Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы (2022.18.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
Осы Заңға түсініктемені қараңыз
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 3-бап. Мемлекеттік құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың нысанасы 5-бап. Құқықтық статистиканы қалыптастыру 6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi 7-бап. Уәкілеттi органның құқықтары мен мiндеттерi 8-бап. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнің құқықтары мен мiндеттерi 9-бап. Жеке және заңды тұлғалар құқықтарының кепiлдiктерi 10-бап. Статистикалық жұмыстарды қаржыландыру 11-бап. Құқықтық есептiк тiркеу 12-бап. Арнайы есепке алуды тағайындау мен жүргізу 13-бап. Арнайы есепке алу объектiлерi 14-бап. Арнайы есепке алуды түзу 15-бап. Ведомстволық есепке алуды тағайындау және жүргiзу 16-бап. Құқықтық статистикалық ақпаратты пайдалану мен сақтау тәртібі 16-1-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Осы Заң мемлекеттік құқықтық статистиканы жүзеге асырудың және арнайы есепке алуды жүргiзудiң құқықтық негiздерi мен қағидаттарын, уәкiлеттi орган мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің өкiлеттiктерi мен функцияларын айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) мемлекеттік құқықтық статистика - қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкiмшiлiк-құқықтық салалардағы ведомстволық есепке алудың орталықтандырылған жүйесiне негiзделген мемлекеттік статистика саласы; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистика жүйесi - уәкiлеттi органның және құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнiң бiрiккен статистикалық электрондық ақпараттық ресурстары; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) құқықтық статистикалық ақпарат - құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi уәкiлеттi органға беретiн құжатталған ақпарат; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) құжатталған ақпарат - қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкiмшiлiк-құқықтық салалардағы тұлғалар, заттар, фактiлер, оқиғалар, мән-жайлар және басқа да құқықтық құбылыстар мен процестер туралы мәлiметтер; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) ақпараттық есепке алу құжаты - өз негiзiнде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерi құралатын, белгiленген үлгiдегi құқықтық статистикалық ақпараттың материалдық (қағаз, магниттiк, оптикалық, электрондық) жеткiзушiсi; 6) құқықтық статистикалық байқау - заңдылықтың, құқықтық тәртiптің, адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуының жалпы жай-күйiне әсер ететiн құбылыстар мен процестер туралы статистикалық байқау; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) азаматтық-құқықтық статистика - азаматтық-құқықтық саладағы азаматтық құқықтық қатынастардың, азаматтық және әкімшілік сот iсiн жүргiзудiң, сондай-ақ атқарушылық iс жүргiзудiң жай-күйi туралы мемлекеттік құқықтық статистика саласы; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-1) мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйенің географиялық ақпараттық карталары – мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйенің нақты уақыт режимінде елді мекендердің географиялық координаттарында құқықтық статистикалық ақпаратты визуализациялауды қамтамасыз ететін құрамдасы; 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) қылмыстық-құқықтық статистика - қылмыстық-құқықтық саладағы қылмыстық теріс қылық пен қылмыстылықтың, сотқа дейінгі іс жүргізуді тергеп-тексерудің, қылмыстық сот ісін жүргізудің, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің жай-күйі, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалғаны үшiн жазалау және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының қолданылуы туралы мемлекеттiк құқықтық статистика саласы; 9) әкiмшiлiк-құқықтық статистика - әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң жай-күйi туралы мемлекеттік құқықтық статистика саласы; 10) ведомстволық есепке алу - жедел және арнайы есепке алумен байланысты емес, мемлекеттік органның iшкi ведомстволық қызметiн қамтамасыз ету үшiн тұлғалар, заттар және оқиғалар туралы мәлiметтер жинау, тiркеу, жүйелеу, сыныптау және сақтау; 11) арнайы есепке алу - мемлекеттік құқықтық статистика саласындағы құжатталған ақпаратты мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз ету үшiн жинау, тiркеу, өңдеу, жинақтау, жүйелеу, сыныптау, сақтау; 12) жедел есепке алу - құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнiң жедел iздестiру қызметiн қамтамасыз ету үшiн тұлғалар туралы мәлiметтердi жинау, тiркеу, жүйелеу, сыныптау, сақтау; 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi –Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi органға құқықтық статистикалық ақпарат беретiн құқық қорғау, арнаулы, сот және өзге де мемлекеттiк органдар, ұйымдар, сондай-ақ адамдар; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) уәкiлеттi орган - өз құзыретi шегiнде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) 15) есептік-тіркеу тәртібі – құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің уәкілетті орган белгілеген өлшемшарттарға, шектерге, параметрлерге, көлемдерге және мерзімдерге сәйкес құқықтық статистикалық ақпаратты беруі.
