Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы (2016.22.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға түсініктемені қараңыз
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 3-бап. Мемлекеттік құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың нысанасы 5-бап. Құқықтық статистиканы қалыптастыру 6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi 7-бап. Уәкілеттi орган мен оның аумақтық органдарының құқықтары мен мiндеттерi 8-бап. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнің құқықтары мен мiндеттерi 9-бап. Жеке және заңды тұлғалар құқықтарының кепiлдiктерi 10-бап. Статистикалық жұмыстарды қаржыландыру 11-бап. Құқықтық есептiк тiркеу 12-бап. Арнайы есепке алуды тағайындау мен жүргізу 13-бап. Арнайы есепке алу объектiлерi 14-бап. Арнайы есепке алуды түзу 15-бап. Ведомстволық есепке алуды тағайындау және жүргiзу 16-бап. Құқықтық статистикалық ақпаратты пайдалану мен сақтау тәртібі 16-1-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі Осы Заң мемлекеттік құқықтық статистиканы жүзеге асырудың және арнайы есепке алуды жүргiзудiң құқықтық негiздерi мен принциптерiн, құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргiзу саласында статистикалық қызметтi жүзеге асырушы уәкiлеттi органның және өзге де мемлекеттік органдардың өкiлеттiктерi мен функцияларын айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) мемлекеттік құқықтық статистика - қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкiмшiлiк-құқықтық салалардағы ведомстволық есепке алудың орталықтандырылған жүйесiне негiзделген мемлекеттік статистика саласы; 2) мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистика жүйесi - уәкiлеттi органның және құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнiң бiрiккен статистикалық ақпараттық дерекқоры; 3) құқықтық статистикалық ақпарат - құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi статистикалық мақсатта пайдалану үшiн уәкiлеттi органға беретiн мәлiметтер; 4) құжатталған ақпарат - ұсынылған нысанына қарамастан, ақпараттық есепке алу құжатында жазылған қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкiмшiлiк-құқықтық салалардағы тұлғалар, заттар, фактiлер, оқиғалар, мән-жайлар және басқа да құқықтық құбылыстар мен процестер туралы мәлiметтер; 5) ақпараттық есепке алу құжаты - өз негiзiнде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерi құралатын, белгiленген үлгiдегi құқықтық статистикалық ақпараттың материалдық (қағаз, магниттiк, оптикалық) жеткiзушiсi; 6) құқықтық статистикалық байқау - заңдылықтың, құқықтық тәртiптің, адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуының жалпы жай-күйiне әсер ететiн құбылыстар мен процестер туралы статистикалық байқау; 7) азаматтық-құқықтық статистика - азаматтық-құқықтық саладағы азаматтық құқықтық қатынастардың, азаматтық сот iсiн жүргiзудiң және атқарушылық iс жүргiзудiң жай-күйi туралы мемлекеттік құқықтық статистика саласы; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды 7-1) «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет-порталы - қылмыстық құқық бұзушылықтар мәселелері бойынша электрондық ақпараттық ресурстарға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік ақпараттық жүйе; 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) қылмыстық-құқықтық статистика - қылмыстық-құқықтық саладағы қылмыстылықтың, қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң, атқарушылық іс жүргізудің жай-күйі, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалғаны үшiн жазалау және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының қолданылуы туралы мемлекеттiк құқықтық статистика саласы; 9) әкiмшiлiк-құқықтық статистика - әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң жай-күйi туралы мемлекеттік құқықтық статистика саласы; 10) ведомстволық есепке алу - жедел және арнайы есепке алумен байланысты емес, мемлекеттік органның iшкi ведомстволық қызметiн қамтамасыз ету үшiн тұлғалар, заттар және оқиғалар туралы мәлiметтер жинау, тiркеу, жүйелеу, сыныптау және сақтау; 11) арнайы есепке алу - мемлекеттік құқықтық статистика саласындағы құжатталған ақпаратты мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз ету үшiн жинау, тiркеу, өңдеу, жинақтау, жүйелеу, сыныптау, сақтау; 12) жедел есепке алу - құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнiң жедел iздестiру қызметiн қамтамасыз ету үшiн тұлғалар туралы мәлiметтердi жинау, тiркеу, жүйелеу, сыныптау, сақтау; 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi - мемлекеттік құқықтық статистика, арнайы есепке алу iсiн жүргiзу, қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкiмшiлiк-құқықтық салаларда қолданылатын құжатталған ақпаратты зерделеу және талдау мақсаттары үшiн уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық статистикалық ақпарат беретiн құқық қорғау, сот органдары және өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар, сондай-ақ адамдар; 14) уәкiлеттi орган - өз құзыретi шегiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта, осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Мемлекеттік құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың нысанасы Бұқаралық құқықтық немесе басқа да заңи мәнi бар құбылыстар мен процестердiң нақты орын мен уақыт жағдайындағы сандық жағы олардың сапалық ерекшелiгiн, даму үрдiсi мен заңдылығын ашу мақсатында мемлекеттік құқықтық статистиканың нысанасы болып табылады. Статистикалық байқау жолымен бұқаралық құқықтық немесе басқа да заңи мәнi бар құбылыстардың жиынтығын сипаттайтын құжатталған ақпарат арнайы есепке алу нысанасы болып табылады.
4-бап. Мемлекеттік құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды қалыптастырудың негiзгi мiндеттерi мен принциптерi 1. Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мiндеттерi: 1) мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды бiртұтас статистикалық принциптер және стандарттар негiзiнде елдегi заңдылық пен құқық тәртібінiң жай-күйi туралы ақпаратпен тиiмдi және жеткiлiктi қамтамасыз ету; 2) мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистика жүйесiн жетiлдiру және дамыту болып табылады. 2. Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу: 1) мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистика жүйесiн басқарудың бiртұтастығы; 2) құқықтық статистикалық ақпараттың тұтастығы, объективтілiгi, жеткiлiктілігi, тұрлаулылығы және салыстырымдылығы; 3) құқықтық статистикалық ақпараттың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектерде қолжетiмдiлiгi және ашықтығы; 4) адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң мүлтiксiз сақталуы принциптерiнде жүзеге асырылады.
5-бап. Құқықтық статистиканы қалыптастыру Құқықтық статистиканы қалыптастыру тәртібін, белгiлерiн, өлшемдерiн, көлемiн және мерзiмдерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi Мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргiзу саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру мақсатында уәкiлеттi орган: 1) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады; 2) жедел, ведомстволық есепке алуды және жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдармен астыртын негiзде жұмыс iстейтiн тұлғаларды есепке алуды қоспағанда, арнайы есепке алуды жүргiзедi; 3) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi беретiн мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәлiметтерiнiң тұтастығына, объективтілігiне, анықтығына, жеткiлiктілігiне қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ осы саладағы ақпаратты жинау, тiркеу, өңдеу, жинақтау, жиынтықтау және сақтау әдiстемесiн белгiлейдi; 4) құқықтық статистикалық байқаулар өткiзедi; 5) құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргiзу саласында ақпараттық-талдау қызметiн жүзеге асырады; 6) бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдар жүргiзетiн тексерулердiң есебiн жүргiзедi; 7) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8) құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелерi бойынша мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасайды; 9) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 10) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 11) мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық принциптер және стандарттар, әдiстеме әзiрлейдi; 12) құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлейдi; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды 12-1) бақылау және қадағалау органдарының тексерулерін үйлестіреді; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 12-2) - 12-5) тармақшалармен толықтырылды 12-2) кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтерді жариялайды; 12-3) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі операторының: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету; құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалануды, қолдап отыруды, дамытуды, оның мониторингін жүзеге асыру; құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің іркіліссіз және тиісінше жұмыс істеуін, сондай-ақ оны қорғауды қамтамасыз ету; құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінде электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету; құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің анықталған кемшіліктеріне жедел ден қоюды қамтамасыз ету бойынша функцияларын жүзеге асырады; 12-4) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің жұмыс істеуі, оған әкімшілік ету, пайдалану үшін жауапты лауазымды адамдарды айқындайды; 12-5) «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-бап. Уәкілеттi орган мен оның аумақтық органдарының құқықтары мен мiндеттерi 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары өз өкілеттiктерi шегiнде: 1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнен мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргiзу мәселелерi жөнiнде құқықтық статистикалық ақпаратты, ведомстволық есептілікті, бастапқы есепке алу құжаттары мен нысандарын, сондай-ақ статистикалық ақпаратты және арнайы есепке алуды жүргiзу үшiн басқа да ақпаратты тегiн алуға; 2) сот және қылмыстық iзге түсу органдарының iс жүргiзу қызметiне араласпай, құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi беретiн құқықтық статистикалық ақпараттың тұтастығына, объективтілігiне, анықтығына және жеткiлiктілігiне бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға; 3) Қазақстан Республикасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдарын бұзушылықтарды анықтауға және жоюға бағытталған бақылау және қадағалау шаралары кешенiн жүзеге асыруға; 4) құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелерi бойынша заңдылықтың бұзылуын жою мақсатында ұсыныстар енгізуге; 2011.28.12. № 522-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғандығы анықталған жағдайларда, оларды тағайындау туралы актілерді тіркеуден бас тартуға; 6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 2. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары өз өкiлеттiктерi шегiнде: 1) мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында ақпарат жинауды, өңдеудi, жинақтауды, жиынтықтауды және жаңартып отыруды; 2) жүргiзiлетiн құқықтық статистикалық байқаулардың бағдарламасын мемлекеттік статистикаға басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келiсудi және бекiтудi; 3) мемлекеттік органдарды құқықтық статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етудi; 4) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген шекте, көлемде және мерзiмде құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiн құқықтық статистикалық ақпаратпен, арнайы есепке алу мәлiметтерiмен өтеусiз негiзде қамтамасыз етудi; 5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық бюджетке түсетiн өз қаражаттары есебiнен, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген шекте, көлемде және мерзiмде жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетудi; 6) мемлекеттік құпиялары және заңмен қорғалатын құпиялары бар, алынған мәлiметтердiң сақталуын; 7) ақпарат жүйелерiн заңсыз қол сұғудан, құқықтық статистика және арнайы есепке алу объектілерi туралы деректердiң бүлiнуiнен немесе жойылуынан қорғауды; 8) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргiзу кезiнде адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын; 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 9) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер табыс етуді жүзеге асыруға міндетті.
8-бап. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнің құқықтары мен мiндеттерi 1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi өз өкілеттiктерi шегiнде: 1) мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы есепке алуды жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар енгізуге; 2) ведомстволық құқықтық статистикалық қадағалаулар өткiзуге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жедел iздестiру және қызмет әрекетiн қамтамасыз етуге арналған жедел, ведомстволық есепке алуды жүргізуге құқығы бар. 2. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi: 1) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, шекте, көлемде және мерзiмдерде ақпараттық-есептiк құжаттарды, өзге де қажеттi материалдар мен мәлiметтердi уәкiлеттi органға беруге; 2) құқықтық статистикалық ақпараттың тұтастығын, объективтілігiн, анықтығын және жеткiлiктілігiн қамтамасыз етуге және өз өкiлеттiктерi шегiнде құқықтық статистикалық ақпараттың көрсетiлуiнiң толымдылығын және анықтығын бақылауды жүзеге асыруға; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын алынатын мәлiметтердiң, сондай-ақ құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған электрондық ақпараттық ресурстардың сақталуын қамтамасыз етуге; 4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексерулер тағайындау туралы актiлердi тiркеуге мiндеттi.
9-бап. Жеке және заңды тұлғалар құқықтарының кепiлдiктерi 1. Құқықтық статистикалық ақпаратты тiркеу, жинақтау, өңдеу, сақтау және беру барысында уәкiлеттi орган мемлекеттік құпиялары және заңмен қорғалатын құпиялары бар мәлiметтердi қорғау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолданады. 2. Тергеу мен анықтау деректерiн құрайтын нақты құбылыстар, процестер және тұлғалар туралы құқықтық статистикалық ақпарат жария етуге жатпайды. Егер тергеу мүдделерiне қайшы келмесе және басқа тұлғалардың құқықтарының, бостандықтарының, заңмен қорғалатын мүдделерiнiң бұзылуына байланысты болмаса, бұл ақпарат тергеушi, анықтаушы, прокурор және сот мүмкiн деп таныған көлемде, олардың рұқсатымен жария етiлуi мүмкiн. 3. Адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтау мақсатында уәкiлеттi органға берiлген барлық бастапқы құқықтық статистикалық ақпараттың сақталуы қамтамасыз етiледi. 4. Уәкiлеттi орган әрбiр азаматқа арнайы есепке алудағы оған қатысты, оның құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн қозғайтын мәлiметтермен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. 5. Ол туралы мәлiметтердiң арнайы есепке алуға заңсыз енгiзiлу фактiсiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады.
10-бап. Статистикалық жұмыстарды қаржыландыру Уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары орындайтын статистикалық жұмыстар республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
11-бап. Құқықтық есептiк тiркеу Құқықтық есептiк тiркеудi уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары азаматтық-құқықтық, қылмыстық-құқықтық және әкiмшiлiк-құқықтық құжатталған ақпаратты қабылдау, есепке алу және жүйелеу арқылы жүзеге асырады.
12-бап. Арнайы есепке алуды тағайындау мен жүргізу 1. Арнайы есепке алу: 1) мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы заңдарын жетiлдiру жөніндегі қызметiн; 2) мемлекеттік органдардың құқық қолдану қызметiн; 3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз етуге арналған. 2. Уәкілеттi орган арнайы есептi жинауды, тiркеудi, өңдеудi, жинақтауды, жүйелеудi, сыныптауды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз етедi. 3. Уәкiлеттi орган арнайы есепке алудың мынадай түрлерiн: 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) қылмыстық жауаптылыққа тартылатын, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды; 3) анықтаудан, тергеуден, соттан және жазасын өтеуден жасырынып жүрген адамдарды; 4) хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдарды; 5) жеке басы анықталмаған мәйiттердi; 6) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адамдарды; 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 6-1) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды; 2011.28.12. № 522-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) сот әрекетке қабiлетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды; 8) белгiлi бiр қызметпен шұғылдану құқығынан айрылған адамдарды; 9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды; 2011.28.12. № 522-IV ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10) бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органда тіркелетін тексерулерді; 2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен 10-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10-1) террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды; 2005.23.02. № 33-III ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды; 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен (2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) тармақша жаңа редакцияда 11) экстремизмді жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды; 2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды 11-1) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды; 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды; 2011.28.12. № 522-IV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 12) мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды; 2011.28.12. № 522-IV ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды; 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) |
Содержание 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңдары3-бап. Мемлекеттік құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың нысанасы4-бап. Мемлекеттік құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды қалыптастырудың негiзгi мiндеттерi мен принциптерi5-бап. Құқықтық статистиканы қалыптастыру6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi7-бап. Уәкілеттi орган мен оның аумақтық органдарының құқықтары мен мiндеттерi8-бап. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнің құқықтары мен мiндеттерi9-бап. Жеке және заңды тұлғалар құқықтарының кепiлдiктерi10-бап. Статистикалық жұмыстарды қаржыландыру11-бап. Құқықтық есептiк тiркеу12-бап. Арнайы есепке алуды тағайындау мен жүргізу13-бап. Арнайы есепке алу объектiлерi14-бап. Арнайы есепке алуды түзу15-бап. Ведомстволық есепке алуды тағайындау және жүргiзу16-бап. Құқықтық статистикалық ақпаратты пайдалану мен сақтау тәртібі16-1-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі16-2-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен электрондық ақпараттық ресурстарды алу тәртібі мен негіздері16-3-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану бойынша шектеулер17-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық |