|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы (2017.18.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2017 жылғы 11 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 3-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерде ұстау мақсаты 4-бап. Арнаулы мекемелерде ұстау принциптері 5-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерге орналастыру негіздері 6-бап. Арнаулы мекемелерде ұсталушы адамдардың құқықтық жағдайы 7-бап. Қылмыстың жасалуына күдікті, айыпталушы адамдарды күзетте ұстау орындары 9-1-бап. Ішкі істер органдарының қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары 11-бап. Күзетте ұстау орындарының қызметкерлері 14-бап. Күзетте ұстау орындарындағы режим 15-бап. Күзетте ұстау орындарындағы ішкі тәртіп 2-тарау. Күзетте ұстау орындарындағы сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары 16-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары 17-бап. Қорғаушыларымен, туыстарымен және өзге де адамдармен жолығысулар 18-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету 20-бап. Ұсыныстарды, арыздарды және шағымдарды жолдау 21-бап. Тамақтану, тамақ өнімдері мен ең қажетті заттарды сатып алу 22-бап. Материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету 23-бап. Медициналық-санитариялық қамтамасыз ету 24-бап. Сәлемдемелер, сәлем-сауқаттар және ақша аударымдарын алу 25-бап. Қосымша ақылы қызмет көрсетулермен қамтамасыз ету 26-бап. Айыпталушыларды еңбекке тарту 28-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуы 29-бап. Әйелдерді күзетте ұстаудың ерекшеліктері 30-бап. Кәмелетке толмағандарды күзетте ұстаудың ерекшеліктері 3-тарау. Күзетте ұстау орындарында оқшаулауды қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға жол бермеу 31-бап. Оқшаулауды қамтамасыз етудің негізгі талаптары 32-бап. Камераларда бөлек орналастыру 33-бап. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзету және оларды қадағалау 34-бап. Күзетте ұстау орындарына жапсарлас жатқан аумақтарда режимдік талаптарды қамтамасыз ету 35-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың негізгі міндеттері 36-бап. Көтермелеу шаралары және оларды қолдану тәртібі 38-бап. Жазалау шараларын қолдану тәртібі 39-бап. Тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұстау 40-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың материалдық жауапкершілігі 41-бап. Тамақ ішуден бас тартқан кезде қолданылатын шаралар 43-бап. Күзетте ұстау орындарында дене күшін қолдану 44-бап. Күзетте ұстау орындарында арнаулы құралдар мен газ қаруын қолдану 45-бап. Күзетте ұстау орындарында оқ ататын қаруды қолдану 46-бап. Күзетте ұстау орындарындағы ерекше жағдайлар режимі 3-1-тарау. Адамдарды қабылдау-бөлу орындарында ұстау 46-1-бап. Қабылдау-бөлу орындарына жеткізілген адамдарды қабылдау және тіркеу 46-2-бап. Қабылдау-бөлу орындарына орналастырылған адамдарды тексеру 46-3-бап. Қабылдау-бөлу орнында ұстау мерзімдері, одан босату тәртібі мен негіздері 46-4-бап. Қабылдау-бөлу орындарында ұстау режимі 46-5-бап. Қабылдау-бөлу орындарында ұсталушы адамдардың құқықтары мен міндеттері 3-2-тарау. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды арнаулы қабылдау орындарында ұстау 46-7-бап. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды ұстау режимі 3-3-тарау. Ұлттық алдын алу тетігі 46-10-бап. Ұлттық алдын алу тетігі 46-12-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар 46-13-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары 46-14-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері 46-15-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату 46-16-бап. Алдын ала болудың түрлері мен кезеңділігі 46-17-бап. Алдын ала болу тәртібі 46-18-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы 47-бап. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудан босатудың негіздемелері 48-бап. Сезіктілермен айыпталушыларды күзетте ұстаудан босату тәртібі 49-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттарын қадағалау 51-бап. Қоғамдық бақылау комиссиясының өкілеттіктері 2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен кіріспемен толықтырылды Осы Заң қоғамнан уақытша оқшаулауды заңды негіздерде қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер қызметінің құқықтық негіздерін айқындайды, сондай-ақ оларда ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
1-бап. 2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) арнаулы қабылдау орны - ішкі істер органдарының әкімшілік қамауға алынған адамдарды қабылдауға және ұстауға арналған арнаулы мекемесі; 2) арнаулы мекемелер - тергеу изоляторы, уақытша ұстау изоляторы, қабылдау-бөлу орны, арнаулы қабылдау орны; 3) әкімшілік қамауға алынған адам - өзіне қатысты сот әкімшілік қамауға алуды қолдану туралы қаулы шығарған адам; 4) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адам - Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген немесе тұрғын үйі жоқ адам; 5) бір адамдық камера - күзетке алынған бір адамды барынша толық және қатаң оқшаулау мақсатында ұстауға арналған арнаулы үй-жай; 6) жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу - белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға қатысты, ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде оны уақытша оқшаулаудан тұратын құқық бұзушылықтың жеке профилактика шарасы; 7) 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) қабылдау-бөлу орны - ішкі істер органдарының белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды, олардың әрекеттерінде қылмыстық және әкімшілік құқықтық бұзушылықтар белгілері болмаған және олардың жеке басын өзге тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған кезде қабылдауға және ұстауға арналған арнаулы мекемесі; 9) камера - қабылдау-бөлу орнына, арнаулы қабылдау орнына, уақытша ұстау изоляторына, тергеу изоляторына орналастырылған адамдарды ұстауға арналған үй-жай; 10) күзетте ұстау - адамдарды сот санкциясымен арнаулы мекемелерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақытша оқшаулау; 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды 10-1) тәртіптік изолятор - күзетпен ұстаудың белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзған бір адамды ұстауға арналған камера; 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша жаңа редакцияда 11) тергеу изоляторы - мыналарды: өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған, қылмыс жасады деп күдік келтірілгендер мен айыпталушыларды; қамауға алуға сотталғандарды; бас бостандығынан айыруға сотталғандарды; бас бостандығынан айыруға сотталғандарды, шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін қалдырылғандарды не жіберілгендерді; мекемелерден Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес келген сотталғандарды ұстауға арналған арнаулы мекеме; 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды 11-1) уақытша оқшаулау үй-жайы - күзетпен ұстаудың белгіленген тәртібін бұзған кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған камера; 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 12) уақытша ұстау изоляторы - қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды, сондай-ақ осы Заңның 46-6-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда әкімшілік қамауға алынған адамдарды күзетпен ұстауға арналған арнаулы мекеме.
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерде ұстау мақсаты Адамдарды арнаулы мекемелерде ұстау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды орындау мақсатында жүзеге асырылады.
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 4-бап. Арнаулы мекемелерде ұстау принциптері Арнаулы мекемелерде ұстау заңдылық, кінәсіздік презумпциясы, азаматтардың заң алдындағы теңдігі, ізгілік, жеке бастың ар-намысы мен абыройын құрметтеу принциптеріне, халықаралық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырылады және қылмыс жасаған деп арнаулы мекемелерде ұсталушы сезіктілер мен айыпталушыларды тәни немесе рухани азапқа тарту мақсатындағы іс-әрекеттермен ұштаспауға тиіс.
2008.05.07. № 65-IV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерге орналастыру негіздері Адамдарды арнаулы мекемелерге орналастыру негіздері: 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған, қылмыс жасады деп күдік келтірілгендер мен айыпталушыларды тергеу изоляторына орналастыру судьяның қаулысы бойынша жүзеге асырылады; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен ұстап алынғандарды уақытша ұстау изоляторына орналастыру тергеуші не анықтаушы толтырған ұстап алу хаттамасы бойынша жүзеге асырылады. Өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды уақытша ұстау изоляторына орналастыру шалғайлығы немесе тиісті қатынас жолының болмауы салдарынан тергеу изоляторына жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда судьяның қаулысы бойынша жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған күдіктіні өмір сүру және тәрбиелену жағдайы бойынша бұрынғы тұрғылықты жерінде қалдыру мүмкін болмаған жағдайларда, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 540-бабында көзделген тәртіппен заңға сәйкес бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымға орналастырылуы мүмкін; 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) әкімшілік қамауға алынған адамдарды уақытша ұстау изоляторларына, арнаулы қабылдау орындарына орналастыру судьяның оларды қамауға алу туралы қаулысының негізінде жүзеге асырылады; 4) белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды қабылдау-бөлу орнына орналастыру ішкі істер органдарының сот санкциялаған қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6-бап. Арнаулы мекемелерде ұсталушы адамдардың құқықтық жағдайы 1. Арнаулы мекемелерде ұсталушы адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген шектеулермен, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады. 2. Арнаулы мекемелерде ұсталушы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.
ҚР 16.07.01 ж. № 244-II; ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңдарымен; 2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді 7-бап. Қылмыстың жасалуына күдікті, айыпталушы адамдарды күзетте ұстау орындары 1. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау орындары: 1) Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi мен ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторлары; 2) Қазақстан Республикасының iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының уақытша ұстау изоляторлары болып табылады. 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Осы Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері және гауптвахталар күдіктілер мен айыпталушыларды күзетпен ұстау орындары болып табылуы мүмкін. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстауды Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес алыс сапардағы теңіз кемелерінің капитандары, шекара отрядтарының бастықтары, жергілікті жердің коменданты жүзеге асырған жағдайларда күдіктілер аталған лауазымды адамдар айқындаған және күдіктілерді ұстау үшін арнайы ыңғайластырылған үй-жайларда ұсталады. 4. Қылмыстық істі жүргізіп жатқан адам немесе орган Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес он екі сағат ішінде сезіктінің немесе айыпталушының туыстарының біріне оның күзетте ұсталу орны туралы немесе ол орнының өзгергені туралы хабарлауға міндетті. Сезікті немесе айыпталушы шетелдікті күзетте ұстау орны туралы немесе ол орнының өзгергені туралы хабарлама аталған мерзімде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Сыртқы істер министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, сондай-ақ ол азаматы болып табылатын мемлекеттің елшілігіне, консулдығына немесе өзге де өкілдігіне жолданады.
2004.20.12 № 13-III Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді 8-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi мен ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторлары 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi мен ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторлары (бұдан әрі - тергеу изоляторлары) өздеріне қатысты бұлтартпау шаралары ретінде күзетпен ұстау таңдалған күдіктілер мен айыпталушыларды ұстауға арналған. 2. Тергеу изоляторлары заңды тұлға құқықтарына ие болады. Олар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады. 3. Тергеу изоляторларын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 9-бап өзгертілді 9-бап. Қазақстан Республикасының iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының уақытша ұстау изоляторлары 1. Ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторлары олардың құрылымдық бөлімшелері болып табылады. Ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторларын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының уақытша ұстау изоляторлары бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады. 3. Уақытша ұстау изоляторларын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер олардың ведомстволық тиістілігіне қарай Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті белгілеген тәртіппен қабылданады.
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды 9-1-бап. Ішкі істер органдарының қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары ішкі істер органдарының құрылымдық бөлімшелері болып табылады. Қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің шешімімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады. Төтенше жағдай енгізілген кезде санитариялық талаптарға сай келетін және орынды өз еркімен қалдыру мүмкіндігін болғызбайтын, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдарды ұстау үшін ыңғайластырылған өзге де үй-жайлар жергілікті жер комендантының шешімімен қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары ретінде пайдаланылуы мүмкін. 2. Қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары қызметінің тәртібі мен ұйымдастырылуын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайды. 3. Қабылдау-бөлу орындарын және арнаулы қабылдау орындарын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
10-бап. Жазаларды орындаушы мекемелерді, әкімшілік ұсталуға алынған адамдарды ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларды және гауптвахталарды сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау үшін пайдалану 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар басқа қылмыстың жасалуына сезікті болған немесе айыпталған жағдайда, олар осы мекемелерде, бірақ жазасын өтеп жатқан басқа сотталғандардан бөлек ұсталуы мүкін. 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Мемлекеттік шекараны бұзуға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына күдіктілер мен айыпталушылар уақытша ұстау изоляторларына жеткізілгенге дейін әкімшілік ұстап алуға ұшыраған адамдарды ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларда ұсталуы мүмкін. 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілер және айыпталушылар, заңнамада көзделген негіздер бойынша сараптама тағайындау қажет болған жағдайда, сондай-ақ оларға медициналық көмек көрсету жағдайында осы Заңның 23-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен медициналық мекемелерге орналастырылады. 4. Сезікті және айыпталушы әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде, осы Заң мен өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша гауптвахталарда ұсталуы мүмкін.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 11-бап өзгертілді 11-бап. Күзетте ұстау орындарының қызметкерлері 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Күзетте ұстау орындарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының күзетте ұстау режимін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді атқаратын ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамындағы адамдар, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері жатады. 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Теңіз кемелерінің капитандары, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің, шекара отрядтарының бастықтары, сондай-ақ олар уәкілдік берген адамдар күзетте ұстау режимін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді атқару кезеңінде күзетте ұстау орындарының қызметкерлеріне осы заңда берілген міндеттерді атқарады және құқықтарды пайдаланады. 3. Осы Заңда күзетте ұстау орындары әкімшілігінің басшылары болып: 1) тергеу изоляторларының бастықтары; 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің бастықтары; 3) уақытша ұстау изоляторларының бастықтары; 4) қарауында уақытша ұстау изоляторлары бар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi бөлімдерінің командирлері; 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) қарауында гауптвахталар бар әскери полиция органдарының бастықтары ұғынылады. 6) 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен 12-бап өзгертілді 12-бап. Тергеу изоляторларында ұсталушы сезіктілер мен айыпталушыларды уақытша ұстау изоляторларына ауыстырудың негіздемесі 1. Тергеу изоляторларында ұсталушы сезіктілер мен айыпталушылар тергеу изоляторлары орналасқан елді мекендерден тыс жерлерде тергеу іс-әрекеттерін, соттың істі қарауды жүргізуі үшін аталған іс-әрекеттер мен сот процесін орындау уақытына оларды күн сайын жеткізу мүмкін болмайтын қажетті жағдайларда уақытша ұстау изоляторларына ауыстырылуы мүмкін, бірақ ол отыз тәуліктен аспауға тиіс. 2. Мұндай ауыстыруға прокурордың, судьяның қаулысы, сондай-ақ тергеушінің немесе анықтаушының прокурор, оның орынбасары санкция берген қаулысы негіздеме болып табылады.
Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау мерзімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексімен белгіленеді.
14-бап. Күзетте ұстау орындарындағы режим 1. Күзетте ұстау орындарында сезіктілер мен айыпталушылар құқықтарының сақталуын, олардың өз міндеттерін атқаруын, оларды оқшаулауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін режим белгіленеді. 2. Режимді қамтамасыз ету күзетте ұстау орындарының әкімшілігіне, сондай-ақ қызметкерлеріне жүктеледі, олар қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңда белгілегендей жауап береді.
2004.20.12 № 13-III Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 15-бап. Күзетте ұстау орындарындағы ішкі тәртіп 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Күзетпен ұстау орындарында режимді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс министрлігі Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды күзетпен ұстау орындарындағы ішкі тәртіптеме қағидаларын (бұдан әрі - Ішкі тәртіптеме қағидалары) бекітеді. Ішкі тәртіп ережелерімен: 1) сезіктілер мен айыпталушыларды қабылдап алу және камералар бойынша орналастыру; 2) жеке тінтуді, саусақтарының таңбасын алуды, суретке түсіруді, сондай-ақ сезіктілер мен айыпталушылардың заттарын тексеруді жүргізу; 3) сезіктілер мен айыпталушылардан сақтауға және пайдалануға тыйым салынған нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін алып қою; 4) сезіктілер мен айыпталушыларды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету; 5) сезіктілер мен айыпталушылардың тамақ өнімдерін, сондай-ақ ең қажетті нәрселер мен басқа да өнеркәсіп тауарларын сатып алу; 6) сезіктілер мен айыпталушылардың сәлемдемелер, сәлем-сауқаттар алу және жіберу; 7) сезіктілер мен айыпталушылардың жеделхаттар, хаттар, ақша аударымдарын алу және жіберу; 8) сезіктілер мен айыпталушылардың ұсыныстар, арыздар және шағымдар жолдау; 9) сезіктілер мен айыпталушылардың діни жоралар жасауы; 10) айыпталушыларды еңбекке тарту; 11) сезіктілер мен айыпталушылардың отбасылық-құқықтық қатынастарға және азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуы; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12) күдіктілер мен айыпталушылардың газеттер мен журналдарға жазылуын жүргізу;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы заңның міндеттері2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар3-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерде ұстау мақсаты4-бап. Арнаулы мекемелерде ұстау принциптері5-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерге орналастыру негіздері6-бап. Арнаулы мекемелерде ұсталушы адамдардың құқықтық жағдайы7-бап. Қылмыстың жасалуына күдікті, айыпталушы адамдарды күзетте ұстау орындары8-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi мен ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторлары9-бап. Қазақстан Республикасының iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының уақытша ұстау изоляторлары9-1-бап. Ішкі істер органдарының қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары10-бап. Жазаларды орындаушы мекемелерді, әкімшілік ұсталуға алынған адамдарды ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларды және гауптвахталарды сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау үшін пайдалану11-бап. Күзетте ұстау орындарының қызметкерлері12-бап. Тергеу изоляторларында ұсталушы сезіктілер мен айыпталушыларды уақытша ұстау изоляторларына ауыстырудың негіздемесі13-бап. Күзетте ұстау мерзімі14-бап. Күзетте ұстау орындарындағы режим15-бап. Күзетте ұстау орындарындағы ішкі тәртіп 2-тарау. Күзетте ұстау орындарындағы сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары16-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары17-бап. Қорғаушыларымен, туыстарымен және өзге де адамдармен жолығысулар18-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету19-бап. Хат жазысу20-бап. Ұсыныстарды, арыздарды және шағымдарды жолдау21-бап. Тамақтану, тамақ өнімдері мен ең қажетті заттарды сатып алу22-бап. Материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету23-бап. Медициналық-санитариялық қамтамасыз ету24-бап. Сәлемдемелер, сәлем-сауқаттар және ақша аударымдарын алу25-бап. Қосымша ақылы қызмет көрсетулермен қамтамасыз ету26-бап. Айыпталушыларды еңбекке тарту27-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың тергеу іс-әрекеттеріне және сот отырыстарына қатысуын қамтамасыз ету28-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуы29-бап. Әйелдерді күзетте ұстаудың ерекшеліктері30-бап. Кәмелетке толмағандарды күзетте ұстаудың ерекшеліктері 3-тарау. Күзетте ұстау орындарында оқшаулауды қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға жол бермеу31-бап. Оқшаулауды қамтамасыз етудің негізгі талаптары32-бап. Камераларда бөлек орналастыру33-бап. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзету және оларды қадағалау34-бап. Күзетте ұстау орындарына жапсарлас жатқан аумақтарда режимдік талаптарды қамтамасыз ету35-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың негізгі міндеттері36-бап. Көтермелеу шаралары және оларды қолдану тәртібі37-бап. Жазалау шаралары38-бап. Жазалау шараларын қолдану тәртібі39-бап. Тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұстау40-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың материалдық жауапкершілігі41-бап. Тамақ ішуден бас тартқан кезде қолданылатын шаралар42-бап. Күзетте ұстау орындарында дене күшін, арнаулы құралдарды, газбен және оқпен атылатын қаруларды қолданудың жалпы негіздері43-бап. Күзетте ұстау орындарында дене күшін қолдану44-бап. Күзетте ұстау орындарында арнаулы құралдар мен газ қаруын қолдану45-бап. Күзетте ұстау орындарында оқ ататын қаруды қолдану46-бап. Күзетте ұстау орындарындағы ерекше жағдайлар режимі 3-1-тарау. Адамдарды қабылдау-бөлу орындарында ұстау46-1-бап. Қабылдау-бөлу орындарына жеткізілген адамдарды қабылдау және тіркеу46-2-бап. Қабылдау-бөлу орындарына орналастырылған адамдарды тексеру46-3-бап. Қабылдау-бөлу орнында ұстау мерзімдері, одан босату тәртібі мен негіздері46-4-бап. Қабылдау-бөлу орындарында ұстау режимі46-5-бап. Қабылдау-бөлу орындарында ұсталушы адамдардың құқықтары мен міндеттері 3-2-тарау. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды арнаулы қабылдау орындарында ұстау46-6-бап. Әкімшілік қамауға алынған және арнаулы қабылдау орындарына, уақытша ұстау изоляторларына жеткізілген адамдарды қабылдау және тіркеу46-7-бап. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды ұстау режимі46-8-бап. Әкімшілік қамауға алынған, арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттері46-9-бап. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды арнаулы қабылдау орнынан, уақытша ұстау изоляторынан босату 3-3-тарау. Ұлттық алдын алу тетігі46-10-бап. Ұлттық алдын алу тетігі46-11-бап. Үйлестіру кеңесі46-12-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар46-13-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары46-14-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері46-15-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату46-16-бап. Алдын ала болудың түрлері мен кезеңділігі46-17-бап. Алдын ала болу тәртібі46-18-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы46-19-бап. Құпиялылық46-20-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара іс-қимылы 4-тарау. Қорытынды ережелер |