Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы (2016.22.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2017 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап . Алматы қаласы мәртебесiнiң құқықтық негiзi 1-1-бап. Алматы қаласының нышаны 2-бап. Алматы қаласының аумағы 2-1-бап. Алып тасталды 3-бап. Алматы қаласы өкiлдi органының өкiлеттiгi 4-бап. Алматы қаласы атқарушы органының өкiлеттiгi 5-бап. Алып тасталды 6-бап. Алматы қаласының әкiмi жанындағы бюджеттен тыс қор 7-бап. Алып тасталды 8-бап. Алып тасталды
Осы Заң Алматы қаласының ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндiрiстiк орталық ретіндегі ерекшелiктерiн негiзге ала отырып, оның ерекше мәртебесiн айқындайтын құқықтық негiздердi, қаржымен, экономикалық және әлеуметтiк жағынан ынталандыру шараларын белгiлеу арқылы оның бұдан былайғы даму кепiлдiктерiн белгiлейдi. ҚР 05.07.04 № 570-11 Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред. қара) 1-бап. Алматы қаласы мәртебесiнiң құқықтық негiзi 1. Алматы қаласы республикалық маңызы бар қала болып табылады. 2. Алматы қаласының құқықтық мәртебесі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiмен айқындалады. ҚР 05.07.04 № 570-11 Заңымен 1-1-баппен толықтырылды 1-1-бап. Алматы қаласының нышаны 1. Алматы қаласының өз елтаңбасы бар, ол қаланың Қазақстан Республикасының мәдени, саяси, экономикалық және ғылыми орталығы ретіндегі ерекшеліктерін, сондай-ақ оның географиялық орналасқан жері мен қоршаған ортасының ерекшеліктерін бейнелейтін нышаны болып табылады. 2. Алматы қаласы елтаңбасының сипаттамасы мен оны пайдалану тәртібін және оның бейнесiн Алматы қаласының өкілдi органы айқындайды.»; ҚР 29.12.03 № 512-11; 05.07.04 № 570-11 (бұр.ред. қара) Заңдарымен 2-бап өзгертілді 2-бап. Алматы қаласының аумағы 1. Алматы қаласының аумағын Қазақстан Республикасы Үкiметінің ұсынуы бойынша әрі жергіліктi өкілдi және атқарушы органдардың пiкiрлерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтiн және өзгертетiн Алматы қаласының әкiмшiлік-аумақтық бiрлiктерiнің шекарасы шегiндегі жер құрайды. 2. Қаламен бiртұтас әлеуметтiк, табиғи және шаруашылық аумағын құрайтын қала шегiнен тыс жер қала маңындағы аймақты құрайды, оның көлемi мен шекарасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. Қала маңындағы аймаққа кiретiн жердi пайдаланудың тәртібі мен режимiн қаланың атқарушы органының аумағы қала маңындағы аймаққа кiретiн облыстық атқарушы органмен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалатын aтаулары мен шекарасы бар аудандар қаланың әкімшілік-аумақтық бiрлiктерi болып табылады. 4. Алматы қаласының аудандары тиiстi аумақтардың географиялық, қала құрылысы ерекшеліктері, халқының саны, әлеуметтік-экономикалық сипаттары, көлік коммуникацияларының орналасуы, өндірістік және әлеуметтiк инфрақұрылымының болуы ескеріле отырып құрылады. ҚР 05.07.04 № 570-11 Заңымен 2-1-баппен толықтырылды 2-1-бап. 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 20.11.98 ж. № 303-1; 24.12.01 ж. № 276-II; 05.07.04 № 570-11 (бұр.ред. қара) Заңдарымен 3-бап өзгертілді; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 3-бап. Алматы қаласы өкiлдi органының өкiлеттiгi Алматы қаласының өкiлдi органы: 1) аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджет пен оның атқарылуы туралы есептердi бекiтуге; 2) Алматы қаласының аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн айыппұл өндiрiп алудың мөлшерi мен тәртібін белгiлеуге; 3) 05.07.04 № 570-11 ҚР Заңымен алып тасталды 4) аумақтық мемлекеттік және қоғамдық ескерткiштердi қорғау органдарының Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану жөніндегі мемлекеттік органмен келісілген ұсынысы бойынша жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiн бекiтуге; 5) басқа мемлекеттердiң жергiлiктi атқарушы органдарымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шек пен тәртiп бойынша халықаралық байланыстар орнатуға; 2016.09.04. № 496-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органның қарыздарды тартуының қажеттігі мен шарттары туралы шешімдер қабылдауға; 7) атқарушы органның ұсынысы бойынша қаланы басқару схемасын бекiтуге; 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8) Алматы қаласының аумағындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекітуге; 8-1) қала аумағын абаттандыру, санитарлық тазалау, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру тәртібін белгiлеуге; 8-2) «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағын белгілеуге және оны беру тәртібі мен шарттарын айқындауға; 9) 2004.20.12 № 13-III алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 10) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісуге құқылы.
ҚР 11.06.01 ж. № 207-II; 13.06.01 ж. № 212-II 05.07.04 № 570-11 (бұр.ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 4-бап өзгертілді; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді 4-бап. Алматы қаласы атқарушы органының өкiлеттiгi Алматы қаласының атқарушы органы: 1) 2004.20.12 № 13-III алып тасталды 2) Алматы қаласының коммуналдық меншiгiн иеленудi, пайдалануды және оған билiк етудi жүзеге асырады; 3) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілiп берiлмеген коммуналдық меншiк тiзбесiн бекiтедi, республикалық меншікке жатқызылған заңды тұлғаларды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында тiркелген акционерлік қоғамдардың акцияларының және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлестерінің мемлекеттік пакеттерін иеленудi, пайдалануды және оған билiк етудi жүзеге асырады; 4) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-тарауында белгiленген тәртiппен коммуналдық мүлiктi жекешелендiру туралы шешiм шығарады; 4-1) қала аумағында халықтың экологиялық қауiпсiздігін және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерін қалпына келтiрудi қамтамасыз етеді; 4-2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен қалада жалпымемлекеттік және халықаралық іс-шаралар өткізу үшін қажетті жағдайлар жасайды; 4-3) Алматы қаласы арқылы өтетiн транзиттік автомобиль көлiгінің жүру сызбасын белгiлейдi; 4-4) ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 4-5) ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастырады; 5) Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн тiзбеге сәйкес қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады; 6) Алматы қаласын дамытудың бас жоспарын iске асыруды және оның мониторингiн қамтамасыз етедi; 7) жергiлiктi өкiлдi органға жергілiктi мемлекеттік басқарудың үлгi құрылымына сәйкес Алматы қаласын басқару схемасын бекiтуге ұсынады; 8) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленгентәртіппен мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асырады; 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды 9) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына сәйкес Алматы қаласының аумағындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын әзірлейді.
ҚР 05.07.04 № 570-11 Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред. қара) 5-бап. 2004.20.12 № 13-III алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 6-бап. 2004.20.12 № 13-III алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР 24.12.98 ж. № 334-1 Заңына сәйкес 7-бап алынып тасталды ҚР 24.12.98 ж. № 334-1 Заңына сәйкес 8-бап алынып тасталды Қазақстан Республикасының
|
Содержание |