Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң мәселелерi (2019.31.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2020 жылғы 7 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі (Сыртқыiсминi) туралы ереже бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 2005.08.09. № 905 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң бес, оның iшінде бiр бiрiнші орынбасары болуына рұқсат етілсiн. 3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегі комитетi оның функциялары мен мүлiгi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігіне берiле отырып таратылсын. 4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. ҚР Үкіметінің 2019.20.03. № 131 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Шамасы 5-тармақтың мәтінінде қате басылған, 61-19), 61-20), 61-21), 61-22), 61-23) және 61-24) тармақшаларын білдіреді 5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес 2019 жылғы 11 сәуірде қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 65), 66), 67), 68), 69) және 70) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 986 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.13.03. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2018.29.12. № 936 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сыртқы саяси қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын, сондай-ақ инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. ҚР Үкіметінің 2018.29.12. № 936 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мынадай ведомстволары бар: 1) Халықаралық ақпарат комитеті; 2) ҚР Үкіметінің 2014.19.09. № 989 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) Инвестициялар комитеті. 3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады. 5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға, құқығы бар. 7. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. ҚР Үкіметінің 2016.24.11. № 737 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (2016 ж. 4 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді және 2017 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара) 8. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. ҚР Үкіметінің 2019.31.07. № 561 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 31. 10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі» мемлекеттік мекемесі. 11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады. ҚР Үкіметінің 2016.24.11. № 737 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 4 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді және 2017 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара) 12. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 13. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне кәсіпкерлік субъектілерімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің миссиясы,
ҚР Үкіметінің 2018.29.12. № 936 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің миссиясы -Қазақстан Республикасының егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынастардағы және халықаралық аренадағы саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерін дипломатиялық құралдармен және әдістермен қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру және мониторингілеу бойынша шараларды қамтамасыз ету. 1) Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасын және негізгі бағыттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне тиісті ұсыныстар беру; 2) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделін нығайтуға жәрдемдесу; 3) Қазақстан Республикасының, оның азаматтарының және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін шет елде қорғау; 4) Қазақстан Республикасының халықаралық бейбітшілікті, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін дипломатиялық құралдармен және әдістермен іске асыру; 5) Қазақстан Республикасының егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, басқа мемлекеттермен және халықаралық аренадағы қарым-қатынастарында оның саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерін дипломатиялық құралдармен және әдістермен қорғауды қамтамасыз ету; 6) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық стратегиясы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті үшін ұсыныстар әзірлеу және Президенттің халықаралық бастамаларын іске асыру; 7) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастарын жүзеге асыру; 8) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының бірыңғай саяси сыртқы және экономикалық бағытын және инвестициялық саясатын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіру; 9) әлемдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға, шет мемлекеттердің сыртқы және ішкі саясатына, халықаралық ұйымдардың қызметіне талдау жасау және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 2014.24.02. № 128 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.19.09. № 989 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.25.09. № 586 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.29.12. № 936 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.20.03. № 131 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.10.07. № 497 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.31.07. № 561 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ өзгертілді 16. Функциялары: орталық аппараттың функциялары: 1) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету; 2) Қазақстан Республикасы халықаралық саясатының стратегиясын іске асыру; 3) келіссөздер жүргізуді және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуды ұйымдастыру; 4) халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту, олардың қолданысын тоқтата тұру және тоқтату туралы ұсыныстар дайындау, оларды белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің қарауына енгізу; 5) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастары мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне және Үкіметіне ұсыныстар мен ұсынымдар беру; 6) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың қызметіне қатысуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтың мүшесі ретінде жаһандық және өңірлік проблемаларды шешудегі рөлін арттыруға жәрдемдесу; 7) Қазақстан Республикасының басқа елдермен парламентаралық байланыстарын жүзеге асыруға жәрдемдесу; 8) Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде халықаралық-құқықтық нормалармен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелген консулдық функцияларды жүзеге асыру; 9) шет елдер тұратын отандастармен байланыстарды және қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдесу; 10) өз құзыреті шегінде босқын деп танылған адамның шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуына жәрдемдесу; 11) Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің және консулдық мекемелердің жұмыс істеуіне жәрдемдесу, өз құзыреті шегінде оларға қызмет көрсететін ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; 12) Қазақстан Республикасының су ресурстары мен қоршаған ортаны халықаралық қорғау және ұтымды пайдалану, Дүниежүзілік мұхит ресурстарын игеру, ғарыш кеңістігін зерттеу саласындағы мүдделерін қамтамасыз етуге қатысу; 13) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, оның қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін, құқық тәртібін қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржы, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын дамыту мен кеңейту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу; 14) өз құзыреті шегінде аштыққа және артта қалушылыққа, халықаралық терроризмге, діни және саяси экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа және есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсас заттардың, прекурсорлардың және қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар зардаптарын жою жөніндегі халықаралық акцияларға қатысу; 15) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының транзиттік-көліктік әлеуетін тиімді пайдалануға жәрдемдесу және энергетика мен мұнай-газ салаларында Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастықпен ынтымақтастығы жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеуге және жүргізуге қатысу; 16) өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; 17) инвестициялық ахуалдың жақсаруына жәрдемдесу және халықаралық нарықтарда Қазақстан Республикасының оң имиджін қалыптастыру; 18) мемлекеттік бағдарламаларды, басым жобаларды іске асыру үшін тікелей қаржы ресурстарын, оның ішінде халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдары ұсынатын қарыздар мен гранттар есебінен тартуға қатысу; 19) қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді халықаралық нарыққа ілгерілетуге жәрдемдесу; 20) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар саласындағы заңнамасын жетілдіру, оны Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес келтіру жөнінде ұсыныстар дайындау; 21) өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, бекіту; 22) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тіркеудің, есепке алудың және сақтаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 23) шет елде Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаты, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани өмірі туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу; 24) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, бұқаралық ақпарат құралдарын Қазақстан Республикасының халықаралық жағдайы мен сыртқы саясаты туралы хабардар ету; 25) Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттар депозитарийінің функцияларын жүзеге асыру; 26) Қазақстан Республикасының мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларын протоколдық-ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру; 27) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды орындау жөніндегі Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін жалпы қадағалау мен үйлестіруді жүзеге асыру; 28) мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының мемлекеттік протоколды сақтауы бойынша үйлестіруді жүзеге асыру; 29) дипломатиялық және консулдық артықшылықтар мен иммунитеттердің сақталуын қамтамасыз ету; 31) халықаралық шарттарды жасасудың сыртқы саясат тұрғысынан орындылығы туралы қорытындылар беру; 32) Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеті бар халықаралық шарттар ережелерінің, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларының Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелеріне сәйкестігі туралы және олардың күшіне енуі мен орындалуына байланысты басқа да мәселелері бойынша қорытындылар беру; 33) Қазақстан Республикасы жасасатын халықаралық шарттардың түрлерін айқындау; 34) халықаралық шарттарды жасасу мәселелері бойынша шет мемлекеттермен немесе халықаралық ұйымдармен қатынаста болу; 35) өкілеттік сертификатын ресімдеу жолымен халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актілерді жасауға өкілеттіктерді растау; 36) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені» жинағында, Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми басылымдарында жариялау үшін Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарын ұсыну; 37) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын халықаралық ұйымдардың тиісті органдарында тіркеуді жүзеге асыру; 38) ратификациялық грамоталар, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялау, бекіту немесе қабылдау туралы құжаттар алмасуды не осындай грамоталарды ратификациялау, бекіту, қабылдау немесе оған қосылу туралы құжаттарды депозитарийге сақтауға өткізуді жүзеге асыру, халықаралық шарттардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру не олардың күшін жою туралы құжаттарды жіберу не осы функцияны Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктеріне немесе Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктеріне тапсыру; 39) Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тәртіппен Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою; 40) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің шет мемлекеттердің басшыларымен уағдаластықтарын іске асыруды қамтамасыз ету; 41) шет елде тиісті іс-шараларды ұйымдастыруға шетелдік инвестициялар мен технологияларды тарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары мен ұйымдарына жәрдемдесу; 42) Қазақстан Республикасының елдік және әлемдік экономиканың даму саласындағы мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдары үшін ұсыныстар және ұсынымдар әзірлеу; 43) Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты саласында талдамалық зерттеулер жүргізу; 44) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын тиімді іске асыру мақсатында халықаралық аренада болып жатқан үдерістер мен оқиғаларды болжауды жүзеге асыру; 45) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру; 46) халықаралық ұйымдарға, халықаралық шарттарды орындаушы органдар мен басқа да халықаралық органдарға ерікті жарналарды төлеудің саяси орындылығы туралы шешім қабылдау және олардың көлемін анықтау; 47) дипломатиялық қызмет органдарының жүйесін және дипломатиялық қызметтің персоналын материалдық-техникалық қамтамасыз ету; 48) уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы және «Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер», «Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау» және «Шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету» бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларды бекіту; 49) Қазақстан Республикасы шетелдегі мекемелерінің жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуы және жалдауы, үй-жайларының (ғимараттарының) күрделі құрылысы мен жөндеуі бойынша ұсыныстарды әзірлеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның келісімі бойынша бекіту; 50) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін және олардың журналистерін аккредиттеу тәртібін бекіту; 51) сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласындағы қолданбалы және іргелі сипаттағы талдамалық зерттеулер жүргізу; 52) халықаралық жағдайдың мониторингі және экономика мен саясаттағы, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік саласындағы әлемдік жаһандық трендтерді анықтау; 53) мақсатты мемлекеттер мен өңірлердің мамандандырылған зерттеулерін жүргізу; 54) сыртқы саяси үдерістерді модельдеу, дағдарыстық жағдайларды болжамдау және практикалық қарсы шаралар әзірлеу; 55) негізгі шетелдік әріптестермен ғылыми және сараптамалық байланыстарды дамытуды қамтамасыз ету; 56) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы бойынша талдау жүргізу және тиісті ұсыныстар әзірлеу; 57) әлемдегі жағдайдың күн сайынғы мониторингі және дайджест дайындау; 58) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің жедел ақпаратын жалпылау; 59) халықаралық күн тәртібіндегі неғұрлым өзекті проблемаларға түсіндірмелер дайындау; ҚР Үкіметінің 2014.19.09. № 989 Қаулысымен 16-тармақтың 60), 61) тармақшалары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізген күнінен бастап қолданысқа енгізілді 60) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу және бекіту; 61) мемлекеттік қызметтер көрсету; 61-1) инвестициялық преференцияларды ұсынуға арналған өтiнiмге қоса берілетін инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасауға қойылатын талаптарды белгілеу; 61-2) инвестициялық келісімшарттың орындалуы туралы жартыжылдық есептердің нысанын белгілеу; 61-3) инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасын орындаудың ағымдағы жай-күйі туралы актінің нысанын белгілеу; 61-4) инвесторларға мемлекеттік қызметтер көрсету және оларды мемлекеттік органдарда сүйемелдеу шеңберінде өзара іс-қимыл жасауға жауапты тұлғаларды айқындау туралы мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты мемлекеттік органдармен бірлескен бұйрықты бекіту; 61-5) Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхат беру тәртібін айқындау; 61-6) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiмінің нысанын белгілеу; 61-7) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiмдi қабылдау, тiркеу және қарау тәртiбiн айқындау; 61-8) инвестициялық жобаны iске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасымен инвестициялық келiсiмшарт жасасу; 61-9) инвестициялық келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтату туралы инвесторға хабарлама жіберу; 61-10) арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау және тіркеу тәртібін бекіту; 61-11) арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім нысанын бекіту; 61-12) арнайы инвестициялық келісімшартты жасасудың және бұзудың тәртібі мен шарттарын бекіту; 61-13) үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартты бекіту; 61-14) арнайы инвестициялық келісімшартты дайындау; 61-15) инвесторлар үшін «бір терезе» құру және оның жұмыс істеуі үшін инвесторларға немесе олардың заңды өкілдеріне мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдауға және олардың нәтижелерін беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерден мәліметтер алу арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған арнайы бөлінген орын ұйымдастыру; 61-16) орталық және жергілікті атқарушы органдарға инвесторлардың өтініштерін қарау туралы өтінішхат жасау және инвесторлардың құжаттарын мемлекеттік органдарға енгізу; 61-17) Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхат беру; 61-18) ҚР Үкіметінің 2019.10.07. № 497 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 61-19), 61-20), 61-21), 61-22), 61-23) және 61-24) тармақшалары 2019 ж. 11 сәуірде қолданысқа енгізілді 61-19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады; 61-20) уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады; 61-21) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды; 61-22) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады; 61-23) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады; 61-24) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады; 61-25) инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдар жүзеге асыратын, инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларды қолдап отыру жөніндегі қызметті үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асыру; 61-26) инвесторлар үшін «бір терезе» ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестицияларды тарту кезінде өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу; 61-27) мемлекеттік және басқа да қызметтерді көрсетуге жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп инвесторларға осы қызметтерді көрсету және оларды мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда сүйемелдеу шеңберінде өзара іс-қимыл жасау үшін жауапты тұлғаларды айқындайды; 62) мыналарды: дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеуді; дипломатиялық өкілдіктің, халықаралық ұйымның және (немесе) оның өкілдігінің басшыларын, персонал мүшелерін, консулдық мекемелердің қызметкерлерін Қазақстан Республикасында аккредиттеуді жүзеге асыру; |