Қазақстан Республикасының (2019.11.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 25 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 3-бап. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасы 2-тарау. ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 4-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары 5-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау 5-1-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 7-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті 10-бап. Теле-, радиобағдарламалардың тілі 11-бап. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия 12-бап. Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру 13-бап. Еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру 14-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау 15-бап. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін радиожиілік спектрін пайдалану 16-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтер 3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТЕЛЕ-, РАДИОАРНАЛАРДЫ ТАРАТУ 17-бап. Отандық теле-, радиоарналарды есепке қою, қайта есепке қою 18-бап. Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiш 18-1-бап. Шетелдік теле-, радиоарналардың Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметі 19-бап. Уәкілетті органда шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою, қайта есепке қою 20-бап. Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiш 4-тарау. ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 22-бап. Телерадио хабарларын тарату субъектілері 24-бап. Телерадио хабарларын тарату операторлары 25-бап. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы 26-бап. Телерадио бағдарламаларды жасаушы 27-бап. Телерадио хабарларын тарату желілері 28-бап. Ұлттық телерадио хабарларын таратудың мүдделерін қорғау 29-бап. Балаларды теле-, радиобағдарламаларды тарату кезінде қорғау 30-бап. Телебағдарламаларды тарату кезінде мүгедектердің құқықтарын қорғау 31-бап. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарына қойылатын талаптар 32-бап. Қосымша ақпаратты тарату 33-бап. Теле-, радиоарналарда жарнаманы орналастыру 34-бап. Теле-, радиоарналарды, теле-, радиобағдарламаларды ретрансляциялау 5-тарау. ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУ ТҮРЛЕРІ 35-бап. Аналогтік эфирлік радиохабарларын тарату 36-бап. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату 37-бап. Спутниктік телерадио хабарларын тарату 38-бап. Кабельдік телерадио хабарларын тарату 39-бап. Дара спутниктік қабылдау 40-бап. Теле-, радиоарналарды ұжымдық қабылдау жүйесі 40-1-бап. Теле-, радиоарналарды көпшілікке көрсету үшін тарату 6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР 41-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауаптылық 43-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық қатынастарды, телерадио хабарларын тарату субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) абонент - телерадио хабарларын тарату қызметтерін алуға телерадио хабарларын тарату операторымен шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) балалар телебағдарламасы - 12 жасқа дейінгі балаларға арналған, осы жастағы топқа тән сюжеті бар телебағдарлама; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды 1-2) білім беру телебағдарламасы - мазмұны телекөрерменді ғылымның, мәдениеттің, өндірістің, өнердің және әлеуметтік өмірдің қандай да бір саласында нақты білім жүйесінде оқытуға бағытталған, адамдардың көпшілік тобына арналған телебағдарлама; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды 1-3) дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушы - телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының аумағында өзінің спутниктік хабар тарату жүйелеріне ие, телерадио хабарларын тарату операторларының көрсетілетін қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды, телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықты тарататын жеке немесе заңды тұлға; 2) дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғысы - теле-, радиосигналды дара қабылдауға арналған жабдық (телевизиялық байланысты қабылдау аппаратурасы); 3) дыбыстық сүйемелдеудің көпарналы берілуі - абонентке көру кезінде тілдерді таңдауға мүмкіндік беретін, телебағдарламада екі және одан да көп дыбыстық сүйемелдеудің берілуі; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) діни телебағдарлама - дін саласы мәселелері бойынша халықты ақпараттандыруға және олардың сауаттылығын арттыруға бағытталған телебағдарлама; 4) еркін қолжетімді теле-, радиоарна - көру құқығы үшін ақы алынбай адамдардың шектеусіз тобы үшін цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату арқылы таратылатын теле-, радиоарна; 5) көпарналы хабар тарату - теле-, радиоарналар топтамаларын таратуға арналған телекоммуникациялық жүйе; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 5-1) мемлекеттік техникалық қызмет - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) міндетті теле-, радиоарна - уәкілетті орган бекіткен тиісті тізбеге кіретін, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көпарналы хабар тарату арқылы таратылуға міндетті теле-, радиоарна; 7) отандық теле-, радиоарна - Қазақстан Республикасының теле-, радиокомпаниялары кейіннен трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау үшін хабар тарату кестесіне сәйкес қалыптастырған теле-, радиобағдарламалардың және дыбыс-бейне туындыларының, сюжеттер мен материалдардың жиынтығын білдіретін бұқаралық ақпарат құралы; 8) отандық теле-, радиобағдарламалар - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде жүзеге асыратын теле-, радиокомпаниялар немесе жеке және заңды тұлғалар жасаған теле-, радиобағдарламалар; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) ретрансляция - телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып және телекоммуникация желілерінде теле-, радиобағдарламаларды, теле-, радиоарналарды қабылдау және сонымен бір мезгілде не жазып алып тарату; 10) субтитрлер - телебағдарламада қамтылған ақпаратты телебағдарлама түпнұсқасының дыбыстық сүйемелденуін мәтінмен қайталау арқылы тарату тәсілі; 11) телевизиялық абоненттік жалғама - абоненттің цифрлық телевизиялық сигналды қабылдауына арналған жеке техникалық құрал; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды 11-1) телегазет - телерадио хабарларын тарату операторлары тұтынушы үшін телекоммуникация желілерінде тарататын, мерзімді баспасөз басылымының электрондық толық нұсқасы; 12) теле-, радиоарна - кейіннен трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау үшін хабар тарату кестесіне сәйкес қалыптастырылған теле-, радиобағдарламалар мен дыбыс-бейне туындыларының, сюжеттер мен материалдардың жиынтығын білдіретін бұқаралық ақпарат құралы; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13) теле-, радиоарналар топтамасы - телекоммуникация желілерінде көпарналы хабар тарату арқылы тарату үшін телерадио хабарларын тарату операторы қалыптастырған теле-, радиоарналардың жиынтығы; 14) теле-, радиоарналарды тарату - телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып, тұтынушыға теле-, радиобағдарламаларды жеткізу; 15) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік - уәкілетті органның теле-, радиокомпанияға беретін және теле-, радиоарнаның Қазақстан Республикасының аумағында таралуына рұқсат беретін белгіленген нысандағы құжат; 16) теле-, радиобағдарлама - тиісті атауы, хабар тарату көлемі бар және теле,- радиоарнаның басқа бөліктеріне қарамастан пайдаланылуы мүмкін теле-, радиоарнаның мазмұны жағынан аяқталған бөлігі; 17) теле-, радиокомпания - теле-, радиоарнаның меншік иесі болып табылатын және теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік алған жеке немесе заңды тұлға; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 18) телерадио хабарларын тарату - телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып және телекоммуникациялар желілерінде теле-, радиоарналарды ашық немесе кодталған түрде тұтынушының жария қабылдауы үшін қалыптастыру және (немесе) тарату; 19) телерадио хабарларын тарату қызметі - бұл теле-, радиобағдарламаларды қабылдау, өңдеу, сақтау, беру, абонентке дейін жеткізу; 20) телерадио хабарларын тарату операторы - теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия алған жеке немесе заңды тұлға; 21) телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары - теле-, радиоарналар мен теле-, радиобағдарламалар жасауды, қалыптастыруды, таратуды және (немесе) қабылдауды қамтамасыз ететін радиоэлектрондық құралдар мен қабылдайтын-беретін техникалық құрылғылардың жиынтығы; 22) телекоммуникациялардың техникалық құралдары - теле-, радиосигналдарды қалыптастыруға, қабылдауға, өңдеуге және беруге мүмкіндік жасайтын техникалық құрылғылар; 23) телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды 23-1) телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган - телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 24) трансляция - телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып және телекоммуникация желілерінде теле-, радиоарналардың сигналын бастапқы тарату; 25) телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісі - мемлекет меншігіндегі, Қазақстан Республикасының аумағында телерадиосигналдарын таратуды қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен байланыс арналарының жүйесі; 26) хабар тарату кестесі - хабар таратудың бағдарламалық тұжырымдамасының нақты кезеңдегі негізгі бағыттарын көрсететін, теле-, радиобағдарламалардың тізбесі, реттілігі, атауы, эфирге шығу уақыты; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды 26-1) шартты қолжетімді карта - дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларының сәйкестендіргішін қамтитын, абоненттің телерадио хабарларын тарату операторының көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ететін құрылғы; 27) шартты қолжетімді теле-, радиоарна - көру кұқығы өтеулі шарт негізінде қамтамасыз етілетін, Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату операторлары адамдардың шексіз тобына тарататын теле-, радиоарна.
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 1. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату саласында өз қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. 2. Осы Заңның ережелері Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату саласында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік жеке және заңды тұлғаларға да қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-тарау. ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
4-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары: 1) заңдарда тыйым салынбаған кез келген тәсiлдермен еркiн ақпарат алу және тарату, сөз бен шығармашылық бостандығы құқықтарына конституциялық кепілдіктерді қамтамасыз ету; 2) телерадио хабарларын тарату қызметтерін пайдалану кезінде адамның, қоғам мен мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 3) телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметке жеке және заңды тұлғалардың қатысу құқықтарының теңдігі; 4) телерадио хабарларын тарату қызметтерін тұтынушылардың, телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; 5) меншік нысанына қарамастан телерадио хабарларын тарату саласын дамытуға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді білдіретін адал бәсекелестік; 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық стандарттар негізінде телерадио хабарларын тарату саласының қауіпсіздігін, сенімділігін және сапасын қамтамасыз ету; 7) отандық теле-, радиоарналарды дамыту, отандық теле-, радиобағдарламаларды жасау және трансляциялау үшін жағдай жасау; 8) телерадио хабарларын тарату саласында жаңаша технологияларды енгізуге жәрдемдесу; 9) телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметтің жариялылығы және ашықтығы болып табылады.
5-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау 1. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, есепке қою және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау арқылы жүзеге асырылады. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда 2. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган және телерадио хабарларын таратуды техникалық қолдап отыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда 3. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады. Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Осы Заңның 31-бабында көзделген талаптардың сақталуы бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына бақылау жүргізуді мемлекеттік техникалық қызметті тарта отырып, телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды 5-1-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау 1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган және телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган олардың қызметі бойынша түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізеді. 2. Теле-, радиокомпаниялар, телерадио хабарларын тарату операторлары бақылау субъектілері болып табылады. 3. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады. 4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным ресімделеді және жіберіледі. 5. Ұсыным бақылау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе ұсынымды жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге тәсілмен табыс етілуге тиіс. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда: 1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қою күнінен бастап; 2) поштамен - тапсырысты хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабардар ету күнінен бастап; 3) электрондық тәсілмен - сұрау салынған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелту күнінен бастап табыс етілді деп есептеледі. 6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс. 7. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға немесе телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы. 8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу арқылы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді. 9. Бақылау субъектiсiне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау аптасына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі даму бағыттарын әзірлейді; 2) телерадио хабарларын тарату саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуын қамтамасыз етеді; 3) - 10) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 11) 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 13) телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық операторды айқындайды; 14) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті 1. Уәкілетті орган: 1) телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының іске асырылуын қамтамасыз етеді; 2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың телерадио хабарларын тарату мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылады (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 3-1) есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптауды жүзеге асырады; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 3-2) есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптама жүргізу қағидаларын бекітеді; 4) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторының еркін қолжетімді теле-, радиоарналарының таратылуын қаржылай қамтамасыз ету (цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату, сондай-ақ аналогтік телерадио хабарларын тарату арқылы) бөлігіндегі қызметін үйлестіреді; 5) телерадио хабарларын тарату мақсатында жиілік белдеулерін, радиожиілікті (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурстар ұйымдастырады және өткізеді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және оны бекіту бойынша конкурстар ұйымдастырады, өткізеді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және оны бекіту бойынша конкурстар ұйымдастырады және өткізеді; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады; 9) лицензиаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 10) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асырады; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11) өз құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларын бекітеді; 12) көпарналы хабар таратудағы таратылуына қарай міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындайды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылды 12-1) міндетті теле-, радиоарналар тізбесін бекітеді; 12-2) ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесін бекітеді; 13) отандық теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асырады; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14) телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 17) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 18) Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ережесін әзірлейді және бекітеді әрі оның құрамына ұсыныстар енгізеді; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды 18-1) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқамалар береді; 19) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 2. Телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган: 1) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторының цифрлық эфирлiк хабар таратуды енгізу бөлігіндегі қызметiн үйлестiредi; 2) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерiнiң және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 3-1) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін және телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесін бекітеді; 4) өз құзыретi шегiнде телерадио хабарларын тарату саласында нормативтiк құқықтық және нормативтiк техникалық актiлердi, оның iшiнде телерадио хабарларын тарату жүйесiн техникалық пайдалану қағидаларын, телерадио хабарларын тарату сапасына бақылау жүргiзу қағидаларын, теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желiлерiне қосу қағидаларын бекiтедi; 5) телерадио хабарларын тарату құралдарына қойылатын техникалық талаптардың сақталуы бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асырады; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды 5-1) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқамалар береді; 6) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы3-бап. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасы 2-тарау. ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ4-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары5-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау5-1-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті7-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті8-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының құзыреті9-бап. Алып тасталды10-бап. Теле-, радиобағдарламалардың тілі11-бап. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия12-бап. Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру13-бап. Еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру14-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау15-бап. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін радиожиілік спектрін пайдалану16-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтер 3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТЕЛЕ-, РАДИОАРНАЛАРДЫ ТАРАТУ17-бап. Отандық теле-, радиоарналарды есепке қою, қайта есепке қою18-бап. Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiш18-1-бап. Шетелдік теле-, радиоарналардың Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметі19-бап. Уәкілетті органда шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою, қайта есепке қою20-бап. Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiш21-бап. Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қоюдан бас тартудың және шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлікті кері қайтарып алудың негіздері 4-тарау. ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ22-бап. Телерадио хабарларын тарату субъектілері23-бап. Теле-, радиокомпания24-бап. Телерадио хабарларын тарату операторлары25-бап. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы26-бап. Телерадио бағдарламаларды жасаушы27-бап. Телерадио хабарларын тарату желілері28-бап. Ұлттық телерадио хабарларын таратудың мүдделерін қорғау29-бап. Балаларды теле-, радиобағдарламаларды тарату кезінде қорғау30-бап. Телебағдарламаларды тарату кезінде мүгедектердің құқықтарын қорғау31-бап. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарына қойылатын талаптар32-бап. Қосымша ақпаратты тарату33-бап. Теле-, радиоарналарда жарнаманы орналастыру34-бап. Теле-, радиоарналарды, теле-, радиобағдарламаларды ретрансляциялау 5-тарау. ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУ ТҮРЛЕРІ35-бап. Аналогтік эфирлік радиохабарларын тарату36-бап. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату37-бап. Спутниктік телерадио хабарларын тарату38-бап. Кабельдік телерадио хабарларын тарату39-бап. Дара спутниктік қабылдау40-бап. Теле-, радиоарналарды ұжымдық қабылдау жүйесі40-1-бап. Теле-, радиоарналарды көпшілікке көрсету үшін тарату 6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР |