаманы қоспағанда, лицензияның нөмiрiн және лицензия берген органның атауын көрсету қажет. 5. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркелмеген дiни ұйымдар мен дiни оқу орындарын жарнамалауға тыйым салынады. 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды 5-1. Электрондық казиноны және интернет-казиноны жарнамалауға тыйым салынады. 6. Жарнама Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге пайдаланылмауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәлiметтердi және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды тарату үшiн пайдаланылмауға тиiс. 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 7 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 7. Жарнама қоғамда дүрбелең туғызбауға, жеке тұлғаларды агрессияға бастамауға, сондай-ақ құқыққа қарсы өзге де әрекеттi (әрекетсiздiктi) қоздырмауға тиiс. 8. Жарнамаға қойылатын шектеулер осы Заңмен және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерімен белгiленедi. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды 8. Әлеуметтік жарнамада, осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлардың нақты таңбалары (модельдері, артикульдері), тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері туралы және оларды дараландырудың өзге де құралдары туралы, жеке және заңды тұлғалар туралы айтуға жол берілмейді. Белгіленген шектеулер мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, демеушілер, өмірлік қиын жағдайда жүрген немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айтуға қолданылмайды. Әлеуметтік жарнамада, егер осы жарнаманың мазмұны қайырымдылық немесе өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметі туралы ақпаратпен тікелей байланысты болса, осындай коммерциялық емес ұйымдар туралы айтуға жол беріледі. Радиобағдарламаларда таратылатын әлеуметтік жарнамада демеушілер туралы айту ұзақтығы әрқайсысы туралы - үш секундтан, телебағдарламаларда, кино және бейне қызмет көрсету кезінде таратылатын әлеуметтік жарнамада әрқайсысы туралы үш секундтан аспауға тиіс және мұндай айтуға - кадр алаңының жетіден аспайтын пайызы, ал басқа да тәсілдермен таратылатын әлеуметтік жарнамада жарнама алаңының (кеңістігінің) бестен аспайтын пайызы бөлінуге тиіс. Көрсетілген шектеулер әлеуметтік жарнамада өмірлік қиын жағдайда жүрген немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айтуға қолданылмайды.
1. Мынадай: 1) жарнамаланатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларымен (жұмыстарымен, көрсетiлетiн қызметтерiмен) салыстыратын, сондай-ақ олардың абыройына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне кiр келтiретiн сөздерi, бейнелерi бар; 2) басқа өнiмдердi жарнамалауда пайдаланылатын фирмалық атауды, тауар белгiсiн, фирмалық ораманы, тауардың сыртқы безендiрiлуiн, формулаларын, бейнелерi мен басқа да коммерциялық белгiлемелерiн көшiрiп алу арқылы не олардың сенiмiн терiс пайдалану арқылы жарнамаланатын өнiмдерге қатысты тұтынушыларды жаңылдыратын; 3) кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде пайдаланылуы тауардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) сипатына, дайындалу тәсiлiне, қасиеттерiне, қолдануға жарамдылығына немесе санына қатысты жаңылыстыруы мүмкiн нұсқамалары немесе дәйектемелерi бар; 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 4) жарнамаланатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) пайдаланбайтын жеке немесе заңды тұлғалардың беделiн түсiретiн, қорлайтын және мазақ ететін; 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды 5) Қазақстан Республикасының заңымен жарнамалауға тыйым салынған тауарлар жарнамасы, егер мұндай жарнама тауар белгісі немесе қызмет көрсету белгісі жарнамалауға тыйым салынған тауардың тауар белгісімен немесе қызмет көрсету белгісімен айырғысыз дәрежеде бірдей немесе ұқсас басқа тауарды жарнамалау түрінде, сондай-ақ осындай тауарды дайындаушыны немесе сатушыны жарнамалау түрінде жүзеге асырылса, жарнама жосықсыз жарнама болып табылады. 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 1) өнiмдердiң табиғаты, құрамы, дайындау тәсiлi мен күнi, мақсаты, тұтыну қасиеттерi, пайдалану шарттары, сәйкестiк сертификатының, сертификат белгiлерiнiң және ұлттық стандарттарға сәйкестiк белгiлерiнiң болуы, саны, шығарылған жерi сияқты сипаттамаларына; 2) өнiмнің нарықта болуына, оны белгiлi бiр орында сатып алу мүмкiндiгiне; 3) жарнама тарату және орналастыру кезіндегі өнiмнiң құны (бағасы) мен ақы төлеудiң қосымша шарттарына; 4) өнiмдердi жеткiзуге, айырбастауға, қайтаруға, жөндеуге және оларға қызмет көрсетуге; 5) кепiлдiк мiндеттемелерге, қызмет мерзiмдерiне, жарамдылық мерзiмдерiне; 6) қолданудың болжамды нәтижелерiне; 7) заңды тұлғаның зияткерлiк қызметiнiң және соған теңестiрiлген даралау құралдарының, өнiмнiң, орындалған жұмыстардың немесе көрсетiлетiн қызметтiң нәтижелерiне берiлетiн айрықша құқықтарға; 8) мемлекеттік нышандарды (елтаңба, жалау, гимн), сондай-ақ халықаралық ұйымдардың нышандарын пайдалану құқықтарына; 9) ресми тануға, медальдар, жүлделер, дипломдар және өзге де наградалар алуға; 10) өнiмнiң толық топтамасын, егер ол топтаманың бiр бөлiгi болып табылса, сатып алу тәсiлдерi туралы ақпарат ұсынуға; 11) зерттеулер мен сынақтар нәтижелерiне, ғылыми терминдерге, техникалық, ғылыми және өзге де жарияланымдардан алынатын дәйек-сөздерге; 12) басқа адамдардың өнеркәсiптiк немесе сауда қызметiнiң, жеке немесе заңды тұлғаның беделiн түсiретiн кәсiпкерлiк қызметте жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) туралы ұйғарымдарға; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 13) негiздiлiгi асыра көрсетiлген түрiнде берiлмеуге тиiс статистикалық ақпаратқа; 14) тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) жасаушының, сатушының немесе оларды жарнамалайтын адамдардың мәртебесiне немесе құзыреттілік деңгейiне қатысты шындыққа сай келмейтiн мәлiметтерi бар жарнама дәйексiз жарнама болып табылады. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) жеке тұлғалардың нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, кәсiбiне, әлеуметтiк жағдайына, жасына, жынысына, дiни және саяси нанымына қатысты қорлайтын сөздердi, теңеулердi, бейнелердi пайдалану арқылы жалпыға бірдей қабылдаған iзгілік пен мораль нормаларын бұзатын мәтiндiк, көрiнiстi, дыбыстық ақпаратты қамтитын; 2) ұлттық немесе әлемдiк игiлiк болып табылатын өнер, мәдениет объектiлеріне, тарих ескерткіштерiне нұқсан келтiретiн; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарына, ұлттық валютасына немесе шетел валютасына, дiни нышандарға нұқсан келтiретiн жарнама әдепсiз жарнама болып табылады. 4. Жарнама берушiнiң (жарнама жасаушы, жарнама таратушы) жарнама тұтынушыны қасақана жаңылыстыратын, жарнамалау көмегiмен берiлетiн жарнамасы көрiнеу жалған жарнама болып табылады. 5. Радио, теле, бейне, дыбыс және кино өнiмдерiнде, сондай-ақ өзге де өнiмдерде, соның iшiнде арнаулы бейнеқосылғыларды, қосарланған дыбыс жазбаларын пайдалану арқылы және өзге де тәсiлдермен тұтынушының қабылдауына, түйсiгiне аңдаусыз әсер ететiн жарнама жасырын жарнама болып табылады. 6. Жөнсiз жарнамаға тыйым салынады.
2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 8-бап. Теле-, радиоарналардағы жарнама 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Жарнама сипатындағы хабарламалар мен материалдарға мамандандырылмаған теле-, радиоарналардағы жарнама, жүгiртпе жолды қоспағанда, тәулiк iшiнде берiлетiн хабарлардың жалпы көлемiнiң жиырма пайызынан аспауға тиiс. Жарнама сипатындағы хабарларға және материалдарға мамандандырылмаған телеарналардағы телесауда тәулік ішінде жарнама таратудың жалпы көлемінің он бес пайызынан аспауға тиіс. Жарнама сипатындағы хабарларға ғана мамандандырылған теле-, радиоарналардағы телесауда көлемі шектелмеген. Жарнаманы трансляциялау кезiнде оның дыбысы трансляцияланатын бағдарлама дыбысынан жоғары болмауға тиiс. 2. Жарнаманы қосарластыру түрiнде, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсiлiмен пайдалану кезiнде оның көлемi кадр алаңының жетi жарым пайызынан аспауға және телебағдарламалардағы мәтiндiк немесе ақпараттық материалды бұзбауға тиiс. 3. Ресми хабарламалардың, Қазақстан Республикасы Президенттiгіне және өкiлдi органдар депутаттығына кандидаттар сөздерiнің, бiлiм беру және дiни телебағдарламалардың трансляциясын, сондай-ақ балалар мен жасөспiрiмдерге арналған жарнамаларды қоспағанда, балалар телебағдарламалары көрсетiлiмдерiн жарнамамен, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсілiмен де бөлуге тыйым салынады. 4. Ұлттық аза тұту күндерiнде теле-, радиоарналарында жарнамаға тыйым салынады.
9-бап. Мерзiмдi баспасөз басылымдарындағы жарнама Мерзiмдi баспасөз басылымдары жарнама объектiлерiн, оның тақырыбын дербес анықтайды. Жазылым арқылы тарайтын баспасөз құралдары жазылым шарттарында басылымның тақырыптық бағыттамасын көрсетуге мiндеттi.
10-бап. Кино, бейне және анықтамалық қызмет көрсетудегi жарнама 1. Сериялар арасындағы үзiлiстердi қоспағанда, кино және бейне қызмет көрсетудегi фильмнің қойылымын жарнамамен бөлiп жiберуге тыйым салынады. 2. Анықтамалық қызмет көрсету кезiнде жарнама сұратылған ақпарат хабарланғаннан кейiн ғана берiледi. 3. Ақылы анықтамалық компьютерлiк және өзге де қызмет көрсету кезiнде жарнама клиенттiң келiсуiмен ғана таратылады. Мұндай жарнаманың құны сұратылған ақпараттың құнына кiрмеуге тиiс.
11-бап. Сыртқы (көрнекi) жарнама 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру осы баптың 2 - 7-тармақтарында көзделген тәртіппен, плакаттар, транспаранттар, жалаулар, стендтер, жарық беруші таблолар, билбордтар, стеллалар, нұсқағыштар, афишалар түрінде және жарнама құрылыстарында, жылжымалы және жылжымайтын объектілерде жарнама бейнелері мен жазбаларын салу мен жазудың өзге де тәсілдерімен жүзеге асырылады. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ жаңа редакцияда 1-1. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiне жеке тұлғалар (оның ішінде дара кәсіпкерлер) және заңды тұлғалар орналастыратын мынадай жарнама объектілері: маңдайша; жұмыс режимі туралы ақпарат; мәдениет мекемелерінің, орындаушылардың және спорттық-ойын-сауық іс-шаралардың репертуары бар арнайы бөлінген жерлерде орналастырылған афишалар; қызмет көрсетудің техникалық құралдары мен көлік құралдарын дараландыру; жайма сөрелер мен терезелерді сырттан көзбен көру үшін мынадай: тауарлық өнімнің үлгілері; жеке дараландыру құралдары; декоративтік және мерекелік безендіру сипатындағы сыртқы немесе ішкі безендіру; автожанармай құю станцияларына кіреберісте орнатылған мұнай өнімдерінің түрлері, мұнай өнімдерінің бағалары, атауы мен сатушының логотипі көрсетілген ақпараттық табло; қолма-қол шетел валютасын теңгемен сатып алу және сату бағамы туралы мәліметтері бар ақпараттық стенд жатпайды. 1-2. Сыртқы (көрнекі) жарнама жолдардың көліктік-пайдалану сапасын төмендетпеуге, көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзбауға, жол белгілеріне және сілтемелеріне ұқсас болмауға, олардың көрінуін немесе қабылдау тиімділігін нашарлатпауға, жол пайдаланушылардың көздерін қарықтырмауға тиіс. 2. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастыруға: 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1) тармақша өзгертілді 1) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеулерiнде жарнама объектiсiн орналастыру кезiнде - Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен, белгілi бiр мерзiмге беретiн құжат; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1-1) сыртқы (көрнекi) жарнаманы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы және облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру кезiнде - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық маңызы бар қаланың, астананың және облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары белгiлi бiр мерзiмге беретiн рұқсат; 1-2) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды 1-3) сыртқы (көрнекi) жарнаманы облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастыру кезiнде - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен облыстың жергiлiктi атқарушы органы белгiлi бiр мерзiмге беретiн құжат; 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 1-4) тармақшамен толықтырылды 1-4) сыртқы (көрнекi) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастыру кезiнде - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ауданның жергiлiктi атқарушы органы белгiлi бiр мерзiмге беретiн құжат; 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 1-5) тармақшамен толықтырылды 1-5) сыртқы (көрнекi) жарнаманы аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру кезiнде - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ауданның жергiлiктi атқарушы органы белгiлi бiр мерзiмге беретiн рұқсат; 1-6) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2) елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманың объектілерін орналастырудың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережелеріне сәйкес жергілікті атқарушы орган беретін рұқсат болған жағдайда жол беріледі. 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда Халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылатын 3-тармақтың редакциясын қараңыз 3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, астанадағы, республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қалалардағы және басқа да елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде төлемақы алынады. |