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңдары 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта, осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Мемлекеттік құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың нысанасы Бұқаралық құқықтық немесе басқа да заңи мәнi бар құбылыстар мен процестердiң нақты орын мен уақыт жағдайындағы сандық жағы олардың сапалық ерекшелiгiн, даму үрдiсi мен заңдылығын ашу мақсатында мемлекеттік құқықтық статистиканың нысанасы болып табылады. Статистикалық байқау жолымен бұқаралық құқықтық немесе басқа да заңи мәнi бар құбылыстардың жиынтығын сипаттайтын құжатталған ақпарат арнайы есепке алу нысанасы болып табылады.
4-бап. Мемлекеттік құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды қалыптастырудың негiзгi мiндеттерi мен принциптерi 1. Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мiндеттерi: 1) мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды бiртұтас статистикалық принциптер және стандарттар негiзiнде елдегi заңдылық пен құқық тәртібінiң жай-күйi туралы ақпаратпен тиiмдi және жеткiлiктi қамтамасыз ету; 2) мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистика жүйесiн жетiлдiру және дамыту болып табылады. 2. Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу: 1) мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистика жүйесiн басқарудың бiртұтастығы; 2) құқықтық статистикалық ақпараттың тұтастығы, объективтілiгi, жеткiлiктілігi, тұрлаулылығы және салыстырымдылығы; 3) құқықтық статистикалық ақпараттың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектерде қолжетiмдiлiгi және ашықтығы; 4) адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң мүлтiксiз сақталуы принциптерiнде жүзеге асырылады.
5-бап. Құқықтық статистиканы қалыптастыру Құқықтық статистиканы қалыптастыру тәртібін, белгiлерiн, өлшемдерiн, көлемiн және мерзiмдерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi Мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргiзу саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру мақсатында уәкiлеттi орган: 1) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады; 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) жедел, ведомстволық есепке алуды және жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын органдармен құпия негiзде ынтымақтасып жұмыс істейтін адамдарды есепке алуды қоспағанда, арнайы есепке алуды жүргiзедi; 3) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi беретiн мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәлiметтерiнiң тұтастығына, объективтілігiне, анықтығына, жеткiлiктілігiне қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ осы саладағы ақпаратты жинау, тiркеу, өңдеу, жинақтау, жиынтықтау және сақтау әдiстемесiн белгiлейдi; 4) құқықтық статистикалық байқаулар өткiзедi; 5) құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргiзу саласында ақпараттық-талдау қызметiн жүзеге асырады; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда 6) тармақшаның қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңының 3-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылады 6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысандарын тіркеуді жүзеге асырады және есепке алуды жүргізеді; 7) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) уәкілетті органның тапсырмаларын іске асыру шеңберінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды; 9) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 10) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 11) мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық принциптер және стандарттар, әдiстеме әзiрлейдi; 12) құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлейдi; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды 12-1) бақылау және қадағалау органдарының тексерулерін үйлестіреді; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 12-2) - 12-5) тармақшалармен толықтырылды 12-2) кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтерді жариялайды; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 12-3) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-3) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі ақпараттық жүйелер, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі операторының: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету; пайдалануды, қолдап отыруды, дамытуды, мониторингті жүзеге асыру; іркіліссіз және тиісінше жұмыс істеуді, сондай-ақ қорғауды қамтамасыз ету; электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету; анықталған кемшіліктерге жедел ден қоюды және оларды жою жөнінде шаралар қолдануды қамтамасыз ету бойынша функцияларын жүзеге асырады; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 12-4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-4) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі ақпараттық жүйелердің, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің жұмыс істеуі, оған әкімшілік ету, пайдалану үшін жауапты лауазымды адамдарды айқындайды; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 12-5) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-5) мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйенің географиялық ақпараттық карталарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; 2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 12-6) тармақшамен толықтырылды; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 12-6) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-6) тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдауды, беруді, олармен танысуды, сақтауды және жоюды жүзеге асырады; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 12-7) тармақшамен толықтырылды 12-7) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актінің, тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұзарту туралы қосымша актінің, тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысандарын әзірлейді және бекітеді; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 12-8) тармақшамен толықтырылды 12-8) реттеуші мемлекеттік органдарға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 12-9) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) 12-9) тармақшаның қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңының 3-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылады 12-9) қылмыстық істерді тергеп-тексеру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысандарын тіркеу және есепке алу процестеріне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ендіреді; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 12-10) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) 12-10) жолданымдарды қарау бойынша операциялық бағалау жүргізеді; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 12-11) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) 12-11) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетеді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. Ведомство аумақтық органдармен және оларға теңестірілген органдармен өз қызметін уәкілетті органның құзыреті шегінде жүзеге асырады.
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді 7-бап. Уәкілеттi органның құқықтары мен мiндеттерi 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді 1. Уәкiлеттi орган өз өкілеттiктерi шегiнде: 1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнен мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргiзу мәселелерi жөнiнде құқықтық статистикалық ақпаратты, ведомстволық есептілікті, бастапқы есепке алу құжаттары мен нысандарын, сондай-ақ статистикалық ақпаратты және арнайы есепке алуды жүргiзу үшiн басқа да ақпаратты тегiн алуға; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнің мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырумен және арнайы есепке алуды жүргізумен байланысты емес қызметіне араласпай, олар беретiн құқықтық статистикалық ақпараттың тұтастығына, объективтілігiне, анықтығына және жеткiлiктілігiне қадағалауды жүзеге асыруға; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңдылықтың сақталуына тексеру, заңдылықтың жай-күйіне талдау, күшіне енген актілерге бағалау жүргізуге; 4) 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2011.28.12. № 522-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда 5) тармақшаның қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңының 3-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылады 5) тексерулерді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғандығы анықталған жағдайларда, оларды тағайындау туралы актілерді тіркеуден бас тартуға; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) 5-1) құқықтық статистикалық ақпаратқа Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған тәсілдермен қолжетімділік беруге; 6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Уәкiлеттi орган өз өкiлеттiктерi шегiнде: 1) мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында ақпарат жинауды, өңдеудi, жинақтауды, жиынтықтауды және жаңартып отыруды; 2) жүргiзiлетiн құқықтық статистикалық байқаулардың бағдарламасын мемлекеттік статистикаға басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келiсудi және бекiтудi; 3) мемлекеттік органдарды құқықтық статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етудi; 4) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген шекте, көлемде және мерзiмде құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiн құқықтық статистикалық ақпаратпен, арнайы есепке алу мәлiметтерiмен өтеусiз негiзде қамтамасыз етудi; 5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық бюджетке түсетiн өз қаражаттары есебiнен, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген шекте, көлемде және мерзiмде жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетудi; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) мемлекеттiк құпиялар мен дербес деректерді және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, алынған мәлiметтердiң сақталуын; 7) ақпарат жүйелерiн заңсыз қол сұғудан, құқықтық статистика және арнайы есепке алу объектілерi туралы деректердiң бүлiнуiнен немесе жойылуынан қорғауды; 8) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргiзу кезiнде адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын; 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді 9) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсынуды; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) 10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауды жүзеге асыруға міндетті.
8-бап. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнің құқықтары мен мiндеттерi 1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi өз өкілеттiктерi шегiнде: 1) мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы есепке алуды жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар енгізуге; 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық құқықтық статистикалық байқаулар жүргізуге және жедел-iздестiру, қарсы барлау және қызметтік жұмысты қамтамасыз етуге арналған жедел, ведомстволық есепке алуды жүргізуге құқығы бар. |
Содержание 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңдары3-бап. Мемлекеттік құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың нысанасы4-бап. Мемлекеттік құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды қалыптастырудың негiзгi мiндеттерi мен принциптерi5-бап. Құқықтық статистиканы қалыптастыру6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi7-бап. Уәкілеттi органның құқықтары мен мiндеттерi8-бап. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнің құқықтары мен мiндеттерi9-бап. Жеке және заңды тұлғалар құқықтарының кепiлдiктерi10-бап. Статистикалық жұмыстарды қаржыландыру11-бап. Құқықтық есептiк тiркеу12-бап. Арнайы есепке алуды тағайындау мен жүргізу13-бап. Арнайы есепке алу объектiлерi14-бап. Арнайы есепке алуды түзу15-бап. Ведомстволық есепке алуды тағайындау және жүргiзу16-бап. Құқықтық статистикалық ақпаратты пайдалану мен сақтау тәртібі16-1-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі16-2-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен электрондық ақпараттық ресурстарды алу тәртібі мен негіздері16-3-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану бойынша шектеулер17-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық |