«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы (2013.29.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.27.03. № 355 Қаулысымен тықырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 15) тармақшасына, «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесі бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2012.27.03. № 355 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттары айқындалсын. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 2) «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 511 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 22, 270-құжат); 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 511 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 328 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 144-құжат). 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2012.27.03. № 355 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-бабының 15) тармақшасына, «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес әзірленді әрі «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) «Болашақ» халықаралық стипендиясы (бұдан әрі - «Болашақ» стипендиясы) - Қазақстан Республикасы азаматтарының күндізгі оқу нысаны бойынша шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқуы немесе ғылыми, педагогикалық, инженерлік-техникалық және медициналық қызметкерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия; 2) «Болашақ» стипендиясының әкімшісі (бұдан әрі - Әкімші) - шетелде кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым; 3) «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсының жеңімпазы (бұдан әрі - конкурс жеңімпазы) - осы Қағидаларда көзделген барлық турлардан ойдағыдай өткен және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешіміне сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалған үміткер; 4) жұмыс беруші - қызметкер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру бойынша еңбек қатынастарында тұратын жеке немесе заңды тұлға; 5) инженерлік-техникалық қызметкерлер - жоғары инженерлік-техникалық білімі бар мемлекеттік қызметшілер не өндірістік процесті, сондай-ақ ұйымда тікелей өндірістік қызметті ұйымдастыруды және басқаруды жүзеге асыратын және жоғары инженерлік-техникалық білімі бар қызметкерлер; 6) тәуелсіз сараптамалық комиссия - «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына (бұдан әрі - Конкурс) қатысатын үміткерлермен жеке әңгімелесуді жүзеге асыратын, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия жанындағы консультативтік-кеңесші орган; 7) үміткер - осы Қағидаларда көзделген талаптар мен шарттарға сай келетін және конкурсқа қатысатын Қазақстан Республикасының азаматы; 8) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия - «Болашақ» стипендиясы мәселелері жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі - Республикалық комиссия); 9) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Жұмыс органы). 3. «Болашақ» стипендиясы дербес болып табылады және оны Республикалық комиссия: 1) Қазақстан Республикасы азаматтарының конкурсқа қатысу сәтінде не кейінгі жылдары бекітілген конкурс жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізіміне енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында олардың «Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесіне (бұдан әрі - басым мамандықтар тізбесі) сәйкес магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуы, резидентурада оқуы үшін күндізгі оқу нысаны бойынша оқуы; 2) басым мамандықтар тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан ғылыми, педагогикалық, инженерлік-техникалық және медицина қызметкерлерінің шетелдік ұйымдарда он екі айға дейінгі мерзімге (тілдік курстардан өту мерзімдерін қоспағанда) тағылымдамадан өтуі мақсатында тағайындайды. Балдар тең түскенде Президенттік олимпиада жеңімпазының ғылыми жетекшісі тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» стипендиясын тағайындауға басым құқыққа ие болады. Конкурс жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімін (бұдан әрі - Тізім) Жұмыс органы бекітеді. Басым мамандықтар тізбесін жыл сайын Жұмыс органының ұсынуы бойынша Республикалық комиссия бекітеді. Басым мамандықтар тізбесін «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын өтінімдер негізінде Жұмыс органы әзірлейді. ҚР Үкіметінің 2013.29.11. № 1270 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. «Болашақ» стипендиясы мынадай санаттарға: 1) академиялық оқуға өз бетінше түскен немесе Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқитын, кемінде 2 (екі) жыл жалпы жұмыс өтілі бар магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға үміткерлерге (бұдан әрі - өз бетінше түскендер санаты); 2) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде соңғы он екі айды қоса алғанда, мемлекеттік қызметте кемінде 2 (екі) жыл жалпы жұмыс өтілі бар мемлекеттік қызметші болып табылатын, магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі - мемлекеттік қызметшілер санаты); 3) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары мен білім беру ұйымдарының ғылыми немесе педагог қызметкерлері болып табылатын, кемінде 1 (бір) жыл ғылыми немесе педагогикалық жалпы жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі - ғылыми-педагог қызметкерлер санаты); 4) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде ағымдағы жылы өздері бітіріп шыққан Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ғылыми немесе педагог қызметкерлері болып табылатын магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі - жоғары оқу орындары түлектерінің санаты); 5) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасы ұйымдарының ғылыми, педагог, инженерлік-техникалық не медицина қызметкерлері болып табылатын кемінде 3 (үш) жыл жалпы, оның ішінде көрсетілген қызметкерлер ретінде кемінде 12 (он екі) ай жұмыс өтілі бар тағылымдамадан өтуге үміткерлерге (бұдан әрі - тағылымдамаға үміткерлер санаты); 6) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырған кезде мәдениет қызметкерлері, мәдениет ұйымдарының шығармашылық қызметкерлері болып табылатын, мәдениет ұйымдарында кемінде бір жыл жалпы жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі - мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер санаты); 7) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырған кезде бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері болып табылатын, бұқаралық ақпарат құралдары саласында кемінде бір жыл жалпы жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі - бұқаралық ақпарат құралдары редакциясы қызметкерлер санаты) тағайындалады. 5. Құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін Жұмыс органы жыл сайын бекітеді және Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында құжаттарды қабылдау мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын орналастырылады. 6. «Болашақ» стипендиясы бойынша іс-шараларды іске асыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады және «Болашақ» стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру бойынша, оның ішінде «Болашақ» стипендиясы бойынша іс-шараларды іске асыруды ақпараттық қамтамасыз ету, үміткерлердің мемлекеттік және шет тілдерін білу деңгейін анықтау, олардың оқуға қабілеттілігіне психологиялық диагностика жүргізу, пәндік емтихандарды өткізу бойынша отандық ұйымдардың, шетелдік жоғары оқу орындарының, сондай-ақ шет мемлекеттердің уәкілетті органдары айқындайтын шетелдік ұйымдардың осы Қағидаларда көрсетілген қызметтерін жүзеге асыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге байланысты шығыстарды төлеуді, шетелдік әріптестердің қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттары бойынша шығыстарды (бұдан әрі - Жұмсау бағыты) төлеуді қамтиды. 7. «Болашақ» стипендиясы тағылымдамадан өту, әрбір дәрежені (магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор) алғаш рет алу, резидентурада алғаш рет оқу үшін бір рет тағайындалады.
2. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу тәртібі
2.1. «Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдау тәртібі
8. Конкурсқа қатысуға жоғары арнаулы білімі, бакалавр дәрежесі немесе осы Қағидалардың шарттары мен талаптарына сәйкес құжаттар ұсынған Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі. ҚР Үкіметінің 2013.29.11. № 1270 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 9. Мыналар конкурсқа қатысу шарты болып табылады: 1) өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін - бакалавр немесе маман дипломының орташа балының кемінде 4,50 балға (5,0-ден) немесе Жұмыс органы бекітетін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалар баламалылығы кестесіне сәйкес (бұдан әрі - бағалар баламалылығы кестесі) оның баламасына, сондай-ақ тиісті шетелдік жоғары оқу орнындағы оқуының барлық кезеңіндегі үлгерімінің орташа балының Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында академиялық бағдарламаларда оқитын үміткерлер үшін бағалар баламалығы кестесіне сәйкес кемінде «жақсы» деген бағаға сәйкес болуы; 2) мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, жоғары оқу орындарының түлектері, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысатын үміткерлер үшін - бакалавр немесе маман дипломының орташа балы кемінде 4,00 балға (5,0-ден) немесе бағалар баламалығы кестесіне сәйкес оның баламасына және осы диплом бойынша мамандықтың Жұмыс органы бекітетін «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқу үшін мәндес мамандықтар тізбесіне (бұдан әрі - мәндес мамандықтар тізбесі) сәйкес шетелде оқу үшін таңдап алған мамандыққа сәйкес болуы. ҚР Үкіметінің 2013.29.11. № 1270 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 10. Үміткерлер конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімі ішінде Әкімшіге мынадай құжаттарды: 1) осы Қағидалардың 4-тармағының 2), 3), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген үміткерлер үшін, оның ішінде конкурсқа философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкер арасынан өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін - Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға жұмыс берушінің өтінімін (бұдан әрі - өтінім); 2) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген үміткерлер үшін (осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес конкурсқа философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін мемлекеттік қызметшілер, ғылыми немесе педагог қызметкер арасынан өз бетімен түскендер және өтінім ұсынған санаты бойынша қатысатын үміткерлерді қоспағанда) жұмыс берушінің ұсыным хатын; 3) осы Қағидалардың 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген үміткерлер үшін Жұмыс органы бекіткен нысан бойынша жұмыс орнын сақтау шартымен, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының өтінімін, сондай-ақ осы жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінің ұсынысын; 4) таңдап алған мамандығының/зерттеу тақырыбының және оқу/ тағылымдамадан өту елінің негіздемесі көрсетілген өтінішті; 5) Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша толтырылған сауалнаманы; 6) жеке куәліктің және паспорттың түпнұсқалары мен көшірмелерін. Түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады; 7) қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломының нотариалды куәландырылған көшірмесін (осы Қағидалардың 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген үміткерлер қосымшасын ұсынбайды), сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған болса - білімі туралы құжатты тану және нострификациялау туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін не Заңның 39-бабының 5-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білімі туралы құжатты тану туралы өзге де құжаттың көшірмесін; 8) шетелге шығатын адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы; 9) осы Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметі кезеңдері үшін еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін; 10) тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша қатысатын адамдар тағылымдамаға қабылдаушы шетелдік ұйымдардың мемлекеттік не орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармалары бар тағылымдамадан өту мерзімдері, құны (есептеулерді ашып жазумен) көрсетілген сөзсіз шақыруын (қаржылық шарттар мен талап етілетін деңгейге дейін шет тілін білу деңгейін арттыру шарттарын қоспағанда) растайтын құжаттардың көшірмелерін; 11) тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша қатысатын адамдар Жұмыс органы белгілейтін талаптарға сәйкес жасалған және тағылымдамаға жіберетін және қабылдайтын ұйымдар бекіткен тағылымдамадан өту бағдарламасын; 12) өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын адамдар бағдарламаны, мамандықты және оқу кезеңін көрсете отырып, академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын құжаттардың көшірмесін (қаржылық шарттарды және философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін, резидентурада оқу үшін түскен адамдар үшін - шет тілін білу деңгейін талап етілетін деңгейге дейін арттыру жөніндегі шарттарды қоспағанда) және ол болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманы; 13) академиялық оқуға өз бетімен түскендер не философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында білім алушылар санаты бойынша қатысатын адамдар шетелдік жетекші жоғары оқу орнымен келісілген аталған дәрежені алу үшін шетелдік жоғары оқу орны белгілеген мерзімдерден аспайтын жеке оқу жоспарын; 14) бар болған жағдайда, белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы қолданыстағы ресми сертификат көшірмесін; 15) бар болған жағдайда, белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижемен мемлекеттік тілден емтихан тапсырған туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың көшірмесін ұсынады. ҚР Үкіметінің 2013.29.11. № 1270 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 11. Конкурсқа қатысуға рұқсат алу үшін құжаттарды қабылдауды және тіркеуді ұсынылған құжаттар осы Қағидаларда көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес келген жағдайда Әкімші жүзеге асырады. Осы Қағидалардың талаптары мен шарттарына құжаттар сәйкес келмесе, сондай-ақ толық құжаттар пакеті берілмеген жағдайда үміткер бұзушылықтарды жойып, оларды қабылдаудың белгіленген мерзімі кезеңінде құжаттарын тапсырады. Үміткерге құжаттарын тіркеген кезде, құжаттарын қабылдағаны туралы конкурсқа қатысуға рұқсат беру не құжаттары Жұмыс органдарына жеке тәртіппен қарауға жіберілгені туралы ақпарат көрсетілген қолхат беріледі. Құжаттар осы Қағидалардың талаптары мен шарттарына сәйкес келмеген және «электрондық үкімет» веб-порталы не Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өтініш берілген кезде құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, Әкімші «электрондық үкімет» веб-порталы не Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өтініш берген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды қабылдаудан және тіркеуден бас тартатындығы туралы дәлелді жауап береді. 12. Үміткерлердің материалдарын қарауды және конкурсқа жіберу туралы шешім қабылдауды Әкімші құжаттарды қабылдаған күннен бастап Жұмыс органы 10 (он) жұмыс күні ішінде жеке тәртіппен мынадай жағдайларда: 1) конкурсқа қатысу үшін үміткер ұсынған дипломда (бакалавр немесе маман) көрсетілген мамандықтың атауы мәндес мамандықтар тізбесінде болмағанда; 2) академиялық оқуға тіркелгенін растау құжатында көрсетілген мамандық атауы басым мамандықтар тізбесінен таңдап алған мамандық атауына сәйкес келмегенде; 3) үміткер ұсынған (бакалавр не маман) диплом немесе ағымдағы үлгерімі туралы анықтама бойынша оқуды бағалау жүйесі бағалар баламасы кестесінің бағалау жүйесіне сәйкес келмегенде; 4) Тізімде медициналық мамандықтар не өнер саласындағы мамандықтар бойынша мамандарды даярлауды жүзеге асыратын мамандандырылған шетелдік жоғары оқу орны болмаған жағдайда жүзеге асырады. 13. Осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген жағдайларда құжаттары Жұмыс органына қарауға жіберілген үміткерлерге Жұмыс органы шешім қабылдаған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Әкімші конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы не конкурсқа қатысуға рұқсат беруден бас тарту туралы жазбаша хабарлама жібереді. Құжаттар жеке тәртіппен қаралған жағдайларда үміткерді конкурсқа қатысуға жіберуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады: 1) дипломда көрсетілген (бакалавр немесе маман) мамандықтардың оқу бағдарламалары мәндес мамандықтар тізбесінде көрсетілген мамандықтардың оқу бағдарламаларының біріне сәйкес келмеуі; 2) академиялық оқуға тіркелгенін растау құжатында көрсетілген мамандық алу үшін оқу бағдарламасының басым мамандықтар тізбесінен таңдап алған мамандықтың оқу бағдарламасына сәйкес келмеуі; 3) дипломның (бакалавр немесе маман) орташа балының немесе ағымдағы оқу үлгерімі туралы анықтаманың осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген шартқа сәйкес келмеуі; 4) медициналық мамандықтар және өнер саласындағы мамандықтар бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын мамандандырылған шетелдік жоғары оқу орнының үш және одан да көп мынадай өлшемдерге сәйкес келмеуі; жылына кемінде 3 оқу құралын, монография, авторлық куәлік шығару; кемінде 3 трансұлттық компаниялардың іске асырылған ірі жобаларының немесе\және осы оқу орны оқытушыларының және студенттерінің қатысуымен соңғы 10 жылда өткізілген ұлттық және халықаралық мәні бар жобалардың болуы; осы оқу орны оқытушыларының және студенттерінің қатысуымен халықаралық және ұлттық деңгейдегі жылына кемінде 50 көрсетілім\концерт немесе 10 конференция\көрме өткізу; осы оқу орнының халықаралық немесе\және мемлекеттік\ұлттық аккредиттеуден өткенін растайтын құжаттың болуы; осы оқу орнының базасында клиникалардың, зертханалардың немесе зерттеу орталықтарының болуы; осы оқу орнының мамандандыру саласындағы кемінде 1 ұлттық және\немесе халықаралық сыйлығының болуы. Үміткерге конкурсқа қатысуға рұқсат беруден бас тарту және бас тартуды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде құжаттарды қайта тапсыру үшін негіз болған сәйкессіздіктерді жойған жағдайда үміткер конкурсқа қатысуға жіберіледі.
2.2. «Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерге іріктеу жүргізу тәртібі
14. Үміткерлерді іріктеу мемлекеттік және шет тілдерін білу, психологиялық дайындығы, зияткерлік және кәсіби даярлығы деңгейін анықтау арқылы конкурстық негізде жүргізіледі. 15. Конкурс 5 (бес) турдан тұрады. Бірінші, екінші және үшінші турларды отандық ұйымдармен, шетелдік жоғары оқу орындарымен және шетелдік әріптестермен бірлесіп, Әкімші ұймдастырады және өткізеді. 16. Бірінші турда үміткердің шет тілін білу деңгейі анықталады. Шетелдік жоғары оқу орындарының талаптарына сәйкес шет тілін білу деңгейін анықтау жөніндегі тестілеудің орнына таңдаған оқу мамандығына сәйкес пәндік емтихандар өткізілуі мүмкін. Екінші турда үміткердің мемлекеттік тілді білу деңгейі анықталады. Үшінші турда оның шетелде оқу және тұру қабілетіне психологиялық диагностика жүргізіледі. Әкімші бірінші, екінші және үшінші турдың өткізілетін орны мен уақытын анықтайды және ол туралы үміткерлерге олар өткізілгенге дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей үміткердің сауалнамасында көрсетілген электронды мекенжай арқылы, сондай-ақ тиісті ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсында орналастыру жолымен хабардар етеді. 17. Бірінші, екінші және үшінші турлардың нәтижелері бойынша әрбір үміткерге осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес Әкімшінің ресми интернет-ресурсына ақпарат орналастыру арқылы үміткер хабарландырылатын қорытынды беріледі. Үміткерлер алдыңғы турдан табысты өткен жағдайда екінші, үшінші, төртінші турға қатысуға жіберіледі. 18. Үміткерлер үшін мемлекеттік тілді білудің және пәндік емтихандардың қажетті ең төменгі деңгейін Жұмыс органы бекітеді. Жұмыс органы шетелдік жоғары оқу орындарының, шетелдік әріптестердің талаптарын ескере отырып, үміткерлер үшін шет тілін білудің қажетті ең төменгі деңгейін анықтайды. ҚР Үкіметінің 2013.29.11. № 1270 Қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 19. Шет тілін білу деңгейін анықтау бойынша тестілеуден: 1) тағылымдамадан өтуге, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға шақыруларда шет тілін білу деңгейін тағылымдамаға қабылдаушы ұйым, шетелдік жетекші жоғары оқу орны талап ететін деңгейге дейін көтеру шарты жоқ адамдар; 2) белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижесі бар шет тілінен емтихан тапсырғандығы туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың көшірмесін тапсырғандар; 3) шақыруларында шет тілін білу деңгейін талап етілетін деңгейге дейін көтеру шарты бар философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін, резидентурада оқу үшін түскен адамдарды қоспағанда, өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын адамдар босатылады. ҚР Үкіметінің 2013.29.11. № 1270 Қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды 19-1. Белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижемен мемлекеттік тілден емтихан тапсырғандығы туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың көшірмесін тапсырғандар мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша тестілеуден босатылады. 20. Төртінші тур үміткерлердің Жұмыс органы құратын Тәуелсіз сараптамалық комиссияның мүшелерімен жеке әңгімелесуден өтуін ұйымдастыру арқылы өткізіледі. Әкімші үміткерлерді әңгімелесу өткізу күні мен орны туралы олар өткізілгенге дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей үміткердің сауалнамасында көрсетілген электронды мекенжай арқылы, сондай-ақ тиісті ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсында орналастыру жолымен хабардар етеді. |