|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы редакция 2015 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң бәсекелестікті қорғау, монополистік қызметті шектеу және тұтынушылардың заңды құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңның нысанасы мен мақсаты 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Осы Заң нарық субъектілері мен тұтынушылардың құқықтарын осы Заңда шектелген монополистік қызметтен, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерінен және жосықсыз бәсекеден қорғаудың құқықтық негіздерін айқындайды. Заң Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы адал бәсекелестікті қолдауға және оған қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. 2. Осы Заңның мақсаты бәсекелестікті қорғау, тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау, экономикалық кеңістіктің біртұтастығын, тауарлардың еркін қозғалысын және Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызметтің еркіндігін қамтамасыз ету болып табылады.
2-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Осы Заңның Қазақстан Республикасының аумағында күші болады және нарық субъектілері, тұтынушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар қатысатын Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы бәсекелестікке ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін қатынастарға қолданылады. 2. Осы Заңның ережелері, егер Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде нарық субъектісі жасаған іс-әрекеттер нәтижесінде мынадай шарттардың бірі орындалса: 1) Қазақстан Республикасының аумағындағы негізгі құралдар және (немесе) материалдық емес активтер, не нарық субъектілерінің акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері), Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына қатысты мүліктік немесе мүліктік емес құқықтар тікелей немесе жанама қозғалса; 2) Қазақстан Республикасында бәсекелестік шектелсе, мұндай іс-әрекеттерге де қолданылады.
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 4-бап. Бәсекелестік принциптері Бәсекелестіктің негізгі принциптері: 4) тұтынушылардың құқықтарын сақтау болып табылады. Осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген бәсекелестік қағидаттары нарық субъектiлерiнiң ұйымдық-құқықтық нысаны мен тiркелген жеріне қарамастан, нарық субъектiлерiнің барлығына бiркелкі түрде, бiрдей шамада және тең жағдайда қолданылады.
5-бап. Бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясат 1. Бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлейді және монополияға қарсы орган іске асырады. 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-1. Монополияға қарсы орган бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді. 2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде айқындалған өз құзыреті шегінде бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады. 3. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде бәсекелестіктің дамуына жәрдемдесуге және бәсекелестікке теріс ықпал ететін іс-әрекеттерді жасамауға міндетті.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың үлестес тұлғалары (бұдан әрі - үлестес тұлғалар) - акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы тiкелей не жанама түрде тиесiлi заңды тұлғалар. Жанама тиесілік өзге заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы әрбір келесі үлестес тұлғаға тиесілі болатынын білдіреді; 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) әлеуеттi бәсекелес - бәсекелестiң тауарына ұқсас не оның тауарымен өзара алмастырылатын тауарды өндіру және (немесе) өткiзу мүмкiндiгi бар (жабдыққа, технологияларға ие), бiрақ тиiстi тауар нарығында оны өндірмейтін және өткiзбейтiн нарық субъектiсi; 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды 1-2) бәсекелес - тиісті тауар нарығында нарық субъектiлерiнің тауарына ұқсас не оның тауарымен өзара алмастырылатын тауарды өндіруіне және (немесе) өткiзуіне байланысты тиісті нарықтың басқа субъектiлерiмен жарыспалылық жағдайында болатын нарық субъектiсi; 2) бәсекелестік - дербес жасаған іс-әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналысының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты ықпал ету мүмкіндігін тиімді шектейтін нарық субъектілерінің жарыспалылығы; 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) бәсекелестікке қарсы деңгейлес келісімдер немесе келісілген әрекеттер (картель) - осы Заңның 10-бабының 1-тармағында және 11-бабының 1-тармағында көрсетілген, бір тауар нарығында бәсекелестер не әлеуетті бәсекелестер болып табылатын нарық субъектілері арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген әрекеттер; 3) бірін-бірі алмастыратын тауарлар - тұтынушы оларды тұтыну (өндіру) процесінде бірін-бірімен алмастыра алатындай, өзінің функционалдық мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары, бағасы, сондай-ақ басқа да параметрлері бойынша салыстыруға болатын тауарлар тобы болуы мүмкін; 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) жанама бақылау - заңды тұлғаның қабылдайтын шешiмдерiн заңды тұлға немесе араларында тiкелей бақылау болатын бiрнеше заңды тұлғалар арқылы жеке немесе заңды тұлғаның айқындау мүмкiндiгi; 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды 3-2) кемсітушілік шарттар - басқа нарық субъектісімен (субъектілерімен) салыстырғанда нарық субъектісі немесе бірнеше нарық субъектілері тең емес жағдайға қойылған кездегі тауар нарығына кіру шарттары, тауарды өндіру, айырбастау, тұтыну, сатып алу, сату, өзгедей беру шарттары; 4) мемлекеттiк монополия - осы Заңда көзделген тәртiппен енгiзiлетiн, бәсекелестiк нарықта қандай да бiр тауарды өндiруге, өткізуге немесе сатып алуға арналған мемлекеттiң айрықша құқығы; 5) монополистік қызмет - жағдайы тиісті тауар нарығын бақылауға, оның ішінде тиісті тауар нарығындағы тауар айналысының жалпы жағдайына елеулі әсер етуге мүмкіндік беретін нарық субъектілерінің қызметі; 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) монополияға қарсы орган - бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 7) монополиялық жағдай - табиғи монополия, мемлекеттік монополия субъектілерінің, сондай-ақ тиісті тауар нарығында жүз пайыз үлеске ие нарық субъектілерінің жағдайы; 8) монополиялық табыс - нарық субъектісінің осы Заңда шектелген монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алған табысы; 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) нарық субъектiсi - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке тұлғасы, сондай-ақ заңды тұлғасы, шетелдiк заңды тұлға (оның филиалы мен өкiлдiгі). Нарық субъектілеріне кәсіпкерлік қызметті өздерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар да жатады; 10) реттелетін нарықтар - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген тауар нарықтары; 11) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 12) сатушы (өнім беруші) - тауар өткізуші (беруші) жеке немесе заңды тұлға; 13) тауар - азаматтық айналым объектісі болып табылатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет; 14) тауар нарығы - тұтынушының тауарды сатып алуға экономикалық, аумақтық және технологиялық мүмкіндіктері негізге алына отырып айқындалатын, тауардың немесе бірін-бірі алмастыратын тауарлардың айналым аясы; 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15) тергеу - монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтың жасалғанын растайтын немесе жоққа шығаратын нақты деректердi осы Заңда көзделген тәртiппен жинауға бағытталған iс-шаралары; 16) тұтынушы - тауарды өз мұқтажы үшін сатып алатын жеке немесе заңды тұлға; 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды 16-1) тiкелей бақылау - жеке немесе заңды тұлғаның мынадай бiр немесе бiрнеше iс-қимылдар жасау: оның атқарушы органының, директорлар кеңесінің функцияларын жүзеге асыру; заңды тұлғаның кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу шарттарын айқындау құқығын алу; заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, пайларының) елу пайызынан астамына иелік ету арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешiмдердi айқындау мүмкiндiгi; 17) Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - тізілім) - табиғи немесе мемлекеттік монополия жағдайындағы нарықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізбесі; 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды 18) экономикалық қызметті үйлестіру - нарық субъектілерінің іс-әрекеттерін осындай нарық субъектілерінің ешқайсысымен де бір тұлғалар тобына кірмейтін және нарық субъектілерінің іс-әрекеттерін келісу жүзеге асырылатын сол тауар нарығында (тауар нарықтарында) қызметін жүзеге асырмайтын үшінші тұлғаның келістіріп отыруы.
1. Өздеріне қатысты мынадай шарттардың бірі орындалса: 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) елу пайызынан астамына тұлғаның тiкелей немесе жанама түрде (үшiншi тұлғалар арқылы) иелiк ету құқығы болса; 2) заңды тұлғаның немесе бірнеше аффилиирленген заңды тұлғалардың басқа тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындауға, оның ішінде осы тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүргізуінің шарттарын айқындауға не басқару органының өкілеттігін жүзеге асыруға мүмкіндігі болса; 3) жеке тұлғаның, оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының басқа тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындауға, оның ішінде осы тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүргізуінің шарттарын айқындауға не басқару органы өкілеттігін жүзеге асыруға мүмкіндігі болса; 4) тұлғаның әрқайсысы осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген қандай да бір негіз бойынша белгілі бір тұлғамен топқа кірсе, сондай-ақ басқа да тұлғалар осындай тұлғалардың әрқайсысымен осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген қандай да бір негіз бойынша бір топқа кірсе, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтығы тұлғалар тобы болып табылады. 2. Тұлғалар тобы нарықтың біртұтас субъектісі ретінде қарастырылады. Осы Заңның нарық субъектілеріне қатысты ережелері тұлғалар тобына қолданылады.
2-БӨЛІМ. МОНОПОЛИСТІК ҚЫЗМЕТ. ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕЛЕСТІК
2-тарау. МОНОПОЛИСТІК ҚЫЗМЕТ
8-бап. Монополистік қызметтің түрлері Осы Заңда шектелген монополистік қызметке: 1) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдері; 2) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттері; 3) үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану жатады.
9-бап. Бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген іс-әрекеттердің түрлері 1. Бір тауар нарығында бәсекелестер не әлеуетті бәсекелестер болып табылатын нарық субъектілері арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген іс-әрекеттер деңгейлес болып табылады. 2. Бірі тауарды сатып алатын немесе оның әлеуетті сатып алушысы болып табылатын, ал екіншісі тауарды ұсынатын немесе оның әлеуетті сатушысы (өнім берушісі) болып табылатын бәсекелес емес нарық субъектілері арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдер сатылас болып табылады.
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10-бап. Бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер 1. Тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасайтын және (немесе): 1) бағаларды (тарифтердi), жеңiлдетулердi, үстеме ақыларды (қосымша ақыларды), үстеме бағаларды белгiлеуге немесе ұстап тұруға; 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) сауда-саттықта бағаларды өсіруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға, сауда-саттықтың, аукциондар мен конкурстардың қорытындыларын, оның ішінде лоттар бойынша бөлу жолымен бұрмалауға; 3) тауар нарығын аумақтық қағидат, тауарларды сату немесе сатып алу көлемi, өткiзiлетiн тауарлар ассортиментi не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушiлердiң) құрамы бойынша бөлуге; 4) тауар өндiрiсiн қысқартуға немесе тоқтатуға; 5) белгiлi бiр сатушылармен не сатып алушылармен (тапсырыс берушiлермен) шарт жасасудан бас тартуға әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн нарық субъектiлерi арасындағы деңгейлес келiсiмдерге тыйым салынады. 1) сатушы сатып алушы үшiн тауарды қайта сатудың ең жоғары бағасын белгiлейтiн жағдайды қоспағанда, келiсiмдер тауарды қайта сату бағасын белгiлеуге әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн болса; 2) келiсiмде сатушының бәсекелесi болып табылатын нарық субъектiсiнiң тауарын сатып алушының сатпау мiндеттемесi көзделсе, нарық субъектiлерi арасындағы сатылас келiсiмдерге тыйым салынады. Мұндай тыйым салу сатып алушының тауар белгiсiмен не сатушыны немесе өндiрушiнi дараландырудың өзге де құралымен тауарларды сатуды ұйымдастыруы туралы келiсiмдерге қолданылмайды. 3. Нарық субъектiлерiнiң арасындағы кез келген нысанда қол жеткiзiлген, бәсекелестiктi шектеуге әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн, оның iшiнде: 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) нарықтың басқа субъектiлерiмен мәні бiрдей шарттарға кемсітушілік шарттарды белгiлеуге немесе қолдауға, оның iшiнде тауарларды сатып алудың және (немесе) өткiзудiң келiсiлген шарттарын белгiлеуге; 2) сауда-саттықты, аукциондар мен конкурстарды өткiзудiң белгiленген тәртiбiн, оның iшiнде лоттар бойынша бөлу жолымен бұзу нәтижесiнде олардың қорытындыларын бұрмалауға; 3) тауарларды өткiзудi негiзсiз шектеуге немесе тоқтатуға; 4) нарықтың басқа субъектiлерiнiң белгiлi бiр тауарларды сатушылар (берушiлер) немесе олардың сатып алушылары ретiнде тауар нарығына кiруiн шектеуге немесе одан ығыстырып шығаруға; 5) контрагенттердiң өзiнiң мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сай осы шарттардың нысанасына қатысы жоқ қосымша мiндеттемелер (қаржылай қаражатты және өзге де мүлiктi, мүлiктiк немесе мүлiктiк емес құқықтарды берудi негiзсiз талап ету) қабылдауы кезiнде шарттар жасасуға қатысты бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерге тыйым салынады және олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен толығымен немесе iшiнара жарамсыз деп танылады. Осы тармақта белгiленген тыйымдар концессия, кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарттары болып табылатын сатылас келiсiмдерге не егер нарық субъектiлерiнiң тауар нарығындағы жиынтық үлесi жиырма пайыздан аспаса, қолданылмайды. 4. Нарық субъектiлерiнiң экономикалық қызметiн осы баптың 1 - 3-тармақтарында тізбеленген салдарларға әкеп соқтыра алатындай, әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтырған үйлестiруге тыйым салынады. 5. Осы баптың ережелерi, егер бiр тұлғалар тобына кiретiн нарық субъектiлерiнiң бiрi нарықтың басқа субъектiсiне қатысты тiкелей немесе жанама бақылау белгiлеген болса, сондай-ақ мұндай нарық субъектiлерi бiр тұлғаның тiкелей немесе жанама бақылауында болса, осындай нарық субъектiлерi арасындағы келiсiмдерге қолданылмайды. 6. Осы баптың талаптары зияткерлiк қызметтiң нәтижелерiне айрықша құқықтарды жүзеге асыру туралы келiсiмдерге және соларға теңестiрiлген заңды тұлғаның дараландыру құралдарына, өнiмдi, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтердi дараландыру құралдарына қолданылмайды. 7. Осы баптың 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, осы бапта көзделген келiсiмдерге, егер олар нарық субъектiлерiне осы келiсiмдердiң мақсаттарына қол жеткiзу үшiн қажет болып табылмайтын шектеулер қоймаса және тиiстi тауар нарығында бәсекелестiктi жою үшiн мүмкiндiк жасамаса және егер нарық субъектiлерi мұндай келiсiмдер өз нәтижесiнде: 1) тауарлар өндiрудi (өткiзудi) жетiлдiруге немесе техникалық (экономикалық) прогресті ынталандыруға жәрдемдесетін немесе жәрдемдесе алатын не әлемдiк тауар нарығында тараптар өндірген тауарлардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыратын немесе арттыра алатын; 2) тиiстi тұлғалардың осындай iс-әрекет жасауынан иеленетiн артықшылықтардың (пайдалардың) мөлшерлес бөлiгiн тұтынушылардың алатынын немесе алуы мүмкiн екенін дәлелдесе, жол берiлетін болып танылады.
11-бап. Нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттері 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Нарық субъектілерінің бәсекелестікті шектеуге және (немесе) тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасауға бағытталған, оның ішінде: 1) тауарларды сатып алу немесе өткізу бағаларын не басқа жағдайларын белгілеуге және (немесе) ұстап тұруға; 2) тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеуге; 3) белгілі бір сатушылармен (өнім берушілермен) не сатып алушылармен шарттар жасасудан негізсіз бас тартуға; 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) басқа субъектілермен мәні бірдей шарттарға кемсітушілік шарттар қолдануға қатысты келісілген әрекеттеріне тыйым салынады. 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Нарық субъектілерінің осы баптың 1-тармағында көрсетілген әрекеттері, егер оларға барлық қатысушылар үшін осы әрекеттер жиынтығында мынадай: 1) нарық субъектілерінің үш ай мерзім ішінде қатар жасалған іс-әрекеттері және нәтижесінде нарық субъектілерінің әрқайсысы келісілген іс-әрекеттердің болмауы салдарынан көзделмеген пайда алған; 2) нарық субъектілерінің іс-әрекеттері олардың әрқайсысына алдын ала белгілі болған; 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) олардың әрқайсысының әрекеттері келісілген әрекеттерге қатысатын өзге де нарық субъектілерінің әрекеттерімен туындаған және тиісті тауар нарығында барлық нарық субъектілеріне тең дәрежеде ықпал ететін мән-жайлардың салдары болып табылмаған шарттарды қанағаттандырса, келісілген әрекеттер деп танылуы мүмкін. 3. Нарық субъектілерінің осы баптың 1-тармағында аталған іс-әрекеттері жазбаша келісімнің болуына қарамастан, келісілген іс-әрекеттер болып танылады. 4. Егер келісілген іс-әрекеттерді бір тұлғалар тобына кіретін немесе тауар нарығындағы жиынтық үлесі он бес проценттен аспайтын нарық субъектілері жасаса және тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасамаса және олар: 1) озық технологияларды енгізу жолымен өндірісті жетілдіруге; 2) шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға; 3) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеуге және қолдануға бағытталса, ондай іс-әрекеттерге жол беріледі.
12-бап. Үстем немесе монополиялық жағдай 1. Тиісті тауар нарығындағы нарық субъектісінің немесе бірнеше нарық субъектісінің нарық субъектісіне немесе бірнеше нарық субъектісіне тиісті тауар нарығын бақылауға, оның ішінде тауар айналысының жалпы жағдайына елеулі ықпал етуге мүмкіндік беретін жағдайы үстем немесе монополиялық жағдай болып танылады. 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1-1. Нарық субъектiсiнiң үстем жағдайы монополияға қарсы орган бекiтетiн Тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу жөніндегі әдiстемеге сәйкес мынадай мән-жайларды: 1) нарық субъектiсiнiң үлесiн және оның бәсекелестерi мен сатып алушыларының үлестерiмен арақатынасын; 2) нарық субъектiсiнiң бiржақты тәртiппен тауар бағасының деңгейiн айқындау және тиiстi тауар нарығында тауар өткiзудiң жалпы шарттарына шешушi ықпал ету мүмкiндiгiн; 3) тауар нарығына кiру үшiн экономикалық, технологиялық, әкiмшiлiк немесе өзге де шектеулердiң болуын; 4) нарық субъектiсiнiң тауар нарығында тауар айналымының жалпы шарттарына шешушi ықпал ету мүмкiндiгінің болу кезеңін талдау негiзге алына отырып белгiленедi. 2. Тиісті тауар нарығындағы үлесі отыз бес және одан да көп процентті құрайтын нарық субъектісінің жағдайы үстем жағдай болып танылады. 1) тиісті тауар нарығында неғұрлым көп үлес тиесілі болатын, үшеуден аспайтын нарық субъектісінің жиынтық үлесі елу және одан көп процентті құраса; 2) тиісті тауар нарығында неғұрлым көп үлес тиесілі болатын, төртеуден аспайтын нарық субъектісінің жиынтық үлесі жетпіс және одан көп процентті құраса, бірнеше нарық субъектісінің әрқайсысының жағдайы үстем жағдай болып танылады. 1) тиісті қаржы қызметтерін көрсету нарығында неғұрлым көп үлес тиесілі болатын, екеуден аспайтын қаржылық ұйымның жиынтық үлесі елу және одан көп процентті құраса; 2) тиісті қаржы қызметтерін көрсету нарығында неғұрлым көп үлес тиесілі болатын, үшеуден аспайтын қаржылық ұйымның жиынтық үлесі жетпіс және одан көп процентті құраса, қаржылық ұйымдардың жағдайы үстем жағдай болып танылады. 5. Тиісті тауар нарығындағы, оның ішінде қаржы қызметтерін көрсету нарығындағы үлесі он бес проценттен аспайтын нарық субъектісінің жағдайы осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес үстем жағдай болып таныла алмайды. 6. Табиғи монополия, мемлекеттік монополия субъектілерінің, сондай-ақ тиісті тауар нарығында жүз процент үстем үлеске ие нарық субъектілерінің жағдайы монополиялық жағдай болып танылады.
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды терiс пайдалану Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң тиiстi тауар нарығына кiрудi шектеуге, бәсекелестiктi болғызбауға, шектеуге және жоюға әкеп соққан немесе әкеп соғатын және (немесе) тұтынушылардың, өзге де тұлғалардың заңды мүдделерiне қысым жасайтын іс-әрекеттерiне немесе әрекетсiздiгiне, оның iшiнде: 1) монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды белгiлеу, ұстап тұру;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |